Өтінішхат сот шешімін оқуға қалпына келтіру бөлігінде дереу орындауға жіберу туралы
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты А.С. Шаймерденоваға
010000, Астана қаласы, Гейдар Әлиев көшесі, 6.
Талап қоюшы: С.Т. Қ.
ЖСН ..
Сенімхат бойынша өкілі:
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі
БСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,
Алмалы ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
info@zakonpravo.kz www.zakonpravo.kz
тел.: +7 708 971 78 58 / 8 727 971 78 58.
ӨТІНІШХАТ
сот шешімін оқуға қалпына келтіру бөлігінде дереу орындауға жіберу туралы
2026 жылғы 24 шілдеде Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен №7142-26-00-2/14529 азаматтық іс бойынша талап қою толық көлемде қанағаттандырылып, «Астана медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №489-с/жс бұйрығы заңсыз деп танылып, оның күші жойылды және С. Т.Қ. «Астана медицина университеті» КеАҚ Медицина мектебіне оқуға қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта жаңа 2026–2027 оқу жылының басталып, оқушыларды оқуға қабылдауының бітуіне санаулы уақыт қалды. Осы кезеңде университетте студенттерді оқуға қабылдау, академиялық топтарды қалыптастыру, пәндерге тіркеу, жеке оқу жоспарларын бекіту және оқу процесін ұйымдастыру шаралары жүргізілуде.
Егер сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін орындалмайтын болса, талап қоюшы жаңа оқу жылын өткізіп алу қаупіне тап болады. Соның салдарынан оқу процесіне уақытылы қатыса алмайды, пәндерге тіркелу мүмкіндігінен айырылады, академиялық айырмашылықтар пайда болады, клиникалық және практикалық сабақтарға қатыса алмайды. Мұндай салдарлар кейін сот шешімі заңды күшіне енген күннің өзінде толық көлемде жойылмайды және талап қоюшының бұзылған құқықтарын толық қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес әркімнің білім алуға құқығы бар. Соттың заңсыз деп таныған бұйрығының салдарын апелляциялық саты аяқталғанға дейін сақтап қалу талап қоюшының конституциялық білім алу құқығын іс жүзінде одан әрі шектеуге алып келеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 243-бабында жұмысқа қайта орналастыру туралы сот шешімдерінің дереу орындалатыны көзделген. Аталған норма бұл санаттағы істерде азаматтың конституциялық құқықтарын ұзақ уақыт бойы шектеуге жол бермеуге бағытталған.
Талап қоюшыны оқуға қайта қалпына келтіру туралы осы іс бойынша да құқықтық табиғаты жағынан дәл осындай жағдай қалыптасып отыр. Себебі еңбек ету құқығы қалай үздіксіз қорғалуға тиіс болса, білім алу құқығы да дәл сондай үздіксіз жүзеге асырылуға тиіс конституциялық құқықтардың бірі болып табылады.
Бұл ретте талап қоюшыны уақытша оқу процесіне жіберу жауапкердің құқықтары мен заңды мүдделеріне орны толмас зиян келтірмейді. Керісінше, шешімнің орындалуын кейінге қалдыру талап қоюшыға елеулі және орны толмас зиян келтіреді.
Осыған байланысты, істің ерекше мән-жайларын, талап қоюшының білім алу құқығының маңыздылығын, жаңа оқу жылының басталуын және сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру талап қоюшының құқықтарын толық қалпына келтіруге кедергі келтіретінін ескере отырып, соттан шешімді оқуға қалпына келтіру бөлігінде дереу орындауға жіберуді сұраймын.
Осыған байланысты, соттан:
· Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2026 жылғы 24 шілдедегі шешімін С.Т.Қ. «Астана медицина университеті» КеАҚ Медицина мектебіне оқуға қалпына келтіру бөлігінде дереу орындауға жіберуді;
· Осы мәселе бойынша тиісті ұйғарым шығаруды СҰРАЙМЫН.
Құрметпен,
Сенімхат бойынша өкілі: И.М. Кеңесбек
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы