Мүгедектер қоғамы Әділ және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін
Медеу ауданының Мүгедектер қоғамында қалалық Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің кездесуі өтті. Іс-шараға қалалық коалиция мүшелері — Бахтияр Камалов, Қаракөз Сүлейменова және адвокат Ғалымжан Саржанов қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері жан-жақты түсіндіріліп, алдағы «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» республикалық референдумының басым бағыттары таныстырылды.
Сөз сөйлегендер ұсынылып отырған түзетулер заңдылық пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттік құрылымдар қызметінің ашықтығын арттыруға және олардың азаматтар алдындағы есептілігін күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Кездесу ашық әрі мазмұнды пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтарын қойып, жан-жақты әрі толық түсіндірмелер алуға мүмкіндік алды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы