Түсті металдардан жасалған дайындамалар мен құймаларды әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 333 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 маусымда № 39106 болып тіркелді
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасының аумағынан түсті металдардан жасалған дайындамалар мен құймаларды көліктің барлық түрлерімен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары 7402 00 000 0 - тазартылмаған мыс, электролиттік тазартуға арналған мыс анодтары, 7403 13 000 0 - илектеуге арналған дайындамалар, 7403 29 000 0 - өзге де мыс қорытпалары (7405 тауар позициясының лигатураларынан басқа), 7413 00 000 - бұралған сым, кабельдер, өрілген сымдар және электр оқшаулаусыз мыстан жасалған ұқсас бұйымдар, 7413 00 000 1 - тазартылған мыстан жасалған, 7413 00 000 8 - өзгелерін, 7601 20 200 9 - өзгелерін, 7801 91 000 0 - құрамында басқа элементтер арасында массасы бойынша басым элемент ретінде сүрме бар, 7801 99 100 0 – тазартуға арналған, құрамында 0,02% салм. немесе одан астам күміс (қара қорғасын немесе веркебли) 7801 99 900 0 - өзгелерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Қазақстан РеспубликасыныңӨнеркәсіп және құрылыс министрі | Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау