| | Бағыт 1. Коммуналдық секторды дамыту арқылы тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру | | | |
| | Мақсатты индикатор 1. Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуі: қалаларда (2023 ж. – 99 %, 2024 ж. – 99,5 %, 2025–2029 жж. – 100 %); ауылдарда (2023 ж. – 96,3 %, 2024 ж. – 98 %, 2025–2029 жж. – 100 %). | | | ӨҚДМ, ЭТРМ, ҚМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ТМС, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша), «Мемқалақадастр» РМК (келісім бойынша). |
| | Мақсатты индикатор 2. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозу деңгейін төмендету (2023 ж. – 50 %, 2024 ж. – 49 %, 2025 ж. – 48 %, 2026 ж. – 46 %, 2027 ж. – 44 %, 2028 ж. – 42 %, 2029 ж. – 40 %). | | | ӨҚДМ, ҚМ, ЭТРМ, ЭМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ТМС, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| | Мақсатты индикатор 3. Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы сарқынды суларды тазарту деңгейі (2023 ж. – 77,7 %, 2024 ж. – 79 %, 2025 ж. – 84 %, 2026 ж. – 85 %, 2027 ж. – 92 %, 2028 ж. – 97 %, 2029 ж. – 98,1 %). | | | ӨҚДМ, ҚМ, ЭТРМ, ЭМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ТМС, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| | 1-реформа. Институционалдық шаралар | | | |
| 1. | Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жөніндегі заңнаманы жетілдіру мәселесін пысықтау | Үкіметке ұсыныс | 2023 жылғы 3-тоқсан | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| 2. | Нақты тозу деңгейін айқындау үшін жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне техникалық тексеру жүргізу | Техникалық тексеру қорытындылары | 2023 жылғы 4-тоқсан | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| 3. | Қажеттілікті ескере отырып, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі өңірлік жоспарларды өзектендіру | Өңірлік жоспарлар | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 4. | Қажеттілікті ескере отырып, жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі өңірлік жоспарларды қабылдау | Әкімнің өкімі, ӨҚДМ-ге ақпарат | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 5. | «ҚазОрталық ТКШ» АҚ базасында Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның ұлттық орталығын құру мәселесін пысықтау | Үкіметке ұсыныс | 2023 жылғы 4-тоқсан | ӨҚДМ, ҰЭМ, ҚМ, ЭМ, ЭТРМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 6. | Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі пайдаланушы кәсіпорындармен қамтамасыз ету | ЖАО шешімі | 2023–2029 жылдар | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 7. | Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін толықтыру мақсатында Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және түзету | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2024–2029 жылдар | ӨҚДМ, ҚМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Мемқалақадастр» РМК (келісім бойынша). |
| 8. | Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін толықтыру мақсатында өңірлер мен агломерациялардың өңіраралық аумақтық даму схемаларын әзірлеу және түзету | ӨҚДМ бұйрығы | 2024–2029 жылдар | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Мемқалақадастр» РМК (келісім бойынша). |
| | 2-реформа. Бюджеттік қаржыландыру шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру | | | |
| 9. | Қалалық және ауылдық жерлерде 9 мың км сумен жабдықтау желілерін салу | Пайдалануға беру актілері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанында | ӨҚДМ, ЭТРМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 10. | 963 ауылдық елді мекенде суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату | Пайдалануға беру актілері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанында | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 11. | Топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 43 жобаны іске асыру | Пайдалануға беру актілері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанында | ЭТРМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 12. | Сумен жабдықтау жүйелерінің қажеттілігін ескере отырып, жер асты су қорларын айқындау үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу | ӨҚДМ-ге есеп | Жыл сайын, 2023–2025 жылдардың қаңтарында | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 13. | Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 14 мың км учаскесін реконструкциялау | Пайдалануға беру актілері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанында | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 14. | 1225 км нөсер кәрізі мен арық жүйесін салу және реконструкциялау | Пайдалануға беру актілері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанында | ӨҚДМ, ҚМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| | 3-реформа. Қаржы құралдары, тарифтік саясат және салықтық преференциялар есебінен инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін жағдай жасау | | | |
| 15. | Қаржыландырудың әртүрлі тетіктері есебінен кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша 68 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру | Пайдалануға беру актілері | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, ҚМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ТМС, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| 16. | Кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік кепілдікпен халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын және ұлттық институттардың облигациялық қарыздарын тарту | Келісімдер | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ҰЭМ, ҚМ, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша), ТМС. |
| 17. | Басқа көздерден алынған қарыздарға қызмет көрсету және оларды өтеу шығындарын субсидиялаудың жаңа тетігін әзірлеу | Үкіметке ұсыныс | 2024 жылғы 2-тоқсан | ӨҚДМ, ҚМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ТМС, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| | 4-реформа. Жаңа технологияларды енгізу және саланы цифрландыру | | | |
| 18. | Сейсмикаға төзімді құрылыс саласында ғылыми-техникалық құжаттаманы жетілдіре отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу | Ғылыми-техникалық кеңестің хаттамасы | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| 19. | Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау және сақтау ақпараттық жүйесіне интеграциялай отырып, жылумен, сумен жабдықтау, су бұру және тазарту құрылыстары, электр желілері өндірістік процестерін автоматтандыру | Пайдалануға беру актілері | 2024–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, ЭТРМ, ЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ТМС, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| 20. | 18 706 үйге ортақ жылу және су есепке алу аспаптарын орнату | ӨҚДМ-ге есеп | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| 21. | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының кәсіптік стандарттарын өзектендіру | ӨҚДМ, ЭТРМ, ЭМ бірлескен бұйрықтары | 2023–2024 жылдар | ӨҚДМ, ЭМ, ЭТРМ, ҰЭМ, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| 22. | Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын толықтыру мақсатында елді мекендердің құрылыс салынған 227 мың га аумағындағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу (2023 ж. – 83,1 га, 2024 ж. – 60,2 га, 2025 ж. – 17,4 га, 2026 ж. – 17,4 га, 2027 ж. – 15,9 га, 2028 ж. – 17,2 га, 2029 ж. – 15,8 га) | Электрондық деректер базасы | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Мемқалақадастр» РМК (келісім бойынша). |
| 23. | Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жаңғырту және сүйемелдеу (жаңа модульдерді енгізу, жүйенің талдамалық мүмкіндіктерін іске асыру) | Тестілеу хаттамасы | 2024–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, «Мемқалақадастр» РМК (келісім бойынша). |
| | Бағыт 2. Тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту есебінен халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру | | | |
| | Мақсатты индикатор 4. Республика бойынша тұрғын үйдің қолжетімділігі (2023 ж. – 0,39, 2024 ж. – 0,41, 2025 ж. – 0,44, 2026 ж. – 0,47, 2027 ж. – 0,49, 2028 ж. – 0,51, 2029 ж. – 0,53). | | | ӨҚДМ, ҰЭМ, ҚМ, ЕХӘҚМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Отбасы банк» АҚ (келісім бойынша), «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша), «Мемқалакадастр» РМК (келісім бойынша), «ҚазҚСҒЗИ» АҚ (келісім бойынша), «Мемсараптама» РМК (келісім бойынша). |
| | Мақсатты индикатор 5. Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі (2023 ж. – 31,2 %, 2024 ж. – 30,8 %, 2025 ж. – 30,3 %, 2026 ж. – 30 %, 2027 ж. – 29,6 %, 2028 ж. – 29,2 %, 2029 ж. – 28,8 %). | | | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазҚСҒЗИ» АҚ (келісім бойынша). |
| | 5-реформа. Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту | | | |
| 24. | Қаржыландырудың барлық көздері бойынша 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу (2023 ж. – 15,3, 2024 ж. – 15,5, 2025 ж. – 15,7, 2026 ж. – 15,9, 2027 ж. – 16,1, 2028 ж. – 16,3, 2029 ж. – 16,5) | Пайдалануға беру актілері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанында | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 25. | Тұрғын үй, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуды ескере отырып, елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу | Мәслихаттардың шешімдері | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 26. | Елді мекендердің экономикалық әлеуетін, тұрғындар санын және тұрғын үй мен жер заңнамасының талаптарымен айқындалған нормаларды ескере отырып, қала құрылысы құжаттары негізінде тұрғын үй құрылысының өңірлік жоспарларын қабылдау | ЖАО шешімі | 2023 жылғы 4-тоқсан | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 27. | Жаңа тұрғын үй құрылысы аудандарында жеке құрылыс салушылардың салынып жатқан тұрғын үй объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту және қарсы міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу | Пайдалануға беру актілері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанында | ӨҚДМ, ҚМ, АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша). |
| 28. | Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй объектілеріне инженерлік инфрақұрылым тарту жөніндегі ЖАО жобаларына мониторинг жүргізу үшін «Нұрлы жер» ахуалдық орталығының модулін әзірлеу | Өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі | 2024 жылғы 2-тоқсан | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша). |
| 29. | Азаматтарға жеке тұрғын үй салу үшін берілетін жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту (жыл сайын 40 мың жер учаскесі) | Пайдалануға беру актілері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанында | ӨҚДМ, ҚМ, АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 30. | Тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес жер учаскелерін алуға және тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар үшін жеке тұрғын үйлер салу жобаларын іске асыру | Пайдалануға беру актілері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанында | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша), «Отбасы банк» АҚ (келісім бойынша). |
| 31. | Ауылдық елді мекенде өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту | ӨҚДМ бұйрығы | 2023 жылғы 2-тоқсан | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ҰЭМ, АШМ, ҰКП (келісім бойынша). |
| 32. | Жұмыс берушілер тұрғын үй құрылысын жоспарлап отырған ауылдық елді мекендердің тізбесін бекіту | Мәслихаттардың шешімдері | 2023 жылғы 2-тоқсан | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 33. | Ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау | Шарттар | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, облыстардың әкімдіктері, ҰЭМ, АШМ, ҰКП (келісім бойынша). |
| 34. | Жеке құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау | Шарттар | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 35. | Екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу | ӨҚДМ бұйрығы | 2023 жылғы 3-тоқсан | ӨҚДМ, облыстардың әкімдіктері, ҰЭМ, АШМ, ҰКП (келісім бойынша). |
| 36. | Жеке құрылыс салушылардың инвестициялық жобаларын жобалық қаржыландыру шарттарын қарау | Келісімдер | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 37. | Тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін жергілікті атқарушы органдардың балансындағы объектілер есебінен МЖӘ қағидаты бойынша тұрғын үйді жалға беру жобаларын іске асыру мәселесін пысықтау | Үкіметке ұсыныс | 2024 жылғы 1-тоқсан | ӨҚДМ, ҚМ, ҰЭМ, «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 38. | Құрылыс индустриясын дамыту жобаларын іске асыру | Пайдалануға беру актілері | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 39. | Үй құрылысы комбинаттарын тұрғын үй жобаларын іске асыруға арналған тапсырыстармен қамтамасыз ету | ӨҚДМ-ге есеп | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 40. | Құрылыс материалдарының онлайн-платформасын ілгерілету | ӨҚДМ-ге есеп | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша). |
| 41. | Құрылыс объектілерін жобалау кезінде ақпараттық модельдеу технологиясын (ҚОАМТ) енгізу критерийлерін әзірлеу | Заң жобасы | 2023 жылғы 4-тоқсан | ӨҚДМ, ҚМ, ҰЭМ, ЕХӘҚМ, ҰКП (келісім бойынша). |
| 42. | Құрылыс саласындағы сметалық-нормативтік құжаттарды әзірлеу және қайта өңдеу | ӨҚДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бұйрығы | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша). |
| 43. | «Е-QURYLYS» жүйесін құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа байланысты қажетті ақпараттық жүйелермен интеграциялау | Тестілеу хаттамасы | 2023 жылғы 4-тоқсан | ӨҚДМ. |
| 44. | Жобалардың бірыңғай мемлекеттік банкінің деректерін қолдануға мониторинг жүргізу | ӨҚДМ-ге есеп | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | «Мемсараптама» РМК (келісім бойынша). |
| 45. | Құрылыста жүйелі және үйлестірілген жұмысты қамтамасыз ету үшін қала құрылысын жоспарлау, нормалау және сараптама жүргізудің бірыңғай орталығын құру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау | Үкіметке ұсыныс | 2023 жылғы 4-тоқсан | ӨҚДМ, ҰЭМ, ҚМ, «Мемқалақадастр» РМК (келісім бойынша), «ҚазҚСҒЗИ» АҚ (келісім бойынша), «Мемсараптама» РМК (келісім бойынша). |
| 46. | «Нұрлы жер» ахуалдық орталығының ақпараттық жүйесінде нәтижелерді визуализациялау арқылы шаралардың тиімділігін бағалау | ӨҚДМ-ге есеп | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| | 6-реформа. Тұрғын үй заңнамасында айқындалған азаматтар санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету | | | |
| 47. | Қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында тұрғын үй заңнамасында айқындалған және есепке қойылған азаматтардың тізімдік санын түгендеу | ӨҚДМ-ге есеп | 2023 жылғы 3-тоқсан | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 48. | Тұрғын үй саясатын реформалау | Заң жобасы | 2024 жылғы 1-тоқсан | ӨҚДМ, ҚМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Отбасы банк» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша). |
| 49. | Тұрғын үй заңнамасында айқындалған әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алуы үшін тұрғын үй төлемдерін беру | Жалдау шарттары | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Отбасы банк» АҚ (келісім бойынша). |
| 50. | otbasybank.kz порталында жалға берушілер базасы бар модуль әзірлеу | Тестілеу хаттамасы | 2023 жылғы 3-тоқсан | ӨҚДМ, «Отбасы банк» АҚ (келісім бойынша). |
| 51. | Тұрғын үй заңнамасында айқындалған азаматтардың саны туралы аумақтық деректерді ескере отырып, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үйді салу (сатып алу) жоспарларын бекіту | Жол карталары | 2023–2029 жылдары жыл сайын, 1-тоқсанда | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 52. | Тұрғын үй заңнамасында айқындалған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға сатып алу құқығынсыз жалға беру үшін әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үй салу (сатып алу) (70 703 жалға берілетін пәтер) | Пайдалануға беру актілері, шарттар | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, ҚМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 53. | Тұрғын үй заңнамасында айқындалған кезекте тұрған азаматтардың саны туралы аумақтық деректерді ескере отырып, мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үй салу (сатып алу) жоспарларын бекіту және іске асырылатын тұрғын үй туралы объектілік ақпаратты «Отбасы банк» АҚ-ға беру | Жол карталары | 2023–2029 жылдары жыл сайын, 1-тоқсанда | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша), «Отбасы банк» АҚ (келісім бойынша). |
| 54. | Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үйін сатып алу үшін «Отбасы банк» АҚ-ның 2–5 % мөлшерлемемен алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беруі (42 548 қарыз) | Кредиттік шарттар | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, ҚМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Отбасы банк» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша). |
| 55. | Жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен дайын бастапқы тұрғын үйді және «ҚЖК» АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген салынып жатқан үлестік құрылыс объектілеріндегі тұрғын үйді сатып алу құқығын беру мәселесін пысықтау | Үкіметке ұсыныс | 2023 жыл | ӨҚДМ, ҚМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Отбасы банк» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша). |
| | 7-реформа. Ипотекалық тұрғын үй кредиттеуді дамыту | | | |
| 56. | Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау | Шарттар | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, ҰЭМ, ҚМ, «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша). |
| 57. | Екінші деңгейдегі банктер халыққа берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы өтеуге арналған субсидиялар беру қағидаларына өзгерістер енгізу | ӨҚДМ бұйрығы | 2023 жылғы 4-тоқсан | ӨҚДМ, ҚМ, ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша). |
| 58. | Жас азаматтарға арналған ипотекалық бағдарламаларды 5 %-дан аспайтын мөлшерлемемен іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемін қамтамасыз ету | Мәслихаттардың шешімдері | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Отбасы банк» АҚ (келісім бойынша). |
| 59. | Моноқалалардың жас тұрғындарына арналған ипотекалық бағдарламаларды 5 %-дан аспайтын мөлшерлемемен іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемін қамтамасыз ету | Мәслихаттардың шешімдері | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Отбасы банк» АҚ (келісім бойынша). |
| 60. | Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарын беруді қаржыландырудың қажетті көлемін қамтамасыз ету | Мәслихаттардың шешімдері | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 61. | Тұрғын үй сертификаттарын алуға құқығы бар азаматтар санын ұлғайту мәселесін қарау | Мәслихаттардың шешімдері | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 62. | Тұрғын үй сертификаттарын беруді қамтамасыз ету | ӨҚДМ-ге есеп | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| | 8-реформа. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу салымдарын қорғауды қамтамасыз ету | | | |
| 63. | Салынып жатқан тұрғын үй объектілеріне мониторинг жүргізу | ӨҚДМ-ге есеп | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 64. | Үлестік қатысуы бар 44 проблемалық объектінің құрылысын аяқтау | ӨҚДМ-ге есеп | 2023–2026 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 65. | Тұрғын үй құрылысы саласындағы үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін «Қазреестр» жетілдіру | Тестілеу хаттамасы | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 66. | Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы жетілдіру | Заң жобасы | 2023 жылғы 4-тоқсан | ӨҚДМ, «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| | 9-реформа. Тұрғын үй қорын жаңарту | | | |
| 67. | Реновациялау бағдарламаларын өзектендіру және қабылдау | Жол карталары | 2023 жылғы 4-тоқсан | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 68. | 1500 апатты және тозығы жеткен үйді бұзу | ӨҚДМ-ге есеп | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 69. | Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламалары бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру мәселесін қарау | ӨҚДМ-ге есеп | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | «ҚЖК» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 70. | 1273 көппәтерлі тұрғын үйге терможаңғырту элементтерімен күрделі жөндеу жүргізу | Орындалған жұмыстар актісі | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанында | ӨҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 71. | Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау және сақтау жүйесін толықтыру мақсатында тұрғын үй қорын түгендеу | Паспортталған көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімі | 2024 жылғы 4-тоқсан | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері. |
| 72. | Мүлік меншік иелері бірлестіктерінің төрағалары мен жай серіктестіктің сенімді өкілдеріне арналған оқыту курстарын өткізу | ӨҚДМ-ге есеп | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| 73. | Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу | ӨҚДМ-ге есеп | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| 74. | Коммуналдық қызметтердің құнын төмендету үшін энергия тиімді материалдар мен технологияларды, деректерді беру жөніндегі бағдарламалық-аппараттық кешендерді әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу | Ғылыми-техникалық кеңестің хаттамасы | 2023–2029 жылдар ішінде жыл сайын | ӨҚДМ, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| 75. | Коммуналдық қызметтерді төлеу үшін аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау тетігін автоматтандыру | Тестілеу хаттамасы | 2024 жылғы 4-тоқсан | ӨҚДМ, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |
| 76. | Тұрғын үй инспекцияларының функцияларын күшейту | Заң жобасы | 2023–2024 жылдар | ӨҚДМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ (келісім бойынша). |