Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық қылмыстық соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық қылмыстық соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы келісімге қол қою туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық қылмыстық соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 13 қыркүйектегі N 1188 Жарлығы

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында Халықаралық қылмыстық соттың билігіне адамдарды тапсыру мәселелерін шешу кезіндегі өзара қатынастарды реттеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық қылмыстық соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында Халықаралық қылмыстық соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы келісім жасасуға уәкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы