Өтінішхат іс бойынша күдіктінің ватсап чатына бөліскен аудио сілтемесімен танысу
ММ ҚР ІІМ, Түркістан облысы Полиция департаментінің
Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылыққа
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент
кенті, Мәдіқожаев көшесі, 14У ғимараты. 8 725 41 2 12 02
+7 778 941 02 07.
Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі
ЖСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,
Алмалы ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz
тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.
Күдікті: АЕ К
ИИН
Түркістан облысы, М ауданы, Н Е ауылы, Ж көшесі, 12 үй.
Өтінішхат
іс бойынша күдікті Е.К Атың ватсап чатына бөліскен аудио сілтемесімен танысу
Сіздің өндірісіңізде ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Е.К Ақа қатысты №255143031000056 қылмыстық іс материалдары қаралуда.
Тергеу барысында Е.К А дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін, 2025 жыл 2 наурыз күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып әрі қарай тергеу сотымен санкцияланып тергеу изоляторына қамауға алынды.
ҚР ҚПК 64-бабының 9-тармағына сәйкес, күдіктінің қорғаушы шақыруға құқығы бар, ол бұл құқықты өзі, сондай-ақ жақын туыстары немесе сенімді өкілдері арқылы жүзеге асыра алады. Егер күдікті, оның туыстары немесе сенімді өкілдері қорғаушы шақырмаса, тергеу органы қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті (ҚР ҚПК 67-бабының 3-бөлігіне сәйкес).
Осыған байланысты, ҚР ҚПК 64-бабы және 70-бабы негізінде.
Сіз өз өндірісіңіздегі қылмыстық іс боынша келесі ақпаратты: “Күдікті Е.А 01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Баглан Е.. М. бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру қылмысын қасақана жасаған». - деген мәліметті басшылыққа алудасыз.
Бізге күдікті Е.К А ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен сілтемесін көшіріп құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында жолдаған аудио-видео роликтің сілтнмесін немсес аудио-видео роликтің көшірмесін алу қажеттілігі туындап тұр.
ҚР ҚПК 99-бабына сай Қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы.
Өтiнiшхат ол мәлiмделген бойда қаралуға және шешілуге жатады. Өтiнiшхат бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда, ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс.
Жоғарыда аталғанның негізінеде жіне ҚР ҚПК 99-бабын басшылыққа ала отырып,
Сізден сұраймын:
·
· Күдікті Е.К А ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям» уағызының сілтемесін көшіріп құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында жолдаған аудио-видео роликтің сілтнмесін немсес аудио-видео роликтің көшірмесін беруді;
· Осы өтінішхатқа ҚР ҚПК 99 бабында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді.
Құрметпен,
Адвокат: Саржанов Галымжан Турлыбекович
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Өтінішхат ватсап чатына бөліскен аудио сілтемесімен танысу
103 рет жүктеп алынды