Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы

Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығы

Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесін жетілдіру мақсатында 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:      

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару қызметі, оның ішінде қылмыс жасағаны үшін сезікті және айыпталушыларды ұстау және тергеу изоляторларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаны орындау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне беруді;      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін құруды;      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін таратуды;      4) осы Жарлықтың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органның штат санын Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігіне беруді;      5) осы Жарлықтан туындайтын заң жобаларын әзірлеуді және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізуді;      6) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.      

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.      

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы