Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру қағидалары мен нысанын бекіту туралы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру қағидалары мен нысанын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру қағидалары мен нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 6 наурыздағы № 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 наурызда № 38113 болып тіркелді

  "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабының 3-2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру қағидалары;

      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілер (объектілер) тізілімінің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңДенсаулық сақтау министріА. Альназарова

 

 

 Қазақстан РеспубликасыныңДенсаулық сақтау министрі2026 жылғы 6 наурыздағы № 28бұйрығымен бекітілген

 

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 36-бабының 3-2-тармағына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Тізілімді қалыптастыру мен жүргізудің мақсаттары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілер (объектілер) (бұдан әрі – бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері)) туралы мәліметтерді есепке алу және жүйелеу болып табылады.

      3. Тізілімді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) осы бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында эпидемиялық мәні бар субъектілер (объектілер) тізілімінің нысаны бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық форматта қалыптастырады және жүргізеді.

      4. Тізілімде бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21710 болып тіркелген) бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесіне сәйкес бақылау және қадағалау объектілерінде жүзеге асырылатын қызмет түрлері бойынша бөлініп айқындалады.

      5. Қалыптастырылған Тізілімдер туралы, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтер мен деректер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберіледі.

2-тарау. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      6. Тізілім мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімінен, мемлекеттік бақылау және (немесе) қадағалау нәтижелерінен, есепке алу және есептік құжаттама мониторингінің, жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштерінің, масс-медиадан алынған мәліметтердің, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың ақпаратының негізінде қалыптастырылады.

      7. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді:

      1) Тізілімге енгізуге немесе Тізілімнен алып тастауға жататын бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындауды;

      2) Тізілімнің мазмұнын өзектендіруді (жаңартуды) қамтиды.

      8. Тізілімді өзектендіру (жаңарту) шеңберінде бақылау және қадағалау субъектілерін енгізу (алып тастау) жарты жылда бір реттен сиретпей жүзеге асырылады.

      9. Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілері Тізілімде ерекше бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) ретінде белгіленеді. Ерекше бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

3-тарау. Ерекше бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау тәртібі

      10. Ерекше бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін аумақтық бөлімше мыналарды жүзеге асырады:

      1) 1 мамырға және 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде орталық мемлекеттік органдарға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тиісті күнтізбелік жылға балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды алғаны туралы деректер мен мәліметтер беру туралы сұрау салуды жіберу;

      2) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды бөлуге қатысты мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің мәліметтері мен деректерін талдау.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сұрау салулар міндетті түрде білім беру, денсаулық сақтау, туристік қызмет, мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларындағы, сондай-ақ еңбек жөніндегі уәкілетті органдарға жіберіледі.

      12. Кодекстің 51-2-бабының 2-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік органдар және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары сұрау салуда көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қажетті ақпаратты ұсынады.

      13. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектісіне) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру ақпарат ұсыну мерзімінен кешірек бөлінген жағдайда қаржыны бөлу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орталық мемлекеттік органдар және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары ақпаратты сұратуды күтпей аумақтық бөлімшелерге тиісті ақпаратты қосымша жібереді.

      14. Алынған ақпараттың, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің мәліметтері мен деректерін талдау нәтижелерінің негізінде аумақтық бөлімшенің қызметкерлері аумақтық бөлімше басшысы (немесе оның міндеттін атқарушы адам) мақұлдаған қызметтік жазбаның негізінде Тізілімге ерекше бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) ретінде белгі қояды/белгіні алып тастайды.

      15. Ерекше бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) туралы мәліметтерді өзектендіру (жаңарту) ақпарат алынған және мониторинг нәтижелері бойынша мәліметтер мен деректер анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

 Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығысаласындағы эпидемиялықмәні бар субъектілердің(объектілердің) тізілімінқалыптастыру қағидаларынақосымша

 

      нысан

Субъектінің балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру алғаны туралы деректер мен мәліметтер

 

Жүктеу

Субъектінің атауыОбъектінің атауыЖСН/БСНСубъектінің (объектінің) заңды және нақты мекенжайлары, телефон нөмірі, электрондық поштасыКәсіпкерлік субъектісінің санатыМемлекеттік бюджеттен қаржыландыру бөлінген қызмет түрі, бюджет деңгейін көрсете отырып қаржыландыру сомасыМемлекеттік бюджеттен қаржыландыру бөлу туралы шартты жасасу және оның қолданылу мерзімдері

1

2

3

4

5

6

7

8

Эпидемиялық мәні бар объектіде жүзеге асырылатын қызмет

        

 

 

 Қазақстан РеспубликасыныңДенсаулық сақтау министрі2026 жылғы 6 наурыздағы № 28бұйрығымен бекітілген

 

      нысан

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімі

 

Жүктеу

БСН/ЖСНҰйымдық-құқықтық нысанСубъектінің атауыБасшының ТАӘЗаңды мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық поштаКәсіпкерлік субъектісінің санатыОбъектінің атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

Эпидемиялық мәні бар объектіде жүзеге асырылатын қызмет

        
        

 

      кестенің жалғасы

 

Жүктеу

9101112131415
 
Объектінің нақты мекенжайыЭҚЖЖҚызмет түрлеріРұқсаттар/хабарламаларЖұмыс істеп жүргендердің барлығы/ оның ішінде әйелдерОның ішінде зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер/ оның ішінде әйелдерЕрекше бақылау мен қадағалау объектісі
       

 

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау