Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасына өзгерту туралы
Қазақ Кеңестік Социалистік Pеспубликасының 1991 жылғы 10 желтоқсандағы № 1000-XII Заңы
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы
Республиканың көпұлтты халқының өзін-өзі билеу принциптеріне адам құқы мен бостандықтарының мызғымастығына, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық жағынан сан алуандығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшілік сүйгіш, құқылы мемлекет құруға ұмтылысын басшылыққа ала отырып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қаулы етеді:
1. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілсін.
2. Қазақ КСР Конституциясы (Негізгі Заңы) мен Қазақ ҚСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға, Қазақ КСР заңдарына және Қазақ КСР мемлекеттік органдарының өзге де актілеріне тиісті өзгерістер енгізілсін.
Қазақ Кеңестік |
|
Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ. |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы