Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / 2020 жылғы 18 желтоқсандағы Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді орындауға жауапты уәкілетті органдарды айқындау туралы

2020 жылғы 18 желтоқсандағы Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді орындауға жауапты уәкілетті органдарды айқындау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2020 жылғы 18 желтоқсандағы Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді орындауға жауапты уәкілетті органдарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 1062 Жарлығы.

2020 жылғы 18 желтоқсанда жасалған Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 17-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Келісімнің ережелерін орындауға уәкілетті орталық және өзге де мемлекеттік органдардың тізбесі айқындалсын:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі - дербес деректер субъектісінің атына тіркелген жылжымайтын мүлік мәселелері бойынша, дербес деректер субъектісінде бар мүліктік сипаттағы міндеттемелер бойынша;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі - азаматтықтың, тұрақты (уақытша) келуге (тұруға) құқық беретін құжаттардың болуы (болмауы), азаматтарды, үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды көші-қон есебіне қою немесе тұрғылықты жері (болатын жері) бойынша тіркеу, келуге құқық беретін визалар, жеке басын куәландыратын құжаттар беру мәселелері бойынша;

      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы - дербес деректер субъектісін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартуға байланысты мәселелер бойынша.

      2. Қазақстан Республикасының Сырқты істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Келісімнің ережелерін орындауға уәкілетті орталық және өзге де мемлекеттік органдардың тізбесі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы