Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Өкілдің қызметіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды өндіріп алу туралы өтінішхат

Өкілдің қызметіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды өндіріп алу туралы өтінішхат

Өкілдің қызметіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды өндіріп алу туралы өтінішхат

 

 

Жетісу облысының Талдықорған қалалық сотына

Төрағалық етуші судьяС.С. Ярошенкоға

адвокат Саржанов Ғалымжан Тұрлыбекұлынан

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесіБСН 201240021767

050002, Алматы қаласы,Алмалы ауданы,

Абылай хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе

info@zakonpravo.kz

www.zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 5758

Өкілдің қызметіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды өндіріп алу туралы өтінішхат

Жетісу облысының Талдықорған қалалық сотының өндірісінде Ба М.А., Та А.Б.-ның Жетісу облысының Полиция департаментіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жұмысқа қайта орналастыру туралы талап қоюы бойынша №3310-26-00-2/985 азаматтық іс қаралуда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 113-бабының 1-бөлігіне сәйкес, шешім пайдасына шығарылған тараптың өтінішхаты бойынша сот екінші тараптан процесте қатысқан және осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмаған өкілдің (бірнеше өкілдің) көмегіне ақы төлеуге жұмсаған, тарап іс жүзінде шеккен шығыстарын өндіріп береді. Мүліктік талаптар бойынша осы шығыстардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстар ақылға қонымды шектерде өндіріледі, бірақ үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

Талап қоюшылар Б М.А. және Т А.Б. 04.12.2025 жылы «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесімен заң көмегін көрсету туралы №0412/25 шарт жасасты, оған сәйкес Б М.А. және Т А.Б. «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесінің көрсеткен қызметтері үшін әрқайсысы 750 000 теңгеден төледі.

Көрсетілген 750 000 теңге мөлшеріндегі сома жауапкерлерден өндіріп алынуға жатады.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, сұраймын:

  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жетісу облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» мемлекеттік мекемесінен ортақ тәртіппен Ба Ма Абилькасымовичтің пайдасына өкілдің көмегіне ақы төлеуге жұмсалған 750 000 теңге мөлшеріндегі шығыстарды өндіріп беруді;
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жетісу облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» мемлекеттік мекемесінен ортақ тәртіппен Та Аа Бақбергенұлының пайдасына өкілдің көмегіне ақы төлеуге жұмсалған 750 000 теңге мөлшеріндегі шығыстарды өндіріп беруді.

Қосымша:

  1. 04.12.2025 жылғы №0412/25 заң көмегін көрсету туралы шарт;
  2. Ба М.А.-ның заң көмегіне ақы төлегені туралы түбіртек;
  3. Та А.Б.-ның заң көмегіне ақы төлегені туралы түбіртек.

Адвокат Саржанов Ғ.Т.

22.04.2026 ж.

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы