Прокурордан сот үкіміне қарсы өтінішхат жолдау жайлы арыз
Назар аударыңыз! «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Түркістан облысы прокуроры М.Т. Алихановқа
Жәбірленуші: Е.Қ.Т. Түркістан облысы,
Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Т.. көшесі, …
арыз.
16.09.2022 ж. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.Н. Қ.. қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған. Аталған үкім негізсіз және заңсыз шығарылған деп санаймын. Атап айтқанда, сот А.Н. К. іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінен, ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігіне заңсыз қайта сараланған деп есептеймін, оның әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігімен салыстырғанда сай келмейтін тым жұмсақ жаза тағайындаған. Сот, сотқа дейінгі тергеу барысында, куәлардың айғақтарына тиісті дәрежеде баға бермеді, өйткені куәлар сот тергеуінде менің тарапымнан балағат сөздерді айтқаны туралы, А.Н. Қ.. жекпе-жекке шақырғаны туралы бірде-бір рет алдын-ала тергеу барысында айтпаған. Сот отырысында төрағалық етуші судья, қарауындағы аса ауыр қылмыс бойынша сарапшыдан жауап алмағаны және маған келтірілген дене жарақаттарының өміріме қауіптілігі туралы өз бетімен қорытынды жасап, оларды денсаулыққа ауыр зиян деп санады. Сондықтан, сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабының талаптарын бұза отырып, алдын-ала тергеу органдарының, прокурордың iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi талаптарын жоққа шығарды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде тыйым салынған куәгерлік айғақтарды негізге алып, сот заңсыз азаматтық талапты қанағаттандырудан бас тарты. Аталған заң бұзушылықтар, сот істі біржақты қарады деуге негізі бар.
Прокурордан сот үкіміне қарсы өтінішхат жолдау жайлы арыз
Жоғарыда аталған айғақтардың негізінде, прокуратурадан 16.09.2022 ж. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне Облыстық сотқа өтінішхат жолдауыңызды сұраймын.
26.09.2022 ж. Е.Қ.,Т.
#Адвокат #Заңгер #Заң қызметі #Қорғау Компания Фирма #Азаматтық #Қылмыстық #Әкімшілік #Төрелік #Арбитраж даулары #Алматы #Қазақстан Адвокат Заңгер Қорғаушы Алматы Заң Қызметі Кеңсесі Құқық Қорғау Көмек Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істері Арбитраж даулары Қазақстан #Адвокат #Юрист #Юридическая услуга #Защита Компания #Адвокатская контора #Гражданские #Уголовные #Административные #Арбитражные дела споры #Алматы #Казахстан Адвокат Юрист Алматы Юридическая Компания услуга консультация Гражданские Уголовные Административные Арбитражные дела споры Защита Адвокатская контора Казахстан
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Прокурордан сот үкіміне қарсы өтінішхат жолдау жайлы арыз
103 рет жүктеп алынды