Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / "Қазконтракт" республикалық келісімшарттық корпорациясын құру туралы

"Қазконтракт" республикалық келісімшарттық корпорациясын құру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

"Қазконтракт" республикалық келісімшарттық корпорациясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 7 желтоқсандағы N 1006 Жарлығы

 

 Республикада нарықтық қатынастарды тереңдету және мемлекеттік мұқтаждар үшін өнім жеткізуді қамтамасыз ету тетігін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:      

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасы материалдық ресурстар министрлігінің кәсіпорындарымен және ұйымдарымен бірлесіп бір ай мерзімде "Қазконтракт "республикалық келісімшарттық корпорациясы" акционерлік қоғамын ("Қазконтракт" АҚ) құрсын.      

"Қазконтракт" АҚ-ға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұқтажын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекетаралық шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру, республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарына тікелей шарттарды дамытуға жәрдемдесу жүктелсін.      

"Қазконтракт" ақ өнімді жеткізуді квоталауға және лицензиялауға қатысады, келісімшарттар жасасу арқылы Үкімет айқындайтын номенклатура бойынша тауарларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз етеді деп белгіленсін.      

2. "Қазконтракт" республикалық келісімшарттық корпорациясына акционерлік қоғамның жарғылық қоры ретінде қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлігі мен оған ведомстволық бағынысты республикалық кәсіпорындар мен ұйымдар алып жатқан ғимараттар, құрылыстар, сондай-ақ олардың айналымдағы, материалдық және ақшалай қаражаттары мен басқа да мүлкі берілсін.      

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті "Қазконтракт" АҚ-на Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты облыстық кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекеттік мүлкін иелену, пайдалану және басқару құқықтарын берсін.      

Аталған сала кәсіпорындарының акционерлік қоғамдарға айналуына қарай тиісті мемлекеттік бақылау пакеттері "Қазконтракт" республикалық келісімшарттық корпорациясының басқармасына берілетіні белгіленсін.      

4. "Қазконтракт" республикалық келісімшарттық корпорациясының құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлігі таратылсын.      

"Қазконтракт" АҚ базасында акционерлік қоғам құрылған Қазақстан Республикасы материалдық ресурстар министрлігінің, саланың кәсіпорындары мен ұйымдарының құқықтық мирасқоры болып белгіленсін.      

5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті он күн мерзімде осы Жарлықтан туындайтын, оның ішінде таратылатын Қазақстан Республикасы материалдық ресурстар министрлігінің қызметкерлерін әлеуметтік қорғау шаралары бойынша шешімдер қабылдасын.

6. "Қазақстан Республикасы материалдық ресурстар министрлігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 22 қаңтардағы N 582 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 2, 25-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы