Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2002 жылғы 8 қазанға тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2002 жылғы 8 қазанға тағайындау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2002 жылғы 8 қазанға тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 7 тамыз N 918

    Республикалық баспасөзде

                                                    жариялануға тиіс

         Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Z952464_ заңының 69-бабына сәйкес және 1997 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттігінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты 

қаулы етемін:      

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2002 жылғы 8 қазанға тағайындалсын.      

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау іс-шаралары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Z952464_ заңында белгіленген ережелерге сәйкес және мерзімде өткізіледі деп белгіленсін.      

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың және Алматы мен

 

Астана қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының

депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылай

қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қолдансын.

     4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының

          Президенті

     Астана, 2002 жылғы 7 тамыз

              N 918

Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қобдалиева Н.М. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы