Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы аумағына құқық қорғау және арнаулы органдары қызметкерлерінің келу тәртібі мен өзара іс-қимылдары туралы шартқа қатысушы болмау ниеті туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 203 Жарлығы.
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 8 сәуірде Алматыда жасалған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы аумағына құқық қорғау және арнаулы органдары қызметкерлерінің келу тәртібі мен өзара іс-қимылдары туралы шартқа қатысушы болмау ниеті туралы Қырғыз Республикасын заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы