Өтініш тергеу сотына қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға келіспеу туралы
Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотына
Мактаарал ауданы, Мырзакент елді мекені, Мадиходжаев көшесі № 17 үй.
Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі
ЖСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,
Алмалы ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz
тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.
Күдікті: АЕ К
ИИН ....
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, .... ауылы, Жастар көшесі, 12 үй.
Өтініш
қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға келіспеу туралы
Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың (Әрі қарай Тергеуші) өндірісінде ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Е.К Ақа (Әрі қарай Күдікті) қатысты №255143031000056 қылмыстық іс материалдары қаралуда.
Тергеу барысында Е.К А дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін күдікті деп танылып, 2025 жыл 2 наурыз күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып әрі қарай тергеу сотымен санкцияланып тергеу изоляторына қамауға алынды.
Тергеушінің пайымдауы бойынша “Күдікті Е.А 01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Баглан Ержанович .... бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру қылмысын қасақана жасаған». - деген мәліметті басшылыққа алған.
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып, оның ең жоғары құндылықтары – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы).
Сонымен қатар әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқылы (Конституцияның 13-бабының 1 және 3-тармақтары).
Осыған орай 04.04.2025 жыл қорғаушы тарапынан тергеушіге Күдіктіден жауап алу хаттамасын заңсыз және дәлел ретінде жарамсыз деп танып қылмыстық іс материалдарынан алып тастау туралы өтінішхат жолдаған болатынбыз.
Тергеу өзінің уәждерін жан жақты тергеп тексеріп анықтау мақсатында 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдіктіден жауап алу Хаттамасын толтырған.
ҚР ҚПК 216-бабының 4 бөлімі Күдіктiден жауап алу ерекшеліктеріне келер болсақ онда осы Кодекстің 67-бабында көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 69-бабы екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, қорғаушының қатысуы міндетті делінген.
Алайда Қорғау трапынан 03.04.2025 жыл тергеу изоляторында Е.К Апен аталған хаттаманы, онда берілген жауаптарды талқылау барысында, тергеу тарапынан қылмыстық заңнаманың ҚР ҚПК 216-бабының 4 бөлімінің өрескел бұзылуы анықталды.
Анығын айтқанда 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдіктіден жауап алу кезінде қорғаушының қатыспағандығы анықталып, Хаттамадағы қорғаушы ретінде шақырылған С.Акназаровтың қолы кешірек немесе басқа адаммен қойылған деп есептейміз.
Сонымен тергеуші Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 60-64, 80, 81, 110, 115, 197, 199, 208-210, 212, 216 баптарының нормаларын сақтамай Кодекстiң талаптары бұза отырып жауап алынғандығы анықталып отыр.
Құрметті сот, аталған тергеушінің қаулысымен келіспейміз, себебі күдікті АЕ Канатбаевичті қамауға алуға негіз жоқ. күдікті А Е.К., бұрын сотталмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, тұрақты тұрғылықты жері бар, жеке басы анықталған.
Күдікті А Е.К., қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға немесе істі объективті тергеуге немесе оның сотта қаралуына кедергі келтіруге ниетті емес.
Сонымен қатар, күдікті А Е.К., өз от басысының жалғыз асыраушысы, диханшы, үйленген, заңды некедегі жұбайы: Оспанова Динара Нұржанқызы, (үйде бала тірбиесімен айналысуда) ортақ некеден 5 (бес) кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар:
1. Аа Асия Есеновна 15.12.2013 ж.т.
2. Аа Айша Есеновна 26.05.2015 ж.т.
3. Қ. Али Есенұлы 10.10.2017 ж.т.
4. Қ...й Омар Есенұлы 24.11.2020 ж.т.
5. Қ... Абдуллах Есенұлы 23.08.2022 ж.т.
Сондай-ақ, күдікті Е.К Атың әрекеттері дұрыс сараланбаған деп есептейміз және оның әрекетерінде ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ.
Қылмыстық іс матреиалдарын мұқият зерттесек Е.К Атың Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау әрекеттері анықталмаған.
Е.К Атың іс-әрекеттерінде жария түрде немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдаланбаған, сол сияқты дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолында ешқандай іс әреттер жасамаған және тергеумен ондай іс әрекеттер анықталмаған.
Тергеу өз қаулысының анықтау бөлігінде тергеу берген келесі ақпаратты: “Күдікті Е.А 01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Баглан Ержанович Мусабековпен бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру қылмысын қасақана жасаған». - деген мәліметті басшылыққа алған.
Алайда тергеу, теріс бағыттағы дін қанадай және қай ағымдағы дін екендігіне, күдікті өзінің қандай іс әрекеттерімен діни алауыздықты тудырды, «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздары қандай ҚР НҚА немесе сот актілерімен тиым салынғандығын анықтамай, қорғаушының уәждеріне өкінішке орай назар аударуды жөн көрмеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабына және ҚР ҚПК 19-бабына сай, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.
Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс.
Сот актілері болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс.
Қаралып отырған қылмыстың объектісі болып халықаралық бейбітшілікті және діни топтарының қауіпсіз өмір сүруі азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиеті, олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары жағдайларын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Бұл қылмыстың объективті жағы діни алауыздықты қоздыру, азаматтардың діни сезімдерін қорғау, азаматтардың дінге көзқарасы айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдігін насихаттау.
Белгілі бір нәсілдің, ұлттың, этникалық немесе діни топтың өкілдеріне дұшпандық, жеккөрушілік немесе өшпенділік сезімін қалыптастыру нәтижесінде пайда болатын әртүрлі әрекеттер: бір адам тобының басқалардан ерекшелігін немесе артықшылығын насихаттау, белгілі бір нәсілдің өкілдерін кемсіту болған жағдайда қылмыс құрамын құрайды.
Діни сезімдерді қорлау дегеніміз – азамат мойындайтын діни догмалар мен канондарды немесе оның діни көзқарасымен байланысты азаматтың жеке қасиеттерін құрметтемеушілік, өрескел мазақ ету, құрметті заттарды, дүниетанымдық рәміздерді белгілері мен эмблемаларын келеке ету (жала жабу, кемсіту, масқаралау, мазақ ету).
Субъективтік жағы тікелей қасақаналық ниетпен сипатталады: кінәлі адам діни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталған іс-әрекеттер жасайтынын түсінеді, сондай-ақ көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, сол сияқты аталған ақпаратты әдебиеттер немесе өзге де жеткізгіштерді дайындау немесе тарату арқылы айрықшалықты, артықшылықты не кемшілікті насихаттайды.
Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыруды, егер оны жасауға екі немесе одан да көп орындаушы алдын ала сөз байласқан бірлестік қатысса, адамдар тобы жасаған деп танылады. Аталған іс-әрекеттерді, егер оларды бірлесе жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, адамдар тобы алдын ала сөз байласқан деп танылады.
– Алайда қылмыстық іс материалдырында күдікті Атың дамдар тобымен алдын ала сөз байласқаны, бейне роликтерді сақтап оны таратқаны, діни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталған іс-әрекеттер жайлы ешқандай дәлел және ақпарат жоқ.
Жоғарыда аталған уәждерді ескерсек тергеу тарапынан аманатқа қиянат жасау болды, тергеу сотына ұсынған дәлелдемелер бойынша Күдікті Е.К Аты босатуға негіздер бар, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік расталмаған, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіздер жоқ.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 138-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулерді белгілеу кезінде ескерілетін мән-жайлар) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 136-бабында көрсетілген негіздер бойынша Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға, істі объективті тергеуге, оны сотта қарауға кедергі келтіруге ниеті жоқ, сонымен қатар жасалған қылмыстың ауырлығы қылмыстық жауапкершілікке тартуды таңдау үшін жалғыз негіз бола алмайды қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану кезінде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Қылмыстық-процестік кодексінің 136-бабының 1-1-бөлігі бойынша. Күдіктіге бұлтартпау шарасын таңдаған кезде, егер мүмкіншілік болса жоғарыда аталған мән жайларды ескере отырып, қоғамнан оқшаулаумен қатысты емес бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.
Күдікті, қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырыну не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер жоқ.
Сондай-ақ, күдіктінің әрекеттері дұрыс сараланбаған деп есептейміз. Күдіктіні босатуға негіздер бар, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік расталмаған, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіздер жоқ, Күдікті тарапынан тергеу уәжі бойынша алдын ала сөз байласын қылмыс жасады дегені негізссіз оған дәлел менің қорғауымдағы Атың қосымша жауабы, сонымен қатар тергеуде Атың тыим салынған аудио бене роликтерімен бөліскені негізсіз, сот сараптамалыры бүгінгі күнге дейін дайын емес.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 136-бабының 1-1-бөлігі бойынша. Күдіктіге бұлтартпау шарасын таңдаған кезде, егер мүмкіншілік болса жоғарыда аталған мән жайларды ескере отырып, қоғамнан оқшаулаумен қатысты емес бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.
Күдіктінің туысқандары сотқа кепілгерлікке қздерінің мүлкңн қоюға дайын.
Күдікті, қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүруге не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер жоқ.
Соттан, Үйқамақ немесе кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауды сұраймын. Біз сотқа мүліктік немесе ақшалай қаражат түріндегі кепілді беруге дайынбыз.
Қорғаушы: Саржанов Галымжан Турлыбекович
«21» сәуір 2025 жыл
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Өтініш қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға келіспеу туралы
80 рет жүктеп алынды