Ойыншықтар мен балаларға арналған ойындардың жекелеген түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 52 шешімі.
2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 7-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) осы Шешімге сәйкес 14 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар мен ойындарды (бұдан әрі – тауарлар) өз аумағында сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды (бұдан әрі – таңбалау) енгізу күнін және тәртібін дербес айқындайды және мұндай күн туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) ол басталғанға дейін кемінде 6 ай бұрын хабардар етеді.
2. Мыналар белгіленсін:
осы Шешіммен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар таңбалануға жатады (бұдан әрі – тізбе);
тауарларды таңбалау осы Шешіммен бекітілген сипаттамаларға сәйкес келетін сәйкестендіру құралдарымен жүзеге асырылады;
осы Шешімге сәйкес таңбалауға Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) 1-қосымшасына енгізілген бұйымдар жатпайды;
тізбеге енгізілген тауарлар қалдықтарын таңбалау қажеттілігі және таңбаланбаған тауарлардың айналымда болу мерзімдері мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындалады;
мүше мемлекеттер тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттерінің ұлттық операторларын (әкімшілерін) айқындайды;
мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 19 Шешімімен бекітілген базалық технологиялық ұйымдастырушылық моделінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;
мүше мемлекеттер осы Шешімге сәйкес өз аумағында таңбалауды енгізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы 2021 жылғы 23 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 41 Шешіміне сәйкес сәйкестендіру құралдарының криптографиялық қорғалуын қамтамасыз етеді.
3. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесі;
тауарды сәйкестендіру құралының сипаттамалары, тауарды сәйкестендіру құралындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және түсіру тәртібі;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдеріне қойылатын талаптар;
тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға, оның ішінде тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттері мен интеграциялық компоненті құрамындағы ақпараттық сервистер арқылы қолжетімділігі берілетін, тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінде қамтылған таңбаланған тауар туралы мәліметтердің ең аз құрамы.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
| Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
|---|---|---|---|---|
| М. Григорян | Н. Петкевич | С. Жұманғарин | Д. Амангелдиев | А. Оверчук |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 52 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|---|
Сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар ТІЗБЕСІ*
Жүктеп алу
| ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы |
|---|---|
| 9503 00-ден | Дөңгелекті самокаттар, педальді автомобильдер және осыған ұқсас ойыншықтар; қуыршақтарға арналған арбалар, қуыршақтар, өзге де ойыншықтар, кішірейтілген өлшемдегі («масштабтағы») және ойын-сауыққа арналған, жұмыс істейтін немесе жұмыс істемейтін ұқсас модельдер, барлық түрдегі басқатырғыштар (үш дөңгелекті велосипедтерді, әуе шарларын қоспағанда) |
| 9504 40 000 0-ден | Ойын карталары (құмар ойындарға арналған ойын карталарын қоспағанда) |
| 9504 90 100 0 | Жарыс ойындарына арналған электрлік жарыс автомобильдерінің жиынтықтары |
| 9504 90 800 9-дан | Ойын-сауық тауарлары, үстел үсті немесе бөлме ойындары |
___________________
*Осы тізбені қолдану мақсатында ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 52 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|---|
Тауарды сәйкестендіру құралының СИПАТТАМАЛАРЫ, тауарды сәйкестендіру құралындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және түсіру тәртібі
1. Осы құжат 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 5-бабы 1-тармағының «а» тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. 2026 жылғы 27 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 52 шешімімен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген 14 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар мен ойындарды (бұдан әрі – тауарлар) таңбалау үшін машинамен оқуға жарамды және «Ақпараттық технологиялар. Автоматты сәйкестендіру және деректерді жинау технологиялары. Data Matrix штрих-коды символикасының ерекшелігі» халықаралық ИСО/МЭК 16022:2006 стандартының (ISO/IEC 16022:2006 «Information technology – Automatic identification and data capture techniques – Data Matrix bar code symbology specification») немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) соған ұқсас ұлттық стандартының талаптарына сәйкес қалыптастырылған Data Matrix GS1 форматындағы екі өлшемді штрих-код түрінде ұсынылған символдардың бірегей тізбегі болып табылатын сәйкестендіру құралы пайдаланылады. Таңбалау кодын сәйкестендіру құралына түрлендіру кезінде GS1 қолдану идентификаторларының (AI) үлгілік форматына деректердің сәйкестігін білдіретін белгі ретінде FNC1 таңбасын пайдалана отырып, ECC 200 символикасы қолданылуға тиіс.
3. Сәйкестендіру құралы мынадай деректерді қамтиды:
деректердің бірінші тобы (қолдану идентификаторы (01)) – 14 цифрлық таңбадан тұратын сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN);
деректердің екінші тобы (қолдану идентификаторы (21)) – 13 таңбадан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы таңбалардан (! ” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?)) тұратын тауардың (тауар қаптамасының) жеке сериялық нөмірі. Бірінші таңба ретінде осы код эмиссияланған мүше мемлекеттің идентификаторы көрсетіледі (1 немесе А (a) – Армения Республикасы, 2 немесе B (b) – Беларусь Республикасы, 3 немесе C (c) – Қазақстан Республикасы, 4 немесе D (d) – Қырғыз Республикасы, 5 немесе E (e) – Ресей Федерациясы). Осы топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII таңбалар кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш таңба пайдаланылады;
деректердің үшінші тобы (қолдану идентификаторы (91)) – 4 таңбадан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен) тұратын тексеру кілті. Осы топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII таңбалар кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш таңба пайдаланылады;
деректердің төртінші тобы (қолдану идентификаторы (92)) – 44 таңбадан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы таңбалардан) тұратын тексеру коды.
Деректердің үшінші және төртінші топтары Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы 2021 жылғы 23 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 41 Шешімінің 1-тармағының «а» және «б» тармақшаларына сәйкес пайдаланылады (бұдан әрі – Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 Шешімі).
Егер тауар айналымына қатысушының тұтынушылық қаптамасының өлшемдеріне байланысты осы құжаттың 2-тармағында көрсетілген мүше мемлекеттің халықаралық стандартында немесе соған ұқсас ұлттық стандартында көзделген өлшемі мен сапасына сәйкес келетін Data Matrix символын орналастыруға мүмкіндік болмауына орай төрт деректер тобын қамтитын сәйкестендіру құралын түсіру мүмкіндігі болмаса, мұндай тауар айналымына қатысушы үш деректер тобын қамтитын сәйкестендіру құралын қолдануға құқылы.
Бұл жағдайда:
деректердің екінші тобы (қолдану идентификаторы (21)) – 6 таңбадан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы таңбалардан (! ” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?)) тұратын тауардың (тауар қаптамасының) жеке сериялық нөмірі. Бірінші таңба ретінде осы код эмиссияланған мүше мемлекеттің идентификаторы көрсетіледі (1 немесе А (а) – Армения Республикасы, 2 немесе В (b) – Беларусь Республикасы, 3 немесе C (c) – Қазақстан Республикасы, 4 немесе D (d) – Қырғыз Республикасы, 5 немесе E (e) – Ресей Федерациясы). Осы топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII таңбалар кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш таңба пайдаланылады;
деректердің үшінші тобы (қолдану идентификаторы (93)) 4 таңбадан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы таңбалардан) тұратын тексеру кодын қамтиды және Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 Шешімінің 1-тармағының «в» тармақшасына сәйкес пайдаланылады.
Төрт немесе үш деректер тобын қамтитын сәйкестендіру құралын қолдану туралы шешімді тауар айналымына қатысушы осы тармақтың ережелерін ескере отырып, дербес қабылдайды.
4. Тауарлардың сәйкестендіру құралдарын мүше мемлекеттердің сәйкестендіру құралдарының эмитенттері немесе тауар айналымына қатысушылар қалыптастырады.
5. Тауарлар сәйкестендіру құралын немесе сәйкестендіру құралы бар материалдық тасымалдағышты тауарлардың өзіне немесе тұтынушылық қаптамасына сәйкестендіру құралын бүлдірмей ажыратуға жол бермейтін тәсілмен түсіру арқылы таңбаланады.
Сәйкестендіру құралы тұтынушылық қаптаманың бүлдірмей конструкциялық тұрғыдан ажыратылатын бөліктеріне түсірілмеуге тиіс, сондай-ақ мөлдір орауыш үлдірге басып шығарылмауға тиіс.
6. Таңбаланған тауарларды топтық қаптамаға жинақтау кезінде мұндай қаптамаға сәйкестендіру құралын немесе тауарлардың сәйкестендіру құралдарын агрегаттаумен сәйкестендіру құралы бар материалдық тасымалдағышты түсіруге болады.
7. Таңбаланған тауарларды көліктік қаптамаға жинақтау кезінде мұндай көліктік қаптамаға көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодын қамтитын көліктік қаптаманың сәйкестендіру құралын түсіруге болады.
Көліктік қаптаманың сәйкестендіру құралын қалыптастыру және көліктік қаптаманы таңбалау GS1 халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Көліктік қаптаманы таңбалау кезінде көліктік қаптамаға түсірілетін міндетті емес ақпараттық өрістердің құрамы тауарларды көліктік қаптамаға жинақтауды жүзеге асыратын тауар айналымына қатысушының өзімен айқындалады.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 52 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|---|
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдеріне қойылатын ТАЛАПТАР
1. Тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компоненттерінің ұлттық операторлары (әкімшілері) (бұдан әрі – операторлар) арасында ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде 2026 жылғы 27 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 52 шешімімен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген 14 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар мен ойындар (бұдан әрі тиісінше – тауарлар, тізбе) және олардың сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) мынадай стандарттарға сәйкес XML форматында беріледі:
«Extensible Markup Language (XML) 1.0 (Fifth Edition)» (ақпараттық-телекоммуникациялық «Интернет» желісінде http://www.w3.org/TR/REC-xml мекенжайы бойынша жарияланған);
«Namespaces in XML 1.0 (Third Edition)» (ақпараттық-телекоммуникациялық «Интернет» желісінде http://www.w3.org/TR/REC-xml-names мекенжайы бойынша жарияланған);
«XML Schema Part 1: Structures Second Edition» және «XML Schema Part 2: Datatypes Second Edition» (ақпараттық-телекоммуникациялық «Интернет» желісінде http://www.w3.org/TR/xmlschema-1/ және http://www.w3.org/TR/xmlschema-2/ мекенжайлары бойынша жарияланған).
2. Мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 19 Шешімімен бекітілген базалық технологиялық ұйымдастырушылық моделіне қосымшаның 1 – 4, 7 – 8, 11 – 12-кестелерінде (бұдан әрі – базалық модель), сондай-ақ осы Талаптардың 1 – 4-кестелерінде келтірілген.
3. Осы Талаптардың 1 – 4-кестелерінің өрістерін (бағандарын) қалыптастыру, сондай-ақ элементтердің көптігін көрсету үшін белгілеулерді қолдану базалық модельге қосымшаның 3 және 4-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мәліметтер базалық модельдің ережелерін ескере отырып, нақты уақыт режимінде беріледі.
| 1-кесте |
|---|
Тауардың сипаттамалары туралы мәліметтер тізбесі
Жүктеп алу
| Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Ескертпе | Саны |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Тауардың функционалдық атауы (тауар түрі) | Тауар бірлігінің функционалдық атауы | Тауардың жалпы сипаттамасы көрсетіледі (тауар жататын өнім түрінің атауы. Мысалы, самокат, қуыршақ, құрастырғыш, басқатырғыш, үстел ойыны және т.б.) | 1 |
| 2 | Жапсырмадағы тауардың атауы | Еркін нысанда қалыптастырылады | 1 | |
| 3 | Тауар белгісі (бренд) | Тауар белгісі (бренд, сауда маркасы) туралы мәліметтер | Нақты өндірушінің тауарларын нысаналы нарықта позициялау кезінде пайдаланылатын белгі көрсетіледі. Болмаған жағдайда «жоқ» деп көрсетіледі | 1 |
| 4. | Ең төменгі жас мөлшері | Өндірушінің ақпаратына сәйкес бұйым арналған баланың ең төменгі жасы көрсетіледі | 1 | |
| 5 | Өндірушінің моделі және (немесе) артикулы | 1 | ||
| 6 | Тауардың негізгі конструкциялық материалы | Бұйымның корпусы немесе бұйымның өзі жасалған негізгі материал көрсетіледі | 1 | |
| 7 | Пайдалану мерзімін белгілеу белгісі | Тауарға жарамдылық мерзімінің немесе қызмет ету мерзімінің қолданылу белгісі | «қызмет ету мерзімі» – егер өндіруші қызмет ету мерзімін белгілеген болса; «жарамдылық мерзімі» – егер өндіруші жарамдылық мерзімін белгілеген болса; «пайдалану мерзімі белгіленбейді» – егер өндіруші қызмет ету мерзімін және жарамдылық мерзімін белгілемеген болса | 1 |
| 8 | Тауардың қызмет ету мерзімі | Тауардың осы түріне өндіруші белгілеген қызмет ету мерзімі көрсетіледі. Бұл элемент пайдалану мерзімін белгілеу белгісі қызмет ету мерзімі болып табылатын тауар үшін міндетті | 0..1 | |
| 9 | Қозғалысқа келтіру жетегінің түрі | Бұл элемент ЕАЭО СЭҚ ТН 9503 00 210 0, 9503 00 410 0, 9503 00 490 0, 9503 00 550 0, 9503 00 750 0, 9503 00 790 0 позицияларында сыныпталатын тауарлар үшін міндетті | 0..1 |
| 2-кесте |
|---|
Тауар бірлігі туралы мәліметтер тізбесі
Жүктеп алу
| Нөмірі | Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Саны |
|---|---|---|---|---|
| 1 | ҚҚС-ты ескере отырып, тауар бірлігінің бағасы* | ҚҚС-ты ескере отырып, тауардың бағасы туралы мәліметтер | Мәліметтер импорттаушы мүше мемлекеттің валютасында көрсетіледі. | 0..1 |
| 2 | Тауар бірлігіне салынатын ҚҚС* | Тауар бірлігіне салынатын ҚҚС сомасы | Импорттаушы мүше мемлекетте төленуге жататын әрбір тауар бірлігі бойынша импорттаушы мүше мемлекеттің валютасындағы ҚҚС сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі | 0..1 |
| 3 | Өндірілген күні | Өндірілген күні туралы мәліметтер | 1 | |
| 4 | Жарамдылық мерзімінің аяқталу күні | Жарамдылық мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтер | Бұл элемент пайдалану мерзімін белгілеу белгісі жарамдылық мерзімі болып табылатын тауарлар үшін міндетті | 0..1 |
______________________
*Мәліметтерді экспорттаушы оларды импорттаушымен жасалған шарттық қатынастар шеңберінде және экспорттаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) операторының техникалық мүмкіндіктері болған жағдайда ерікті негізде береді.
Мәліметтер берілген жағдайда 2-кестенің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген екі элемент те толтырылуға тиіс.
| 3-кесте |
|---|
Тізбеде көрсетілген тауарларды таңбалау кезінде пайдаланылатын қолдану идентификаторларының (AI) тізбесі
Жүктеп алу
| AI коды | AI толық атауы | Элементтік жолдың форматы | Сипаттамасы | Ескертпе |
|---|---|---|---|---|
| 00 | Көлік қаптамасының (ыдысының) сериялық коды – SSCC (Serial Shipping Container Code) | N2+N18 | Деректер өрісінде SSCC нөмірі болады | AI (00) қолдану идентификаторы одан кейін тікелей келетін 18 таңбадан тұратын цифрлық өрісте логистикалық бірлікті таңбалау үшін пайдаланылатын көлік қаптамасының (ыдысының) сериялық коды (SSCC) бар екенін көрсетеді |
| 01 | Сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі – GTIN (Global Trade Item Number) | N2+N14 | GTIN (Global Trade Item Number) – GS1 ашық стандарттар жүйесіндегі бір атаудағы (артикулдағы) тауар түрінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі. 14 таңбалы цифрлық идентификатор | AI (01) қолдану идентификаторы одан кейін тікелей келетін 14 таңбадан тұратын цифрлық өрісте тауарды сәйкестендіру үшін пайдаланылатын сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN) бар екенін көрсетеді |
| 21 | Тауардың жеке сериялық нөмірі (Serial Number) | N2 + X..13(N2+X..6) | Сериялық нөмір (Serial Number) | AI (21) қолдану идентификаторы одан кейін тікелей келетін 13 немесе 6 таңбадан тұратын өрісте тауарға оның бүкіл қызмет ету мерзіміне берілетін тауардың жеке сериялық нөмірі бар екенін көрсетеді. GTIN-мен бірге сериялық нөмір тауардың әрбір бірлігінің бірегей идентификаторы болып табылады. Түсіндірме: тауарларды сәйкестендіру мақсатында 13 немесе 6 таңбадан (цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан (! " % & ' * + - . / _ , : ; = < > ?)) тұратын тауардың жеке сериялық нөмірі пайдаланылады |
| 91 | Тексеру кілті | N2+X..4 | Тексеру кілтінің идентификаторы (жеке реттік нөмірі) | Мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады |
| 92 | Тексеру коды | N2+X..44 | Асимметриялық криптографиялық алгоритмдерді пайдалана отырып жасалатын тексеру кодының мәні | Мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады |
| 93 | Тексеру коды | N2+X..4 | Симметриялық криптографиялық алгоритмдерді пайдалана отырып жасалатын тексеру кодының мәні | Мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерге сәйкес қолданылады |
| | 4-кесте || - | --------- |
Тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарларды таңбалау кезінде пайдаланылатын «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесін қалыптастыру қағидалары
Жүктеп алу
| Сәйкестендіру құралының түрі | «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесін қалыптастыру қағидасы |
|---|---|
| I. Тауарға, тұтынушылық немесе топтық қаптамаға салынған сәйкестендіру құралы бөлігіндегі «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесін қалыптастыру қағидалары | |
| 301 | 1. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің жасалатын даналарының ең аз саны: 32. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің бірінші данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «01»; «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: деректемеде сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN) болуы тиіс. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің екінші данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «21»; «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: тауардың жеке сериялық нөмірі (SN) болуы тиіс. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің үшінші данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «91» немесе «93»; «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: тексеру кілтінің идентификаторы немесе тексеру кодының мәні (мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығының құрамына кіретін актілерге сәйкес қолданылады). «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің төртінші данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «92»; «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: тексеру кодының мәні (мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығының құрамына кіретін актілерге сәйкес қолданылады). |
| II. Көліктік қаптамаға салынған сәйкестендіру құралы бөлігіндегі «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесін қалыптастыру қағидалары | |
| 101 немесе 301 | 1. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің жасалатын даналарының ең аз саны: 12. «Сәйкестендіру құралының деректер блогы» деректемесінің данасына қойылатын талаптар: «Қолдану идентификаторы (AI)» деректемесінің мәні: «00» немесе GS1 халықаралық стандарттарына сәйкес деректеменің өзге мәні. «Ақпарат блогының символдық мәні» деректемесінің мәні: деректемеде көліктік қаптаманың бірегей идентификаторы болуы тиіс (көліктік қаптаманың сәйкестендіру коды 18-ден 74 таңбаға дейін қоса алғанда болуы және цифрлардан (0–9), латын әліпбиінің әріптерінен (A–Z(a–z)) және арнайы символдардан (% & ' " ( ) * + , - _ . / : ; < = > ?) тұруы мүмкін). |
| | Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 52 шешімімен БЕКІТІЛГЕН || - | ----------------------------------------------------------------------------------- |
Таңбаланған тауар туралы мәліметтердің ұлттық компоненттер мен тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің интеграциялық компоненті құрамындағы ақпараттық сервистер арқылы да тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға қолжетімділігі қамтамасыз етілетін, тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінде қамтылатын ең аз құрамы
1. Сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN).
2. Тауардың жеке сериялық нөмірі (SN).
3. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 10 таңбалы коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН).
4. Тауардың функционалдық атауы (тауар түрі).
5. Тауардың заттаңбасындағы атауы.
6. Тауар белгісі (бренд).
7. Тауар туралы мәліметтер:
- ең төменгі жас мөлшері;
- өндірушінің моделі және (немесе) артикулы;
- тауардың негізгі конструкциялық материалы;
- пайдалану мерзімі (тауардың қызмет ету мерзімі, жарамдылық мерзімінің аяқталу күні немесе пайдалану мерзімі белгіленбеген);
- қозғалысқа келтіру түрі (ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 9503 00 210 0, 9503 00 410 0, 9503 00 490 0, 9503 00 550 0, 9503 00 750 0, 9503 00 790 0 тауар позицияларында жіктелетін тауарлар үшін);
- өндірілген күні.
8. Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің немесе Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптардың талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжат жөніндегі мәліметтер (құжаттың түрі, нөмірі және күні).
9. Тауардың шығарылған елі.
10. Таңбаланатын тауар туралы ақпаратты ұсынған шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпарат (заңды тұлғаның қысқаша атауы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – жеке кәсіпкер), сәйкестендіру коды (нөмірі) (Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕN), Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕN), Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін – сәйкестендіру салық нөмірі (СТН), Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН)), заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жерінің мекенжайы).
11. Тауарды өндіруші туралы ақпарат (заңды тұлғаның қысқаша атауы, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген тауарлар үшін толтырылады).
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Жолдаулар