Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Комментарий / Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы"

Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы"

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы"

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1561 Жарлығына түсініктемесі

 

  Қазақстан халықтары бірлігі мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті "Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы" Жарлыққа қол қойды.      

Жарлық Мемлекет басшысының Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметін одан әрі жетілдіру мен өрістету туралы берген тапсырмасына сәйкес дайындалды.      

Қазақстандық сәйкестікті қалыптастыру, Қазақстан халықтары Ассамблеясының қоғамды демократияландыру үдерісіне қатысуы және этносаралық қатынастар институты ретінде оны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық ресурстарды жұмылдыруды талап етеді. Жарлықта Ассамблея мен кіші ассамблеялардың жұмыс органдарының мәртебесін арттыру жөніндегі шаралар айқындалған. Аталған шаралар қоғамның, Ассамблеяның өзінің қазіргі жай-күйін көрсете отырып, оның қызметін өрістетуге және республикада құрылған ұлттық-мәдени бірлестіктердің мүдделерін қорғауға бағытталған.      

Жарлықта бір мезгілде кіші ассамблея төрағаларының орынбасарлары болып табылатын кіші ассамблея жұмыс органдары басшыларының мәртебесін арттыру көзделген. Ассамблеяның міндеттері кеңейтіліп, қызметінің бағыттары, тұтас алғанда, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері нақтыланды.      Мемлекет басшысы Үкіметке этносаралық қатынастар проблемалары жөніндегі зерттеу орталығын құруды тапсырды. Бұл шара республикада этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерін жүйелі зерделеуді, зерттеу мониторинг жүргізуді, оларды одан әрі дамыту мен нығайтуды көздейді.      Жарлық Ассамблеяның тұтас алғанда тіл саясатын дамыту, ұлттық БАҚ-тарды және театрларды, халық шығармашылығын қолдау, этносаралық қатынастарды, азаматтық келісім мен татулықты нығайту жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды жасау саласында белсенді қоғамдық институт ретінде рөлін едәуір арттырады.

      

Қазақстан Республикасы Президенті      

Әкімшілігінің Қазақстан халықтары      

Ассамблеясының хатшылығы

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы