Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 910 «2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 910 «2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 910 «2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 910 «2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасында:

1-бөлім «Төлқұжат (негізгі параметрлер)» мынадай редакцияда жазылсын:

«

Жүктеп алу

  
Тұжырымдаманың атауы2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама)
Әзірлеу негіздеріҚазақстан Республикасының Экология кодексі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 24-41-8.81 тапсырмасы
Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдарҚазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарҚазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі; Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі; Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі; Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі; Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі; Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі; Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі; Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі; Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; жергілікті атқарушы органдар
Іске асыру мерзімдері2024 – 2029 жылдар

»;

«2. Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде:

1-тармақта:

1-кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-кесте. «Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасы үшін экология, шикізатты қайталама өңдеу, қалдықтар тақырыптары қаншалықты өзекті?» деген сұраққа жауаптардың бөлінуі, %-бен»;

он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Өңірлік талдау көрсеткендей, Қазақстан Республикасындағы ең экологиялық белсенді өңірлер Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстары және Жетісу облысы болып табылады, өйткені осы өңірлердегі респонденттер күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қолданатынын басқаларға қарағанда жиі көрсетеді. Мәселен, Қарағанды облысының тұрғындары үшін көп рет қолданылатын ыдыстарды (84,1 %), көп рет қолданылатын пакеттерді (69,5 %) пайдалану, ағаш отырғызу акцияларына және сенбіліктерге қатысу (37,1 %) көбірек тән. Қостанай облысында сауалнамаға қатысқандар арасында қоқысты сұрыптау (49,6 %), энергия үнемдейтін шамдарды пайдалану (80,9 %), макулатура жинау (17,4 %) әдеттері көбірек қалыптасқан. Жетісу облысында энергия үнемдейтін шамдарды пайдалану (82,1 %), жарық пен суды үнемдеу (79,8 %) кең таралған. Ақтөбе облысына келетін болсақ, мұнда адамдардың ең көп саны өздері болмаған кезде үйдегі температураны төмендетеді (83,8 %), сондай-ақ жарық пен суды үнемдеудің ең жоғары көрсеткіші (92,8 %) байқалады.»;

он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Талдау Қазақстан Республикасында халықтың экологиялық санасының жеткіліксіздігіне байланысты проблемалардың бар екенін көрсетеді. Бұл көптеген адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінің қоршаған ортаның жай-күйі үшін маңыздылығын түсінбеуіне және экологиялық тұрғыдан неғұрлым қолайлы әдеттерге көшу сияқты мінез-құлық өзгерістеріне дайын болмауына әкеледі. Экологиялық сананың төмен болуының себептерінің бірі бұқаралық ақпарат құралдарында экологиялық мәселелердің жеткіліксіз жариялануы болып табылады, бұл адамдарға экологиялық бастамалардың маңыздылығы мен олардың планетаның болашағына әсері туралы толық түсінік алуға мүмкіндік бермейді.»;

жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі – ЭТРМ) деректері бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жылына шамамен 5 млн тонна қалдық түзіледі. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша әлемде орта есеппен тәулігіне 0,74 кг қатты тұрмыстық қалдық (бұдан әрі – ҚТҚ) түзіледі. Қазақстан Республикасында халықтың жан басына шаққандағы қалдықтардың түзілу деңгейі әлемдік орташа көрсеткіштен төмен және бағалау бойынша тәулігіне 0,62 кг немесе жылына 200 кг-нан астамды құрайды (1-сурет).»;

1-суреттің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында бір адамға шаққандағы ҚТҚ түзілуі, кг/тәулік»;

жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Экологиялық таза өнімге сұраныстың жеткіліксіз болуы саланың дамуын тежейтін факторлардың бірі болып табылады. Мәселен, экологиялық таза өнім өндірісінің 2018 – 2022 жылдары 50 %-ға, 60-тан 91 млн теңгеге дейін өсуіне қарамастан, оның өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі өте төмен деңгейде – 0,2 % шамасында қалып отыр (4-сурет).»;

отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«British Petroleum компаниясының бағалауы бойынша Қазақстан Республикасында бастапқы энергия тұтыну көрсеткіші ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады және халықтың жан басына шаққанда 150,1 ГДж-ға сәйкес келеді, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе көп (2021 жылғы деректер бойынша).»;

отыз үшінші, отыз төртінші және отыз бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2022 жылы Қазақстан Республикасында энергияны жалпы түпкілікті тұтыну 43,4 мың т.ш.о. құрады. Энергия тұтыну құрылымында мұнай өнімдері басым, одан кейін көмір, электр энергиясы, газ және жылу келеді. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап газ тұтынудың төмендеуі байқалады, ал жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) тұтыну көлемі өте аз болып қалуда (5-сурет).

Энергия тұтыну субъектілері бөлінісінде 2017 – 2022 жылдары негізгі тұтынушылардың өнеркәсіп секторынан үй шаруашылықтарына қарай ауысуы орын алды, олардың энергия тұтынудағы үлесі 16,1 %-дан 30,8 %-ға дейін өсті, ал өнеркәсіпте 53 %-дан 28,2 %-ға дейін қысқарды (6-сурет). Осылайша, үй шаруашылықтары энергияның негізгі тұтынушыларына айналуда және халықтың энергияны ұтымды пайдалануы мәселесі барған сайын өзекті бола түсуде. Мәселен, электр энергиясын тұтыну көлемі бойынша Қазақстан Республикасы ТМД елдері арасында көшбасшы үштікке кіреді.

Суды ұтымды пайдалану мәселелері де аса маңызды. Су ресурстарының тапшылығы Қазақстан Республикасының ең өткір экологиялық проблемаларының бірі болып табылады. Тозған инфрақұрылымға, ауыл шаруашылығында және экономиканың басқа да салаларында суды ұтымсыз пайдалануға байланысты проблемалардан бөлек, судың үнемсіз пайдаланылуына себеп болатын фактор халықтың су тұтыну мәдениетінің төмендігі болып табылады.»;

отыз жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Энергия мен суды тұтынудың жоғары деңгейі, ең алдымен, осы қызметтердің қолжетімді құнымен байланысты. Мысалы, 2022 жылы ел бойынша орта есеппен 1 текше метр суық судың құны небәрі 71 теңгені құрады (8-сурет). Салыстыру үшін, Данияда судың құны 25 есе жоғары, бұл ретте Қазақстан Республикасында тұтыну 8 есе көп. БҰҰ бағалауы бойынша 2030 жылға қарай әлемдегі жаһандық су тапшылығы 40 %-ды құрауы мүмкін. Бұл проблема Қазақстан Республикасына да әсер етеді, мұнда алдағы 5 жылдық кезеңде су тапшылығы 15 % деңгейінде бағаланады.»;

8-суреттің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«8-сурет. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің орташа бағалары мен тарифтері, теңге/текше м.»;

отыз сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында энергиямен және сумен жабдықтау саласында бірқатар бастамалар іске асырылуда. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, тозған желілерді ауыстыру және салаға инвестициялар көлемін ұлғайту мақсатында коммуналдық қызметтер тарифтерін кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда.»;

қырық төртінші және қырық бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 100 адамға шаққанда 22,6 жеңіл автомобильден келеді, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен (18,6) 22 %-ға жоғары. Автомобильдердің ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында – 39,1, ең аз саны Жетісу облысында – 100 адамға шаққанда 6,8 автомобиль.

Қазақстан Республикасында автомобиль иелену деңгейі Қырғызстан – 15,8, Әзербайжан – 13,4, Өзбекстан – 100 адамға шаққанда 10 автомобиль сияқты көршілес Орталық Азия елдерімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.»;

елуінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұдан басқа, елде іске қосылған жеңілдікті бағдарламалар автокредиттеу нарығын шамадан тыс қолжетімді етті. Бірінші кредиттік бюроның деректері бойынша 2023 жылы Қазақстан Республикасының банктері азаматтарға әртүрлі санаттағы көлік құралдарын сатып алу үшін 1,6 трлн теңге кредит қаражатын берген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 81,5 %-ға жоғары.»;

елу жетінші және елу сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Қоршаған ортаны қорғауға арналған негізгі капиталға салынған инвестицияларды, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған инвестицияларды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға арналған ағымдағы шығындарды қамтитын қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың жалпы көлемі 47,1 %-ға – 2018 жылғы 302 млрд теңгеден 2022 жылы 445 млрд теңгеге дейін өсті.

Сонымен бірге салаға инвестициялау деңгейі төмен болып қалуда. 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар көлемінің номиналды түрде 42 %-ға – 111-ден 160 млрд теңгеге дейін өсуіне қарамастан, олардың инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі өте төмен, 1 % деңгейінде қалып отыр (11-сурет).»;

алпыс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«ЭТРМ ақпараты бойынша 2023 жылы инспекциялық қызметтер экологиялық заңнаманың сақталуына қатысты 652 тексеру жүргізді. Жалпы сомасы 322,9 млрд теңгеге 2138 әкімшілік айыппұл салынды, 11,3 млрд теңге өндіріп алынды. Жалпы алғанда, айыппұлдардың көбі нормативтен тыс және өз бетінше жүзеге асырылған эмиссиялар үшін салынған.»;

жетпіс сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасында табиғат пен планетаның ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» акциясы өткізіліп келеді. Жыл сайын оған қатысушы барлық елдер экологиялық тақырыптардың ішіндегі ең өзектілерінің бірін көтереді. Өткен жылдары Қазақстан Республикасында акция аясында экологиялық белсенділік, экологиялық із және жануарлардың сирек кездесетін түрлерін қорғау мәселелеріне назар аударылды. 2022 жылы Қазақстан Республикасындағы «Жер сағаты» акциясы экотуризм тақырыбына арналды.»;

сексен тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Сонымен қатар, басқа елдердегідей, Қазақстан Республикасында да адамдарды экологиялық акциялар мен іс-шараларға тартуда кедергілер бар. Олардың ішінде ең көп таралғандары: ұйымдастырылған экологиялық бастамалардың жеткіліксіздігі; адамдардың өз қатысуының маңызы жоқ немесе экологиялық проблемаларды осындай жолмен шешу мүмкін емес деп санауынан туындайтын хабардарлықтың төмендігі; өздері үшін тікелей пайда көрмегендіктен мотивацияның болмауы; уақыттың жетіспеушілігі; акцияларды ұйымдастырушылар мен бастамашыларға сенімсіздік; құндылықтарға сәйкес келмеу және басқалар. Мұның барлығы осындай акциялардың тиімділігін төмендетіп, олардың ауқымын шектейді.»;

жүз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Бесіншіден, Қазақстан Республикасында, көптеген басқа елдердегідей, кәсіпорындар бірнеше себептерге байланысты ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік) саласындағы қаржылық емес есептілікті жариялауға онша мүдделі болмауы мүмкін:»;

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында экологиялық ағарту тұрақты дамудың маңызды аспектісі болып табылады, алайда ол оның тиімділігі мен қоғамға ықпалын шектейтін бірқатар жүйелі проблемаларға тап болуда.»;

«3. Халықаралық тәжірибеге шолу» бөлімінде:

сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы және тоқсан бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықаралық тәжірибені зерделей отырып, Қазақстан Республикасында қолдануға болатын бірнеше негізгі аспектіні бөліп көрсетуге болады.

  1. Қалдықтарды бөлек жинау. Бұл тәжірибе Германия және Франция сияқты елдерде белсенді қолданылады. Қазақстан Республикасында да қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамытуға, қалдықтардың әртүрлі түрлеріне (шыны, пластик, қағаз, био-қалдықтар) арналған контейнерлер енгізуге болады. Қалдықтарды бөлек жинау жүйесін жеңілдету және халыққа қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығы туралы білім беру бағдарламаларын енгізу қалдықтарды басқаруды айтарлықтай жақсарта алады.
  2. Тамақ қалдықтарын барынша азайту. Дания мен Италияның мысалдары тамақ қалдықтарын азайту жөніндегі бастамалардың тиімділігін көрсетеді. Олардың қатарында азық-түлік қалдықтарын төмендетілген бағамен сатуға арналған қосымшалар және азық-түлік өнімдерін қайырымдылыққа беруді ынталандыратын заңдар бар. Қазақстан Республикасында осындай технологиялар мен бастамаларды енгізу, сондай-ақ тамақ қалдықтарын барынша азайту жөнінде ақпараттық науқандар өткізу мүмкіндігін қарастыруға болады.
  3. RRR (Reduce, Reuse, Recycle) тұжырымдамасын енгізу. Жапонияда кеңінен танымал бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының жағдайына бейімделуі мүмкін. «Азайт, қайта пайдалан, қайта өңде» идеясын ілгерілету жөніндегі білім беру науқандары мен іс-шаралар неғұрлым саналы тұтынуға және қалдықтарды азайтуға ықпал ете алады.
  4. Технологиялар мен инновациялар. Жапониядағы NEC Corporation компаниясы қолданатындай, сұранысты болжау және өнімдердің артық қорын болдырмау үшін жасанды интеллект сияқты технологияларды пайдалану Қазақстан Республикасында тамақ қалдықтарын басқару үшін пайдалы болуы мүмкін. Қалдықтарды қайта өңдеу саласында жаңа технологиялар мен шешімдерді енгізу де қалдықтарды басқару тиімділігін арттыра алады.»;

тоқсан үшінші және тоқсан төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Үнемді тұтыну мәдениетін дамыту. Жапонияның «моттаинай» қозғалысы сияқты мәдени тәжірибелерді Қазақстан Республикасында ресурстар мен қалдықтарға деген көзқарасты өзгертуге бағытталған білім беру науқандары мен қоғамдық бастамалар арқылы бейімдеуге болады.

Бұл мысалдар мен тәсілдер елдің ерекшеліктері мен қолданыстағы инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының жергілікті жағдайлары мен қажеттіліктеріне бейімделуі мүмкін.»;

«5. Дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері» бөлімінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2024 – 2029 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында экологиялық мәдениетті дамыту мынадай негізгі бағыттар бойынша іске асырылатын болады:»;

5.1-бөлімшенің оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сондай-ақ жасыл желектердің тұқымдық құрамы және ормандардың ағымдағы жай-күйі, отырғызу жоспарлары мен оларды күтіп-баптау бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы деректерді қамтитын бірыңғай цифрлық жүйені әзірлеу және енгізу жоспарлануда.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |

Конституция Заң Кодекс Нормативтік Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық істер Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама