Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы

Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 ақпанда № 38031 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.

      2. "Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 709 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32926 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңҚаржы министріМ. Такиев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыСтратегиялық жоспарлау жәнереформалар агенттігініңҰлттық статистика бюросы

 

 Қазақстан РеcпубликасыныңҚаржы министрі2026 жылғы 20 ақпандағы№ 119 БұйрықпенбекітілгенӘкімшілік деректердіжинауға арналғаннысан

 

Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер

      Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына.

      Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ЦМПМ1.

      Кезеңділігі: ай сайын.

      Есепті кезең: 20____ жылдың ____ айы.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: цифрлық майнинг пулы.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: _________________.

      Жинау әдісі: электронды түрде.

 

Жүктеу

Цифрлық майнердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөміріЦифрлық майнердің атауыЛицензия нөміріЛицензия берілген күніКрипто әмиян деректемелеріҚамтамасыз етілмеген цифрлық активті бөлу күніЦифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

        

 

      кестенің жалғасы:

 

Жүктеу

Цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің мөлшеріЦифрлық актив цифрлық майнерге қандай біріктірілген соммамен аударылғанЦифрлық актив цифрлық майнерге аударылған күніМайнинг пулының комиссиясы

Цифрлық активте

Валютада

Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің атауы

Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің саны

Валютаның атауы

Валютаның саны

9

10

11

12

13

14

15

       

 

      Ескертпе: Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысанын толтыру бойынша түсіндірме көрсетілген нысанға қосымшада келтірілген.

      Атауы _________________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________

      Телефон _______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы____________________________________

      Орындушы ______________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      қолы, телефон _______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ____________________________

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      қолы

 

 Мемлекеттік кірістерорганына ұсынылатын цифрлықмайнинг пулы цифрлықмайнинг жөніндегі қызметтіжүзеге асыратын тұлғаларарасында бөлген цифрлықактивтер туралы мәліметтернысанына қосымшаНысан

 

"Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Нысан) (индекс____, кезеңі ___)

      1. Ұсынылады: API (Application Programming Interface - қолданбалы бағдарламалау интерфейсі) қызметін қолдана отырып, www.Qoldau.kz интернет-ресурсы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына.

      Цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді цифрлық майнинг пулы автоматтандырылған режимде береді, осыған байланысты мемлекеттік кірістер органының жауапты лауазымды адамын айқындау және көрсетілген мәліметтердің ұсынылуы жөнінде цифрлық майнинг пулын хабардар ету талап етілмейді.

      2. Цифрлық майнинг пулы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей осы Бұйрықпен бекітілген Нысанға сәйкес цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына жібереді.

      3. Нысанда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі;

      Нысанның 2-бағанында цифрлық майнердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      Нысанның 3-бағанында цифрлық майнердің атауы көрсетіледі;

      Нысанның 4-бағанында цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия нөмірі көрсетіледі;

      Нысанның 5-бағанында бағанда цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның берілген күні көрсетіледі;

      Нысанның 6-бағанында крипто әмиян деректемелері көрсетіледі;

      Нысанның 7-бағанында қамтамасыз етілмеген цифрлық активті бөлу күні көрсетіледі;

      Нысанның 8-бағанында цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің атауы көрсетіледі;

      Нысанның 9-бағанында цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің мөлшері көрсетіледі;

      Нысанның 10-бағанында цифрлық актив цифрлық майнерге қандай біріктірілген соммамен аударылғаны көрсетіледі;

      Нысанның 11-бағанында цифрлық актив цифрлық майнерге аударылған күні көрсетіледі;

      Нысанның 12-бағанында майнинг пулының комиссия түрінде алған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің атауы көрсетіледі;

      Нысанның 13-бағанында майнинг пулының комиссия түрінде алған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің саны көрсетіледі;

      Нысанның 14-бағанында майнинг пулының комиссия түрінде алған валютаның атауы көрсетіледі;

      Нысанның 15-бағанында майнинг пулының комиссия түрінде алған валютаның саны көрсетіледі. 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау