Өтінішхат өкілдің (бірнеше өкілдің) көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын өндіру
Алматы қаласының Мамандандырылған
ауданаралық экономикалық соты
Судья Г. С. Қасымбаеваға
050008, Алматы қаласы, Байзакова көшесі, 273 Б
8 (727) 333-10-70
Жауапкер: ТОО "M.B.G."
БСН ….
г. Алматы, Б.. көшесі, дом 194, 10 этаж, офис 10
+7 705 …
сенімді өкілі адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі
ЖСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,
Алмалы ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
e-mail: info@zakonpravo.kz сайт: www.zakonpravo.kz
тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.
Өтінішхат
Сіздің өндірісіңізде шарт бойынша соманы өндіріп алу туралы "BM F.C." жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Талапкер) " M.B.G." ЖШС – не (бұдан әрі-жауапкер) талап қоюы бойынша 26.03.2024 жылғы № 7527-24-00-2/3645 азаматтық іс қаралуда.
ҚР АПК 113-бабына сай Сот пайдасына шешім шығарылған тараптың өтінішхаты бойынша процеске қатысқан және осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмаған өкілдің (бірнеше өкілдің) көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын тараптың іс жүзінде жұмсаған шығыстары мөлшерінде басқа тараптан алып береді - делінген.
Мүліктік талаптар бойынша осы шығыстардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріліп алынады, бірақ ол үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Аталған бапқа сүйене Жаупкер Заң және Құқық адвокаттық кеңсесіне заң көмегін алуға жүгініп №1804/24 келісім шартын жасасып кеңсенің жеке шотына 100 000 тенге төледі. Оған дәлел Келісім шарт және түбіртек.
Жоғарыда көрсетілгендер негізінде ҚР АПК-нің 113 бабына сай келесіні,
Соттан сұраймын:
· Талапкерден жауапкердің пайдасына адвокаттың көмегі үшін төленген 100 000 тенгені – өндіруді.
Құрметпен,
Адвокат:
________________/Г.Т. Саржанов
"___"___________2023 жыл
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Өтінішхат адвокаттың көмегі үшін төленген ақыны өндіру жайлы
26 рет жүктеп алынды