Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 23 шiлдедегi № 359-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 шілдеде № 39393 болып тіркелді

"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 34-3-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары- Мәдениет және ақпарат министріА. Балаева

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрініңорынбасары -Мәдениет және ақпаратминистрі2026 жылғы 23 шілдедегі№ 359-НҚ Бұйрығыменбекітілген

 

Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-3-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік қорға берілген Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аралас (гибридті) жүйе – археологиялық олжалар мен материалдардың сақтау бірліктерін сөрелерге мекенжайлық орналастыруды және оларды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийдің электрондық есепке алу дерекқорымен цифрлық байланыстыруды бір мезгілде қолдануды көздейтін сақтау тәсілі;

      2) археологиялық материал – археологиялық жұмыстар барысында анықталған және ғылыми зерттеу объектілері ретінде құндылығы бар заттар мен үлгілер;

      3) жалпы археологиялық олжалар – ерекше құндылығы жоқ және жиынтығында зерттелетін тарихи-мәдени мұра объектісінің мәдени-хронологиялық ерекшеліктерін көрсететін, фрагменттер, бөлшектер немесе көптеген бір типті заттар түріндегі археологиялық олжалар;

      4) Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры (бұдан әрі – Мемлекеттік қор) – Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар барысында алынған және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийінде сақталуға жататын жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың жиынтығы;

      5) Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийі (бұдан әрі – Депозитарий) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды қабылдауды, есепке алуды, жүйелеуді, сақтауды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) жауапты сақтаушы – Депозитарий басшысының бұйрығымен тағайындалатын, Мемлекеттік қорға қабылданған материалдар мен олжалардың сақталуына толық материалдық жауапты болатын Депозитарийдің лауазымды тұлғасы;

      7) зерттеуші – жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды ғылыми, тарихи немесе мәдени мақсаттарда зерделеуді жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілі;

      8) Мемлекеттік қорды сақтау орындары – Мемлекеттік қор объектілерін тұрақты немесе уақытша орналастыруға арналған, олардың сыртқы әсерлерден және рұқсатсыз кіруден қорғалуын қамтамасыз ететін Депозитарийдің мамандандырылған үй-жайлары (қоймалар, сейф бөлмелері, қор қоймалары);

      9) орындаушы – тапсырылатын жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар алынған археологиялық жұмыстарды жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға;

      10) режимдік сақтау – Мемлекеттік қор объектілерінің материалдық сақталуын қамтамасыз ету, оларға рұқсатсыз кіруді шектеу, белгіленген температуралық-ылғалдылық, жарық және өртке қарсы жағдайларды ұстап тұру бойынша әкімшілік және техникалық шаралар кешені;

      11) уәкілетті қызметкер – лауазымдық міндеттеріне қорлармен жұмыс істеу кіретін, Депозитарий басшысының бұйрығы негізінде Мемлекеттік қорды сақтау орындарына кіру құқығы бар Депозитарийдің штаттағы қызметкері.

      3. Заңның 34-3-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар Депозитарийге сақтауға беріледі және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосылады.

2-тарау. Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийімен жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету тәртібі

      4. Депозитарий Мемлекеттік қордың режимдік сақталуын қамтамасыз етеді, ол келесі шарттарды орындау арқылы жүзеге асырылады:

      1) Мемлекеттік қорды сақтау орындарында температураны +18°C-ден +22°C-ге дейін, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 50-55% деңгейінде сақтай отырып, тұрақты температуралық-ылғалдылық режимін қолдау;

      2) заттарды механикалық зақымданудан қорғайтын және осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін мамандандырылған сақтау бірліктерінде (қораптарда) міндетті түрде мөрлеу және таңбалау арқылы сақтау;

      3) Мемлекеттік қорды сақтау орындарына кіруге құқығы бар тұлғалардың тізімін Депозитарий басшысының бұйрығымен шектеу және әрбір кіру жағдайын еркін нысандағы Мемлекеттік қорды сақтау орындарына кіруді есепке алу журналында тіркеу;

      4) Депозитарий басшысының бұйрығымен құрылатын комиссияның қатысуымен жылына кемінде бір рет Мемлекеттік қор объектілерінің бар-жоғын есепке алу құжаттамасымен салыстырып тексеруді (инвентаризацияны) жүргізу;

      5) олжалар мен материалдарды сақтау орындарын күзет-өрт дабылымен және Депозитарийдің күзет пультіне шығарылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау.

      5. Мемлекеттік қор объектілерін сақтау аралас (гибридті) жүйе бойынша жүзеге асырылады. Стеллаждарға мекенжайлық орналастыру кезінде олжалары мен материалдары бар таңбаланған қораптар, ерекше сақтау жағдайын талап ететін жекелеген артефактілер, сондай-ақ оларға қатысты есепке алу және далалық құжаттама орналастырылады.

      6. Стеллаждарға орналастырылатын бір сақтау бірлігінің (қораптың) салмағы 15 килограммнан аспауы тиіс. Сақтау бірліктерін (қораптарды) орналастыру үшін химиялық белсенді заттар бөлмейтін, коррозияға қарсы немесе өзге де қорғаныш жабыны бар металл сөре жүйелері пайдаланылады.

      7. Қор сақтау орындарында ағаштан немесе жанғыш композициялық материалдардан жасалған сөрелерді пайдалануға жол берілмейді. Сөре жабдықтарын орналастыру ауа айналымының еркін болуын, әрбір сақтау бірлігіне кедергісіз қолжетімділікті, сондай-ақ эвакуациялау үшін еркін өту жолдарын қамтамасыз етуі тиіс.

      8. Ұлттық депозитарий үй-жайлары автоматты өрт дабылы және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталады. Жаппай археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарға физикалық немесе химиялық зиян келтіруі мүмкін өрт сөндіру жүйелерін (оның ішінде су және көбік жүйелерін) тікелей сақтау аймақтарында қолдануға жол берілмейді. Газбен немесе ұсақ дисперсті (жұқа шашыратылған) сөндіру жүйелерін пайдалану ұсынылады.

      9. Температуралық-ылғалдылық режимі ортаның күрт ауытқуларын болдырмай, материалдардың жай-күйінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін деңгейде сақталады. Осы мақсатта қор сақтау орындары мамандандырылған желдету және ауа баптау жүйелерімен, сондай-ақ тұрақты мониторинг жүргізуге арналған бақылау-өлшеу құралдарымен (термогигрометрлермен) жабдықталады.

      10. Қор сақтау орындарының үй-жайлары тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғалуы тиіс. Жасанды жарық көздері археологиялық материалдарға зиян келтіруі мүмкін ультракүлгін сәулеленуді болдырмайтын сүзгілермен жабдықталады.

      11. Мемлекеттік қор объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында зерттеушілерге материалдар мен табылған заттарды зерттеу үшін зерттеу залында жауапты сақтаушының немесе уәкілетті қызметкердің қатысуымен ұсыну арқылы оларға еркін әрі өтеусіз қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

      12. Зерттеушілердің материалдарға қол жеткізуі келесі талаптарға сай келетін зерттеу залында жүзеге асырылады:

      1) тегіс беті бар үстелдермен, жұмсақ жарықтандырумен және зерттеуге қажетті оптикалық және өлшеуіш құралдармен жабдықталуы;

      2) зерттеуші жұмыс істеп отырған бүкіл уақыт ішінде жауапты сақтаушының немесе уәкілетті қызметкердің міндетті түрде қатысуы;

      3) материалдармен жұмыс істеу процесін тіркейтін бейнебақылау жүйесінің болуы;

      4) үй-жайда материалдарға зақым келтіруі мүмкін құралдарды (бояғыш заттар, үшкір заттар, сұйықтықтар) пайдалануға тыйым салу.

      13. Депозитарий зерттеушіге материалдарды ғылыми тұрғыда зерттеу үшін мынадай жағдайларды қамтамасыз етеді:

      1) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жабдықталған жұмыс орнын ұсыну;

      2) сұратылған археологиялық кешенге қатысты Депозитарийде бар есепке алу және далалық құжаттамаға, далалық сипаттамаларға, фотофиксация материалдарына және жаратылыстану-ғылыми талдаулар нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету.

      14. Материалдарды зерттеу үшін ұсыну тәртібі мынадай кезеңділікпен жүзеге асырылады:

      1) зерттеуші Депозитарийге жұмыс мақсатын, қажетті материалдардың тізбесін және жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, қағаз немесе электрондық құжат нысанында жазбаша сұрау (өтінім) жолдайды;

      2) Депозитарий басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға өтінімді келіп түскен күнен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ішінде үшінші тұлғалардың қол жеткізуіне шектеулердің бар-жоғы тұрғысынан қарайды;

      3) шектеулер болмаған немесе орындаушының жазбаша келісімі ұсынылған жағдайда – Депозитарий зерттеушімен зерттеу залына келу кестесін келіседі;

      4) жауапты сақтаушы келісілген кестеге сәйкес Мемлекеттік қор объектілерін қор сақтау орнынан зерттеу залына беруге дайындайды (сыртқы түрін тексеру, шаңнан тазарту және жинақтау);

      5) материалдарды зерттеу залына беру фактісі еркін нысандағы материалдарды уақытша пайдалануды есепке алу журналында зерттеуші мен жауапты сақтаушының қол қоюымен тіркеледі.

      15. Орындаушы аталған материалдарды зерттеу және жариялау бойынша басым құқыққа ие болады.

      16. Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар Ұлттық депозитарийге тапсырылған күннен бастап бес жыл ішінде үшінші тұлғалардың оларды дербес ғылыми зерттеулер жүргізу немесе сынама алу мақсатында пайдалануына орындаушының жазбаша келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі.

      17. Бес жыл өткеннен кейін материалдар жалпы ғылыми қолжетімділік режиміне өтеді.

      18. Материалдарды жариялау кезінде қазба жұмыстарын жүргізген авторға, жұмыстардың жүргізілген жылына және Ұлттық депозитарийге міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс.

      19. Үлгіні толық немесе ішінара бұзуды талап ететін зертханалық талдауларды (бұдан әрі – деструктивті талдау) жүргізу археологиялық материалдардың химиялық-физикалық құрамын, хронологиясын және өзге де ғылыми сипаттамаларын анықтау мақсатында жүзеге асырылады. Деструктивті талдауды мамандандырылған ғылыми-зерттеу зертханалары осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген тәртіппен мақұлданған зерттеушінің өтінімі немесе осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес ресімделетін рұқсат бойынша жүргізеді.

      20. Деструктивті талдау кезінде зерттелетін кешеннің ғылыми маңыздылығын сақтау мынадай тәсілдер арқылы қамтамасыз етіледі:

      1) аталған археологиялық кешеннен алынған біртектес олжалардың негізгі бөлігін Депозитарийде сақтау (жалпы археологиялық олжалар үшін);

      2) зертхананың ғылыми негізделген қажеттілігінен аспайтын көлемде үлгі алу;

      3) талдау басталғанға дейін алынатын үлгіні фотофиксациялау, өлшеу және макроскопиялық сипаттау.

      21. Деструктивті талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеуді бақылау еркін нысанда жасалатын Сынама алу актісі арқылы жүзеге асырылады, оған зерттеуші мен жауапты сақтаушы қол қояды. Сынама алу актісінде алынған үлгінің нақты салмағы, өлшемдері, сипаттамасы, қолданылатын зерттеу әдісі және оны өткізу мерзімі тіркеледі. Бақылау мақсатында үлгіні алу процесі бейнежазбаға түсіріледі, ал талдау аяқталғаннан кейін зертханалық қорытындының көшірмесі 10 (он) жұмыс күні ішінде Депозитарийдің есепке алу құжаттамасына қоса тіркеу үшін міндетті түрде беріледі.

      22. Орындаушының жазбаша келісімін алу тәртібі мынадай кезеңділікпен жүзеге асырылады:

      1) үшінші тұлға (зерттеуші) Депозитарийге осы Қағидалардың 14-тармағының 1) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес өтінімді жолдайды;

      2) Депозитарий өтінімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындаушыны келіп түскен сұрау туралы ресми түрде (оның ішінде электрондық пошта арқылы) хабардар етеді;

      3) орындаушы хабарламаны алған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Депозитарийге үшінші тұлғаның материалдарды пайдалануына өзінің жазбаша келісімін немесе негізделген бас тартуын ұсынады. Келісімде материалдарды пайдалануның нақты көлемі мен шарттары көрсетілуі мүмкін;

      4) белгіленген 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде орындаушыдан жауап болмаған жағдайда, бұл автоматты түрде келісім болып саналмайды. Мұндай жағдайда Депозитарий өтініш берушіге орындаушымен авторлық құқық мәселелерін тікелей реттеу қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды;

      5) орындаушы мен үшінші тұлғалар арасындағы материалдарды пайдалану мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі. 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау