Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесінің тұжырымдамасы туралы шешім

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесінің тұжырымдамасы туралы шешім

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесінің тұжырымдамасы туралы шешім

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің 2005 жылғы 3 маусымдағы шешімі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшыларының кеңесі

шешті:

  1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесінің тұжырымдамасы (қоса беріледі) мақұлдансын.
  2. Осы Шешім оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, ал заңнамасы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуын талап ететін мемлекеттер үшін – депозитарийге тиісті хабарлама тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.

2005 жылғы 3 маусымда Тбилиси қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Шешімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін                     Молдова Республикасының Үкіметі үшін

Армения Республикасының Үкіметі үшін                        Ресей Федерациясының Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының Үкіметі үшін                       Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін

Грузия Үкіметі үшін                                                     Түрікменстан Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін                     Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін                         Украина Үкіметі үшін

 

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 2005 жылғы 3 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесінің тұжырымдамасы туралы шешімімен мақұлданған

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесінің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Негізгі ұғымдар
  3. Міндеттер
  4. Құрылымы және іске асыру тетігі
  5. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалауға қойылатын негізгі талаптар
  6. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың негізгі элементтері
  7. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалау туралы мәліметтер қамтылған құжаттама
  8. Ақпараттық таңбасы бар жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің мемлекеттік кадастры және алмасу

Қосымша 1. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалау үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кодтық белгілері («Ел атауларын көрсетуге арналған кодтар» ИСО 3166-93 халықаралық стандартынан үзінді).

Қосымша 2. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалауға арналған кодтық белгілердің мысалдары.

Қосымша 3. Ақпараттық таңбасы бар микроұстағыштарды орындау мысалдары.

Қосымша 4. Ақпараттық таңбасы бар жарылғыш заттарға, оқ-дәрілер мен атыс қаруына арналған құжаттардың үлгілік тізбесі.

1. Кіріспе

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесінің тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың міндеттерін, құрылымын және бірыңғай талаптарын айқындайды.

Тұжырымдама Тұжырымдамаға қатысушы мемлекеттердің (бұдан әрі – қатысушы мемлекеттер) аумағында өндірілген және/немесе таңбаланған жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалау саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, нормативтік құжаттарды, техникалық, криминалистикалық және өзге де талаптарды әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Тұжырымдамада баяндалған ақпараттық таңбалау қағидаттары әзірленуі, өндірілуі, құрастырылуы, түрлендірілуі, таңбалануы, әкелінуі, әкетілуі, сатып алынуы, сатылуы, жеткізілуі, орын ауыстырылуы немесе берілуі қатысушы мемлекеттегі рұқсаттар жүйесіне жататын қарудың, қару-жарақтың, әскери жарақтардың және олардың құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ қосарлы мақсаттағы техника мен компоненттердің барлық түрлерін таңбалау қағидаларын біріздендіру үшін негіз бола алады.

Тұжырымдаманың талаптары тарихи және мәдени құндылығы бар оқ-дәрілер мен атыс қаруына, сондай-ақ тиісті халықаралық актілер күшіне енгенге дейін өндірілген және пайдалануда болған жарылғыш заттарға, оқ-дәрілер мен атыс қаруына қолданылмайды.

2. Негізгі ұғымдар

Тұжырымдамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«атыс қаруы» – лақтырғыш зарядтың жануы нәтижесінде пайда болатын газдардың энергиясы есебінен бағытталған қозғалыс алатын снаряд арқылы нысананы қашықтықтан механикалық зақымдауға арналған қару;

«оқ-дәрі» – нысананы жоюға немесе нысананы жоюға ықпал ететін міндеттерді орындауға арналған не қарсыластың іс-қимылына кедергі келтіретін және жарылғыш, лақтырғыш, пиротехникалық, шығарып жіберетін зарядты немесе олардың жиынтығын қамтитын бір рет қолданылатын әскери техника бұйымы;

«жарылғыш зат» – белгілі бір жағдайларда сыртқы әсерлердің ықпалымен көп мөлшерде жылу мен газ тәрізді өнімдер бөліп шығара отырып, жылдам өздігінен таралатын химиялық өзгеріске (жарылысқа) қабілетті конденсацияланған химиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;

«өндіруші» – жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын әзірлейтін, өндіретін, құрастыратын, түрлендіретін, қайта өңдейтін, таңбалайтын тұлға;

«пайдаланушы» – ұлттық заңнамада белгіленген тәртіппен жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын мақсаты бойынша пайдалануға немесе оларды кәдеге жаратуға құқығы бар тұлға;

«алушы» – ұлттық заңнамада белгіленген тәртіппен өндірушіден немесе пайдаланушыдан жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын алуға құқығы бар және алынатын жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын мақсаты бойынша пайдалануға немесе оларды кәдеге жаратуға құқығы жоқ, алынған жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын басқа алушыға, пайдаланушыға немесе өндірушіге беруге міндетті тұлға;

«өндірілген партия» – бір өндіруші бірдей тәсілмен өндірген және таңбалаған жарылғыш заттың немесе оқ-дәрілердің белгілі бір мөлшері;

«ақпараттық таңбалау сертификаты» – өндірілген және таңбаланған атыс қаруының, жарылғыш заттар партиясының, оқ-дәрілердің тиісті түрде орындалған бірегей нөмірлі ақпараттық таңбасы бар екенін куәландыратын құжат;

«ақпараттық таңбалау сертификатының көшірмесіне қосымша» – өзімен бірге жүретін жарылғыш заттар, оқ-дәрілер өндірілген және/немесе таңбаланған партиясының бір бөлігінде тиісті түрде орындалған бірегей нөмірлі ақпараттық таңба бар екенін куәландыратын құжат;

«заңсыз айналым» – қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын жарылғыш заттардың, оқ-дәрілер мен атыс қаруының айналымы;

«микроұстағыш» – жарылғыш затты, оқ-дәріні және атыс қаруын сәйкестендіру үшін қажетті ақпаратты қамтитын таңбалаудың негізгі элементі.

3. Міндеттер

Қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесі мынадай міндеттерді орындауға арналған:

  • терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа және жарылғыш заттардың, оқ-дәрілер мен атыс қаруының заңсыз айналымына қарсы күресте қатысушы мемлекеттердің келісілген қызметін жүзеге асыру, олардың арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға жәрдемдесу;
  • қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарына терроризм актілерін, ұйымдасқан қылмыстың қызметін және жарылғыш заттардың, оқ-дәрілер мен атыс қаруының заңсыз айналымын тергеп-тексеруде көмек көрсету;
  • жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету және олардың айналымын бақылау;
  • жарылғыш заттардың, оқ-дәрілер мен атыс қаруының айналымын сүйемелдейтін біріздендірілген есепке алу және есептілік құжаттарын жасау, тіркеу және жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

4. Құрылымы және іске асыру тетігі

4.1. Қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесі мыналарды қамтитын көпдеңгейлі жүйе болып табылады:

  • мемлекетаралық деңгей;
  • мемлекеттік деңгей;
  • қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары деңгейі;
  • жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын өндірушілер деңгейі.

4.2. Мемлекетаралық деңгейде:

  • қатысушы мемлекеттердің келісілген шаралары қабылданады және жүзеге асырылады;
  • қатысушы мемлекеттердің таңбаланған жарылғыш заттары, оқ-дәрілері мен атыс қаруы туралы ақпаратты беру тәртібі бекітіледі және тиісті сұрау салуларды жүзеге асыру құқығы бар лауазымды тұлғалардың деңгейі белгіленеді;
  • жарылғыш зат, оқ-дәрі және атыс қаруы туралы қажетті деректерді анықтау үшін техникалық мүмкіндіктерді арттыру мақсатында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жөнінде шаралар қабылданады.

4.3. Мемлекеттік деңгейде:

  • өз аумағында қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесін енгізу тәртібі туралы шешім қабылданады;
  • қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесін материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету тәртібі айқындалады;
  • қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесінің жұмыс істеу тәртібін, сондай-ақ басқа қатысушы мемлекеттерге ақпарат беру тетігін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер мен техникалық құжаттар қабылданады;
  • құзыретті органдардың тізбесі, олардың функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері айқындалып, бұл туралы басқа қатысушы мемлекеттерге кейіннен ақпарат беріледі;
  • жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын өндірушілердің тізбесі және міндетті түрде таңбалануға жататын олардың өнімдерінің нақты тізбесі айқындалады;
  • қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесін жетілдіру мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіледі.

4.4. Қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары деңгейінде:

  • қатысушы мемлекет белгілеген өкілеттіктер шегінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізіледі, функциялар іске асырылады және міндеттер шешіледі;
  • таңбаланған жарылғыш заттардың, оқ-дәрілер мен атыс қаруының деректер банкі жұмыс істейді.

4.5. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын өндірушілер деңгейінде:

  • тікелей таңбалау жүзеге асырылады;
  • таңбаланған өнім туралы ақпарат деректер банкіне және/немесе мемлекеттік кадастрға уақтылы ұсынылады.

5. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалауға қойылатын негізгі талаптар

5.1. Ақпараттық таңбалау мыналарға мүмкіндік беретін әріптік және/немесе цифрлық кодтық белгіні қамтуға тиіс:

  • кез келген қатысушы мемлекеттің мамандарына таңбаланған жарылғыш заттардың, оқ-дәрілер мен атыс қаруының өндірілген елін анықтауға;
  • қатысушы мемлекеттің құзыретті органының мамандарына қатысушы мемлекеттің аумағында өндірілген таңбаланған жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын өндірушіні анықтауға;
  • өндіруші мамандарына жарылғыш зат, оқ-дәрі өндірілген және/немесе таңбаланған партияның нөмірін, атыс қаруының жеке нөмірін, оның пайдаланушысын немесе алушысын, сондай-ақ оның өндірілген күнін, айын және жылын анықтауға.

5.2. Ақпараттық таңбалау мыналарды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс:

  • өндірілген жарылғыш заттардың әрбір партиясын;
  • өндірілген оқ-дәрілердің әрбір партиясын;
  • өндірілген атыс қаруының әрбір данасын.

5.3. Жарылғыш заттың өндірілген партиясын ақпараттық таңбалау жарылғыш затты ыдысты (қаптаманы) бұзбай немесе зақымдамай, ыдыстағы (қаптамадағы) күйінде, сондай-ақ ыдыссыз (қаптамасыз) массасы 10 грамм және одан асатын оның кез келген бөлігін сәйкестендіруге мүмкіндік беруге тиіс.

Техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда ақпараттық таңбалау жарылғыш затты жарылғаннан кейін де сәйкестендіруге мүмкіндік беруге тиіс.

5.4. Оқ-дәрілердің өндірілген партиясын ақпараттық таңбалау оқ-дәріні бұзбай немесе зақымдамай, сондай-ақ оны толық жарамсыз күйге келтіргеннен немесе мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік бермейтіндей етіп өзгерткеннен кейін де сәйкестендіруге мүмкіндік беруге тиіс.

Техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда ақпараттық таңбалау оқ-дәріні атылған гильзасы немесе оғы (снаряды) бойынша сәйкестендіруге мүмкіндік беруге тиіс.

5.5. Ақпараттық таңбалау атыс қаруын бұзбай немесе зақымдамай, сондай-ақ оны мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік бермейтіндей етіп өзгерткеннен кейін де сәйкестендіруге мүмкіндік беруге тиіс.

Техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда ақпараттық таңбалау атыс қаруын оның негізгі бөліктері бойынша сәйкестендіруге мүмкіндік беруге тиіс.

5.6. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын өндіру кезінде ақпараттық таңбалауды жағу немесе енгізу жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын өндіру процесінің ажырамас бөлігі болуға тиіс.

5.7. Жарылғыш заттар, оқ-дәрілер мен атыс қаруы ақпараттық таңбалау жүзеге асырылмайтын мемлекеттің аумағынан алынған жағдайда, ақпараттық таңбалау Тұжырымдамада белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жағдайда жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын пайдаланушы немесе алушы елдің ақпараттық таңбасы қойылады.

6. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың негізгі элементтері

6.1. Жарылғыш затты, оқ-дәріні және атыс қаруын ақпараттық таңбалау үшін пайдаланылатын әріптік және цифрлық кодтық белгі мыналарды қамтуға тиіс:

  • жарылғыш зат, оқ-дәрі және атыс қаруы өндірілген және/немесе таңбаланған мемлекеттің кодтық белгісін;
  • жарылғыш затты, оқ-дәріні және атыс қаруын өндірушінің кодтық белгісін;
  • жарылғыш заттың, оқ-дәрінің және атыс қаруының партиясының кодтық белгісін және өндірілген күнін.

6.2. Жарылғыш зат, оқ-дәрі және атыс қаруы өндірілген және/немесе таңбаланған мемлекеттің кодтық белгісінің негізіне Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) әзірлеген «Ел атауларын көрсетуге арналған кодтар» ИСО 3166-93 халықаралық стандарты алынуға тиіс.

Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалау үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кодтық белгілері 1-қосымшада келтірілген.

6.3. Жарылғыш зат, оқ-дәрі және атыс қаруы өндірілген немесе таңбаланған қатысушы мемлекеттің әріптік және/немесе цифрлық кодтық белгісі ақпараттық таңбалаудың басында орналасуға және кодтық белгінің басқа бөлігінен нүктемен бөлінуге тиіс.

6.4. Өндірушінің әріптік және/немесе цифрлық кодтық белгісі кодтық белгінің басқа бөлігінен нүктемен бөлінуге және «Ел атауларын көрсетуге арналған кодтар» ИСО 3166-93 халықаралық стандартында көрсетілген мемлекеттердің әріптік немесе цифрлық кодтық белгісімен сәйкес келмеуге тиіс.

6.5. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың кодтық белгілерінің мысалдары 2-қосымшада келтірілген.

6.6. Ақпараттық таңбалау жарылғыш зат, оқ-дәрі және атыс қаруы өндірілген және/немесе таңбаланған мемлекеттің кодтық белгісі, өндірушінің кодтық белгісі, сондай-ақ олардың партиясы мен өндірілген күнінің кодтық белгісі тиісті түрде түсірілген микроұстағыш болып табылады.

6.7. Микроұстағыштарды іздеу рәсімін жеңілдету мақсатында оларды дайындау кезінде ультракүлгін немесе инфрақызыл сәулеленудің әсерінен спектрдің көрінетін диапазонында жарқырайтын люминофорлар болып табылатын заттар пайдаланылады.

6.8. Ақпараттық таңбасы бар микроұстағыштарды орындау мысалдары 3-қосымшада келтірілген.

6.9. Ақпараттық таңбалау оның жойылуына, өзгертілуіне немесе қолдан жасалуына кедергі келтіретін шараларды қолдану арқылы орындалуға тиіс.

6.10. Жою, өзгерту немесе қолдан жасау мақсатында әсер етілмеген ақпараттық таңбалау мыналарға мүмкіндік беруге тиіс:

  • кез келген қатысушы мемлекеттің мамандарына жарылғыш зат, оқ-дәрі және атыс қаруы өндірілген және/немесе таңбаланған қатысушы мемлекетті анықтауға және белгілеуге;
  • жарылғыш зат, оқ-дәрі және атыс қаруы өндірілген және/немесе таңбаланған қатысушы мемлекеттің құзыретті органдары мен өндіруші мамандарына өндірушіні, партияны және күнін анықтауға.

7. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалау туралы мәліметтер қамтылған құжаттама

7.1. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалау туралы мәліметтер құжаттардың мынадай түрлерінде тіркелуге тиіс:

  • өндірілген және/немесе таңбаланған жарылғыш затты, оқ-дәріні және атыс қаруын есепке алу журналы немесе карточкасы;
  • жарылғыш затты, оқ-дәріні және атыс қаруын ақпараттық таңбалау сертификаты;
  • жарылғыш затты, оқ-дәріні және атыс қаруын ақпараттық таңбалау сертификатының көшірмесіне қосымша;
  • алынған жарылғыш затты, оқ-дәріні және атыс қаруын есепке алу журналы немесе карточкасы.

7.2. Ақпараттық таңбалау туралы мәліметтер қамтылған өндірілген және/немесе таңбаланған жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын есепке алу журналдары мен карточкалары осы жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын өндірген және/немесе таңбалаған өндірушіде ресімделген ақпараттық таңбалау сертификаттарының көшірмелерімен бірге сақталуға тиіс.

7.3. Жарылғыш затты, оқ-дәріні және атыс қаруын ақпараттық таңбалау сертификатын өндіруші ресімдеуге және оған бір нөмірмен таңбаланған жарылғыш заттардың, оқ-дәрілердің әрбір өндірілген партиясы мен атыс қаруының әрбір данасын берген кезде алушыға/пайдаланушыға тапсыруға тиіс.

7.4. Бір нөмірмен ақпараттық таңбасы бар жарылғыш заттар мен оқ-дәрілер партиясының әртүрлі бөліктері әртүрлі пайдаланушыларға/алушыларға берілген кезде әрбір алушыға/пайдаланушыға ақпараттық таңбалау сертификатының көшірмесі және ақпараттық таңбалау сертификатының көшірмесіне қосымша жасалады.

Жарылғыш затты, оқ-дәріні ақпараттық таңбалау сертификатының көшірмесіне қосымшаны алушы/пайдаланушы ресімдеуге және бір нөмірмен таңбаланған жарылғыш заттар, оқ-дәрілер партиясының әрбір бөлігін басқа алушыға/пайдаланушыға берген кезде тапсыруға тиіс.

7.5. Ақпараттық таңбалау сертификаты және ақпараттық таңбалау сертификатының көшірмесіне қосымша қолдан жасаудан қорғалған, бірегей сериясы мен нөмірі бар бланкіде ресімделуге тиіс.

Ақпараттық таңбалау сертификатында өндірушінің атауы, мөрі және қолы, сондай-ақ осы атыс қаруының данасы, жарылғыш заттар немесе оқ-дәрілер партиясы белгіленген нормалар мен талаптарды сақтай отырып таңбаланғаны туралы өндірушінің растауы болуға тиіс.

Ақпараттық таңбалау сертификатының көшірмесіне қосымшада оны ресімдеген алушының/пайдаланушының атауы, мөрі және қолы болуға тиіс.

Ақпараттық таңбалау сертификатында және ақпараттық таңбалау сертификатының көшірмесіне қосымшада қатысушы мемлекеттің құзыретті органы белгіленген тәртіппен берген өндірушінің немесе алушының немесе пайдаланушының атаулары көрсетілуге тиіс.

7.6. Ақпараттық таңбалау туралы мәліметтер қамтылған алынған жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын есепке алу журналдары мен карточкалары жарылғыш затты, оқ-дәрілер мен атыс қаруын алушыда/пайдаланушыда ақпараттық таңбалау сертификаттарының көшірмелерімен және жарылғыш затты, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалау сертификаттарының көшірмелеріне қосымшалардың көшірмелерімен бірге сақталуға тиіс.

7.7. Алынған жарылғыш заттар, оқ-дәрілер партиясының алынған ақпараттық таңбалау сертификатында немесе ақпараттық таңбалау сертификатының көшірмесіне қосымшада көрсетілген барлық бөліктері басқа алушыларға/пайдаланушыларға берілгеннен кейін немесе алынған ақпараттық таңбалау сертификатында немесе ақпараттық таңбалау сертификатының көшірмесіне қосымшада көрсетілген жарылғыш заттар, оқ-дәрілер мақсаты бойынша пайдаланылғаннан кейін, не алынған ақпараттық таңбалау сертификатында немесе ақпараттық таңбалау сертификатының көшірмесіне қосымшада көрсетілген жарылғыш заттар, оқ-дәрілер мен атыс қаруы белгіленген тәртіппен жойылғаннан кейін немесе олар қайтарымсыз жоғалған жағдайда, жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын алушы/пайдаланушы алынған құжаттардың түпнұсқаларын қатысушы мемлекеттің құзыретті органына беруге тиіс.

7.8. Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалау туралы мәліметтер қамтылған құжаттаманы сақтау мерзімі кемінде 50 жылды құрауға тиіс.

Ақпараттық таңбасы бар жарылғыш заттарға, оқ-дәрілер мен атыс қаруына арналған құжаттардың үлгілік тізбесі 4-қосымшада келтірілген.

8. Ақпараттық таңбасы бар жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің мемлекеттік кадастры және алмасу

8.1. Әрбір қатысушы мемлекет өндірілген және/немесе таңбаланған жарылғыш заттардың, оқ-дәрілер мен атыс қаруының ақпараттық таңбалау туралы мәліметтері қамтылған мемлекеттік кадастрын жүргізуге міндеттенеді.

8.2. Қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары ақпараттық таңбасы бар жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын сәйкестендіруге қажетті мәліметтермен белгіленген тәртіппен алмасуды жүзеге асырады.

 

1-қосымша

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесінің тұжырымдамасына

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалауға арналған кодтық белгілері

(«Ел атауларын көрсетуге арналған кодтар» ИСО 3166-93 халықаралық стандартынан үзінді)

ТМД-ға қатысушы мемлекеттің қысқаша және толық атауыӘріптік код альфа-2Әріптік код альфа-3Цифрлық код
Әзербайжан РеспубликасыAZAZE031
Армения РеспубликасыAMARM051
Беларусь РеспубликасыBYBLR112
ГрузияGEGEO268
Қазақстан РеспубликасыKZKAZ398
Қырғыз РеспубликасыKGKGZ417
Молдова РеспубликасыMDMDA498
Ресей ФедерациясыRURUS643
Тәжікстан РеспубликасыTJTJK762
ТүрікменстанTMTKM795
Өзбекстан РеспубликасыUZUZB860
УкраинаUAUKR804

 

2-қосымша

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесінің тұжырымдамасына

Жарылғыш заттарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ақпараттық таңбалауға арналған кодтық белгілердің мысалдары

№ р/сАқпараттық таңбалау объектісіТаңбалау нұсқасы
1.Ресей Федерациясында өндірілген атыс қаруыRU.JK01.123456.120323
2.Ресей Федерациясында өндірілген зауыттық қаптамадағы жарылғыш затRUS.AAAA.Z03.123459
3.Ресей Федерациясында өндірілген оқ-дәріRUS.AB77.0X3.123454

Ескертпе:

  1. Атыс қаруына арналған ақпараттық таңбалау нүктемен бөлінген мынадай позицияларды қамтиды:

1-ші – ТМД-ға қатысушы мемлекеттің белгілеу коды;

2-ші – өндірушінің коды;

3-ші – атыс қаруының жеке нөмірінің коды;

4-ші – өндірілген күнінің коды.

  1. Жарылғыш зат пен оқ-дәріге арналған ақпараттық таңбалау нүктемен бөлінген мынадай позицияларды қамтиды:

1-ші – ТМД-ға қатысушы мемлекеттің белгілеу коды;

2-ші – өндірушінің коды;

3-ші – партия коды;

4-ші – өндірілген күнінің коды.

 

3-қосымша

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесінің тұжырымдамасына

Ақпараттық таңбасы бар микроұстағыштарды орындау мысалдары

1. Ақпараттық таңбалау микроұстағыштарының нысаны:

Дискілік

Дискінің диаметрі 0,5-тен 1,0 мм-ге дейін

Белгілердің биіктігі 0,05-тен 0,1 мм-ге дейін

Ұлғайтылған 50 есе үлкейтілген тасымалдағыштың сыртқы көрінісі

Қағаз нұсқасын қараңыз

Тікбұрышты

Тікбұрыштың өлшемі 0,5-тен 1,0 мм-ге дейін

Белгілердің биіктігі 0,05-тен 0,1 мм-ге дейін

Ұлғайтылған 50 есе үлкейтілген тасымалдағыштың сыртқы көрінісі

Қағаз нұсқасын қараңыз

2. Фотографиялық процесс арқылы белгілер түсірілген ақпараттық таңбалау микроұстағышы, көлденең қимасында:

  • Эмульсиялық қабатқа арналған полимер үлдірден жасалған мөлдір негіз
  • Ақпараттық таңбалау белгілерінің фотографиялық бейнесі бар эмульсия
  • Люминофор кристалдары бар желім қабаты
  • Полимер үлдірден жасалған қорғаныш жабын

3. Металдандырылған фольганы ыстық бедерлеу процесі арқылы белгілер түсірілген ақпараттық таңбалау микроұстағышы, көлденең қимасында:

  • Металдандырылған жабынға арналған мөлдір негіз
  • Ақпараттық таңбалау белгілері түсірілген металдандырылған жабын
  • Люминофор кристалдары бар желім қабаты
  • Полимер үлдірден жасалған қорғаныш жабын

 

4-қосымша

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жарылғыш заттарын, оқ-дәрілері мен атыс қаруын ақпараттық таңбалаудың бірыңғай жүйесінің тұжырымдамасына

Ақпараттық таңбасы бар жарылғыш заттарға, оқ-дәрілер мен атыс қаруына арналған құжаттардың үлгілік тізбесі

1. Ақпараттық таңбасы бар жарылғыш заттарға арналған құжаттардың үлгілік тізбесі

ЖЗ айналымының кезеңдеріАқпараттық таңбалауАқпараттық таңбалау туралы мәліметтер қамтылған құжаттарҚұжаттарды сақтау орны мен мерзімі
ЖЗ партиясын қаптауЖЗ қаптамасына ақпараттық таңбалау түсіруАқпараттық таңбалау туралы мәліметтер қамтылған өндірілген ЖЗ-ны есепке алу журналыӨндірушіде кемінде 50 жыл сақталады
Өндірілген ЖЗ партиясының бір бөлігін № 1 өндірушіден № 2 алушыға беруЖүзеге асырылмайдыЖЗ партиясын ақпараттық таңбалау сертификаты № 1. № 1 өндірушінің берілген ЖЗ-ны есепке алу журналы. № 2 алушының алынған ЖЗ-ны есепке алу журналыСертификаттың түпнұсқасы № 2 алушыға беріледі, көшірмесі берілген ЖЗ-ны есепке алу журналымен бірге өндірушіде кемінде 50 жыл сақталады
№ 1 өндірушінің өндірілген ЖЗ партиясының жарамсыз болып қалған бөлігін жоюыЖүзеге асырылмайдыЖЗ партиясын ақпараттық таңбалау сертификаты № 2. № 1 өндірушінің алынған ЖЗ-ны есепке алу журналыСертификаттың түпнұсқасы қатысушы мемлекеттің құзыретті органына беріледі, көшірмесі алынған ЖЗ-ны есепке алу журналымен бірге өндірушіде кемінде 50 жыл сақталады

2. Ақпараттық таңбасы бар оқ-дәрілерге арналған құжаттардың үлгілік тізбесі

Оқ-дәрілер айналымының кезеңдеріАқпараттық таңбалауАқпараттық таңбалау туралы мәліметтер қамтылған құжаттарҚұжаттарды сақтау орны мен мерзімі
Оқ-дәрілер партиясын өндіру және таңбалауОқ-дәрілерге ақпараттық таңбалауды енгізуАқпараттық таңбалау туралы мәліметтер қамтылған өндірілген және таңбаланған оқ-дәрілерді есепке алу журналыӨндірушіде кемінде 50 жыл сақталады
Оқ-дәрілер партиясының бір бөлігін № 1 өндірушіден № 2 пайдаланушыға беруЖүзеге асырылмайдыОқ-дәрілер партиясын ақпараттық таңбалау сертификаты. № 1 өндірушінің берілген оқ-дәрілерді есепке алу журналы. № 2 пайдаланушының алынған оқ-дәрілерді есепке алу журналыСертификаттың түпнұсқасы № 2 пайдаланушыға беріледі, көшірмесі № 1 өндірушіде берілген оқ-дәрілерді есепке алу журналымен бірге кемінде 50 жыл сақталады
№ 2 пайдаланушының алынған оқ-дәрілердің бүкіл партиясын мақсаты бойынша пайдалануыЖүзеге асырылмайды№ 2 пайдаланушының алынған оқ-дәрілерді есепке алу журналыСертификаттың түпнұсқасы қатысушы мемлекеттің құзыретті органына беріледі, көшірмесі алынған оқ-дәрілерді есепке алу журналымен бірге пайдаланушыда кемінде 50 жыл сақталады

3. Ақпараттық таңбасы бар атыс қаруына арналған құжаттардың үлгілік тізбесі

Атыс қаруы айналымының кезеңдеріАқпараттық таңбалауАқпараттық таңбалау туралы мәліметтер қамтылған құжаттарҚұжаттарды сақтау орны мен мерзімі
Атыс қаруын өндіру және таңбалауАтыс қаруына ақпараттық таңбалауды енгізуАқпараттық таңбалау туралы мәліметтер қамтылған өндірілген атыс қаруын есепке алу журналыӨндірушіде кемінде 50 жыл сақталады
Атыс қаруын № 1 өндірушіден № 2 пайдаланушыға беруЖүзеге асырылмайдыАтыс қаруын ақпараттық таңбалау сертификаты. № 1 өндірушінің берілген атыс қаруын есепке алу журналы. № 2 пайдаланушының алынған атыс қаруын есепке алу журналыСертификаттың түпнұсқасы № 2 пайдаланушыға беріледі, көшірмесі № 1 өндірушіде берілген атыс қаруын есепке алу журналымен бірге кемінде 50 жыл сақталады
Атыс қаруын № 2 пайдаланушыдан жөндеу үшін № 3 өндірушіге беруЖүзеге асырылмайды№ 2 пайдаланушының берілген атыс қаруын есепке алу журналы. № 3 өндірушінің алынған атыс қаруын есепке алу журналыСертификаттың түпнұсқасы № 3 өндірушіге беріледі, көшірмесі № 2 пайдаланушыда алынған атыс қаруын есепке алу журналымен бірге кемінде 50 жыл сақталады

 

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Ережелер Жолдаулар