Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу жөніндегі бұйрықтарға дау айту

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу жөніндегі бұйрықтарға дау айту

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу жөніндегі бұйрықтарға дау айту

              Әкімшілік рәсімдердің міндеттері:

жеке және заңды тұлғалардың жария құқықта рын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру;

жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу;

жария-құқықтық саладағы заң дылықты нығайту болып табылады.

Егер заңда дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі белгіленсе, осы тәртіп сақталғаннан кейін сотқа жолданым беруге болады (ӘРПК нің 9-бабының 3-бөлігі).

              ӘРПК-нің 91-бабының 1 және 5-тармақта рына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейін гі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

МСА туралы Заңның 12-бабының 6-тар мағына сәйкес, егер әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның оны осы баптың 5-тар мағының екінші бөлігінде көзделген, МСА ға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімімен келіспеген жағдайда, мұндай әле уетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу туралы өзіне мәлім болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгінуге құқылы.

Келісу комиссиясы МСА туралы шарт жа сасудан жалтарған әлеуетті өнім берушінің жолданымын қарайды және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ дан алып тастау не алып тастаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-дан алып тастау туралы шешім қабылданған жағдайда, тапсырыс беруші уәкілетті органға жүгінеді. Уәкілетті орган келісу комиссиясының шешімін ескере отырып, әлеуетті өнім бе рушіні мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-дан алып тастау туралы шешім шығарады.

Бүгінгі күні келісу комиссиясының өкілет тігіне әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарау және бұйрық шығаруға негіз болған мән-жайларды анықтау және дәлелді себептер кіреді, бұл одан әрі сотқа талаптармен жүгіну қажеттігін болдырмауы мүмкін.

ӘРПК-нің 91-бабы 5-бөлігінің талаптары на сәйкес, егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Қазақстан Республикасы Қаржы мини стрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 176 бұй рығымен Келісу комиссиясының үлгі ережесі бекітілді.

Келісу комиссиясына жүгінудің түпкілікті мерзімі оны МСА-ға жосықсыз қатысушы деп таныған күннен бастап 60 күнтізбелік күнге белгіленді.

              Сонымен қатар, әлеуетті жеткізушілер дауды сотқа дейін реттеу мүмкіндігінен ай ырылғанына сілтеме жасай отырып, келісу комиссиясына жүгіну үшін мерзімді өткізіп алып, сотқа жүгінетін жағдайлар орын алады.

Келісу комиссиясына жүгіну үшін мерзімді өткізіп алу әлеуетті өнім берушіге дауды сотқа дейінгі тәртіппен міндетті түрде реттемей сотқа жүгіну мүмкіндігі туралы пайымдауға негіз береді.

Мұндай практиканы құру ықтимал өнім бе рушілер тарапынан өзінің сот арқылы қорғау құқығын теріс пайдалануға, сондай-ақ, сотқа түсетін талап қоюлардың ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін.

ӘРПК-нің 92-бабының 2-бөлігінде әкім шілік рәсімге қатысушының шағымды қарай тын органға шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатты беру құқығы көзделген.

Бұл жағдайда келісу комиссияларының әлеуетті өнім берушінің жүгіну мерзімін мәні бойынша шешім қабылдау үшін қалпына келтіру құқығын көздей отырып, МСА тура лы заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылады.

Осылайша, әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің келісу комиссиясына жүгіну құқығы емес, міндеті дауды сотқа дейінгі рет теу институтын нығайтып, бюджет қаража тын уақтылы игеру бойынша шығындарды болдырмайды.

Заңның 12-бабы 4-тармағының 2) тармақ шасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жо сықсыз қатысушылар тізілімі жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім бе рушілердің тізбесін білдіреді.

Осы баптың 5-тармағында осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасын да көзделген мемлекеттік сатып алуға жосық сыз қатысушылар тізілімі (жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім бе рушілердің (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің) уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жо сықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

Заңның 43-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жо басын конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алу дың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу тура лы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама мемлекеттік сатып алу веб-порталына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға тиіс.

Заңның 44-бабының 1-тармағында, егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекет тік сатып алу туралы шарт жасасып, мемле кеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады деп көзделген.

Қазақстан Республикасы Қаржы мини стрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларының 22-тармағына сәйкес, егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мем лекеттік сатып алу туралы шартқа веб-портал арқылы қол қоймаған жағдайда, мұндай әле уетті өнім беруші осы Қағидалардың 5-қо сымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосық сыз қатысушылар тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.

Осылайша, әлеуетті өнім беруші:

1) мемлекеттік сатып алу веб-порталына шарт жобасын қоса бере отырып, хабарлама келіп түскен күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде МСА шартына қол қойылмаған кезде;

2) егер МСА туралы шарт жасасқаннан кей ін әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, мемлекеттік са тып алуға жосықсыз қатысушы деп танылады.

Уәкілетті органның бұйрығы ауыртпалық салатын әкімшілік акт болып табылады.

ЖСНҚ-да мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруға байланысты әлеу етті өнім берушіні (өнім берушіні) мемлекет тік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне шағымдану туралы әкімшілік талап қоюларды қарау кезінде соттар мемле кеттік сатып алу жеңімпазының шартқа қол қою міндетін белгілейтін Заңның 43-бабы 3-тармағының талаптарын негізге алуы тиіс делінген.

Шартқа қол қойылмаған жағдайда әлеует ті өнім беруші оған қол қою үшін өзіне бай ланысты барлық шараларды қабылдағанын, бірақ, объективті, оның еркіне байланысты емес мән-жайларға байланысты оған қол қоя алмағанын дәлелдеуге тиіс.

ӘРПК-нің 2-тарауына сәйкес әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу қағи даттарының бірі әкімшілік актінің, әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) мөлшерлестігі бо лып табылатынын атап өту қажет.

ӘРПК-нің 10-бабына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қаты сушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мөлшерлес, яғни, жарамды, қажетті және пропорциялы болуға тиіс.

Заңның 12-бабы 5-тармағының ережелері уәкілетті органның әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп тану туралы шешімі автоматты түрде қабылданатынын белгілемейді.

Дау айтылатын бұйрықтарды автоматты түрде қалыптастыру туралы дәлелдер әділдік пен мөлшерлестік сияқты әкімшілік әділет қағидаттарына жауап бермейді.

Уәкілетті орган объективтілік пен бейта раптықты сақтай отырып, әлеуетті өнім бе рушіге оның әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етуге міндетті (ӘРПК-нің 8-бабы ның 1-бөлігі).

Соттар АК-нің 359-бабына сәйкес аза маттық-құқықтық жауаптылықтың негізі ретінде өнім берушінің кінәлілік дәрежесін және АПК-нің 6-бабының 5-бөлігіне сәйкес әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарт тарын негізге ала отырып, тапсырыс беруші үшін туындаған жағымсыз салдарларды на зарға алуы тиіс.

Шарт тарабына шартты жасасу кезінде үміт артуына құқылы болғанынан едәуір дәреже де айырылуына келтірген залалды жағымсыз салдарлар деп түсінген жөн.

Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші үшін әлеуетті өнім берушінің әрекеті қандай да бір жағымсыз салдарға әкеп соқтырған-соқты рмағанын анықтау қажет.

Шарт жасасу бой ынша заңнама талаптарын тиісінше орындау үшін конкурс жеңімпазы барлық ықтимал шараларды қабылдады ма (шартты уақтылы және тиісінше орындау үшін барлық қажетті рұқсат беру құжаттары мен ресурстар бар ма, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің то лық сомасы енгізілді ме).

Шартқа қол қоюдың мүмкін еместігі әлеу етті өнім берушінің еркімен байланысты емес мән-жайлармен байланысты ма (еңбекке жа рамсыздық парағы бойынша ауруханада болу, заңды тұлға басшысының іссапарға шығуы, офисте электр энергиясының болмауы, қол жетімділіктің өзге нүктесінен қосылудың мүмкін еместігі).

Шартқа қасақана қол қойылмады ма; жау апты қызметкердің кінәсінен бе. Нақты және заңдық маңызы бар әрекеттер шындығында жасалатын шарт бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге бағытталды ма; шарт жасасудан жалтаруға бағытталған әрекеттер жасалды ма.

Әлеуетті өнім беруші отандық өндіруші, адал кәсіпкер болып табылады ма, еңбек орындарының бо луын, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (мүгедектігі бар қызметкерлер) қамтамасыз етеді ме, шартты орындау үшін жұмыс тәжірибесі үлкен бе, еңбек және ма териалдық ресурстары бар ма, мемлекеттік сатып алудың адал қатысушысы болып табы ла ма (шарттар орындалған ба, қолданыстағы шарттар бар ма).

Мысалы, тапсырыс беруші мемлекеттік са тып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізген.

Сатып алу қорытындылары туралы хаттамамен «А» ЖШС конкурс жеңімпазы деп танылды.

Тапсырыс беруші Серіктестік ке веб-портал арқылы үш жұмыс күні ішінде МСА туралы шартты қол қоюға жіберді.

Бел гіленген мерзімде өнім беруші шартқа қол қоймаған.

Уәкілетті орган Серіктестікті шарт жасасу дан жалтарған ретінде ЖҚТ-ға енгізілген бұй рықты веб-портал арқылы қалыптастырған.

Серіктестік Қазынашылық комитетінің бұйрығын даулай отырып, талапты мемлекет тік сатып алу жөніндегі жауапты тұлға - – ме неджердің дербес компьютерінің техникалық ақаулығына байланысты шартқа қол қойыл мағандығымен негіздеген.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағат тандырып, бұйрықтың күшін жойды.

Тұжы рымдарын Серіктестіктің шартқа қол қоюдан жалтару ниетінің жоқтығымен негіздеген.

Апелляциялық сатының қаулысымен талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешім шыға рыла отырып, сот шешімінің күші жойылды.

Алқаның тұжырымы бойынша шартқа қол қо юға кедергі келтірген себептердің дәлелдігін куәландыратын жеткілікті дәлелдемелер жоқ.

Кассациялық сатының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырыл ды.

Құрылғы сервистік қызметте жөндеуде болғаны және шартқа қол қою мерзімі өткен нен кейін берілгені анықталды.

Бұдан басқа, веб-порталды келісу журналынан Серікте стік соңғы әрекетті тапсырыс беруші шарт жобасын жолдаған күні жүргізгенін, өнім бе рушінің деректемелеріне өзгерістер енгізгенін және шартты бекіткенін көруге болады.

Кейін нен шартқа қол қоюдың соңғы мерзіміне дейін веб-порталда әрекеттер жүзеге асырылмаған.

Тағы бір мысал. «Ф» ЖШС 477 552 теңге сомаға 24 дана саусақ іздерін биометрикалық оқу құрылғы сын сатып алу жөнінде МСА бойынша кон курстың жеңімпазы деп танылған.

 Тапсырыс беруші үш жұмыс күні ішін де қол қою үшін МСА туралы шартты та лап қоюшыға жіберген.

Алайда, жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған.

Қазынашылық комитетінің бұйрығымен Серіктестік ЖҚТ-ға енгізілген.

Сот шешімімен талап қою қанағаттанды рылды, бұйрықтың күші жойылды.

Апел ляциялық сатыда сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Сот актілері кассациялық тәртіп пен күшінде қалдырылды.

Істің мән-жайы бойынша: келісу журна лында жеңімпаздың келісімді бекіткені жа зылған.

Алайда, әлеуетті өнім беруші шартқа пандемия кезінде медициналық бұйымдар ды жеткізу бойынша жүктемесі көп болған оның жауапты қызметкерінің кінәсінен қол қоймаған (істе түсініктеме бар).

Қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылып, (жаза қолдану туралы бұйрық) кейіннен жұмыстан шығарылды.

Алайда, Серіктестіктің шарт жа сасудан жалтаруға ниеті болмаған. Шарт жасасу сәтінде әлеуетті өнім бе рушінің қоймасында көрсетілген тауар 100 да нада болған.

Оған ұқсас тауар еліміздің басқа өңірлеріндегі полиция органдарының бөлім шелеріне жеткізілген.

Іс материалдары бойынша Серіктестік тің адал кәсіпкерлік субъектісі, медициналық бұйымдарды отандық өндіруші болып табы латыны, СТ-KZ Тауардың шығу тегі серти фикаты бар екені байқалады. 2020 жылы олар 8 775 000 теңге сомаға 5 шарт жасасып, оны уақытында орындаған; 2021 жылы олар 56 357 920 теңге сомаға қолданыстағы 14 шартты жасасқан.

Бұл шарттар қол қойылмаған шарт тарға ұқсайды және Серіктестікке оны орын дау ешқандай қиындық туғызбас еді.

Серіктестік 13 адамды жұмысқа орнала стырған. ЖШС салық және өзге де міндетті төлемдерді уақытында төлейді, мемлекеттік бюджет алдында берешегі жоқ.

Әлеуетті өнім берушінің ғана емес, тапсы рыс берушінің де кінәлілік дәрежесін ескеру қажет.

Заңның 43-бабы 2-тармағының 2) тармақ шасына сәйкес тапсырыс беруші жеңімпазға баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен МСА жеңімпазын анықтаған күннен бастап, бес жұ мыс күні ішінде шарттың жобасын жолдауға міндетті.

Әлеуетті өнім беруші «К» ЖК 24 427 тең ге сомасына сабынды жеткізу бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен анықталған жеңімпаз болып танылды.

Уәкілетті органның бұйрығымен ЖК МСА-ға жосықсыз қаты сушы болып танылды және шартқа қол қой мағандықтан ЖҚТ-ға енгізілді. Жеңімпаздың шартқа қол қою мерзімі 2021 жылдың 19 шілдесінде аяқталған.

Келісу жур налында ол келісімді 2021 жылғы 28 мау сымда сағат 16:51:17-де бекіткен.

 Тапсырыс беруші жеңімпазға шартты 16 күннен кейін – 2021 жылдың 14 шілдесінде жолдаған.

Тауар өнім берушіде қажетті мөл шерде болған. Шартқа оның қызметкерінің кінәсінен, шартқа қол қою мерзімдерін есеп теу кезіндегі қателіктерге байланысты қол қойылмаған.

Тапсырыс беруші жеңімпазға Заңда көз делген мерзімдерді бұза отырып, шартты жолдағандықтан, сот талап қоюды қанағаттан дырып, бұйрықтың күшін жойды.

Жоғары тұрған саты шешімнің күшін жойып, талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешім шығарды.

Кассациялық саты сот шешімін күшінде қалдырды.

Заңның 43-бабының 9-тармағына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап, он жұмыс күні ішінде МСА туралы шарттың орында луын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, осы Заң ның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) енгізуге міндетті.

Бұл ретте, тапсырыс беруші МСА туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткен күннен бастап, екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы осы шартты бұзу ниеті туралы хабарлама жібереді.

Егер өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы хабарламаны алған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде МСА туралы шарттың орында луын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші осы шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.

Әлеуетті өнім беруші «И» ЖК «Дезинфек циялау құралын (қолға арналған антисептик) сатып алу» баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жеңімпаз деп танылған.

2021 жылғы 23 қыркүйекте тапсырыс бе руші мен жеңімпаз арасында жалпы сомасы 500 000 теңгеге МСА туралы шарт жасалған.

Алайда, Заңда белгіленген мерзімде 15 000 теңге мөлшерінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізу міндеті орын далмаған.

Осыған байланысты Қазынашылық коми теті ЖК-ны мемлекеттік сатып алудың жо сықсыз қатысушысы деп тану туралы бұйрық шығарады.

Алайда, бұйрық шығарған кезде уәкілет ті орган шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізу үшін берілген мерзім ке зеңінде болған субъективті мән-жайларды ескермеген (ескерілмеген).

ЖК 2021 жылғы 29 қыркүйекте оң жақтағы жамбас сүйегінен тізе буынының жабық сынуы түрінде жарақат алып, 2021 жылғы 27 қазанға дейін емделуде болғандықтан, сома енгізілмеген (амбулатори ялық пациенттің медициналық картасы және анықтама зерттелді).

Осы себептен қозғала ал мағандықтан, 2021 жылдың 16 қазанына дей ін веб-порталға баруға мүмкіндігі болмаған. «Келісу журналындағы» ақпаратқа сәйкес, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу порталында 2021 жылдың 16 қазанында ғана әрекет еткен.

Шарттың орындалуын қамта масыз ету төлемі 2021 жылдың 18 қазанында жүргізілген.

Сот жарақат оның қозғалуына кедергі кел тіргендіктен, қамтамасыз ету сомасы талап қоюшыға байланысты емес себептермен ен гізілмеген деген тұжырымға келді.

ЖК адал салық төлеуші болып табылады, ЖҚТ-да бұрын тұрмаған, дезинфекциялау құралдарын өндіру жөніндегі отандық өндіруші болып та былады, бюджетке салықтар төлейді.

Сотқа шарт бойынша қамтамасыз етуді енгізбеу салдарынан тапсырыс беруші үшін жағымсыз салдардың басталғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған.

              Сот шешімімен талап қою қанағаттанды рылды, апелляциялық сатының қаулысымен сот актісі күшінде қалдырылды.

Сот актілері не кассациялық тәртіппен шағым жасалған жоқ. Шарттың талаптары бойынша орында уды қамтамасыз ету сомасын өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін шарт бойын ша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін. «К» ЖШС 2021 жылдың 4 мамырында тапсырыс берушімен көктайғаққа қарсы 158 тонна реагент жеткізу туралы шартқа қол қой ылған.

Шарт сомасы – ҚҚС-ты есептегенде 22 509 312 теңге. ЖШС уәкілетті органның бұйрығымен 675 279,36 теңге шарттың орын далуын қамтамасыз етуді енгізбеуіне байланы сты шарт жасасудан жалтарған деп танылған.

Қамтамасыз етуді енгізу мерзімі 2021 жылғы 20 мамырда аяқталған.

Бұйрық шығарылған кезде уәкілетті орган барлық елеулі мән-жайларға баға берген жоқ.

Байқаудың жеңімпазы атанған Серікте стік тауарды жеткізуді жүзеге асыруға ниеті болған, бұл үшін барлық қажетті мүмкіндіктер - – химиялық реагенттер бойынша өз өндірісі болған.

Серіктестік шарт бойынша қамтама сыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін тауарды мерзімінен бұрын жеткізу жөнінде шаралар қабылдаған.

Келісу журналына сәйкес, өнім беруші 2021 жылдың 11 мамырында тапсырыс бе рушіге тауардың жеткізілетіні туралы ха барлаған. 2021 жылғы 28 мамырда өнім беруші тапсырыс берушіге тауарды мерзімі нен бұрын жеткізу туралы осыған ұқсас хат ты жолдаған.

2021 жылғы 9 маусымдағы қабылда у-тапсыру актісінен тауардың толық көлем де тапсырыс берушіге жеткізілгені және тапсырылғаны анықталады.

 Тауардың нақты осы көлемі кейіннен тапсырыс бе рушіге екінші әлеуетті өнім беруші «Х» ЖШС-ның атынан жеткізілген.

Мұндай жағдайларда жергілікті соттар Серіктестіктің оны орындауды қамтамасыз етуді енгізбеу жолымен шарт жасасудан жал таруға ниеті жоқ деген тұжырымға келген.

Жоғары тұрған сатылар өзгеріссіз қалды рған сот шешімімен талап қою қанағаттанды рылды, уәкілетті органның бұйрығының күші жойылды.

              ЖСНҚ-ның 11-тармағында уәкілетті ор ганның әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару негізі бойынша мемлекеттік сатып алуға жо сықсыз қатысушылардың тізіліміне енгі зу туралы бұйрығының күшін жою туралы әкімшілік талап қойылған кезде, тапсырыс бе руші ӘРПК-нің 129-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ол шарт жобасын және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны жібер гені туралы дәлелдемелерді ұсынуға міндетті делінген.

Мемлекеттік сатып алудың веб-пор талына әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қою қажеттігі туралы хабарламаның (веб-портал дан алынған шартты келісу журналы) келіп түскендігінің дәлелдемелері не оның шарт жобасын және (немесе) заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қою қажеттігі туралы хабарла маны жіберу жөніндегі міндетті орындамауы ның себептері болған кезде тапсырыс беруші не бірыңғай ұйымдастырушы шартты жіберу бойынша міндетті тиісті түрде орындады деп есептеледі.

Тапсырыс берушінің МСА туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберу және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жо басына қол қою қажеттігі туралы хабарлама бойынша өзіне жүктелген міндетті орындама уы уәкілетті органның әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу тура лы бұйрығының күшін жою туралы әкімшілік талап қоюды шарт жасасудан жалтару негізі бойынша қанағаттандыру үшін негіз болып табылады.

Заңның 38-бабының 1-тармағына сәй кес мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпаратта көрсетілген са тып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипаттамаларын сипаттаудағы Тапсырыс беруші жасасуға ұсынған шарт жобасының нақты талапта рына сәйкес келмеуі Нормативтік қаулының 11-тармағының 4-бөлігіне сәйкес әлеуетті өнім берушіні шарт жасасудан босатады және әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтару негізі бой ынша мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу ді болдырмайды.

Әлеуетті өнім берушінің бұрын мемлекет тік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп та нылуы (егер бұрын тізілімде болмаса, онда бұл АК-нің 8-бабына сәйкес азаматтық құқықтар дың адал жүзеге асырылғанын куәландыра ды).

Алайда, тапсырыс беруші үшін мемлекеттік сатып алулар мәні - – жұмыстарға бюджеттен бөлінген қомақты сомаларды уақтылы игермеу, тапсырыс беруші жоспарлаған уақыттың бел гілі бір маусымында оларды уақытында орын даудың маңыздылығы сияқты теріс салдардың басталуын ескеру; сатып алулар стратегиялық маңызды объектілерді жарақтандыру (қамта масыз ету) үшін жүргізілетінін ескеру қажет.

Заңның 26-бабына сәйкес әлеуетті өнім беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын шекті мәннен төмен болып табылатын баға демпингтік баға деп танылады.

Осылайша, «АР» ЖШС «Қаратал ауданы ның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің «Алматы облысы Қаратал ауданының Үштө бе қаласында аумақты жөндеу/абаттандыру – Спорт алаңын орнату» жұмыстарын орындауға 5 071 167 теңге сомасында жариялаған ашық конкурс тәсілімен жеңімпаз болып танылды. Жеңімпаз 2 888 000 теңгенің демпингтік баға сын ұсынды.

2021 жылғы 2 маусымда тапсырыс беруші мен жеңімпаз арасында МСА туралы шарт жа салды. «АР» ЖШС тапсырыс берушінің банк шотына 86 640 теңге мөлшерінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізді.

Алайда, «АР» ЖШС Заңның 26-бабына сәйкес шарт жасалған күннен бастап, он жұ мыс күні ішінде 2021 жылғы 16 маусымға дей інгі мерзімде 1 168 933,60 теңгеге тең демпинг сомасын енгізуге міндетті болды.

Осы шартты орындамауына байланысты Серіктестік Қазынашылық комитетінің бұй рығымен ЖҚТ-ға енгізілді. Жергілікті соттар талап қоюды қанағат тандырды, дау айтылған бұйрықтың күшін жойды. Кассациялық тәртіппен жаңа шешім шығарылды, талап қоюдан бас тартылды.

Кассациялық сатының тұжырымдары бой ынша кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауап кершілігімен жүзеге асырылады. (АК-нің 10-бабы).

Серіктестік мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудың кепілі болып табылатын соманы енгізу міндеттілігін көздейтін Заңның 26-бабының талаптарын бұзған.

Әкімшілік істердің соттылығы

              ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігі не сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттар дың соттылығына жатады.

№ 4 ЖСНҚ-ның 2-тармағында МСА қо рытындыларына, әлеуетті өнім берушіні мем лекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне, сондай-ақ, өткізілген МСА-ны тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қо рытындыларына, нұсқамаларына, хабарлама ларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106-ба бының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны түсіндірілген.

Егер талап қоюшы конкурс қорытындыла рын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар МСА туралы жасалған шартты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлі гінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, МАӘС-те бірлесіп қарауға жатады.

Алайда, МСА туралы шарт тарды тану бөлігінде талап қою талаптарын қайтару фактілері орын алады, ал олар МСА қорытындыларына шағымдану туралы талап қою талаптарымен бірге қойылған.

              № 4 ЖСНҚ мұндай жағдайда қойылған та лаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қоюшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етіл мейтінін де көздейді.

Тапсырыс берушінің, МСА-ны ұйымда стырушының, МСА-ны бірыңғай ұйымдасты рушының, комиссиялардың, сарапшының, МСА саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ, уәкілетті орган мен МАжҚБ орган дарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешім деріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары МАӘС-тің қарауына жатады.

Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлі гінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байланысты МСА-ны ұйымдастырушылар дың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ, МСА туралы шарттарды орындау дан туындайтын талап қоюлар МАЭС-тің қа рауына жатады.

Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес МСА-ға жосықсыз қа тысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні МСА-ға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар МАӘС-тің қарауына жатады.

Әкімшілік талап қоюларды қайтару  

Соттылыққа жатпайтыны бойынша қайтарулардың негізгі себебі дау айтылатын әкімшілік актінің электрондық нысанда шыға рылуы болып табылады және сондықтан та лап қоюшының орналасқан (тұратын) жері бойынша қаралуға тиіс.

Бұл қағида ӘРПК-іге енгізілді және сот практикасының бастапқы кезеңінде қайтарулар санының өсуіне әсер етті.

Талап қоюлардың көп санын орталық әкімшілік органдар елордада орналасқан дықтан, Астана қаласының бірінші сатыдағы соты қарады.

әкімшілік актінің электрондық нысанда шыға рылуы болып табылады және сондықтан та лап қоюшының орналасқан (тұратын) жері бойынша қаралуға тиіс.

Бұл қағида ӘРПК-іге енгізілді және сот практикасының бастапқы кезеңінде қайтарулар санының өсуіне әсер етті. Талап қоюлардың көп санын орталық әкімшілік органдар елордада орналасқан дықтан, Астана қаласының бірінші сатыдағы соты қарады.

  1. № 5 ЖСНҚ-ның 1-тармағының мағына сын негізге ала отырып, соттардың өнім бе рушіні таңдау және МСА туралы шарт жасасу процесінде туындайтын, қарау тәртібі ӘРПК нің нормаларымен реттелетін даулардың және мемлекеттік сатып алу туралы шарттан туын дайтын, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын даулардың аражігін ажыратқаны жөн.

Соттарға МСА туралы шарттан туындай тын, атап айтқанда,

а) тапсырыс берушінің шартты бұзу туралы хабарламаны жіберу ту ралы әрекеттерін;

б) жауапкердің шартты бұзу жөніндегі шараларды қабылдамау жөніндегі әрекетсіздігін тану және оны бұзуға міндеттеу;

в) шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы ха барламаны;

г) осындай хабарламаны жіберу жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюлар түсті.

Соттардың мұндай талап қоюларды қай таруы даулардың әкімшілік органдардың нормативтік құқықтық актілерде белгілен ген өкілеттіктеріне орай бір тараптың (өнім беруші) екінші тарапты (тапсырыс беруші) әкімшілік немесе өзге де билікпен бағынды руына немесе тәуелді болуына негізделмеуі нен туындаған.

Қаралып отырған жағдайда мәлімделген талаптар тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарттың талаптары бойынша дауды қамтиды, бұл олардың арасындағы жария-құқықтық қаты настарды жоққа шығарады.

Мұндай жағдайларда талап қоюлар ӘРПК нің іс жүргізу тәртібі АПК-іде көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтыны көзделген 3-бабы жетінші бөлі гінің

2) тармақшасы бойынша заңды түрде қайтарылды.

  1. Талап қоюшылар жүргізілген ішкі мемле кеттік аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп пен аудиторлық қорытындыға дау айтқан және соттар мұндай талап қоюларды қайтару туралы қорытындыға негізді түрде келді.

Қысқа уақыт ішінде МАжҚБ туралы заң ның 19-бабына бірнеше мәрте енгізілген түзетулерге байланысты осы даулардың сот тылығы туралы сұрақтар туындағанын атап өткен жөн.

Атап айтқанда, осы бап 2021 жылғы 1-6 шілде аралығында, МАжҚБ органдары осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес басқа МАжҚБ органдары жүргізген мемле кеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қа зақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, таниды деп көзделген.

2021 жылғы 6 шілдеден бастап, бұл норма дауларды азаматтық процестік юрисдикцияға ауыстыру арқылы өзгертілді, бұл, осы Талдау авторларының пікірінше, заңды логика тұрғы сынан негізді болып табылады, өйткені, ау диторлық қорытынды мен аудиторлық есеп бірінші жағдайда аудиторлардың тұжырымда ры мен ұсынымдарын, екіншісінде, аудит нәтижелерін қамтиды. Бұл ретте, осы құжаттарда әкімшілік актінің міндетті өлшемшарт тары жоқ.

Сонымен қатар, соттар МАжҚБ туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 1) тармақ шасына сәйкес қаржылық бақылаудың ден қою шараларының бірі, барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазым ды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдар дың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару болып табылатынына назар аударуы қажет. Бұдан басқа, осы Заңның 58-4-бабы ның 7-тармағы апелляциялық комиссияның шешімдеріне МАжҚБ саласындағы уәкілетті органның шағымдану құқығын көздейді.

Апелляциялық комиссияның мұндай нұсқа малары мен шешімдеріне дау айту, егер олар әкімшілік актінің, әрекеттің (әрекетсіздіктің) шешімдеріне МАжҚБ саласындағы уәкілетті органның шағымдану құқығын көздейді.

Апелляциялық комиссияның мұндай нұсқа малары мен шешімдеріне дау айту, егер олар әкімшілік актінің, әрекеттің (әрекетсіздіктің).

Қысқартулар

           Әкімакт – әкімшілік акт

МСА – мемлекеттік сатып алулар;

ЖҚТ – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;

 МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;

ӘІСА – облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

ҚР ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

МАЭС – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;

Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

Қазынашылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;

ІМАК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;

ДВГА – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;

МАжҚБ – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау;

КҚ – конкурстық құжаттама;

ЖСҚ – жобалау-сметалық құжаттама;

ҚР ҚН – Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары.

Нормативтік құқықтық база

           Қазақстан Республикасының Конституциясы;

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (АК);

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (АПК)

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПK);

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

Қазақстан Республикасының Салық кодексі;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МСА туралы заң);

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МАжҚБ туралы заң);

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 648 Қағидалар);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (№ 694 Қағидалар);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (№ 598 Қағидалар);

              Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (№ 392 Қағи далар);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітіл ген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 1200 Қағидалар);

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Респу бликасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы (№ 4 ЖСНҚ);

Қордың Директорлар кеңесі басқармасының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31/19 шешімімен бекітілген Қордың сатып алу қызметін басқару стандарты;

Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы