Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 264 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
- Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға (келісу бойынша) және өзге де ұйымдарға (келісу бойынша):
- Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
- Тұжырымдаманы іске асыру барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсыну тапсырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
|---|
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген |
|---|
Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
1-бөлім. Төлқұжат
Атауы
Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
| Тұжырымдаманы әзірлеу негіздері | 2022 жылғы 2 наурыздағы энергетика және инженерлік инфрақұрылым мәселелері жөніндегі кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев берген № 22-01-7.4 тапсырмасының 2.6-тармағы: «әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, экономика салаларының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру туралы» |
|---|---|
| Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
| Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
| Іске асыру мерзімдері | 2023–2029 жылдар |
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
Энергия үнемдеудің қазіргі заманғы жүйесінің негізі 2012 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатының негізгі бағыттарын көздейтін Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» салалық Заңының қабылдануымен қаланды (бұдан әрі – Заң).
Энергия үнемдеу саясатын қалыптастырудың негізі 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 25 %-ға төмендету мақсаты болды, бұл мемлекеттің отын-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Бірінші кезеңде негізгі назар бастапқы тұтыну құрылымында ел ресурстарының ең көп бөлігін тұтынатын өнеркәсіп және энергетика секторларына аударылды (36,9 %).
Энергия тиімділігі саласындағы қызметті реттейтін және энергия үнемдеуді ынталандыратын 30-дан астам нормативтік құқықтық акт бекітілді. Тиімді құралдардың бірі Мемлекеттік энергетикалық тізілім болды, оның шеңберінде 81 мыңнан астам өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындардың, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының, көлік және бюджеттік сектор ұйымдарының энергия тұтынуына мониторинг жүргізілді.
100 ірі өнеркәсіптік кәсіпорында энергия менеджменті жүйесі енгізілді. 2 000-нан астам ұйым энергия аудитін жүргізді, оның қорытындысы бойынша 354 млрд теңге сомасына 8 500 энергия тиімділігі жөніндегі іс-шара іске асырылды. Іс-шараларды іске асыру осы кәсіпорындарда энергия тұтынуды жылына 2,6 млн тонна шартты отынға төмендетуге мүмкіндік берді, бұл 17 мың мектептің жылдық энергия тұтынуымен шамалас.
Энергия үнемдеу саласын дамытудың келесі кезеңі энергосервистік келісімшарттар тетігі болды. 2015–2020 жылдар аралығында энергосервистік шарттар қағидаты бойынша 71 млрд теңге сомасына 92 келісімшарт іске асырылды. Шарттардың негізгі бөлігі бюджеттік ұйымдардың көше жарықтандыруын және жылыту жүйесін (қазандықтар, жылу пункттері және т.б.) жаңғыртуға жасалды.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытуға инвестициялар тарту үшін екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттерге (қарыз сомасының 90 %-ына дейін) кепілдік беру жағдайларын жасауға бағытталған энергия үнемдеу жобаларын қаржылық қолдаудың түбегейлі жаңа тетігі енгізілді.
Энергия тиімділігі саясатына белсенді бейілділіктің арқасында 2021 жылы 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы 38,5 %-ға төмендеді (2015 жылғы бағамен 0,32 т.н.э./мың АҚШ доллары, 2015 жылғы бағамен 0,52 т.н.э./мың АҚШ долларымен салыстырғанда).
Алайда Халықаралық энергетикалық агенттіктің 2020 жылдың қорытындысы бойынша шолуына сәйкес, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығы орташа әлемдік көрсеткіштен 2 есе (орташа әлемдік көрсеткіш – 2015 жылғы бағамен 1 000 АҚШ долларына 0,17 т.н.э.), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің көрсеткішінен 3,2 есе (0,11) жоғары. Бұл ретте осы көрсеткіш бойынша біз Ресейден (0,53) және Өзбекстаннан (0,42) озып тұрмыз.
Жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын одан әрі төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын күшейтуге бағытталған түзетулер қабылданды. Олар бюджеттік секторда («энергия тиімді» мемлекеттік сатып алулар, энергия тұтынуды мониторингпен толық қамту, бюджеттік ұйымдарға ұсынымдар беру), энергия үнемдеу мәселелерінде жергілікті атқарушы органдардың рөлін кеңейту, қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында энергия аудиті жүйесін реформалау, бармай профилактикалық бақылауды енгізу есебінен бақылау субъектілерінің санаттарына қарамастан олардың жауапкершілік деңгейін арттыру, өндірілетін өнімнің энергия сыйымдылығын төмендетуге жеке тәсілді енгізу мәселелерін қамтыды.
2.1. Өнеркәсіп
Өнеркәсіп секторының ірі тұтынушыларымен жүргізілген жұмыс энергия үнемдеу саясаты қалыптасқан кезеңде оң нәтижелер берді.
Халықаралық энергетикалық агенттік форматындағы отын-энергетикалық теңгерімге сәйкес, 2021 жылы өнеркәсіп секторының (оның ішінде көмір, мұнай және газ өндіру мен өңдеуді қоса алғанда) энергия ресурстарын тұтынуы Қазақстан Республикасының жалпы бастапқы энергия тұтынуының 38,5 %-ын (68,7 млн т.н.э.-ден 26,4 млн т.н.э.) құрады.
2019–2021 жылдары өнеркәсіп секторының энергия ресурстарын тұтынуының өсуі 4,4 %-ды құрады (2019 жыл – 25,3 млн т.н.э., 2020 жыл – 25,4 млн т.н.э., 2021 жыл – 26,4 млн т.н.э.).
2021 жылы өнеркәсіп секторының энергия сыйымдылығы 2019 жылмен салыстырғанда 2,2 %-ға төмендеді (2019 жыл – 0,4 т.н.э./мың АҚШ доллары, 2020 жыл – 0,391 т.н.э./мың АҚШ доллары, 2021 жыл – 0,391 т.н.э./мың АҚШ доллары).
Энергия үнемдеу саясатының табысты іске асырылуына қарамастан, өнеркәсіп секторы бұрынғысынша энергия ресурстарын негізгі тұтынушылардың бірі болып қалуда. Энергияны жалпы түпкілікті тұтыну құрылымында (бұдан әрі – ЭЖТТ) өнеркәсіп секторына энергия ресурстарының 30,3 %-ы тиесілі (тұтыну үлесі бойынша тұрғын үй секторынан кейін 2-орында).
Ең энергияны көп қажет ететін сала өңдеуші және өндіруші өнеркәсіп болып табылады, оған өнеркәсіп секторының ЭЖТТ-ның 90 %-дан астамы тиесілі. Өңдеу өнеркәсібі салаларының ішінде энергияны ең көп тұтыну қара және түсті металлургияға тиесілі.
Жүргізілген энергетикалық аудиттердің нәтижелеріне сәйкес, өңдеу өнеркәсібіндегі энергия үнемдеу әлеуеті 7 %-ды, өндіруші өнеркәсіпте 5-тен 20 %-ға дейін құрайды.
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік кәсіпорындарында энергия үнемдеудің едәуір әлеуетінің негізгі себептерінің бірі технологиялық процестердің ескіруі және жабдықтардың физикалық тозуы болып табылады, ол 45–60 %-ға жетеді. Бұл өндірістік қуаттарды толық пайдаланбауға және өндірістік желілердің энергияны үлестік тұтынуының жоғары болуына алып келеді.
Өнеркәсіп секторының проблемалары:
тиімділік талаптарына сәйкес келмейтін ескірген жабдықтарды пайдалану;
энергия үнемдеу жөніндегі шараларды енгізу үшін қаржылық мүмкіндіктің, сондай-ақ энергия үнемдеу жобаларын қаржыландыруға арналған ынталандыру шаралары мен жеңілдікті жағдайлардың болмауы;
бейінді мамандандырылған білікті мамандардың тапшылығы, сондай-ақ жергілікті жерлерде энергия тиімділігі мәселелері бойынша хабардарлық деңгейінің төмендігі.
2.2. Энергетика
Халықаралық энергетикалық агенттік форматындағы отын-энергетикалық теңгерімге сәйкес, 2021 жылы энергетика секторының (көмір, мұнай және газ өндіру мен өңдеуді қоспағанда) энергия ресурстарын таза тұтынуы Қазақстан Республикасының жалпы бастапқы энергия тұтынуының 21,7 %-ын (68,7 млн т.н.э.-ден 14,97 млн т.н.э.) құрады.
2019–2021 жылдары энергетика секторының энергия ресурстарын таза тұтынуының өсуі 19,2 %-ды құрады (2019 жылы – 12,56 млн т.н.э., 2020 жылы – 11,05 млн т.н.э., 2021 жылы – 14,97 млн т.н.э.).
2021 жылы энергетиканың энергия сыйымдылығы 2019 жылмен салыстырғанда 12,8 %-ға өсті (2019 жыл – 3,68 т.н.э./мың АҚШ доллары, 2020 жыл – 3,24 т.н.э./мың АҚШ доллары, 2021 жыл – 4,15 т.н.э./мың АҚШ доллары).
Энергетика секторы жылу және электр энергиясын өндіру, беру және жабдықтау жөніндегі қызметті қамтиды.
Мемлекеттік энергетикалық тізілім шеңберінде 192 энергетикалық кәсіпорынға мониторинг жүзеге асырылады. Энергетикалық кәсіпорындардың энергия аудиттері қорытындыларын талдау энергия үнемдеудің орташа әлеуеті 8 %-ды құрайтынын анықтады.
Энергетика секторының (өндіру, беру, жабдықтау) энергия сыйымдылығының өсуі энергетикалық кәсіпорындардың негізгі және қосалқы жабдықтарының жоғары тозу деңгейіне, қайталама энергетикалық ресурстарға сұраныстың артуына, тарифтердің төмен бағаларын ұстап тұруға, инвестициялық тартымдылықтың болмауына, сондай-ақ энергетика секторындағы мамандарға еңбекақы төлеу деңгейінің төмендігіне байланысты.
Электр энергетикасы
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру жалпы белгіленген қуаты 24 523,7 мегаватт және қолда бар қуаты 19 024,3 мегаватт болатын 204 электр станциясы арқылы жүзеге асырылады. 2022 жылы Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру 112,8 млрд киловатт сағатты, ал тұтыну 112,9 млрд киловатт сағатты құрады.
Қазіргі уақытта электр станцияларының генерациялайтын жабдықтарының 55,5 %-ының пайдалану мерзімі 30 жылдан асады, 5,8 %-ы – 21–30 жыл, 13,1 %-ы – 11–20 жыл, 18,2 %-ы – 5–10 жыл, 7,4 %-ы – 5 жылға дейін. Жабдықтардың жалпы физикалық тозуы 59 %-ды құрады, бұл станциялардың пайдалы әсер коэффициентін (бұдан әрі – ПӘК) 2 еседен астам төмендетеді.
Қазақстан Республикасындағы электр желілерінің тозу деңгейі орта есеппен 66 %-ды құрайды, бұл электр энергиясын тасымалдау кезінде оның 5 %-ын жоғалтуға алып келеді, ал нормативтер 6–7 %-ды құрайды. Өңірлік электр желілеріндегі шығындар деңгейі орта есеппен шамамен 14 %-ды құрайды. Шығындар электр беру желілерінің көпшілігінің 40 жылдан астам пайдаланылуына және олардың едәуір ұзындығына байланысты. Электр желілерінің басым бөлігі 1970 жылдары салынған.
Энергетика секторының отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануынан бөлек, жоғарыда аталған проблемалар Қазақстанның энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін де төмендетеді және бірінші кезекте елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономиканың тұрақтылығына әсер етеді.
Қазақстанның 2023–2029 жылдарға арналған электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгеріміне сәйкес, экономиканың жедел өсуіне және электр энергиясына сұраныстың артуына байланысты электр энергиясы мен қуатының едәуір тапшылығы күтілуде.
Жылу энергетикасы
Жылумен жабдықтау секторы жылу энергиясын өндіруден бастап тұтынуға дейінгі барлық кезеңдерде төмен ПӘК-пен сипатталады: қазандықтар үшін орта есеппен 75 %, ал бүкіл жүйе бойынша 58 %. Жылуды тасымалдау және тарату кезеңдеріндегі жылу шығындары жоғары және 18-ден 42 %-ға дейін жетеді. Отын энергиясының тек 35–50 %-ы желіге берілетін электр және жылу энергиясына айналады, ал қалған бөлігі өндірістік процестерге жұмсалады.
Қазақстан Республикасында жалпы белгіленген қуаты сағатына 43 231 гигакалория, ал қолда бар қуаты сағатына 37 566,7 гигакалория болатын 37 жылу көзі жұмыс істейді. Мемлекеттік меншікте 15 ЖЭО бар (Семей, Қостанай, Кентау, Орал, Арқалық, Шахтинск, Астана, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Алматы қалалары).
2022 жылы жылу энергиясын өндіру 95,6 млн гигакалорияны құрады, оның ішінде 55,9 млн гигакалория жылу электр станцияларына, ал 32,6 млн гигакалория қазандықтарға тиесілі.
2022 жылы авариялық тоқтап қалу саны 2021 жылмен салыстырғанда (1456) 23 %-ға (1789) өсті. Мұндай өсім жабдықтардың жоғары тозу деңгейіне байланысты, ол 66 %-ды құрайды. Жылу электр орталықтарының орташа жасы 61 жылды құрайды.
Жылу энергетикасы саласы жалпы пайдаланымдағы орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерін, жергілікті, орталық және жеке жылумен жабдықтау жүйелерін қамтиды. Процестің барлық кезеңдерінде (өндіру, беру, тарату және жылу энергиясын тұтыну) елеулі техникалық және экономикалық проблемалар бар.
Республика бойынша екі құбырлы есептеудегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 13,9 мың километрді құрайды. Бұл ретте 49,2 %-ы немесе 6,246 мың километрі ауыстыруды қажет етеді. Жылу желілерінің орташа тозуы 57 %-ды құрайды.
Энергетика проблемалары:
негізгі және қосалқы жабдықтардың тозуы;
инвестициялық тартымдылықтың болмауы;
бейінді мамандандырылған білікті мамандардың тапшылығы, сондай-ақ еңбекақы төлеу деңгейінің төмендігі.
2.3. Бюджет секторы
2021 жылы бюджеттік және коммерциялық сектордың энергия ресурстарын тұтынуы 2019 жылмен салыстырғанда 20 %-ға өсті (2019 ж. – 4,6 млн т.н.э., 2020 ж. – 3,9 млн т.н.э. және 2021 ж. – 5,5 млн т.н.э.).
Қазақстан Республикасының жергілікті немесе республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерінің, жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізіліміне 27 378 ұйым кіреді.
Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің деректері бойынша (мониторинг ғимараттары мен құрылыстары бар бюджеттік ұйымдарға қатысты жүзеге асырылды) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға ЭЖТТ-ның 4,76 %-ы тиесілі.
Мемлекеттік мекемелер ғимараттарының көпшілігінде энергия тиімділігі сыныптары төмен (ғимараттардың 79 %-ы энергия тиімділігінің F және G сыныптарына, 11 %-ы C және D сыныптарына сәйкес келеді, ал B және A сыныптарына тиісінше бар болғаны 6 және 4 %-ы сәйкес келеді).
Мемлекеттік сектор ғимараттарының негізгі бөлігі орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған және ПӘК-і 60–80 % болатын газ, көмір, дизель және электр қазандықтарымен қамтамасыз етіледі.
Осы сектордағы энергия ресурстарының барлық түрлері бойынша энергия үнемдеу әлеуеті шамамен 40 %-ды құрайды.
Бюджет секторының проблемалары
бюджет секторында энергосервистік шарттар жасасу үшін жағдайлардың болмауы;
тұтынуды барынша үнемдеу өлшемшарты бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу мүмкіндігінің болмауы.
2.4. Тұрғын үй секторы
Тұрғын үй-коммуналдық сектор Қазақстан Республикасы экономикасының энергияны ең көп қажет ететін салаларының қатарына жатады және ЭЖТТ көлемі бойынша бірінші орында тұр, оған энергия тұтынудың 34 %-ы тиесілі.
2021 жылы тұрғын үй секторында энергия ресурстарын тұтыну 2019 жылмен салыстырғанда 28,3 %-ға өсті (2019 ж. – 11,8 млн т.н.э., 2020 ж. – 13,5 млн т.н.э. және 2021 ж. – 14,7 млн т.н.э.).
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорының жалпы ауданы 405,2 млн шаршы метрді құрайды, оның шамамен 65 %-ы қалалық елді мекендерге, ал 35 %-ы ауылдық елді мекендерге тиесілі.
Республика бойынша 54 731 көппәтерлі тұрғын үй бар, олардың үштен бірі 1970 жылға дейін салынған (50 жыл және одан да көп), ал пайдалануға берілген тұрғын үй қорының шамамен 65 %-ы 25 жылдан астам уақыт бұрын салынған.
2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша тұрғын үй қорының 44 %-ы орталықтандырылған жылумен жабдықтаумен, 38 %-ы орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген, сондай-ақ 76 %-ы жылу мен суды есепке алу аспаптарымен жабдықталған.
Тұрғын үй-коммуналдық сектор жылу және электр энергиясының ең ірі тұтынушыларының бірі болып табылады (өндірілген электр энергиясының 17 %-ын және жылу энергиясының 44 %-ына дейін тұтынады). 2022 жылғы жағдай бойынша қалалық көппәтерлі тұрғын үйлердің 82,1 %-ы және ауылдық жерлердегі көппәтерлі тұрғын үйлердің 6,8 %-ы орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылған.
Қазақстан Республикасында тұрғын үй секторының энергияны жоғары тұтыну себептері қолданыстағы тұрғын үй қорының техникалық жай-күйі, тұрғын үйлерді жобалау және пайдалануға беру кезіндегі құрылыс нормалары мен қағидалары деңгейінің төмендігі, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және оларға қызмет көрсету жүйесі мен халықтың хабардарлығының төмендігі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда халықтың энергетикалық ресурстарды ұқыпты тұтынуы жөніндегі хабардарлығын арттыруға бағытталған шаралар жоқ. Мәселен, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы жүргізген сауалнамаға сәйкес, респонденттердің тек үштен бірі (сауалнамаға қатысқан 2500 адамның 35 %-ы) энергия үнемдейтін өмір салтының артықшылықтары туралы хабардар екені анықталды.
Тұрғын үй секторының проблемалары:
жаңадан салынған ғимараттарды жобалау және пайдалануға беру кезінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру талаптарына сәйкестіктің төмен деңгейі және халықтың энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша хабардарлығының төмендігі;
тұрғын ғимараттардың энергия тиімді құрылысын салуға және оларды жаңғыртуға жәрдемдесетін ұйымдастырушылық-қаржылық құралдардың болмауы.
2.5. Көлік секторы
Көлік секторы Қазақстан Республикасы экономикасының энергияны ең көп қажет ететін салаларының қатарына жатады және ЭЖТТ көлемі бойынша (тұрғын үй секторы мен өнеркәсіптен кейін) үшінші орында тұр, оған энергияны жалпы түпкілікті тұтынудың 18,6 %-ы тиесілі.
2021 жылы көлік секторының отын-энергетикалық ресурстарды пайдалануы 2019 жылмен салыстырғанда 36 %-ға артып, 8 млн т.н.э. құрады. Мұндай өсудің себептері халықтың табиғи өсімі және бензин бағасының салыстырмалы түрде төмен болуы, сондай-ақ халық тығыздығының төмендігі мен қалалар және елді мекендер арасындағы қашықтықтың үлкен болуына байланысты урбандалу болып табылады.
Көлік түрлері бөлінісіндегі энергия ресурстарын тұтыну құрылымы мынадай:
89,9 % – автомобиль көлігі;
6,7 % – теміржол көлігі;
2,1 % – ішкі әуе тасымалдары.
Автомобиль көлігі
2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 403,6 мың бірлікті құрады (87,9 %-ы – жеңіл автомобильдер, 10 %-ы – жүк автомобильдері және 2,1 %-ы – автобустар), автомобиль көлігінің 94,5 %-ы халықтың жеке көлігіне тиесілі.
2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда автомобильдердің жалпы саны 3,7 %-ға өсті (жеңіл автомобильдер 2,9 %-ға, жүк автомобильдері – 7,1 %-ға, автобустар – 24,7 %-ға өсті).
Жеңіл автомобильдердің отын тұтыну түрі бойынша жалпы санының 88 %-ы бензинге, 1,9 %-ы дизель отынына және 10,1 %-ы аралас отынға (газ-бензин, гибридтер және отынның әртүрлі түрлері) тиесілі.
Тіркелген жеңіл автомобильдердің ішінде шығарылған жылы 20 жылдан асатын көлік басым – 49,6 %, шығарылған жылы 10 жылдан 20 жылға дейінгі автомобильдер – 21,1 %, 7 жылдан 10 жылға дейінгі автомобильдер – 14,8 %, шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын автомобильдер – 8 %, шығарылған жылы 3 жылдан 7 жылға дейінгі автомобильдер – 6,4 %.
Электромобильдер санының өсуі байқалады, үш жылға жетпейтін уақыт ішінде олардың саны 16 есе өсті.
Теміржол көлігі
Теміржол көлігі Қазақстан экономикасының маңызды базалық салаларының бірі болып табылады, оның ішкі және сыртқы көлік-экономикалық байланыстарын, халықтың тасымалдауға деген қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Қазақстанның магистральдық теміржол желісінің ең ірі операторы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) болып табылады.
Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің деректері бойынша 2022 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның энергия тұтынуының жалпы көлемі 1 235 028,2 тонна шартты отынды құрады.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылдың соңында республикадағы локомотивтер паркі 1 730 бірлікті құрады, оның ішінде 583 электровоз және 1147 тепловоз бар. Жолдардың электрлендірілген үлесі 26,4 %-ды, электрлендірілмеген үлесі – 73,6 %-ды құрайды.
Кәсіпорында энергия менеджменті жүйесі және «Энергодиспетчерлік тарту» автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілген, олардың есебінен пойыздар тартуға электр энергиясының үлестік шығыны 10 %-ға төмендеді (2021 жылы 10 000 брутто тонна-километрге 121 киловатт сағат).
Көлік секторының проблемалары:
техникалық тұрғыдан тозған автомобиль көлігін пайдалану;
көлік секторының отын тұтынуына мониторингтің болмауы;
қалалық шағын аудандарды жобалау кезінде қалалық қоғамдық көлікке қолжетімділіктің оңтайландырылмауы.
3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу
3.1. Өнеркәсіп
АҚШ Энергетика министрлігі энергияны көп қажет ететін өнеркәсіптік кәсіпорындарда энергия тиімділігін арттыру мақсатында энергия ресурстарын үнемдеу жолында әріптестер пайдалана алатын көптеген компоненттерді қамтитын ерікті әріптестік пен тәжірибе алмасуға арналған «Better Plants» ақпараттық платформасын құрды.
Қазіргі уақытта «Better Plants» бағдарламасына 270-тен астам өнеркәсіптік кәсіпорын қосылды, олар 9 млрд АҚШ долларынан астам қаражат пен 47,9 млн т.н.э. үнемдеді.
Бұдан басқа, 2019 жылы энергия үнемдеу мәселелері бойынша консультация беруді көздейтін «ENERGY STAR» халықаралық әріптестік бағдарламасы іске қосылды, ол өнеркәсіптік кәсіпорындарға 35 млрд киловатт сағат электр энергиясын және 2 млрд АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді.
«ENERGY STAR» бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған 5 жыл ішінде энергия сыйымдылығын 10 %-ға төмендетуге бағытталған «Energy Star Challenge for Industry» жаһандық бастамасы жұмыс істейді.
2019–2022 жылдар аралығында жаһандық бастамаға қатысқан 60 кәсіпорын энергия сыйымдылығының төмендегенін растады және ENERGY STAR сертификатын алды, сондай-ақ белгіленген мақсаттарға қол жеткізген кәсіпорындар тізіліміне енгізілді.
Қытай өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергия үнемдеуіне мемлекеттік субсидиялар түрінде 300 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салды, олар жылына үнемделген көмір эквивалентінің әрбір тоннасы үшін 95 АҚШ доллары мөлшерінде субсидия алады.
Келтірілген халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасында үлестік шығынды азайту мақсатында физикалық тұрғыдан тозған және техникалық жағынан ескірген жабдықтарды ауыстыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бөлігінде оны қолдану мүмкіндігін атап өткен жөн.
3.2. Энергетика
Еуропалық қайта құру және даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) энергетика секторының экономикалық тұрақтылығы мен инклюзивті өсуіне бағытталған жобаларды іске асырады. Осындай жобалардың бірі – Тәжікстан Республикасының ірі энергия өндіруші объектісінің қауіпсіздігін арттыру жобасы, оның құны 88 млн АҚШ долларын құрады және энергия шығындарын 27 %-дан 10 %-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, ЕҚДБ Тәжік Республикасының электр желілерін есепке алу жүйелері жобаларын қаржыландыру және тарату электр желілерін жаңғырту үшін 49,4 млн АҚШ доллары сомасына кредиттік желі ашты.
ЕО Еуропадағы энергия тиімділігі деңгейі 90 %-ға дейін жетуі мүмкін когенерация технологиясын ілгерілетуде.
ЕО елдері электр желілерін жаңарту үшін ынталандырушы тариф белгілеу тетігін (RAB-тарифтерін) қолданды, оны Румынияда енгізу 7 жыл ішінде электр желілерінің үштен бірін жаңартуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ ЕО 2021–2027 жылдарға арналған Connecting Europe Facility (CEF) инвестициялық қолдау бағдарламасын іске қосты, ол жаңа энергетикалық инфрақұрылымды салуға, сондай-ақ қолданыстағы желілерді қалпына келтіруге және жаңғыртуға бағытталған саясатты іске асыруға арналған, оның бюджеті 5,84 млрд еуроны құрайды.
Корея Республикасы түпкілікті тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуына негізделген баға белгілеу тетіктерін қамтитын, энергияны ұтымды тұтынуға ықпал ететін қолдау шараларын пайдаланады.
Энергетика секторындағы шығындарды азайту және тиімділікті арттыру үшін Қазақстан Республикасына ЕО елдері мен Корея Республикасының тәжірибесі барынша қызықты.
3.3. Бюджет секторы
ЕО-ға мүше елдер энергия тұтынудағы үлесін ескере отырып, ғимараттар секторында энергия тиімділігін арттыру саясатының басымдығын ашық түрде жариялады. Кең таралған шаралардың бірі – ғимараттарды терможаңғырту. Мәселен, Швеция мен Германияда энергия тиімді терезелер орнату, қабырғалар мен шатырларды жылылау, жылу сорғылары мен жылуды рекуперациялайтын желдету жүйелерін орнату технологиялары кеңінен пайдаланылады, олар жылытуға жұмсалатын энергия тұтынуды 30 %-ға дейін төмендетеді.
Францияда қаржылық қолдау көрсету критерийлері ретінде энергия тиімділігінің деңгейі де, табыс деңгейі де (энергетикалық кедейлік) ескеріледі.
Жапонияның тәжірибесі бойынша «Top Runner» бағдарламасы ғимарат иелерін тиімділік өлшемшартын арттыруға, стандарттар мен нормативтер белгілеуге ынталандырады. Бұдан басқа, стандарттың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізе алмайтын компанияларға ұсынымдар мен айыппұлдар түріндегі шаралар қолданылуы мүмкін.
Қазақстан үшін климаттық жағдайлардың қатаң болуына байланысты бюджет секторы ғимараттарын терможаңғырту бөлігінде ЕО елдерінің тәжірибесі, сондай-ақ бюджеттік сектордың энергия ресурстарын неғұрлым тиімді тұтынуын ынталандыратын ұсынымдар мен айыппұлдар үшін жауапкершілікті қолдану бөлігінде Жапонияның тәжірибесі барынша қолайлы.
3.4. Тұрғын үй секторы және халық
Ғимараттардың энергия тиімділігі мәселесін шешу үшін 30-дан астам елде жаңа және қолданыстағы ғимараттарға арналған жаңа құрылыс нормалары мен ең төменгі энергетикалық стандарттар белсенді түрде әзірленуде.
Украинада көппәтерлі тұрғын үйлерді энергиямен жаңғыртуға арналған инвестициялар 2018 жылы құрылған Энергия тиімділігі қорының (бұдан әрі – Қор) қолдауымен дамуға жаңа ынталандыру алды. Қор жұмыс істеген кезеңде 818 өтінім мақұлданды. Жобалардың жалпы құны шамамен 8,2 млрд гривнаны, гранттар сомасы 5,1 млрд гривнаны құрады, оларды іске асырғаннан кейін күтілетін энергия үнемдеу жылына 437 млн киловатт сағаттан асады.
Сондай-ақ Литваның тәжірибесі назар аударуға тұрарлық, онда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту 2004 жылы, ел үкіметі жаңғырту және қолдау тетіктерінің шарттары бекітілген Көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасын қабылдағаннан кейін басталды. Литва үкіметінің жаңғырту бағдарламасынан қолдау алған жоба ғимараттардың энергия тиімділігі «С» сыныбынан төмен емес деңгейге жетуін қамтамасыз етуге тиіс. Бағдарлама қолданысқа енгізілгеннен бері 1 800 көппәтерлі тұрғын үй жаңғыртылды, олардың жылыту шығындары 50 %-ға үнемдеуге қол жеткізді.
Румынияда панельді тұрғын үйлердің энергия тиімділігін арттыру жөніндегі ұлттық бағдарлама іске асырылуда, оның негізгі мақсаттары жыл сайынғы жылу энергиясын тұтыну көлемін жылына 100 киловатт сағат/м² деңгейінен төмен қысқарту және ішкі үй-жайлардың сапасын жақсарту болып табылады. Бағдарлама 1950–1990 жылдар аралығында салынған көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйлерге бағытталған. Бағдарлама іске асырылған кезеңде 55 293 пәтерді қамтыған 1 518 тұрғын үй жаңғыртылды, бұл энергия тұтынудың жыл сайынғы көлемін шаршы метрге жылына 225 киловатт сағаттан төмен деңгейге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Тұрғын ғимараттарда энергия үнемдеудің ұйымдастырушылық-қаржылық негіздерін әзірлеу кезінде ЕО елдерінде кең таралған револьверлік қорлар мен аукциондар да назар аударуға тұрарлық.
Жоғарыда сипатталған халықаралық тәжірибені Қазақстанда оның жекелеген элементтерін алу және тиісті түрде бейімдеу арқылы қолдануға болады.
Хабардарлықты арттыру энергия тиімділігін ілгерілетудің және барлық дерлік елдерде кеңінен қолданылатын технологияларды таратудың өте маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Корея Республикасында энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін бүкіл ел бойынша ілгерілету үшін халыққа арналған ақпараттық науқандар іске асырылды, бұл Корея экономикасы үшін жылына шамамен 70 гигаватт сағат электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік берді.
Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік және жеке институттары «Энергияны сақтау альянсымен» (ASE) бірлесіп, қоғамдық ақпараттық науқандарды қоса алғанда, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін таратуға бағытталған «Energy Hog» науқанын іске қосты.
Австрияның ETSIT энергетикалық білім беру бастамасы ЕО-ның энергия тиімділігі жөніндегі директивасы мен Австрияның энергия тиімділігі туралы заңына жауап ретінде жас ұрпақтың энергетикалық сауаттылығын арттыру мақсатында құрылды. Нәтижелер ETSIT бастамасының студенттердің энергетикалық сауаттылығын танымдық, эмоциялық және мінез-құлық деңгейлерінде арттыратынын көрсетеді.
Айта кету керек, бүкіл әлемде ұйымдар мен жеке тұтынушылардың энергия тиімділігі туралы жеткіліксіз хабардар болуы энергия үнемдеу жобаларын іске асыруға кедергі келтіретін ең үлкен фактор болып табылады.
Келтірілген халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасында оны энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға қатысты білім беру, техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық және басқа да салаларда қолдану мүмкіндігін атап өткен жөн.
3.5. Көлік
ЕО-да «Eco driving» бағдарламасы ұзақ мерзімді перспективада іске асырылуға жататын шара ретінде ұлттық энергетикалық және климаттық стратегияға енгізілген. Бұл бағдарлама отын шығынын 20 %-ға қысқартуға мүмкіндік беретін экологиялық жүргізуді белсенді түрде ілгерілетеді.
Жапония өзінің «Top Runner» бағдарламасы шеңберінде жеңіл автомобильдерге, фургондар мен жүк автомобильдеріне арналған отын үнемдеу стандарттарын белгілейді және оларды мерзімді түрде жаңартып отырады. Соңғы екі онжылдықта жеңіл автомобильдердің отын тиімділігі 96 %-ға артты.
Сондай-ақ Жапония 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2030 жылға қарай отынды пайдалану тиімділігін 32 %-ға арттыруға бағытталған «Top Runner» бағдарламасы шеңберіндегі стандарттарды жаңартты.
150 елде көлік құралдарының спутниктік мониторингі бар жедел жүйесі пайдаланылады, ол нақты уақыт режимінде отын деңгейі мен шығысы және автомобильдің орналасқан жері туралы деректер жиынтығын алуға мүмкіндік береді. Осы жүйені енгізу нәтижесінде пайдалану шығындарын 20 %-ға, энергия ресурстарын тұтынуды шамамен 30 %-ға төмендетуге қол жеткізілді.
Ұлыбритания Үкіметі 2025 жылға қарай үкіметтік көлік құралдары паркінің 25 %-ын электромобильдерге ауыстыру жөнінде нысаналы міндет қойды.
Испания Үкіметі отынды көп тұтынатын ескі көлік құралдарын тұтыну деңгейі төмен, отынды үнемдейтін жоғары тиімді модельдерге ауыстыру бағдарламасын енгізді.
АҚШ Энергетика министрлігінің базасында автокөлік иелеріне энергия ресурстарын тұтынуды қысқарту жөнінде ақпарат беретін «Energy Saver» интернет-ресурсы жұмыс істейді.
Финляндия көлік секторындағы энергия тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді шаралар пакетін қолданысқа енгізді, оның мақсаты қоғамдық көліктің, жаяу жүрудің және автомобильдің орнына велосипедпен жүрудің тартымдылығын арттыру болып табылады.
Қазақстан үшін отын шығынына мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін эковөлік жүргізу және көліктің жедел мониторингі жүйесі бөлігінде ЕО елдерінің тәжірибесі барынша қолайлы.
4-бөлім. 2023–2029 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамыту пайымы
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясат ел экономикасының неғұрлым энергияны көп қажет ететін секторларының энергия үнемдеу әлеуетін іске асыруға бағытталатын болады, бұл қосылған құн жасауға және ел экономикасындағы шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіп секторының энергия сыйымдылығы 10 %-ға төмендейді. Бұған өнеркәсіпті жаңа шешімдер мен технологиялық жаңғыртуды ескере отырып, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобалары бойынша экономикалық ынталандыру, 800 өнеркәсіптік кәсіпорында энергия менеджерлерін тағайындау және энергия аудитінің үшінші кезеңін өткізу арқылы қол жеткізіледі.
Тариф белгілеу жүйесі жетілдірілетін болады, бұл энергетикалық объектілер активтерінің техникалық жай-күйін 10 %-ға жаңартуға, энергетика саласы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға және білікті мамандардың экономиканың сабақтас салаларына кетуін азайтуға серпін береді.
Энергосервистік келісімшарттар нарығын дамыту және энергосервистік шарттар жасасу мақсатында энергия үнемдеу жобаларын қаржыландыру тетіктері жетілдірілетін болады.
Нақты уақыт режимінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы енгізіледі.
Мемлекеттік сатып алуларда энергия тиімділігі талаптарын бұзғаны және энергия тұтыну нормативтерінен асып кеткені үшін жауапкершілікті күшейту коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге көзделген бюджет қаражатын үнемдеуге, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды тиімді әрі ұқыпты пайдалануға, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді энергия тиімді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және жабдықтар нарығын, оның ішінде жергілікті қамту үлесін арттыру арқылы өзгертуге пәрменді әсер етеді.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі міндетті іс-шаралар, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу, кондоминиум объектілерін басқару басшыларын оқыту энергия тиімділігі «С» сыныбынан төмен емес талаптарға сәйкес келетін ғимараттар санын арттыруға алып келеді.
Жаңадан пайдалануға берілетін және салынып жатқан ғимараттардың мәлімделген энергия тиімділігі сыныбына сәйкестігі тұрғысынан жобадан кейінгі мониторинг тетігі енгізіледі. Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салынатын ғимараттар үшін энергия тиімділігі сыныбына қатысты міндетті талаптар бекітіледі.
Қазақстан Республикасының табиғи халық өсімі мен көлік-логистикалық әлеуетінің дамуын ескере отырып, көлік секторында отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну мониторингін енгізу көлік секторының энергия ресурстарын тұтынуын толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тұрақты қалалық мобильділікті дамыту, қоғамдық көлік паркін жаңарту және көлік құралдарын жаңғырту, жолаушылар мен жүк тасымалдарын оңтайландыру, баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын отандық көлік құралдарына көшу, тиісті инфрақұрылым құру арқылы қалаларды жоспарлау және көлік инфрақұрылымы жүйесін жақсарту парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі Париж келісімінің міндеттемелерін орындауға ықпал ететін болады.
5-бөлім. Дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамыту мынадай қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады:
энергетикалық қауіпсіздікке бағдарланған саясат – Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және энергетикалық кешендерінің қауіпсіз, сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
тариф белгілеу кезінде мемлекет пен жеке бизнестің мүдделерінің теңгерімі – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын іске асыруда теңгерімді сақтау, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы тұрақты кері байланыс арқылы тариф белгілеу;
энергия тиімділігіне басымдық бере отырып жаңғырту – экономиканың барлық секторлары энергия тиімді технологиялар мен шешімдерге басымдық беруге тиіс;
жалпыға ортақ «энергия тиімділігі» мәдениетін қалыптастыру – халықтың барлық жас санаттарының назарын энергия үнемдеуге аудару;
парниктік газдар шығарындыларын азайту және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу – парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі Париж келісімінің міндеттемелерін орындау.
Ағымдағы жағдайды талдауды, халықаралық тәжірибені, даму пайымын және негізгі қағидаттарды ескере отырып, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай тәсілдерді іске асыру көзделеді.
Бесінші бөлімнің тәсілдерін толықтырҚұжаттың негізгі мақсаттарын айқын көрсет
1-бағыт. Өнеркәсіп
Өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, осы секторда энергия үнемдеуді дамыту және энергия тиімділігін арттыру мақсатында шет мемлекеттердің тәжірибесі бойынша өнім бірлігін өндіруге арналған энергия ресурстарының үлестік шығындарын талдау нәтижелерін ескере отырып, энергия тұтыну нормативтері қайта қаралатын болады.
Өнеркәсіпте энергия үнемдеуді дамыту және энергия тиімділігін арттыру мақсатында өнеркәсіптің барлық салаларында технологиялық процестер мен жабдықтарды жаңғыртуды жүргізу және энергия үнемдеу іс-шараларын енгізу үшін, оның ішінде қаржылық жағдайлар жасалатын болады, бұл физикалық тозуды кемінде 10%-ға төмендетуге, қолданыстағы жабдықтардың пайдалы әсер коэффициентін арттыруға, сондай-ақ шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Саланы бейінді мамандармен қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі пәнді енгізу көзделеді.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша құзыреттілік пен саналы көзқарасты арттыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік, оның ішінде кәсіпорында энергия үнемдеуге жауапты адамдарды тағайындау бөлігінде қайта қаралатын болады.
Бұл тәсілдер энергетикалық ресурстарды үнемдеуді және өңдеу (7%) және өндіру өнеркәсібі салаларында (12%) энергия үнемдеу әлеуетін іске асыруды қамтамасыз етеді, бұл түпкілікті нәтижесінде өнеркәсіп секторының энергия сыйымдылығының жыл сайын 1,5%-ға төмендеуіне мүмкіндік береді.
2-бағыт. Энергетика
Энергетикалық жүйенің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, субъектілердің энергия өндіруі мен тұтынуы арасындағы ауытқуларды төмендету, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын жетілдіру, экспорттық әлеуетті дамыту мақсатында энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифіне қатысты тәсілдер қайта қаралатын болады. Бұл генерациялайтын қуаттардың тозуын 10%-ға төмендетуге және энергия көздерінің пайдалы әсер коэффициентін арттыруға, сондай-ақ жылу және электр энергетикасы секторы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде (қаржылық өзара есеп айырысумен) енгізу жоспарлануда.
Энергия өндіруші ұйымдарды жаңғырту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды іріктеу қағидаларына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бес жыл мерзімге үйлестіруге және іске асыруды қамтамасыз етуге, энергетикалық кәсіпорындардың нақты көрсеткіштерін нормативтік көрсеткіштерге келтіруге, кәсіпорындардың өнім шығаруға жұмсалатын үлестік шығындарын төмендетуге, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады. Бұл сондай-ақ олардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама талаптарын сақтауына ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, жылу энергиясын беру кезіндегі тозу мен шығындарды төмендету мақсатында коммуналдық жылумен жабдықтау жүйелерін пайдалану және жөндеу процесінде оларға бақылауды күшейтудің заңнамалық мүмкіндіктері қаралатын болады.
3-бағыт. Бюджет секторы
Бюджет секторының энергия үнемдеудің елеулі әлеуетін игеру мақсатында сатып алынатын энергия тиімді жабдықтардың үлесін ұлғайту мемлекеттік сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі талаптарына сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізу, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын энергия сервистік шарттар тетігі арқылы кемінде 20 ғимаратта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыратын болады.
Бюджет секторының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобаларын іске асыру үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге көзделген бюджет қаражатын үнемдеу есебінен энергия сервистік шарттар тетігін жасасу және қаржыландыру бөлігіндегі заңнамалық кедергілерді жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Дүниежүзілік банк іске асырған әлеуметтік сектор объектілерін жаңғырту жөніндегі жобаның практикалық тәжірибесі ауқымдандырылатын болады.
4-бағыт. Тұрғын үй секторы
Тұрғын үй секторының энергия тұтынуының өсу қарқыны жоғары екенін ескере отырып, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласын дамыту Қазақстанда одан әрі имплементациялау мақсатында құрылыстың энергия сыйымдылығы бойынша халықаралық тәжірибеге негізделетін болады.
Тұрғын үй қорына күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігін айқындау ең энергия сыйымды көппәтерлі тұрғын үйлерді анықтау арқылы жүзеге асырылатын болады.
Тұрғын үй секторының энергия сыйымдылығын төмендету энергия тиімді құрылыс саласын дамыту арқылы қамтамасыз етіледі, ол үшін құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптар қайта қаралып, энергия тиімділігінің жоғары сыныбына жататын объектілер құрылысын ынталандыру шаралары әзірленетін болады.
Жаңа қаржыландыру тетіктерінің схемалары құрылып, қолданыстағылары жетілдірілетін болады, сондай-ақ жобаларда ерікті жасыл стандарттарды қолданатын құрылыс салушылар үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің энергия тиімділігі сыныбының "С"-дан төмен болмауына қол жеткізу мақсатында қосымша ынталандыру шаралары әзірленетін болады.
«Энергия тиімді» қоғамды қалыптастыру энергетикалық ресурстарға ұқыпты қарау мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру науқанын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Энергия үнемдеу дағдыларын қалыптастыруға педагогтер мен балалардың назарын аудару көзделеді, ал балалар арқылы олардың отбасы мүшелеріне ықпал етіледі.
Тұрмыстық аспаптардың энергия тұтынуы туралы ақпарат жалпыға қолжетімді болады. Тұрғын үйді таңдау кезінде азаматтар энергия тұтынуы ең төмен тұрғын үйдің пайдасына таңдау жасауға тырысатын болады. Кондоминиум объектілерін басқару органдары үшін тиісті әдістемелік ұсынымдарды тарата отырып, оқыту семинарлары өткізілетін болады, бұл тұрғын үй секторының энергия үнемдеу іс-шараларын іске асыру тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
5-бағыт. Көлік
Халық санының жыл сайынғы өсуін, сондай-ақ автокөлік құралдары санының артуын ескере отырып, осы секторда энергия тиімділігін арттыру қоғамдық көлік паркін жаңарту және оның санын Қазақстанның халқы ең тығыз орналасқан қалаларында ұлғайту арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл қоғамдық көлікті пайдаланудың тартымдылығын арттыруға алып келеді.
Отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну мониторингі көлік секторының энергетикалық ресурстарды тұтынуына ауқымды талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл көліктің энергия тиімділігі жөніндегі қолданыстағы талаптарды өзектендіруге негіз болады.
Көлік секторында энергия үнемдеуді дамыту қоғамдық көлікке қолжетімділігі бар қалалық шағын аудандардың техникалық талаптары мен бас жоспарларын қайта қарау, сондай-ақ велосипед жолдарының қолданыстағы инфрақұрылымын ұйымдастыру және жетілдіру арқылы да жүзеге асырылатын болады.
6-бағыт. Жалпы (сектораралық) тәсілдер
Энергия тұтыну деректерінің анықтығын қамтамасыз ету үшін МЭР ААЖ Қазақстанның ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын болады, сондай-ақ энергетикалық жүйені дамытуды стратегиялық жоспарлау үшін желі мен жабдықтың инфрақұрылымдық элементтеріне қатысты негізгі сипаттамаларды, желіге түсетін жүктемені теңестіруге арналған мамандандырылған ақпаратты, тұтыну және шикізат, сұраныс пен шығындар серпіні туралы деректерді интеграциялау мәселесі қосымша пысықталатын болады.
Энергия тиімді технологиялар мен іс-шараларды енгізудің ең маңызды аспектісі қаржылық қамтамасыз ету болып табылады, оған капиталдандырылуы барлық кәсіпорындар тарапынан арнайы аударымдар жүйелері арқылы не халықаралық қаржы ұйымдарының кредиттік желілері есебінен жүзеге асырылуы мүмкін Энергия тиімділігі қорын құру арқылы қол жеткізіледі. Қордың қаражаты энергия тиімділігі жобаларын қолдау бағдарламаларына (субсидиялар, гранттар немесе кредиттер) бағытталатын болады. Бұл ретте ұзақ мерзімді және ауқымды инвестициялық іс-шараларға қатысты "жасыл" облигациялар мен "жасыл" таксономияның орта және ұзақ мерзімді перспективада беретін мүмкіндіктері ескерілетін болады.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы талаптарды сақтау үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін асыруы, мемлекеттік сатып алуларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру талаптарын бұзуы, сондай-ақ энергия тиімділігі талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттарды, құрылыстар мен имараттарды пайдалануға беру бөлігінде әкімшілік жауапкершілік белгілеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі пысықталатын болады.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрлық әлеуетті ұлғайту мақсатында техникалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттер үшін жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі пәндер енгізілетін болады.
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
Нысаналы индикаторлар
2029 жылға қарай 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын 10%-ға төмендету;
2029 жылға қарай 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда энергетика секторының энергия сыйымдылығын 5%-ға төмендету;
2029 жылға қарай 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда үй-жайлар алаңының бірлігіне шаққандағы энергия тұтынуды 10%-ға төмендету;
2029 жылға қарай 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда жан басына шаққандағы энергия тұтынуды 5%-ға төмендету.
Күтілетін нәтижелер:
2029 жылға қарай 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 10%-ға төмендету;
электр және жылу желілерінің тозуын 5%-ға төмендету;
энергия өндіруші ұйымдардың негізгі және қосалқы жабдықтарының тозуын 5%-ға төмендету;
энергия үнемдеу саласына 20 млн АҚШ доллары сомасында инвестициялар тарту;
энергия үнемдеу мәселелері бойынша халықтың хабардар болуын 50%-дан астам қамту деңгейіне дейін арттыру.
| | Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамыту тұжырымдамасына қосымша || - | -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- |
Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
Жүктеп алу
| || - |
№ р/с
| || - |
Негізгі іс-шаралардың атауы
| || - |
Аяқтау нысаны
| || - |
Аяқтау мерзімі
| || - |
Жауапты орындаушылар
| || - |
1
| || - |
2
| || - |
3
| || - |
4
| || - |
5
| || - |
1-бағыт. Өнеркәсіп
| 1-нысаналы индикатор. 2029 жылға қарай 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын 10%-ға төмендету (2023 – 1,43%, 2024 – 2,86%, 2025 – 4,29%, 2026 – 5,71%, 2027 – 7,14%, 2028 – 8,57%, 2029 – 10%) | || -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
ҚР ИИДМ, ҚР ЭМ, ҚР ҰЭМ, ҚР Әділетмині, ҚР Қаржымині, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
1\.
| Шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының мұнай және газ өндіру, минералдық шикізатты өндіру және байыту, болат және түсті металдар өндіру салаларындағы өнім бірлігін өндіруге арналған энергия ресурстарының үлестік шығындарына салыстырмалы талдау жүргізу | || --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
талдамалық есеп
| || - |
2023 жылғы тамыз
| || - |
ҚР ИИДМ, ҚР ЭМ, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
2\.
| Талдау нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 394 "Энергия тұтыну нормативтерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
|---|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
| || - |
2023 жылғы қараша
| || - |
ҚР ИИДМ, ҚР ЭМ, ҚР ҰЭМ, ҚР Әділетмині, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
3\.
| Энергия үнемдеу жобаларын қаржылық қолдау шараларын іске асыруға халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту | || ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
келісім
| || - |
2024 жылғы қыркүйек
| || - |
ҚР ИИДМ, ҚР Қаржымині, ҚР ҰЭМ, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
4\.
| Өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі және қосалқы жабдықтарын жаңғырту және реконструкциялау | || ----------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
пайдалануға беру актілері
| || - |
2023–2029 жылдардың желтоқсаны
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
5\.
| Жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға баламалы көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жауапты адамдарды тағайындау міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
Заң жобасы, Заң
| || - |
2023 жылғы қараша, 2024 жылғы наурыз
| || - |
ҚР ИИДМ, ҚР ҰЭМ, ҚР Қаржымині, ҚР Әділетмині, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
2-бағыт. Энергетика
| 2-нысаналы индикатор. 2029 жылға қарай 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда энергия сыйымдылығын 5%-ға төмендету (2023 – 0,714%, 2024 – 1,428%, 2025 – 2,143%, 2026 – 2,857%, 2027 – 3,571%, 2028 – 4,285%, 2029 – 5%) | || ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
ҚР ИИДМ, ҚР ЭМ, ҚР ҰЭМ, ҚР Әділетмині, ҚР ЭТРМ, ЖАО, "KEGOC" АҚ (келісу бойынша), "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
6\.
| Энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифін қалыптастыру тәсілдерін қайта қарау | || ----------------------------------------------------------------------------------- | - |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің бұйрығы
| || - |
2023 жылғы шілде
| || - |
ҚР ЭМ, ҚР ҰЭМ, ҚР ИИДМ, ҚР Әділетмині
| || - |
7\.
| Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде енгізу (қаржылық өзара есеп айырысумен) | || -------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
Үкіметке ақпарат
| || - |
2023 жылғы қыркүйек
| || - |
ҚР ЭМ, ҚР ҰЭМ, "KEGOC" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
8\.
| Энергия өндіруші ұйымдарды жаңғырту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды іріктеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | || -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің бұйрығы
| || - |
2023 жылғы шілде
| || - |
ҚР ЭМ, ҚР ИИДМ, ҚР ЭТРМ, ҚР Әділетмині
| || - |
9\.
| Коммуналдық жылумен жабдықтау жүйелерін пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бақылауды жетілдіру | || ----------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
Үкіметке есеп
| || - |
2023 жылғы шілде, 2023 жылғы желтоқсан
| || - |
ҚР ИИДМ, ҚР ЭМ, ҚР ҰЭМ, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
3-бағыт. Бюджет секторы
| 3-нысаналы индикатор. 2029 жылға қарай 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда үй-жайлар алаңына шаққандағы энергия тұтынуды 10%-ға төмендету (2023 – 1,4%, 2024 – 2,86%, 2025 – 4,29%, 2026 – 5,71%, 2027 – 7,14%, 2028 – 8,57%, 2029 – 10%) | || -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
ҚР ИИДМ, ҚР Қаржымині, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
10\.
| Бюджет секторы ұйымдарының сатып алатын энергия тиімді жабдықтарының үлесін ұлғайту | || -------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
Үкіметке ақпарат
| || - |
2023–2029 жылдардың маусымы
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, ҚР Қаржымині, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
11\.
| Әлеуметтік маңызы бар объектілерді жаңғырту жөніндегі ұсынымдар жинағын әзірлеу | || ---------------------------------------------------------------------------- | - |
әдістемелік құрал
| || - |
2023 жылғы тамыз
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
12\.
| Бюджет секторының ғимараттарын, құрылыстары мен имараттарын ішкі жарықтандыру жүйесін жаңғырту | || ----------------------------------------------------------------------------------- | - |
пайдалануға беру актілері
| || - |
2024–2029 жылдардың ақпаны
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
13\.
| Автоматтандырылған жылу пункттерін орната отырып, бюджет секторының ғимараттарын, құрылыстары мен имараттарын терможаңғырту жүргізу | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
пайдалануға беру актілері
| || - |
2024–2029 жылдардың ақпаны
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
14\.
| Бюджеттік ұйымдардың энергия сервистік келісімшарттар жасасуы бойынша заңнамалық кедергілерді жою жөніндегі ұсыныстарды пысықтау | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
Үкіметке ақпарат
| || - |
2023 жылғы тамыз
| || - |
ҚР ИИДМ, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
15\.
| Энергетикалық ресурстарды тұтынуды барынша үнемдеу өлшемшарты бойынша энергия сервистік шарттар жасасу | || ----------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
энергия сервистік шарттар
| || - |
2024–2029 жылдардың қыркүйегі
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, ҚР Қаржымині, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
4-бағыт. Тұрғын үй секторы және халық
| 4-нысаналы индикатор. 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда жан басына шаққандағы энергия тұтынуды 5%-ға төмендету (2023 – 0,714%, 2024 – 1,428%, 2025 – 2,143%, 2026 – 2,857%, 2027 – 3,571%, 2028 – 4,285%, 2029 – 5%) | || --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, ҚР ОАМ, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша), "Қазорталық ТКШ" АҚ (келісу бойынша), "ҚазҚСҒЗИ" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
16\.
| Қазақстанда одан әрі имплементациялау мақсатында құрылыстың энергия сыйымдылығы бойынша халықаралық құрылыс нормаларын, қағидалары мен стандарттарын зерделеу | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
Үкіметке есеп
| || - |
2023 жылғы тамыз
| || - |
ҚР ИИДМ, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ (келісу бойынша), "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша), "Қазорталық ТКШ" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
17\.
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 401 "Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
|---|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
| || - |
2023 жылғы желтоқсан
| || - |
ҚР ИИДМ, ҚР ҰЭМ, ҚР Әділетмині, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
18\.
| Қолданыстағы ғимараттардың энергетикалық көрсеткіштеріне диагностика жүргізе отырып, тұрғын үй қорын түгендеу | || ---------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
Үкіметке есеп
| || - |
2023 жылғы маусым
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, "Қазорталық ТКШ" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
19\.
| Көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін энергия тиімді ұстау және пайдалану бойынша кондоминиум объектілерін басқару органдарының басшылары мен мамандарына оқыту жүргізу, тиісті әдістемелік ұсынымдарды тарату | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
Үкіметке есеп
| || - |
2023–2025 жылдардың желтоқсаны
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша), "Қазорталық ТКШ" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
20\.
| "С" сыныбынан төмен емес энергия тиімділігі сыныбына қол жеткізуді қамтамасыз ететін энергия үнемдеу жөніндегі міндетті іс-шараларды (терможаңғырту) қамти отырып, көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу жобаларын іске асыру | || ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
пайдалануға беру актілері
| || - |
2024–2029 жылдардың қазаны
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО
| || - |
21\.
| Өңірлерде көппәтерлі тұрғын үйлердің пилоттық энергия сервистік жобаларын іске асыру | || ---------------------------------------------------------- | - |
пайдалануға беру актілері
| || - |
2023–2029 жылдардың желтоқсаны
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
22\.
| Халықтың энергетикалық ресурстарға ұқыпты қарау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу (ақпараттық-түсіндіру материалдары, дөңгелек үстелдер, семинарлар) | || ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
Үкіметке есеп
| || - |
2023–2029 жылдардың шілдесі
| || - |
ҚР ИИДМ, ҚР АҚДМ, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
23\.
| Энергетикалық ресурстарды үнемдеп пайдалану мәселелері бойынша сынып сағаттарын өткізу | || ------------------------------------------------------------------------------ | - |
Үкіметке есеп
| || - |
2024–2029 жылдардың маусымы
| || - |
ҚР ОАМ, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
24\.
| Қоғамның хабардар болу деңгейінің арту серпінін айқындай отырып, халық арасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша хабардар болуына қатысты сауалнама жүргізу | || ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
Үкіметке есеп
| || - |
2023–2029 жылдардың тамызы
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
25\.
| Ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпаратты тұрғын үй іздеу жөніндегі ірі порталдарға және онлайн хабарландыру сервистеріне енгізу | || -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
Үкіметке есеп
| || - |
2023 жылғы желтоқсан
| || - |
ҚР ИИДМ, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
5-бағыт. Көлік
| || - |
26\.
| "Қысқы уақытта автомобиль қозғалтқышының блогын іске қосар алдындағы электрлік жылыту технологиясы" және басқа да пилоттық жобаларды енгізу | || -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
пилоттық жобалар
| || - |
2023 жылғы қараша – 2024 жылғы наурыз
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
27\.
| Көлік секторының энергетикалық ресурстарды тұтынуына талдамалық зерттеу жүргізу | || ------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
талдамалық зерттеу
| || - |
2023 жылғы қыркүйек
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
28\.
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 389 "Көліктің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
|---|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
| || - |
2023 жылғы қазан
| || - |
ҚР ИИДМ, ҚР ҰЭМ, ҚР Әділетмині, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
29\.
| Жергілікті қоғамдық көлікті неғұрлым таза отын түрлеріне (газ, электр энергиясы, биоотын және басқалары) көшіру | || ----------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
Үкіметке есеп
| || - |
2023–2029 жылдардың желтоқсаны
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
30\.
| Велосипед көлігі инфрақұрылымын дамыту (велосипед жолдарын салу, велосипед тұрақтарының санын ұлғайту) | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
Үкіметке есеп
| || - |
2023–2029 жылдардың желтоқсаны
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО
| || - |
31\.
| Энергия тиімді қоғамдық көлікті пайдалануды ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыру | || ------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
Үкіметке ақпарат
| || - |
2023–2029 жылдардың желтоқсаны
| || - |
ҚР ИИДМ, ЖАО
| || - |
32\.
| Пойыздардың электр тартқышына жұмсалатын үлестік шығынды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізу | || --------------------------------------------------------------------------- | - |
Үкіметке ақпарат
| || - |
2023–2029 жылдардың желтоқсаны
| || - |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
33\.
| Автомобиль көлігінің энергия тиімділігі көрсеткіші туралы ақпаратты көлік іздеу порталдарына, сондай-ақ онлайн хабарландыру сервистеріне енгізу | || --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
Үкіметке есеп
| || - |
2023 жылғы тамыз
| || - |
ҚР ИИДМ, ҚР ЦДИАӨМ, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
Сектораралық іс-шаралар
| || - |
34\.
| Астана қаласының табиғи монополиялар субъектілерінен энергия тұтыну деректерін алу арқылы "Мемлекеттік энергетикалық тізілімді" қалыптастыру және жүргізу | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
энергия тұтыну деректері бар "Мемлекеттік энергетикалық тізілім"
| || - |
2023–2029 жылдардың желтоқсаны
| || - |
ҚР ИИДМ, Астана қаласының әкімдігі, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
35\.
| "Мемлекеттік энергетикалық тізілім" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін Қазақстанның ақпараттық жүйелерімен, атап айтқанда, ЗТ МДБ, "Е-Статистика", "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДБ, "Е-Шаңырақ", "Е-Кадастр" және МКК АЖ жүйелерімен интеграциялау | || ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
"Мемлекеттік энергетикалық тізілім" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін интеграциялау
| || - |
2023 жылғы қазан, 2024 жылғы желтоқсан
| || - |
ҚР ИИДМ, ҚР ЦДИАӨМ, ҚР Әділетмині, ҚР Қаржымині, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша), "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша), "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
36\.
| Жоғары оқу орындары мен техникалық-кәсіптік білім беру мекемелерінің техникалық мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі пәндерді енгізу | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
Үкіметке ақпарат
| || - |
2024 жылғы қыркүйек
| || - |
ҚР ҒЖБМ, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
| || - |
37\.
| Энергия тиімділігі қорын құру мәселесін пысықтау | || -------------------------------------------------------- | - |
Үкіметке ақпарат
| || - |
2023 жылғы тамыз, 2024 жылғы желтоқсан
| || - |
ҚР ИИДМ, ҚР Қаржымині, ҚР ҰЭМ, ҚР БҚДА (келісу бойынша)
| || - |
38\.
| Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін асыруы, мемлекеттік сатып алуларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру талаптарын бұзуы, жауапты адамдарды тағайындауы, энергия тиімділігі талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттарды, құрылыстар мен имараттарды пайдалануға беру бөлігінде әкімшілік жауапкершілік белгілеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
|---|
Заң жобасы, Заң
| || - |
2023 жылғы қараша, 2024 жылғы наурыз
| || - |
ҚР ИИДМ, ҚР ҰЭМ, ҚР Қаржымині, ҚР Әділетмині, ЖАО, "ИРЭЭК" АҚ (келісу бойынша)
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;
ӨЭК – өңірлік электр желілік компания;
ҚР Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
ҚР БҚДА – Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі;
БҰҰДБ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы;
ҚР ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
ЕҚДБ – Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі;
ЕО – Еуропалық Одақ;
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
ЭСҚ – энергияның соңғы тұтынылуы;
"Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДБ – "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры;
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім;
ЗТ МДБ – "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры;
ҚР ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
"ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
КТҮ – көппәтерлі тұрғын үйлер;
"Қазорталық ТКШ" АҚ – "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы" акционерлік қоғамы;
ҚР Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
т.н.э. – тонна мұнай эквиваленті;
МКК АЖ – "Мемлекеттік кірістер комитеті" ақпараттық жүйесі;
МЭТ ААЖ – "Мемлекеттік энергетикалық тізілім" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
ҚР ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
ОЭБ – отын-энергетикалық баланс;
ПӘК – пайдалы әсер коэффициенті;
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі;
"ҚазҚСҒЗИ" – Қазақстандық құрылыс ғылыми-зерттеу және жобалау институты;
"ҰАТ" АҚ – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы;
ҚР ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ХЭА – Халықаралық энергетикалық агенттік;
ҚР ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
ҚР ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
ҚР ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы.
"ИРЭЭК" АҚ – "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" акционерлік қоғамы.
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулары Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар