Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Каспий теңізі түбін шектеу туралы келісімді және Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Каспий теңізі түбін шектеу туралы келісімге Хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 457-ІІ Заңы
Мәскеуде 2001 жылғы 29 қарашада жасалған Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Каспий теңізі түбін шектеу туралы келісім және Бакуде 2003 жылғы 27 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Каспий теңізі түбін шектеу туралы келісімге Хаттама бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы КЕЛІСІМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы, өздерiнiң Каспий теңiзiндегi егемендi құқықтарын iске асыру үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Каспий теңiзi түбiнiң минералды ресурстары мен жер қойнауларын тиiмдi пайдалануға байланысты мәселелердi өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық рухында реттеуге ұмтыла отырып, Каспий теңiзiнiң қолда бар құқықтық режимi қазiргi заман талабына жауап бермейтiнiн және Каспий төңiрегiндегi мемлекеттердiң өзара қарым-қатынасын толық деңгейде реттемейтiндiгiн назарға ала отырып, Каспий төңiрегiндегi мемлекеттердi олардың жалпы келiсiмi негiзiнде Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы Конвенцияны тез арада жасасуға шақыра отырып, халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын, Каспий теңiзi түбi мен оның жер қойнауларының минералды ресурстарын игеру мен пайдалану кезiнде Тараптардың мүдделерiн, Каспий теңiзiнiң қазiргi практикасын басшылыққа ала отырып, осы Келiсiммен Каспий теңiзiнiң түбiн шектеу биологиялық ресурстар мен кеме қатынасы мақсаттарына қолданылмайтындығына сүйене отырып, Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерi жөнiндегi қол жеткiзiлген екi жақты уағдаластықты назарға ала отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Каспий теңiзiнiң түбi мен оның жер қойнаулары Тараптар арасында жағалау сызығындағы және аралдардағы бастапқы базалық нүктелерден тең мөлшерде алыстау негiзiнде құрылатын орта желi бойынша шектеледi. Бастапқы базалық нүктелердiң координаттары Балтық биiктiк жүйесiнiң минус 28 метр белгiсiне тең Каспий теңiзiнiң көпжылдық орташа деңгейiне сүйенiп айқындалады.
2-бап
Орта желiнiң географиялық сипаттамасы мен оның координаттары Тараптар келiскен картографиялық материалдар мен бастапқы базалық нүктелер негiзiнде айқындалатын болады және осы Келiсiмнiң қосымшасы әрi оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке Хаттамалармен бекiтiлетiн болады.
3-бап
Тараптар өздерiнiң теңiз түбi секторларының шегiнде Каспий теңiзiнiң түбi мен жер қойнаулары ресурстарын барлау, игеру және басқару, Каспий теңiзiнiң түбi бойынша су асты кабелдерi, құбыр желiлерiн төсеу, жасанды аралдар салуда, берм, дамбалар, эстакадалар, платформалар және өзге де инженерлiк құрылыстар, сондай-ақ басқа да теңiз түбiндегi заңды шаруашылық-экономикалық қызметтер мақсатында егемендi құқықтарын жүзеге асырады. Ортаңғы сызық перспективалы құрылымдар мен кен орындарының үстiмен өткен жағдайда оларды барлау мен игеру мәселелерi Тараптар арасындағы жеке келiсiмiнiң тақырыбы болмақ.
4-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мен қолданудағы келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен және Тараптардың таңдауы бойынша өзге де бейбiт құралдармен шешiледi.
5-бап
Осы Келiсiм Каспий төңiрегiндегi мемлекеттердiң Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi жөнiндегi ортақ келiсiмге қол жеткiзуiне кедергi келтiрмейдi және Тараптардың ортақ уағдаластықтарының бiр бөлiгi ретiнде қаралуы мүмкiн.
6-бап
Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
7-бап
Осы Келiсiм оны бекiту туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енеді.
Мәскеу қаласында 2001 жылғы 29 қарашада қазақ, әзербайжан жәнe орыс тiлдерiнде әрқайсысы екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiк туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ YШІН ҮШIН
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы Келiсiмге ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы 2001 жылғы 29 қарашадағы келiсiмдi (бұдан әрi - Келiсiм) негiзге ала отырып, Каспий теңiзi түбiнiң учаскелерi мен жер қойнауын межелеп бөлу орта сызығының географиялық координаттарын анықтау мақсатында, төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Хаттамамен Тараптар Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында Каспий теңiзi түбiнiң учаскелерi мен жер қойнауын межелеп бөлудiң жағалық сызықтағы және аралдардағы бастапқы базалық нүктелерiнен бiрдей алыстау негiзiнде құрылған (бастапқы базалық нүктелердiң географиялық координаттарының Каталогы - 2 Қосымша) орта сызық өтуiнiң географиялық координаттарын белгiлейдi (межелеп бөлу орта сызығының географиялық координаттарының Каталогы - 1 Қосымша).
2-бап
Солтүстiк ендiктiң 42о33',6 және шығыс бойлықтың 49о53',3 координаттары бар Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Каспий теңiзi түбiнiң учаскелерi мен жер қойнауын межелеп бөлу сызығының түйiсу нүктесi межелеп бөлу opта сызығының бастапқы нүктесi болып табылады. Солтүстiк ендiктiң 41о32',4 және шығыс бойлықтың 50о56',6 координаттары бар нүкте межелеп бөлу орта сызығының соңғы нүктесi болып табылады, ол Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Түрiкменстан арасында Каспий теңiзi түбiнiң учаскелерi мен жер қойнауын межелеп бөлудiң түйiсу нүктесi ретiнде қабылдануы мүмкiн, мұның өзi олардың арасындағы үш жақты келiсiмде белгiленетiн болады.
3-бап
Межелеп бөлудiң орта сызығы Тараптар келiскен Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында Каспий теңiзi түбiнiң учаскелерi мен жер қойнауын межелеп бөлу орта сызығының Схемасына енгiзiлген (3 Қосымша).
4-бап
Осы Хаттама Келiсiмнiң 7-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
Баку қаласында 2003 жылғы 27 ақпанда әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру мақсатында Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШIН ҮШІН
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы Келiсiм Хаттамасына 1 Қосымша
Орта сызықтың географиялық координаттарының Каталогы
______________________________________________________________ Орта сызықтың бұрылыс ! Солтүстік ендік ! Шығыс бойлық нүктелерінің нөмірлері ! ! ______________________________________________________________ Бастапқы нүкте 42о33',6 49о53',3 1 42о25',8 50о00',3 2 42o24',5 50o01',7 3 42o22',3 50o03',8 4 42o20',9 50o05',4 5 42o20',2 50o06',4 6 42o19',7 50o06',9 7 42o17',0 50o10',1 8 42o16',4 50o10',8 9 42o11',1 50o17',5 10 42o10',4 50o18',5 11 42o06',5 50o23',6 12 42o05',2 50o25',4 13 41o57',9 50o36',0 14 41o57',4 50o36',8 15 41o56',6 50o38',0 16 41o55',8 50o38',7 17 41o53',2 50o41',2 18 41o51',3 50o41',9 19 41o50',6 50o42',2 20 41o47',8 50o43',1 21 41o39',1 50o50',4 22 41o37',0 50o52',3 23 41o35',3 50o53',8 24 41o33',4 50o55',5 25 (соңғы) 41o32',4 50o56',6 ______________________________________________________________
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы Келiсiм Хаттамасына 2 Қосымша
Бастапқы базалық нүктелердің географиялық координаттарының Каталогы
Қазақстан Республикасы
______________________________________________________________ р/н NN ! Солтүстік ендік ! Шығыс бойлық ! ! -------------------------------------------------------------------- 1 43о09',1 51о16',2 2 43о09',1 51о16',6 3 42о50',1 51о54',3 4 42о05',0 52о25',4 5 41о46',6 52о26',5 6 41о46',1 52о26',7 --------------------------------------------------------------------
Әзірбайжан Республикасы
______________________________________________________________ р/н NN ! Солтүстік ендік ! Шығыс бойлық ! ! -------------------------------------------------------------------- 1 41о45',6 48о42',4 2 41о35',8 48о51',9 3 41о32',2 48о55',8 4 41о28',0 48о59',6 5 41о22',7 49о04',4 6 41о21',8 49о05',0 7 41о18',9 49о06',7 8 40о35',7 50о04',3 9 40о29',3 50о19',9 --------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы Келiсiм Хаттамасына 3 Қосымша
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Каспий теңізі түбінің учаскелері мен жер қойнауын межелеп бөлу орта сызығының СХЕМАСЫ
(қағаздағы мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы