Оны әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан әрекетсіздікті заңсыз деп тану туралы
21.02.2023 жылғы №6001-22-00-6ап/1536.
Талапкер: "Z"ЖК
Жауапкер: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы"РММ
Даудың мәні: ӘҚБтК-нің 275-бабының бесінші бөлігі бойынша оны әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан әрекетсіздікті заңсыз деп тану туралы
Талапкердің кассациялық шағымы бойынша қайта қарау:
Шағымдану нысанасы ӘҚБтК-нің 275-бабының бесінші бөлігі бойынша талапкерді әкімшілік жауаптылыққа уақтылы тартпау жөніндегі басқарманың әрекетсіздігі болып табылады, бұл 2022 жылғы 10 ақпандағы №006978 қаулысымен қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылмаған кезең үшін айналым жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдануға әкелді.
Сот актілері:
1-ші инстанция: соттан бас тартылды.
Апелляция: шешім өзгеріссіз қалды.
Кассация: сот актілері жойылды, талап қайтарылды.
Қорытындылар:
Талапкердің талабы қоғамдық-құқықтық қатынастардан туындамайды.
АӨК-нің 3-бабы жетінші бөлігінің 2) тармақшасының талаптарына байланысты іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген істерді қарауға жатпайды.
Талапкердің әкімшілік жауаптылыққа тарту не тартпау туралы, айыппұл сомасының мөлшері және оларды төмендету не алып тастау, әкімшілік жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің аяқталуы үшін негіздер туралы дәлелдері тек қана әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау шеңберінде зерттеуге жатады.
АӨК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес, егер іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса, сот талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы