Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері туралы

Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 18 тамыздағы N 862 Жарлығы

 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары мен теңіз экономикалық аймақтарын қорғау туралы келісімін басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:      

1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Шығыс шекара округінің шекара құрылымдарының базасында Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері құрылсын.      

2. Ф.Э. Дзержинский атындағы Алматы Жоғары шекаралық командалық училищесі Қазақстан Республикасының юрисдикциясына алынсын.      

3. 3,4-тармақтың күші жойылды-ҚР Президентінің 1995.01.19. N 2284 Жарлығымен.      

5. Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарды, келісімдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бұрынғы КСР Одағының құқықтық актілерін басшылыққа алсын.      Жергілікті әкімшілік басшылары Шекара әскерлеріне мемлекеттік шекараның күзеті мен режимін қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсін.      

6. "Қазақстан Республикасының аумағында әскери қызметшілер мен әскери қызметтен шығарылған адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 16 наурыздағы N 674 Жарлығының күші Қазақстан Республикасының Шекара әскерлеріне таратылсын. P920000726      

7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіне:      

Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері туралы ереже және Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері туралы басқа да нормативтік актілер 2 ай мерзімде бекітілсін;    

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" және "Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері туралы"Заңдардың жобалары дайындалсын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қарауына енгізілсін;      

Шекара әскерлерін қаржылық, азық-түлік, медициналық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру.      

8. Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы