Түркі инвестициялық қорындағы Қазақстан Республикасының өкілдері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 513 Жарлығы.
2023 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімнің 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар Түркі инвестициялық қорының Басқарушылар кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері болып тағайындалсын:
1) басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Мақашұлы Жұманғарин;
2) басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 08.05.2025 № 874 Жарлығымен.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы