Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Өтінішхат қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуға рұқсат беру және материалдармен танысу туралы

Өтінішхат қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуға рұқсат беру және материалдармен танысу туралы

 Өтінішхат қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуға рұқсат беру және материалдармен танысу туралы

 

ММ ҚР ІІМ, Түркістан облысы Полиция департаментінің 

Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі Тергеу бөліміне

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, 

Мырзакент кенті, Мәдіқожаев көшесі, 14 ғимараты.

Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы ауданы,

 Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

Күдікті: ЭШ Чамшедович

ИИН ....

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, 

 

 

Өтінішхат

қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуға рұқсат беру туралы

 

Сіздің өндірісіңізде ҚР ҚК 174-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Э Ш.Ч., қатысты қылмыстық іс материалдары қаралуда.

Тергеу барысында Э Ш.Ч.,  Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін ҚР ҚК 174 бабы бойынша.

ҚР ҚПК 64-бабының 9-тармағына сәйкес, күдіктінің қорғаушы шақыруға құқығы бар, ол бұл құқықты өзі, сондай-ақ жақын туыстары немесе сенімді өкілдері арқылы жүзеге асыра алады. Егер күдікті, оның туыстары немесе сенімді өкілдері қорғаушы шақырмаса, тергеу органы қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті (ҚР ҚПК 67-бабының 3-бөлігіне сәйкес).

ҚР ҚПК 99-бабына сай Қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы.

      Өтiнiшхат ол мәлiмделген бойда қаралуға және шешілуге жатады. Өтiнiшхат бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда, ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс.

          Жоғарыда аталғанның негізінеде жіне ҚР ҚПК 64,99-бабын басшылыққа ала отырып,

 

Сізден сұраймын:

 

·        Қорғаушы-адвокат Саржанов Галымжан Тұрлыбековичті, қылмыстық іс  бойынша Э Ш.Ч., қорғаушысы ретінде қатысуына рұқсат беруіңізді;

·        Э Ш.Ч., қатыста барлық процестік құжаттармен таныстырып, көшірмелерін ұсынуды;

·        Э Ш.Ч., ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям» уағызының сілтемесін көшіріп құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында жолдаған аудио-видео роликтің сілтнмесін немсес аудио-видео роликтің көшірмесін беруді;

·        Осы өтінішхатқа ҚР ҚПК 99 бабында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді.

 

Құрметпен,

Қорғаушы/Адвокат:                                                                Саржанов Галымжан Турлыбекович

 

   

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу