Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Ұлттық тіркелімдердің тізбесін, олардың құрылымын, эталондық цифрлық деректердің құрамын, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Ұлттық тіркелімдердің тізбесін, олардың құрылымын, эталондық цифрлық деректердің құрамын, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Ұлттық тіркелімдердің тізбесін, олардың құрылымын, эталондық цифрлық деректердің құрамын, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 414/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 шiлдеде № 39342 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 19-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) ұлттық тіркелімдердің тізбесі;

      2) ұлттық тіркелімдердің құрылымы, эталондық цифрлық деректер құрамы, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Ұлттық тізілімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 609/НҚ бұйрығының;

      2) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 609/НҚ "Ұлттық тізілімдердің тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 852/НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңЖасанды интеллект жәнецифрлық даму министрдіңміндетін атқарушыР. Коняшкин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңӘділет министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңБас прокуратурасы

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңБәсекелестікті қорғаужәне дамыту агенттігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңҒылым және жоғары білім министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңДенсаулық сақтау министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңҚаржы министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңҚаржы нарығын реттеужәне дамыту агенттігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңҚорғаныс министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңКөлік министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңОқу-ағарту министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыТуризм және спорт министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыМәдениет және ақпарат министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік қызмет істер агенттігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңСауда және интеграция министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңСот әкімшілігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңСтратегиялық жоспарлаужәне реформалар агенттігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңСу ресурстары және ирригация министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңСыртқы істер министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңТөтенше жағдайлар министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық қауіпсіздік комитеті

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономика министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңІшкі істер министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңЭкология және табиғиресурстар министрлігі

 

  

 

      "КЕЛІСІЛДІ"Қазақстан РеспубликасыныңЭнергетика министрлігі

 

 Қазақстан РеспубликасыныңЖасанды интеллект және цифрлықдаму министрдің міндетін атқарушы2026 жылғы 14 шілдедегі№ 414/НҚ Бұйрықпенбектілген

 

Ұлттық тіркелімдер тізбесі

 

Жүктеу

Ұлттық тіркелімнің атауы

Қызмет доменінің атауы

Ұлттық тіркелімнің меншік иесінің және (немесе) иегерінің атауы (егер ұлттық тіркелімнің меншік иесі және (немесе) иегері мемлекеттік орган болмаса, онда осы саланы (аясын) қадағалайтын мемлекеттік орган көрсетіледі)

Цифрлық жүйенің немесе цифрлық ресурстың атауы

1.

Автокөлік құралдарының тіркеліміКөлікІІМСО АЦЖ

2.

Машиналарды/ауыл шаруашылығы техникасын тіркеудің электрондық тіркелімі (ББАЖ АШТМТ)КөлікАШМББАЖ (АШТМТ)

3.

Автоматтандырылған өлшеу станцияларының тіркеліміИнфрақұрылымКМКДҚ АТЖ

4.

Азаматтығы жоқ тұлғалардың тіркеліміӘлеуметтік қамсыздандыруІІМКП ЦЖ

5.

Азаматтық және қызметтік қару мен оларға арналған патрондардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке тұлғалардың тіркеліміӘділет және қауіпсіздікІІМ, ЖИЦДМ "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ

6.

Азаматтық хал жазбалары бойынша тіркеліміӘділетӘМ"Азаматтық хал актілерінің жазбалары" МДБ ЦЖ

7.

Аккредиттеу субъектілерінің тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

8.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың тіркеліміӘлеуметтік қамсыздандыруЕХӘҚМӘҚП АЦЖ

9.

Асырап алушылар мен асырап алушыларға кандидаттардың тіркеліміӘлеуметтік қамсыздандыруОМЖБРДБ

10.

Ауыл шаруашылығы жануарларының тіркеліміАуыл шаруашылығыАШМАШЖБ

11.

Бажсыз сауда дүкені иелерінің тіркеліміҚаржыҚМе-Терезе

12.

Басқару жүйесі сертификаттарының тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

13.

Бастауыш және орта білім беру ұйымдарының тіркеліміБілімОМҰББДБ

14.

Мектепке дейінгі, орта және ТжКБ ұйымдарының тіркеліміБілімОМҰББДБ

15.

Газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың қысымымен жұмыс істейтін сұйылтылған мұнай газын сақтау үшін түтіктердің иелерінің тіркеліміЭнергетикаЭМТЖМ ИР орналастырылған

16.

Гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тіркеліміСпорт және туризмТСМТСМ ИР

17.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің тіркеліміҒылым және инновацияҒЖБМ(https://academy-gp.kz/?page_id=1578&lang=ru)

18.

Ғылыми жобалар тіркеліміҒылым және инновацияҒЖБМ(https://nauka.kz/page.php?page_id=913&lang=1&parent_id=911), Гранттық жобалар тізбесі (https://www.nnc.kz/ru/activity/grantprojects.html)

19.

Ғылыми қызметтің аккредиттелген субъектілерінің тіркеліміҒылым және инновацияҒЖБМ(https://techreg.kezekte.kz/ru/acc/subjects), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің сайтында (тізбе)

20.

Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының тіркеліміСпорт және туризмТСМҚР Туризм және спорт министрлігінің ИР және ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ИР электрондық түрде жарияланады.

21.

Діни ғимараттардың (ғимараттардың) тіркеліміМәдениет, дін, БАҚМАМЖМБМК

22.

Еңбек мигранттарының тіркеліміӘлеуметтік қамсыздандыруЕХӘҚМ"ШЖК" АЦЖ

23.

Еркін қойма иелерінің тіркеліміҚаржыҚМе-Терезе

24.

Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тіркеліміӘділет және қауіпсіздікБП ҚСжАЕКӘІЖБТ

25.

Әлеуметтік жәрдемақы алушылардың тіркеліміӘлеуметтік қамсыздандыруЕХӘҚМ"ОДБ" АЦЖ, "Е-Макет" АЦЖ

26.

Жалға алынған шетелдік кемелердің тіркеліміКөлікКМКДҚ АТЖ

27.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тіркеліміЭнергетикаЭМЭМ ИР сайтында word форматында жарияланған

28.

Жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, лауазымды тұлғалардың борышкерлерінің және уақытша жүруі шектелген борышкерлердің бірыңғай тіркеліміӘділет және қауіпсіздікӘМАО МАЦЖ

29.

Жеке тұлғалар тіркеліміӘділетӘМ"Жеке тұлғалар" МДБ

30.

Жер кадастрыТабиғи ресурстар және экологияАШМ (ЖИЦДМ)ЖМБМК

31.

Жетім балалардың тіркеліміӘлеуметтік қамсыздандыруОМЖБРДБ

32.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тіркеліміБілімҒЖБМБЖБП

33.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсушілер тіркеліміБілімҒЖБМБЖБП

34.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың тіркеліміБілімҒЖБМБЖБП

35.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларының тіркеліміБілімҒЖБМБЖБП

36.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша түлектердің тіркеліміБілімҒЖБМ "Болашақ" ЦЖ(Болашақ түлектері бойынша) БЖБП

37.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары дипломдарының тіркеліміБілімҒЖБМБЖБП

38.

Жүргізуші куәлігінің тіркеліміКөлікІІМСО АЦЖ

39.

Жылжымалы құрамның жылжымалы мүлкі кепілінің мемлекеттік тіркелімі КөлікКМКДҚ АТЖ

40.

Жылжымалы құрамның мемлекеттік тіркелімі КөлікКМИАС ТБД

41.

Заң консультанттары палаталарының бірыңғай тіркеліміӘділет және қауіпсіздікӘМ"Е-Заң көмегі" ЦЖ

42.

Заңды тұлғалар тіркеліміӘділетӘМ"Заңды тұлғалар" МДБ

43.

Зергерлік бұйымдар бойынша сараптама тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

44.

Иммигранттарды есепке тіркеліміӘлеуметтік қамсыздандыруІІМКП ЦЖ

45.

Инновациялық өнімдер мен шешімдер тіркеліміҒылым және инновацияҒЖБМ(https://astanahub.com/ru/l/innovativecompanies)

46.

Иондаушы сәулелену көздерінің тіркеліміАтом энергетикасыЭМИондаушы сәулелену көздерінің тіркелімі

47.

Стартаптар тіркеліміҒылым және инновацияҒЖБМСтартаптар тізімі (https://startup.kase.kz/startup), сенімді бағдарламалық қамтамасыз етудің мемлекеттік тіркелімі, онлайн платформалар тіркелімі

48.

Бизнес серіктестердің тіркеліміБизнесҰЭМABIS - Atameken Business Information Services https://kyc.kz/

49.

Кеден қоймалары иелерінің тіркеліміҚаржыҚМе-Терезе

50.

Кеден одағының бірыңғай нысанындағы берілген сәйкестік сертификаттарының тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

51.

Кеден одағының сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының бірыңғай тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

52.

Кеден өкілдерінің тіркеліміҚаржыҚМе-Терезе

53.

Кедендік тасымалдаушылардың тіркеліміҚаржыҚМе-Терезе

54.

Кәсіпкерлік субъектілерінің тіркеліміБизнесҰЭМКСТ АҚ

55.

Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тіркеліміӘділет және қауіпсіздікӘМӘМ ИР

56.

Қазақстан Республикасының туристік агенттіктерінің тіркеліміСпорт және туризмТСМТСМ ИР

57.

Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтардың тіркеліміБизнесСИМӘІЖБТ

58.

Қолданылуы тоқтатылған сәйкестік сертификаттарының және Кеден одағының бірыңғай нысанындағы сәйкестік туралы декларациялардың тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

59.

Қосымша білім беру объектілеріндегі білім алушыларды тіркеу журналыБілімОМҰББДБ

60.

Қосымша білім беру ұйымдарының тіркелімі (мектепке дейінгі, мектеп)БілімОМҰББДБ

61.

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіптік дипломдардың растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшасының тіркелімдеріКөлікКМТЖК

62.

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің тіркеліміБілімОМҰББДБ

63.

Мектепке дейінгі білім беру объектілері тәрбиешілерінің тіркеліміБілімОМҰББДБ

64.

Кәсіби өртке қарсы қызметтер тіркеліміӘділет және қауіпсіздікТЖМҚР ТЖМ ИР-де орналастырылған

65.

Мемлекеттік кеме тіркеліміКөлікКМКДБ АЦЖ

66.

Мемлекеттік қызметшілердің тіркеліміМемлекеттік басқаруМҚІА"Е-қызмет" ЫЦЖ статистикалық деректер бөлігінде (мемлекеттік қызметшілердің штат саны)

67.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тіркеліміБизнесҚММемлекеттік сатып алу веб-порталы

68.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тіркеліміБизнесҚММемлекеттік сатып алу веб-порталы

69.

Мемлекеттік сатып алуды өнім берушілерінің тіркеліміБизнесҚММемлекеттік сатып алу веб-порталы

70.

Мемлекеттік сот орындаушыларының тіркеліміӘділет және қауіпсіздікӘМАО МАЦЖ

71.

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

72.

Мүгедектігі бар адамдардың тіркеліміӘлеуметтік қамсыздандыруЕХӘҚММОДБ АЦЖ

73.

Мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші және мұнай өнімдерімен сауда жасайтын кәсіпорындардың тіркеліміЭнергетикаЭМБМБЖ

74.

Мұнай өнімдерінің көтерме жеткізушілерінің тіркеліміЭнергетикаЭМ"Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ, ЭМ ИР (Excel форматында)

75.

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркеліміӘділет және қауіпсіздікӘМ"Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" АЖ/

76.

Нормативтік құқықтық актілердің тіркеліміМемлекеттік басқаруӘМ"Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ЦЖ

77.

Нормативтік-техникалық құжаттар тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

78.

Оқу орталықтарының тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

79.

Орта білім беру ұйымдары аттестаттарының тіркеліміБілімОМҰББДБ

80.

Орта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің тіркеліміБілімОМҰББДБ

81.

Орта білім беру ұйымдары түлектерінің тіркеліміБілімОМҰББДБ

82.

Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың тіркеліміБілімОМҰББДБ

83.

Өз тауарларын сақтайтын қойма иелерінің тіркеліміҚаржыҚМе-Терезе

84.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғалардың тіркеліміӘділет және қауіпсіздікТЖМҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің сайтында жарияланады https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom?lang=ru"

85.

Өнертабыстардың мемлекеттік тіркеліміҒылым және инновацияҒЖБМҰЗМИ

86.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарының тіркеліміӘділет және қауіпсіздікТЖМҚР ТЖМ ИР-де орналастырылған

87.

Пана іздеушілер мен босқын тұлғалардың тіркеліміӘділет және қауіпсіздікЕХӘҚМ "Қандас" АЦЖ

88.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тіркеліміӘділет және қауіпсіздікЖИЦДМ"Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ

89.

Салық төлеушілер тіркеліміҚаржыҚМБДҚ

90.

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тіркеліміӨнеркәсіпЖИЦДМЖИЦДМ ИР (Excel форматында)

91.

Сәйкестік сертификаттарының және Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО декларациясының тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

92.

Сот актілерінің тіркелімі (азаматтық, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша)Әділет және қауіпсіздікСӘҚР СО ААТЖ

93.

Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптамалық мамандықтардың тіркеліміӘділет және қауіпсіздікӘМӘМ ИР

94.

Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркеліміӘділет және қауіпсіздікБП ҚСжАЕКСТБТ

95.

Сынақ есептерінің тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

96.

Табысы аз адамдардың (отбасылардың) тіркеліміӘлеуметтік қамсыздандыруЕХӘҚМ"Әлеуметтік көмек" ЦЖ

97.

Тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған тұлғалардың тіркеліміӘлеуметтік қамсыздандыруЕХӘҚМ"Қандас" АЦЖ

98.

Тауардың сәйкестігін және шығу тегін растау бойынша сарапшы-аудиторлардың тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

99.

Инспекция есептерінің тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

100.

Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тіркеліміӘділет және қауіпсіздікБП ҚСжАЕКТСОБТ

101.

Темір жол жылжымалы құрамының құрамдас бөліктерін сәйкестендіру актілерінің тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

102.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тіркеліміБілімОМҰББДБ

103.

Техникалық комитеттердің тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

104.

Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін қауіпті өнімдердің тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

105.

Техникалық регламенттер тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

106.

ТжКБ дипломдарының тіркеліміБілімОМҰББДБ

107.

Тіркелген ерікті сертификаттау жүйелерінің тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

108.

Тіркелген халықтың тіркеліміДенсаулық сақтауДСМТТТ ЦЖ(2011 жылдың 5 қаңтарынан бастап жұмыс істейді)

109.

Туристік маршруттар мен троптар тіркеліміСпорт және туризмТСМKazakhstan.travel Веб-порталы

110.

Туроператорлардың тіркеліміСпорт және туризмТСМТСМ ИР

111.

Тұру орындарының тіркелімі (отелдер, қонақ үйлер, хостелдер)Спорт және туризмТСМ"eQonaq" (e-Hotel)

112.

Тапсырыс беруші тіркеліміБизнесҚММемлекеттік сатып алу веб-порталы

113.

Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тіркеліміҚаржыҚМе-Терезе

114.

Уәкілетті экономикалық операторлардың тіркеліміҚаржыҚМе-Терезе

115.

ҰБТ сертификаттарының тіркеліміБілімҒЖБМҰТО

116.

Ұлттық стандарттау жоспарына енгізу үшін өтінімдер мен ұсыныстар тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

117.

Ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің тіркеліміБизнесСИМТехникалық реттеудің цифрлық жүйесі

118.

Хабарсыз жоғалып кеткен іздеудегі адамдар туралы мәліметтер тіркеліміӘділет және қауіпсіздікБП ҚСАЕЖКСДТБТ

119.

Шетелдік туристер тіркеліміСпорт және туризмТСМ"eQonaq" (e-Hotel)

120.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кіру және кету тіркеліміӘділет және қауіпсіздікҰҚКБүркіт БЦЖ

121.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруына рұқсаттардың тіркеліміӘділет және қауіпсіздікІІМ КП ЦЖ

122.

Электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің тіркеліміЭнергетикаЭМКЕГОК

123.

Кеңістіктік деректер инфрақұрылымының тіркеліміГеодезия, кеңістіктік деректерЖИЦДМҰКДИ МГ

124.

Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету тіркеліміГеодезияЖИЦДММГҚ

125.

Жылжымайтын мүлік тіркеліміИнфрақұрылымӨҚМ (ЖИЦДМ)ЖМБМК

 

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "eQonaq" (e-Hotel) – турист лектерін жинау және тіркеу және көші-қонды бақылаудың цифрлық жүйесі

      "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" цифрлық жүйесі

      "Е-Макет" АЦЖ– "Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын электронды түрде тағайындау" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      "Қандас" АЦЖ - "Қандас" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      "ОДБ" АЦЖ – "Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеудің орталықтандырылған деректер базасы" АЦЖ

      "ШЖК" АЦЖ – "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      ABIS – Atameken Business Information Services https://kyc.kz/

      АО МАЦЖ – Атқару органдарының мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      АО ҰАТ – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы

      АТЖ "е-Құрылыс" (тек мемлекеттік құрылыс жобалары үшін) – Е-Құрылыс құрылыс процесін басқарудың цифрлық-талдау жүйесі

      АШЖБ – Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру цифрлық жүйесі

      АШМ –Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      АШТМТ – Ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тіркелімі

      ӘІЖБТ – Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тіркелімінің цифрлық жүйесі

      ӘҚП АЦЖ- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік қызметтер порталы" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      ӘМ – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

      ББАЖ – "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен секторларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі

      БДҚ – Бірыңғай деректер қоймасы

      Бүркіт БЦЖ – "Бүркіт" бірыңғай цифрлық жүйесі

      БЖБП – Бірыңғай жоғары білім платформасы

      БҚДА – Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      БМБЖ – Бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі

      БП ҚСАЕЖК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ДБ – Деректер базасы

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      е-Терезе – экспорт-импорт операциялары үшін бірыңғай терезе цифрлық жүйесі

      ЕХӘҚМ – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖБРДБ – "Әмбебап есеп жүйесі" бағдарламалық қамтылымы (Жетім балалардың республикалық деректер банкі)

      ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      ЖМБМК – Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры

      ЖШС –Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      ИР – Интернет ресурстар

      КДҚ АТЖ – Көліктік деректер қоры ақпараттық-талдамалық жүйесі және тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі

      КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

      КП ЦЖ – Көші-қон полициясының цифрлық жүйесі

      ҚМ – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚМ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      ҚР СО ААТЖ – Қазақстан Республикасы сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі

      КСТ АҚ – Кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелімі АҚ

      ҚТЖ ҰК АО – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

      МГҚ – "Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету" цифрлық жүйесі

      МДБ – Мемлекеттік деректер базасы

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      МҚҚК АЦЖ – "Мемлекеттік қала құрылысы кадастры" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      МҚҚ АЦЖ – Республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      МОДБ АЦЖ – "Мүгедектердің орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      ОМ– Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      СӘ – Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі

      СИМ - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

      СО АЦЖ – "Сервис орталығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

      СТБТ – Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркелімінің цифрлық жүйесі

      СІМ –Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ТЖК – Теңізшінің жеке куәлігі

      ТЖҚ БНА – Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім беру

      ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі

      ТСОБТ –Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тіркелімінің цифрлық жүйе

      ТТТ ЦЖ – Тіркелген тұрғындардың тіркелімінің цифрлық жүйесі

      ҰББДБ – Ұлттық білім беру деректер базасының цифрлық жүйесі

      ҰӘҚ – Ұлттық әл-ауқат қоры

      ҰЗМИ – Ұлттық зияткерлік меншік институты

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰКДИ МГ – "Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталы" цифрлық жүйесі

      ҰТО – Ұлттық тестілеу орталығы

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦЖ – Цифрлық жүйе

      ЦҮП – Цифрлық үкімет порталы

      ЫЦЖ "Е-қызмет" – "Е-қызмет" ықпалдастырылған цифрлық жүйесі

      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

      ІІМ ҚАЖК – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

      ЭКП – Электрондық көлік паспорттары

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 

 Қазақстан РеспубликасыныңЖасанды интеллект жәнецифрлық даму министрдіңміндетін атқарушы2026 жылғы 14 шілдедегі № 414/НҚБұйрықпен бектілген

 

Ұлттық тіркелімдердің құрылымы, эталондық цифрлық деректердің құрамы, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұлттық тіркелімдердің құрылымы (бұдан әрі – Құрылым), эталондық цифрлық деректердің құрамы (бұдан әрі – Құрам), сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптар (бұдан әрі –Талаптар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 19-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Құрылымда, құрамда және талаптарда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) қызмет доменінің атауы – өзара байланысты субъектілерді, есепке алу объектілерін, функцияларды және деректерді жалпы мәндік аймақ шеңберінде біріктіретін мемлекеттік органдардың қызмет саласы (аясы);

      2) цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері – тиісті ұлттық тіркелімдерде қамтылған цифрлық деректердің тиісті сапасын қамтамасыз ететін, ұлттық тіркелімдер үшін цифрлық деректердің ұстаушылары немесе көздері;

      3) эталондық цифрлық деректер – ұлттық тізілімде қамтылған және уәкілетті орган мемлекеттік функцияларды орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мемлекеттік статистика үшін ресми, анық және жалғыз ақпарат көзі ретінде таныған цифрлық деректер;

      4) ұлттық тіркелім – "цифрлық үкімет" архитектурасы шеңберінде айқындалған және мемлекеттік функцияларды орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мемлекеттік статистика үшін анық ақпараттың бірыңғай көзі ретінде пайдаланылатын, эталондық цифрлық деректерді қамтитын цифрлық ресурс түсініледі.

2-тарау. Ұлттық тіркелімдердің құрылымы

      3. Ұлттық тіркелімдердің құрылымы мыналарды қамтиды:

      1) ұлттық тіркелімнің атауы;

      2) қызмет доменінің атауы;

      3) ұлттық тіркелімнің меншік иесінің және (немесе) иегерінің атауы (егер ұлттық тіркелімнің меншік иесі және (немесе) иегері мемлекеттік орган болмаса, онда осы саланы (аясын) қадағалайтын мемлекеттік орган көрсетіледі);

      4) цифрлық жүйенің немесе цифрлық ресурстың атауы.

3-тарау. Эталондық цифрлық деректердің құрамы

      4. Эталондық цифрлық деректерге мыналар жатады:

      1) жеке тұлғалар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні);

      2) заңды тұлғалар туралы мәліметтер (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қызмет атауы, түрлері);

      3) мекенжайлық және кадастрлық деректер (мекенжайлар, жылжымайтын мүлік объектілері, геокеңістіктік ақпарат, жер кадастры);

      4) көлік және инфрақұрылым деректері (автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы, кемелер, инфрақұрылым объектілері);

      5) әлеуметтік-демографиялық және тіркеу деректері (мүгедектігі бар адамдар, азаматтық хал актілері, жетімдер, асырап алушылар);

      6) рұқсат беру қызметі және реттелетін субъектілер туралы деректер (лицензиялар, аккредиттеу, қару айналымы саласындағы субъектілер);

      7) мемлекеттік басқару және қызмет көрсету салаларындағы деректер (мемлекеттік қызметшілер, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік сатып алу);

      8) техника-экономикалық және салалық деректер (техникалық реттеу, стандарттар, энергетика, туризм, спорт).

4-тарау. Ұлттық тіркелімдерді жүргізу талаптары

      5. Ұлттық тіркелімдерді жүргізу олардың меншік иелері және (немесе) иегерлері тарапынан "цифрлық үкімет" архитектурасы шеңберінде жүзеге асырылады және мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) эталондық цифрлық деректердің ашықтығы, қолжетімділігі, жаңартылуы, толықтығы, олардың цифрлық үйлесімділігі және эталондық цифрлық деректердің еркін алмасуы;

      2) эталондық цифрлық деректердің дереккөздерімен міндетті синхрондау;

      3) қолжетімділік құқықтарын шектеу;

      4) біркелкілік;

      5) киберқауіпсіздік;

      6) цифрлық ортадағы мінез-құлықтың этикалық стандарттарын сақтау.

5-тарау. Эталондық цифрлық деректерді жаңартып отыру талаптары

      6. Цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері эталондық цифрлық деректерді тұрақты және үздіксіз түрде жаңартып отыруды, мынадай талаптарды сақтай отырып қамтамасыз етеді:

      1) эталондық цифрлық деректердің сапасы – мақсатына сай пайдалану үшін эталондық цифрлық деректердің толықтығын, дәлдігін қамтамасыз ету;

      2) жаңартылу – эталондық цифрлық деректерді уақтылы жаңарту;

      3) пайдалану міндеттілігі – ұлттық тіркелімде эталондық цифрлық деректер болған кезде, мұндай деректерді пайдаланатын мемлекеттік цифрлық объектілер оларды тиісті ұлттық тіркелімнен алынады. 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау