Азаматтық және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы 1996 жылғы 17 қыркүйектегi шартқа Хаттамаға қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1168 Жарлығы
Қаулы етемін:
1. Азаматтық және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы 1996 жылғы 17 қыркүйектегi шартқа Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Оңалсын Исламұлы Жұмабековке Қазақстан Республикасының атынан Азаматтық және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы 1996 жылғы 17 қыркүйектегi шартқа Хаттамаға дипломатиялық арналар бойынша альтернаттар алмасу жолымен қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы