Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жекелеген мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жекелеген мәселелері туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жекелеген мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 1308 Жарлығы

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  17-1-бабының  2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 378  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат; 2003 ж., N 33, 323-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы ереженің 4-тармағында "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы," деген сөздер алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 323-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Іс басқармасының құрылымы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының      Президенті

Қазақстан Республикасы   Президентінің       2004 жылғы 17 наурыздағы  N 1308 Жарлығына      ҚОСЫМША          

Қазақстан Республикасы   Президентінің       2003 жылғы 18 тамыздағы  N 1167 Жарлығымен     БЕКІТІЛГЕН        

  Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасыныңҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық      Бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімі      Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі      Күрделі құрылыс және техникалық бақылау бөлімі      Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлім      Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі      Іс-шараларға қызмет көрсету және сыртқы байланыстар бөлімі      Мемлекеттік құпияларды қорғау және кадр жұмысы бөлімі      Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы