Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалануға жатпайтын, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау жүзеге асырылатын тауарлардың және (немесе) тауарлар санаттарының, жағдайлардың және (немесе) шарттардың тізбесі туралы

Навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалануға жатпайтын, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау жүзеге асырылатын тауарлардың және (немесе) тауарлар санаттарының, жағдайлардың және (немесе) шарттардың тізбесі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалануға жатпайтын, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау жүзеге асырылатын тауарлардың және (немесе) тауарлар санаттарының, жағдайлардың және (немесе) шарттардың тізбесі туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 71 шешімі.

2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 159-тармағына және 2022 жылғы 19 сәуірдегі Тасымалдарды қадағалау үшін Еуразиялық экономикалық одақта навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 3-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалануға жатпайтын тауарлардың және (немесе) тауарлар санаттарының, жағдайлардың және (немесе) шарттардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 147 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешіммен бекітілген тізбенің 16-тармағының 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін қолданылатыны белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2026 жылғы 31 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері**:**

Армения РеспубликасынанБеларусь РеспубликасынанҚазақстан РеспубликасынанҚырғыз РеспубликасынанРесей Федерациясынан
М. ГригорянН. ПеткевичС. ЖұманғаринД. АмангелдиевА. Оверчук
 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 71 шешімімен БЕКІТІЛГЕН

ТІЗБЕ

тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалануға жатпайтын тауарлардың және (немесе) тауарлар санаттарының, жағдайлардың және (немесе) шарттардың

      1. Гуманитарлық және техникалық көмек көрсетуге арналған тауарлар, мұндай тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру жүзеге асырылатын аумақтарында орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) кеден органдарына осы тауарларды алушы орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті органының тиісті растауы ұсынылған жағдайда.

      2. Тірі жануарлар.

      3. Инкубациялық жұмыртқалар.

      4. Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автомобиль көлік құралдарымен тасымалданатын тауарлар, тасымалдаушы осындай тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру жүзеге асырылатын аумағындағы мүше мемлекеттің кеден органына ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті көлік құралдарының жүруіне арналған арнайы рұқсатты ұсынған жағдайда.

      5. Халықаралық пошта жөнелтілімдері.

      6. Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қару-жарақ, әскери техника, оқ-дәрілер және өзге де материалдық құралдар, осындай тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру жүзеге асырылатын аумағындағы мүше мемлекеттің кеден органына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген әскери өткізу қағазы немесе оны алмастыратын өзге де ресми құжат ұсынылған жағдайда.

      7. Тауар ретінде өз осьтерімен жүріп келе жатқан бос күйдегі тартқыш теміржол жылжымалы құрамы, өзге де теміржол көлік құралдары (теміржол жылжымалы құрамы).

      8. Жеке тұлғалар алып жүретін багажда жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде өткізілетін тауарлар.

      9. Теміржол көлігімен цистерна вагондарда, құйма және үйінді түрінде цистерна-контейнерлерде, сондай-ақ әмбебап және мамандандырылған жабық вагондарда, үйінді және төгіп тасымалдау тәсілімен контейнерлерде өткізілетін тауарлар.

      10. Ашық теміржол жылжымалы құрамында, сондай-ақ автомобиль көлік құралдарының ашық жүк бөлімдерінде үйінді және төгіп тасымалдау тәсілімен өткізілетін тауарлар.

      11. Алушылары дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер болып табылатын және олар туралы мәліметтер көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген тауарлар.

      12. Одақтың кедендік аумағы арқылы үшінші елдерден үшінші елдерге транзитпен теміржол көлігімен өткізілетін тауарлар.

      13. Адамның ағзалары мен тіндері.

      14. Табиғи апаттардың және өзге де төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға арналған тауарлар, оның ішінде адамдарға арналған вакциналар және ветеринарияда қолданылатын вакциналар, осындай тауарлар баратын мүше мемлекеттің төтенше жағдайлар және (немесе) денсаулық сақтау (немесе ветеринария) саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының өткізілетін тауарлардың табиғи апаттардың және өзге де төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға арналғаны туралы жазбаша растауы кеден органына ұсынылған жағдайда.

      15. Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен оның басқа бөлігіне Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалданатын тауарлар (егер мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе).

      16. Декларанты және сонымен бір мезгілде олардың бүкіл жүру (тасымалдау) жолында тасымалдаушысы уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын, мүше мемлекеттерде тіркелген көлік құралдарымен тасымалданатын тауарлар.

      17. Бір көлік құралында тасымалданатын, олар бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері мен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері жиынтығында транзиттік декларация тіркелген күні қолданыста болған валюта бағамы бойынша 500 еуроға баламалы сомадан аспайтын тауарлар.

      18. Ресми халықаралық көрмелерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарлар, осындай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері өз құзыретіне жататын осы мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы) көрме өткізілетін мүше мемлекеттің кеден органына осындай тауарлардың нысаналы мақсаты туралы, олар арналған іс-шараларды, тауарлардың атауын, санын және құнын, тауарларды өткізетін тұлға туралы мәліметтерді, осындай тауарлардың декларанты туралы мәліметтерді, сондай-ақ оларды кедендік декларациялау кезінде тауарларды сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша растау ұсынған жағдайда.

      19. 7-сыныптағы қауіпті жүктер (радиоактивті материалдар мен заттар), оларды мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары алып жүрген жағдайда.

      Ескертпе:

      Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен оның басқа бөлігіне Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы өткізілетін тауарларды қоспағанда, осы тізбе мыналарға қолданылмайды:

      бір немесе бірнеше мүше мемлекет арнайы экономикалық шаралар қолданатын тауарларға;

      тасымалдануы қадағалануға жататын тауарлармен бірге жүзеге асырылатын тауарларға;

      Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 2203 00, 2204, 2205, 2206 00, 2207 және 2208 тауар позицияларында сыныпталатын алкоголь өніміне, ЕАЭО СЭҚ ТН 2401, 2402 және 2403 тауар позицияларында сыныпталатын темекіге, темекі өнімдеріне;

      ЕАЭО СЭҚ ТН 4303, 6101 – 6106, 6110, 6401 – 6405, 8517, 8519, 8521, 8525 – 8528 тауар позицияларында сыныпталатын тауарларға;

      1957 жылғы 30 қыркүйектегі Қауіпті жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы еуропалық келісімнің (ДОПОГ) А қосымшасындағы қауіптілігі жоғары жүктер тізбесінің 1.10.3.1.2 және 1.10.3.1.3-тармақтарында көрсетілген қауіптілігі жоғары жүктерге және 1951 жылғы 1 қарашадағы Халықаралық теміржол жүк қатынасы туралы келісімнің (ХТЖҚК) 2-қосымшасындағы Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларының 1.10.3-тармағында көрсетілген тәуекелі жоғары жүктер тізбесіндегі жүктерге, осы тізбенің 19-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда.

  

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау