Оптикалық шыныдан жасалған шыбықтарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің әкелу кедендік бажы мөлшерлемесін белгілеу туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 93 шешімі
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің 7002 20 100 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен сыныпталатын оптикалық шыныдан жасалған шыбықтарға қатысты әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 7002 20 100 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне «95С)» ескертпесіне сілтеме «120С)» сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:
95С ескертпесі күшін жойды деп танылсын;
мынадай мазмұндағы 120С ескертпесімен толықтырылсын:
«120С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 93 шешімі күшіне енген күннен бастап 31.12.2027 қоса алғанға дейін қолданылады.».
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ жекелеген бастапқы нысандағы эпоксидті шайырлар мен полиуретандардың оптикалық талшықтар өндіру үшін әкелу кедендік баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылдаған міндеттемелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда төмен әкелу кедендік баждарының мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар тізбесіне және оптикалық шыныдан жасалған шыбықтарға қатысты осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшеріне өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен ерте емес мерзімде күшіне енеді.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін атқарушы | Б. Сұлтанов |
|---|
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар