Өтінішхат Күдіктіден жауап алу хаттамасын заңсыз және дәлел ретінде жарамсыз деп танып қылмыстық іс материалдарынан алып тастау туралы
ММ ҚР ІІМ, Түркістан облысы Полиция департаментінің
Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылыққа
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті,
Мәдіқожаев көшесі, 14У ғимараты. 8 725 41 2 12 02
+7 778 941 02 07.
Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі
ЖСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,
Алмалы ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz
тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.
Күдікті: АЕК
ИИН
Түркістан облысы, М л ауданы, ... ауылы, Ж көшесі, 12 үй.
Өтінішхат
Күдіктіден жауап алу хаттамасын заңсыз және дәлел ретінде жарамсыз деп танып қылмыстық іс материалдарынан алып тастау туралы
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып, оның ең жоғары құндылықтары – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы).
Сонымен қатар әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқылы (Конституцияның 13-бабының 1 және 3-тармақтары).
Сіздің өндірісіңізде ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Е.К Ақа қатысты №255143031000056 қылмыстық іс материалдары қаралуда.
Тергеу барысында Е.К А дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін, 2025 жыл 2 наурыз күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып әрі қарай тергеу сотымен санкцияланып тергеу изоляторына қамауға алынды.
Сіз өз өндірісіңіздегі қылмыстық іс боынша келесі ақпаратты: “Күдікті Е.А 01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Баглан Ержанович Мусабековпен бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» және «Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру қылмысын қасақана жасаған». - басшылыққа алудасыз.
Аталған уәждеріңізді жан жақты тергеп тексеріп анықтау мақсатында сіз 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдіктіден жауап алу Хаттамасын толтырғансыз.
ҚР ҚПК 216-бабының 4 бөлімі Күдіктiден жауап алу ерекшеліктеріне келер болсақ онда осы Кодекстің 67-бабында көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 69-бабы екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, қорғаушының қатысуы міндетті делінген.
Алайда Қорғау трапынан 03.04.2025 жыл тергеу изоляторында Е.К Апен аталған хаттаманы, онда берілген жауаптарды талқылау барысында, тергеу тарапынан қылмыстық заңнаманың ҚР ҚПК 216-бабының 4 бөлімінің өрескел бұзылуы анықталды.
Анығын айтқанда 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдіктіден жауап алу кезінде қорғаушының қатыспағандығы анықталып, Хаттамадағы қорғаушы ретінде шақырылған С.Акназаровтың қолы кешірек немесе басқа адаммен қойылған деп есептейміз.
Сіз Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 60-64, 80, 81, 110, 115, 197, 199, 208-210, 212, 216 баптарының нормаларын сақтамай Кодекстiң талаптары бұза отырып жауап алынғандығы анықталып отыр.
ҚР ҚПК 64-бап. Күдікті Қылмыстық қудалау органы ұстап алу кезінде, күдіктінің қатысуымен кез келген тергеу әрекеттерін жүргізуді бастамас бұрын дереу күдіктіге оның осы Кодексте көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті, күдіктіден жауап алу хаттамасында және адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларда белгі жасалады.
Алалйда тергеу тарапынан аталған бап нормалары формальді түрде жасалынып шын мәнәнде Күдіктіге жауап алу алдында құқықтары түсіндірілмеген.
ҚПК 112-бабына сай Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкiн болса, оның iшiнде: Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.
ҚР ҚПК 60 быбының, 3 бөліміне сай Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдана қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
Қылмыстық процеске қатысушылар ҚР ҚПК 99 бабына сай сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы. Егер өтінішхат iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге, процеске қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге ықпал ететін болса, ол қанағаттандырылуға тиiс.
Өтiнiшхат ол мәлiмделген бойда қаралуға және шешілуге жатады. Өтiнiшхат бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда, ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс.
ҚР ҚПК 24 бабына сай тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 24, 99, 112, 210, 211 баптарынана сәйкес,
Сұраймыз:
· Күдікті Е.К Атан 2025 жыл 1 наурыз күні 15 сағ. 35 минуттан 16 сағат 10 минут арасында күдіктіден жауап алу Хаттамасын - заңсыз және дәлел ретінде жарамсыз деп танып қылмыстық іс материалдарынан алып тастауды;
· Осы өтінішхатқа ҚР ҚПК 99 бабында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді.
Құрметпен,
Адвокат: Саржанов Галымжан Турлыбекович
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Өтінішхат күдіктіден жауап алу хаттамасын заңсыз деп тану
69 рет жүктеп алынды