Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң арасындағы Сот төрелiгi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi жасасу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1386 жарлығы
Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдiгінiң арасындағы қазiргi достық қатынастарды қолдау және құқықтық қатынастар саласында өзара тиiмдi ынтымақтастықты орнату мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң арасындағы Сот төрелігі саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Оңалсын Исламұлы Жұмабековке оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігінiң арасындағы Сот төрелiгi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы