Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2002 жылғы 8 қазанға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 7 тамыз N 918
Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Z952464_ заңының 69-бабына сәйкес және 1997 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттігінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты
қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2002 жылғы 8 қазанға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау іс-шаралары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Z952464_ заңында белгіленген ережелерге сәйкес және мерзімде өткізіледі деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың және Алматы мен
Астана қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылай
қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қолдансын.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Астана, 2002 жылғы 7 тамыз
N 918
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қобдалиева Н.М.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы