Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған мәдени саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 250 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған мәдени саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
3) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей, Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы есепті ұсынсын, сондай-ақ оны бірінші басшының қолымен интернет-ресурста орналастырсын (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 32 «Қазақстан Республикасының 2020 – 2030 жылдарға арналған мәдени саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Смайылов |
|---|
| | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген || - | ---------------------------------------------------------- || | 2023 жылғы 28 наурыздағы № 250 |
Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған мәдени саясатының тұжырымдамасы
Мазмұны
1. Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған мәдени саясаты тұжырымдамасының паспорты
3. Халықаралық тәжірибеге шолу
4. Мәдени саясатты дамытудың пайымы
5. Мәдени саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
6. Тұжырымдаманың нысаналы индикаторлары мен күтілетін нәтижелері
1. Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған мәдени саясаты тұжырымдамасының паспорты
| 1. Атауы | Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған мәдени саясатының тұжырымдамасы |
|---|---|
| 2. Әзірлеу негіздемесі | 1. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы; 2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы; 3. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы; 4. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы; 5. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы; 6. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы; 7. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы; 8. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан – баршаға және әрқайсысына. Қазір және мәңгілікке» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы. |
| 3. Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
| 4. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, республикалық және жергілікті маңызы бар мәдениет және өнер ұйымдары, шығармашылық одақтар мен қауымдастықтар |
| 5. Іске асыру мерзімдері | 2023 – 2029 жылдар |
2. Ағымдағы жағдайды талдау
Қазіргі Қазақстанның қоғамдық өмірінің барлық саласын қарқынды жаңғырту азаматтық қоғамның адами әлеуетінің рөлі мен орнын қайта пайымдауға негізделеді. Бұл тұрғыда мәдениеттің азаматтық бірлікті қалыптастыруға, ортақ даму мақсаттарын айқындау мен оларға қол жеткізудің шарты ретінде қосатын үлесін асыра бағалау мүмкін емес.
Әділетті Қазақстанды құру адамгершілігі мол, жауапты, өз бетінше ойлайтын, шығармашыл тұлғаның қалыптасуына құрал болатын жалпыұлттық даму идеологиясының негізінде мүмкін болады.
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы мемлекеттік мәдени саясатының мазмұны азаматтарды тәрбиелеу мен ағарту үшін кең қоғамдық орта құру және оны дамыту болып табылады. Дәстүрлі адамгершілік құндылықтар, азаматтық жауапкершілік пен патриотизм Қазақстанның көпэтносты қоғамының тарихи және мәдени мұрасын, әлемдік мәдениетті игеру, тұлғаның шығармашылық қабілеттерін, әлемді эстетикалық қабылдау қабілетін дамыту арқылы қалыптастырылады. Мәдени қызметтің әртүрлі түрлері Қазақстан халқының рухани және материалдық мәдениетінің элементтерін сақтау, зерделеу және таныстыру негізінде тәрбие, білім беру, ағарту жүйесінің тармақталған құрылымына кіреді.
Тарихи-мәдени мұра
Тарихи-мәдени мұра объектілері елді мәдени коммуникациялардың жаһандық кеңістігіне интеграциялау, мәдени-тарихи месседждердің қатаң бәсекелестігі жағдайында мәдени-гуманитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты маңызды функцияларды атқарады.
Сондай-ақ олардың туризм объектілері ретіндегі зор экономикалық әлеуеті де айқын, соның арқасында еліміздің танымалдылық көрсеткіші артып, туристер ағынын ұлғайту жоспарлануда.
Мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мәселелерінде тарихи-мәдени мұра объектілерін ғылыми зерттеу, зерделеу, жаңғырту, қайта жасау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қазіргі кезеңді өткен тарихпен сәйкестендіру құралы ретінде маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы 25 000-нан астам объектіні қамтиды, оның ішінде 254-і – республикалық маңызы бар ескерткіштер, 12 214-і – жергілікті маңызы бар объектілер, 12 527-сі – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есепке алу тізімдеріне енгізілген. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жалпы санынан 10 ескерткіш дүниежүзілік мұра ескерткіштері мәртебесіне ие, бұл ескерткіштердің жалпы санына шаққанда 0,08 %-ды құрайды.
Елдің ұлттық мәдени брендін Қазақстанның көрнекті тарихи және мәдени мұра объектілері – «Алтын адам», Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Таңбалы петроглифтер кешені, Отырар, Бозоқ, Ботай, Түркістан ежелгі қалашықтары қалыптастырады.
Тарихи-мәдени мұраны қорғау және зерделеу саласындағы қызметтің негізгі бағыттарының бірі – тарих және мәдениет бірегей ескерткіштерін әлемдік кеңістікке интеграциялау. Бүгінгі таңда Қазақстан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізімінде 3 номинация шеңберінде ұсынылған 10 тарих және мәдениет ескерткішімен таныстырылған: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, «Таңбалы» петроглифтері және «Ұлы Жібек жолы: Чанъань – Тянь-Шань дәлізі» номинациясы бойынша: Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміндегі объектілер санын ұлғайту үшін қазіргі уақытта жаңа номинациялық досьелер әзірленуде.
2018 – 2020 жылдар кезеңінде Қазақстанның киелі объектілері туралы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде 60 бейнеролик шығарылды, жалпыұлттық киелі объектілердің 3D-турлары бар виртуалды карта және өңірлік киелі объектілердің интерактивті картасы жасалды, сондай-ақ олар цифрландырылды.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында республикалық музей-қорықтар маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда олардың желісі 12 бірлікті құрайды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Таңбалы», «Отырар», «Ұлытау» музей-қорықтарының визит-орталықтарының құрылысы және оларды толық музейлендіру аяқталды. «Сарайшық», «Ордабасы», «Гауһар-Ана», «Сауран», «Есік» визит-орталықтарының құрылысы басталды. Астана қаласының аумағында «Ежелгі Бозоқ қалашығы» ашық аспан астындағы Ұлттық археологиялық паркін құру жобасы шеңберінде қазіргі уақытта қалашықтың қорған қабырғаларының құрылысы жүргізілуде және Бозоқ визит-орталығының жобасы әзірленуде.
Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстармен барлығы 49 тарихи-мәдени мұра объектісі қамтылды. Мәселен, Түркістан қаласының тарихи бөлігіндегі 17 объект жаңа тарихи келбетке ие болды. Ежелгі Отырардың 10 маңызды объектісі қайта жаңғыртылды.
2020 жылы Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының жаңа редакциясы қолданысқа енгізілді, оны орындау үшін бірқатар нормативтік актілер қабылданды. Атап айтқанда, археологиялық жұмыстар жүргізудің, тарихи-мәдени сараптаманың, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдаланудың жаңа қағидалары, тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды орындау бағаларының нормативтері, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне ұсыну қағидалары енгізілді. Бұл ретте тиімді шаралардың бірі археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жоспарлау институтын енгізу болды. Бұл норма ескерткіште жұмыстар жүргізуді қосарлап қаржыландыруды, сондай-ақ «қара археологияны» болдырмауға бағытталған.
Қазіргі уақытта тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның әкімшілік етуі шеңберінде 8 ғылыми жоба бойынша археологиялық жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде Ежелгі Бозоқ қалашығы тарих және мәдениет ескерткішінде, Ботай қонысында және елдің басқа да өңірлерінде жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі таңда осы жобалар бойынша археологиялық жұмыстар жүргізу нәтижесінде 1500-ден астам артефакт пен тарихи зат (алтын, қола, күміс, саз, фарфор, тас және т.б.) табылды, олардың 438-і қалпына келтіріліп, республикалық музейлерге тапсырылды.
Қазақстан тарихын тереңдете зерттеу мақсатында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізудің жаңа орындары бойынша 75-тен астам іздестіру жұмысы жүргізілді.
Осы жұмыстарды жүргізу барысында 2020 – 2022 жылдар кезеңінде халықаралық конференциялар материалдарында және ғылыми журналдарда, оның ішінде Ресей ғылыми дәйексөз индексі, Scopus базаларында индекстелетін, Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы уәкілетті органы ұсынған ғылыми басылымдарда 60-тан астам мақала жарияланды.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда елде тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, қорғау және пайдалану мәселелері бойынша белгілі бір тәсілдер мен осы саланы реттеу және қолдау үшін тиімді нормативтік құқықтық база қалыптастырылған.
Елде 25 000-нан астам тарихи-мәдени мұра объектісі бар, олардың негізгі бөлігі ғылыми-зерттеу және археологиялық жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Жыл сайын ескерткіштерді зерделеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен олардың жалпы санының 1 %-ынан азы қамтылады.
Музей-қорықтардың қолданыстағы инфрақұрылымы, оның ішінде жұмыс істеп тұрған визит-орталықтарды пайдалану мүмкіндіктерінің шектеулілігі елде мәдени туризмді дамытудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмейді (оларды қонақүй секторын тамақтандыруды қамтамасыз ете отырып, қызметін жандандыру бөлігінде толық көлемде белсенді пайдалануға енгізу тетігі жоқ).
Проблемалық мәселелер
Бүгінгі таңда тарихи-мәдени мұра саласында бірқатар проблемалық мәселелер анықталды: тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми-реставрациялық және археологиялық жұмыстармен қамтудың жеткіліксіздігі, музей-қорықтар инфрақұрылымының нашар дамуы, оның ішінде қолда бар визит-орталықтарды пайдаланудың шектеулілігі.
Сондай-ақ ЮНЕСКО тізімдеріне енгізілген және енгізу жоспарланып отырған объектілер мен элементтерді жеткіліксіз қаржыландыру проблемалық мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда ЮНЕСКО ескерткіштерінің саны артқанына қарамастан, осы міндетті іске асыруға көзделген жыл сайынғы сома бірнеше жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр. Сонымен қатар ғалымдар ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ғимаратының жай-күйіне қауіп төндіретін фактілерді анықтады.
Материалдық емес мәдени мұра
«Тірі мұра» деп те аталатын материалдық емес мәдени мұра халықтың ұрпақтан ұрпаққа берілетін әдет-ғұрыптарын, таныту және білдіру нысандарын, білімдері мен дағдыларын қамтиды.
Материалдық емес мәдени мұраның негізгі міндеттерінің бірі тарихи жадты таныту болып табылады. Адамзат материалдық емес мәдени мұраның әртүрлі объектілерін өз қызметінің аясына енгізе отырып, оларды қазіргі және болашақ мәдениеттің белсенді факторларына айналдырады. Қоғам, сондай-ақ мәдениет ұйымдары мәдени өткеннің объектілерін іріктей, сақтай және түсіндіре отырып, материалдық емес мәдени мұрада қамтылған және әлемдік өркениеттің игілігін құрайтын тарихи жадты сақтайтын, зерттейтін және насихаттайтын әлеуметтік белсенді қоғамдастықтар мен институттар ретінде өздерін танытады. Бұл ретте шығармашылық күш-жігер жаңа мәдени нысандарды жасауға емес, бұрыннан бар нысандарды түсіндіруге бағытталады, осылайша олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Әлемдік өркениеттің игілігі болып табылатын материалдық емес мәдени мұра элементтері оларды сақтау және насихаттау мақсатында ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізіледі. Бүгінгі таңда бұл тізімде әлемнің 104 елінен 550 элемент бар. Қазақстан бұл тізімде 14 элементпен ұсынылған, олардың 8-і тек қазақ мәдениетінің бірегей көрінісі болып табылады, ал қалған 6 элемент басқа елдермен бірлесіп енгізілген.
2022 жылы ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраның репрезентативтік тізіміне 2 жаңа элемент енгізілді: «Ортеке» қуыршақ биі өнері, Қожанасырдың ауызша фольклоры. Сонымен бірге Материалдық емес мәдени мұраның ұлттық тізіміне 47 элемент енгізілген және оларды анықтау мен есепке алу жұмыстары жалғасуда.
Материалдық емес мәдени мұраға қоғамның және халықаралық қауымдастықтың назарын аударуды арттырудың негізгі нысаны әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар болып табылады.
Материалдық емес мұраны сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жарқын мысалдары – Қазақстанда өткізілген Дүниежүзілік конференция және ЮНЕСКО жанындағы Дәстүрлі музыка жөніндегі халықаралық кеңестің симпозиумдары. Республикалық деңгейде материалдық емес мәдени мұра элементтерін насихаттауға фестивальдер, қолөнер жәрмеңкелері, конкурстар, слеттер және өзге де іс-шаралар өткізу ықпал етеді.
Мәселен, ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраның репрезентативтік тізіміне енгізілген, әлемнің көптеген елдерінде кеңінен танымал болған және ұлттық мәдени бренд болып табылатын элементтердің бірі – Наурыз мерекесін тойлау. Дәстүрлі құндылықтарды сақтау мақсатында Қазақстан елшіліктерінің бастамасымен қазақ диаспоралары өкілдерін тарта отырып, Наурыз мерекесі Францияда, Нидерландыда, Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында және басқа да елдерде жыл сайын атап өтіледі.
Проблемалық мәселелер
Бүгінгі таңда оның жұмыс істеу тетіктерін, ең алдымен, мәдениет саласындағы басқарушылардың, сондай-ақ мұраны жеткізушілердің өздерінің жеткіліксіз түсінуі байқалады, бұл өз кезегінде мәдени дәстүрлердің дамуын және олардың қазіргі жағдайларға бейімделуін едәуір тежейді. Материалдық емес мәдени мұра мәртебесін қазақ халқының сақталған көне дәстүрлеріне де, сондай-ақ академиялық және бұқаралық музыка мектептері, отандық кескіндеме, кинематография және тағы басқалар сияқты жақын өткен кезеңнің мәдени жетістіктеріне де айқындау қажет.
Театр және музыкалық өнер
Театр өнері – орындаушылық өнердің бір түрі, оның синтетикалық сипаты, шығармашылықтың ұжымдық сипаты, көрерменмен тікелей байланысы және басқа да ерекшеліктері бар, бұл сахналық туындыларды – спектакльдерді өнердің басқа түрлерінде баламасы жоқ бірегей өнімге айналдырады.
Қазақстанның музыкалық өнер түрлері дәстүрлі, академиялық және бұқаралық музыка сияқты музыкалық-шығармашылық түрлерге біріктірілген дамыған музыкалық-мәдени дәстүрлер жүйесін білдіреді. Олардың әрқайсысының мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар әртүрлі дәрежеде басқаратын өзіндік ұйымдық құрылымы мен инфрақұрылымы бар.
Статистика деректері бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 65 театр жұмыс істейді, оның ішінде 55 мемлекеттік театр, соның ішінде 11 республикалық және 44 өңірлік театр, олардың ішінде: 12 қалалық және 31 облыстық театр, оның ішінде бағыттары бойынша: 1 опера және балет театры, 8 қазақ музыкалық-драма театры, 8 қазақ драма театры, 9 орыс драма театры, қазақ және орыс труппалары бар 3 драма театры, 1 өзбек драма театры, 1 сатира театры, 1 музыкалық комедия театры, 1 жас көрерменнің музыкалық театры, 1 драма және комедия театры, 1 жастар театры, 2 балалар мен жасөспірімдер театры, 7 қуыршақ театры және 10 жеке театр.
Театрлардың кәсіби шеберлігінің мойындалуы 3 театр мен 1 концерттік ұйымға «Ұлттық» мәртебесінің және 9 театрға «Академиялық» мәртебесінің берілуі болып табылады. Театр өнерін танымал етуге, ел ішіндегі шығармашылық алмасуға республикалық және халықаралық театр фестивальдері, практикумдар, шеберлік сыныптары ықпал етеді.
Жыл сайын театр сахналарында әртүрлі жанрлар мен бағыттар бойынша шамамен 16 мың спектакль көрсетіледі, сондай-ақ 350-ге жуық жаңа қойылым жасалады, 3 миллионға жуық көрерменге қызмет көрсетіледі.
Мәселен, 2019 жылы 16 579 спектакль көрсетілді, оның ішінде 343 жаңа қойылым болды, оларды 2 942 мың адам тамашалады. Әлемдік пандемияның әсері мәдени өмірдің барлық салаларына тікелей әсер етті. 2020 жылы көрсетілген спектакльдер саны 6 381-ді құрады, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 61,5 %-ға аз, оның ішінде жаңа қойылымдар саны 266 болды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 22,4 %-ға аз, тиісінше келушілер саны 894 мың адамды құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 70 %-ға аз. 2021 жылы карантиндік шектеулердің аяқталуына байланысты Қазақстанда көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалады, отандық театрлар 10 817 спектакль көрсетті, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 69,5 %-ға көп, оның ішінде жаңа қойылымдар саны 319 болды, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 19,9 %-ға көп, келушілер саны 1 172 мың адамды құрады, бұл да 31,1 %-ға өскенін көрсетеді.
Қазақстанның музыкалық өнері ел ішінде де, одан тыс жерлерде де кеңінен ұсынылған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 32 концерттік ұйым, оның ішінде 18 мемлекеттік филармония табысты жұмыс істейді.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес концерттік ұйымдар 2019 жылы 6 882 концерт, 2020 жылы – 1 947 концерт және 2021 жылы – 3 588 концерт өткізді. Соңғы 3 жылда Қазақстанда 12 417-ден астам концерт өткізілді. Республикалық концерттік ұйымдар 2019 жылы 550 концерт, 2020 жылы – 318 концерт, 2021 жылы – 443 концерт өткізді.
Пандемия жағдайында театр және музыкалық қызмет онлайн форматқа көшірілді, іс-шаралардың басым бөлігі мүлдем тоқтатылды. Осы кезеңде әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігі кеңінен таралды. Тікелей эфирде көрермендердің танымал әртістермен кездесулері, ток-шоулар, шеберлік сыныптары, актерлік шеберлік бойынша оқыту сабақтары өткізілді. Мәдениет ұйымдарының ресми сайттарының жұмысы жанданды. Театрлар мен концерттік ұйымдар 2021 жылы онлайн форматта 4 925 іс-шара өткізді, сайтқа 7 376 693 адам кірді.
Музыкалық өнер жетістіктерінің көрсеткіштері қазақстандық орындаушылардың белгілі халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысуы болып табылады. Қазақстан мәдениетін интеграциялау жобаларының бірі – «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы, ол жас дарынды орындаушыларға Ресейдегі «Голос» музыкалық вокалдық телешоуы, «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі және басқа да халықаралық деңгейдегі іс-шараларда өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді.
2019 жылы 4 жас орындаушы мен 1 шығармашылық ұжым халықаралық конкурстар мен фестивальдерге қатысты, 2020 жылы – 1 орындаушы 1 халықаралық фестивальге, 2021 жылы – 10 орындаушы мен 2 шығармашылық топ қатысты. 2022 жылы 1 шығармашылық ұжым мен 4 орындаушы халықаралық конкурстарға қатысты.
Креативті индустрияларды дамыту мақсатында жас және дарынды орындаушыларды қолдауға, сондай-ақ қазақстандық мәдени өнімді халықаралық мәдени кеңістікке ілгерілетуге бағытталған шаралар кешені іске асырылуда.
Мәселен, музыкалық өнер саласындағы классикалық нысандағы Қазақстанның ұлттық брендтері ұлттық опера мен балет, Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, Нұрғиса Тілендиев және басқалар болып табылады.
Қазақстанның заманауи эстрадалық жанрының халықаралық мәдени аренада заманауи Қазақстанның елшілері болып табылатын жарқын өкілдері Димаш Құдайберген, DJ Imanbek, Jah Khalib, «Ұлытау», «Тұран» топтары, сондай-ақ Q-pop өкілдері болып табылады.
Елде бұқаралық музыкалық мәдениеттің дамуымен фонограммаларды пайдалану мәселесі өткір қойылды. Осы мәселені құқықтық реттеу мақсатында 2020 жылы Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына музыкалық шығармаларды орындау кезінде фонограмманы пайдалану туралы көрерменді хабардар етуді көздейтін өзгерістер енгізілді.
Қазақстанда жыл сайын мемлекеттік театрлармен қатар жеке театрлар да қатысатын түрлі театр фестивальдері тұрақты негізде өткізіледі.
Опера және балет солистері де беделді халықаралық конкурстар мен фестивальдердің қатысушылары болып табылады. 2019 жылы 26 әртіс осы іс-шаралардың лауреаттары мен дипломанттары атанды, 2020 жылы – 37, 2021 жылы – 25 солист жоғары марапаттарға ие болды.
Ауылдық жерлерде мәдениет саласындағы қызметті шоғырландыратын негізгі объектілер мәдениет үйлері болып табылады. Мәдениет объектілеріне қажеттілік Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығымен бекітілген облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, ауылдық деңгейлердегі мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтеріне және мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарына сәйкес айқындалады.
Осы нормативтерге сәйкес өңірлерде халық санына байланысты концерттік ұйымдар, кинотеатрлар, музейлер, театрлар жұмыс істейді. Халқының саны 1000 адамнан аз ауылдық елді мекендерге жылжымалы мәдени-демалыс кешендері қызмет көрсетеді.
2021 жылы жылжымалы мәдени-демалыс кешендерімен 700-ден астам ауылдық елді мекен қамтылды.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық жерлерде шамамен 1114 мәдениет үйі жұмыс істейді. Ауылдық жерлердегі мәдениет үйлері шығармашылық және демалыс ұжымдарының қызметін шоғырландыратын мәдени-демалыс қызметінің орталықтары болып табылады.
Ауылдық жерлерде мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі қызмет облыстық филармониялардың, театр труппалары мен шығармашылық ұжымдардың гастрольдік қойылымдары түрінде жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен бұқаралық серуендер, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өту іс-шаралары өткізіледі.
Орындаушылық және театр өнерінің жаңа түрлерін дамыту мақсатында 2020 жылы Астана қаласында Жас көрерменнің музыкалық театры, Түркістан қаласында Түркістан музыкалық-драма театры ашылды. 2021 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимараты, 2022 жылы Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимараты пайдалануға берілді, Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы құрылды, Орал қаласында сахнасы 360 градусқа айналатын Мәдениет сарайы ашылды. 2022 жылы «Халық Қазынасы» ұлттық өнер орталығы құрылды.
Жалпы, ел бойынша 2021 – 2022 жылдары 124 мәдениет объектісі салынды, 476 мәдениет объектісіне жөндеу жүргізілді.
Проблемалық мәселелер
Негізгі проблемалық мәселелердің бірі – тиісті инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, ал кейбір жерлерде мүлдем болмауы, мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі немесе моральдық тұрғыдан ескіруі болып табылады. Қазіргі уақытта өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде мәдениет объектілерінің өткір тапшылығы байқалады. Көптеген мәдениет объектілері бейімделген үй-жайларда, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан, бір ғимаратта бірнеше ұйым жұмыс істеуге мәжбүр. Қазақстанның жергілікті атқарушы органдарының деректері бойынша жалпы алғанда 437 мәдениет объектісі жетіспейді, олардың 256-сы – мәдениет үйлері. 1000-нан астам мәдениет объектісі күрделі жөндеуді қажет етеді.
Театр және концерттік ұйымдардың қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін ескере отырып, репертуарды қалыптастыру мен жаңартудағы белсенділігі төмен екені байқалады. Елдің театр және концерттік ұйымдарының репертуарларында шетелдік авторлардың шығармалары бойынша қойылымдар басым, бұл өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге толық көлемде ықпал етпейді.
Мәдениет және өнер өкілдерінің жалақы деңгейінің қазақстандықтардың орташа айлық атаулы жалақысынан шамамен 2 есе төмен болуымен, әлеуметтік қолдаудың жеткілікті шараларының болмауымен сипатталатын осал әлеуметтік-экономикалық жағдайы алаңдаушылық туғызады. Бұл білікті кадрлардың шетелге кетуіне алып келеді.
Цирк өнері
Қазақстанның цирк өнері Алматы, Астана және Шымкент қалаларында орналасқан үш ұйыммен ұсынылған. Қарағанды қаласында цирк бағдарламаларын өткізуге арналған алаң бар.
Қазіргі уақытта ел цирктерінде шамамен 350 кәсіби цирк әртісі бар.
Бүгінгі таңда ел цирк ұжымдарының қызметі халықаралық аренада кеңінен танымал. Отандық цирк әртістері өз шеберлігін Ресейде, Өзбекстанда, Қырғыз Республикасында, Түркияда, Қытайда, Түрікменстанда, Моңғолияда, Грузияда, Украинада, Белоруссияда, Катарда, Иранда, АҚШ-та, Жапонияда, БАӘ-де, Арменияда, Венгрияда, Оңтүстік Африкада, Германияда, Голландияда, Гонконгта, Вьетнамда, Тайваньда, Сингапурда, Камбоджада, Индонезияда, Перуде, Эквадорда, Оман Корольдігінде, Италияда, Монте-Карлода, Францияда көрсетті.
Гастрольдік сапарлар екіжақты сипатқа ие, осыған байланысты қазақстандық көрермендер шетелдік елдердің шақырылған ұжымдарының қойылымдарын тамашалау мүмкіндігіне ие.
Соңғы үш жылда Қазақстан цирктерінде 344 іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде 275-і – цирктердің өз ұжымдары ұйымдастырған қойылымдар, 69-ы – цирк алаңдарында бөгде ұйымдар ұйымдастырған қойылымдар. 2019 – 2021 жылдар кезеңінде цирк қойылымдарын 291 мың адам тамашалады.
Проблемалық мәселелер
Сонымен қатар, отандық цирк ұжымдарының шетелде кеңінен танылғанын ескере отырып, тиісті үй-жайлардың болмауына байланысты ел өңірлеріндегі халықты осы жанрмен қамту мүмкіндігінің өте төмен екені байқалады. Сонымен бірге шет елдерде шапито цирктерінің үлес салмағы жоғары, бұл цирк қойылымдарының географиясын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Елдегі қолданыстағы цирктердің материалдық-техникалық базасын едәуір жаңарту, тәжірибе алмасу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру қажеттілігі байқалады.
Кинематография
2019 жылы Қазақстанда алғаш рет «Кинематография туралы» Заң қабылданды.
Кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін дербес салалық заңды қабылдау отандық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халық үшін кино көрсету қызметтерінің қолжетімділігі, кинематографияның ашықтығы мен инвестициялық тартымдылығы, қазақстандық киноның шетелде беделі мен танылуын арттыру үшін заңнамалық деңгейде жағдай жасау қажеттілігіне байланысты болды.
Осы заңды іске асыру шеңберінде 2019 жылы кинематографияны дамытуға бағытталған мемлекеттік қаражаттың жалғыз реттеушісі және жеке кинокомпанияларға мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету операторы болып табылатын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылды. Бұл халықаралық тәжірибе болып табылады, осындай ұйымдар жетекші кино өндіруші елдердің барлығында дерлік жұмыс істейді.
Заң қабылданғанға дейін барлық кинотуындылар, олардың прокатын қоса алғанда, республикалық бюджеттен толық көлемде қаржыландырылды, бұл ретте мемлекеттік қаражаттың жалғыз алушысы бөлінген қаржыландыруды бөлу бойынша өзіне тән емес функцияларды орындаған Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы болды. Тиісінше, бұл шығарылатын фильмдер санын, сондай-ақ олардың нарықта коммерциялық ілгерілетілуін едәуір шектеді.
Қазіргі қаржыландыру схемасында фильмдерді қаржыландыру көлемдері бойынша нақты саралау көзделген:
әлеуметтік маңызы бар фильмдер сметалық құнының 100 %-ына дейін толық көлемде қаржыландырылады. Бірінші кезекте бұл балалар фильмдері, әлеуметтік кино, анимация, дебюттік фильмдер;
бірлескен өндіріс фильмдері немесе шетелдік кинокомпаниялармен оларды өндіру туралы тиісті келісімдерде көзделген шектерде копродукция;
бұқаралық, коммерциялық фильмдер – инвесторлар мен жеке капиталды тарту шарттарымен ішінара, 10 %-дан 70 %-ға дейін қаржыландырылады. Сондай-ақ өтінімдерді қарау кезінде кино жобасын іріктеу критерийлерінің бірі өндіруші тарапынан оның қаржылық қамтамасыз етілуі болып табылады.
2019 жылы елдің киноэкрандарына 444 фильм шықты, оның 45-і – қазақстандық кино, бұл кинотеатрлардың жалпы кинопрокатының 10 %-ын құрады, ал 399-ы – шетелдік кино, бұл жалпы кинопрокаттың 90 %-ын құрады. 2020 жылы 273 фильм шықты, оның ішінде қазақстандық кино – 36 фильм, бұл кинотеатрлардың жалпы кинопрокатының 13 %-ын құрады, ал шетелдік кино – 237 фильм, бұл жалпы кинопрокаттың 87 %-ын құрады. 2021 жылы 354 фильм шықты, оның ішінде қазақстандық кино – 31 фильм, бұл кинотеатрлардың жалпы кинопрокатының 9 %-ын құрады, ал шетелдік кино – 323 бірлік, бұл жалпы кинопрокаттың 91 %-ын құрады.
Қазіргі уақытта қабылданған заңның арқасында отандық кинематографистер көптеген отандық компанияларға фильмдер өндіру үшін мемлекеттік қаржылық қолдау алып қана қоймай, режиссерлерді, сценаристерді, продюсерлерді, операторларды, актерлерді, композиторларды қоса алғанда, жаңа перспективалы жас кинематографистерді анықтау мүмкіндігіне ие болды.
Бүгінгі таңда отандық кинематографияда жас кинематографистердің белсенді қызметі байқалады. 2019 – 2021 жылдар кезеңінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 72 фильм өндірілді, оның ішінде жас кинематографистер 33 киножобаны іске асырды, оның ішінде 23 көркем фильм, 6 деректі фильм және 4 анимациялық фильм.
Сонымен бірге, 2022 жылы киножобаларды өндіруге мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін іріктеу конкурсына қатысушылар арасында жастар «Дебют» (шамамен 90 %), «Анимация» (шамамен 85 %), «Әлеуметтік маңызы бар көркем фильмдер» (шамамен 70 %), «Деректі фильмдер, оның ішінде оқиғалы фильмдер» (шамамен 65 %) және «Кең көрермендер аудиториясына арналған көркем фильм» (80 %) секцияларында басым болды.
2019 – 2022 жылдар кезеңінде киножобаларды іріктеу бойынша 4 питчинг өткізілді. Сараптамалық кеңес 1069 өтінімді қарады (2019 жылы – 109, 2020 жылы – 226, 2021 жылы – 503, 2022 жылы – 231).
Сондай-ақ 2019 жылдан бастап Қазақстанда кинематография саласында субсидиялар беру тәртібі заңнамалық деңгейде көзделген, бұл еліміздің аумағында түсірілім жүргізу үшін ірі шетелдік кинокомпанияларды тартуға ықпал етеді, бұл ретте шетелдік инвесторларға субсидиялар (рибейт) беріледі. Субсидия шетелдік заңды тұлғаға Қазақстанда фильм өндіруге байланысты тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнының отыз пайызына дейін өтеу арқылы беріледі.
Қазақстан барлық төрт маусымда түсірілім жүргізуге болатын әртүрлі табиғи ландшафттарымен шетелдік әріптестер үшін тартымды.
2021 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын жаңғырту басталды, ол 2023 жылы аяқталуға тиіс.
«Қазақфильм» киностудиясының брендіне негізделген қазақстандық кинематография отандық киноөнімді халықаралық деңгейге ілгерілету үшін үлкен әлеуетке ие. Отандық фильмдер халықаралық фестивальдерде (Канн, Берлин кинофестивальдері және басқалар) барған сайын көп мойындалуда.
2022 жылы «Қазақфильм» киностудиясында отандық анимация саласын жаңғырту және ұлттық нақыштағы анимациялық фильмдердің сапасы мен мазмұны бойынша халықаралық деңгейге шығуына жағдай жасау, сондай-ақ қысқаметражды және толықметражды анимациялық фильмдер өндірісін ұлғайту мақсатында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. 2022 жылы «Қазақанимация» 20 анимациялық жоба шығарды.
Проблемалық мәселелер
Кинематография саласында ұлттық мәдени мұраны ілгерілетудегі бәсекелестік әлеует мәселесі аса өткір тұр. Мемлекеттік қаржылық қолдау алған фильмдерді кино көрсету ұйымдарында ілгерілету көрсеткіштерінің теріс динамикасы байқалады. Мәселе олардың кинотеатрлар мен әлеуетті аудитория үшін тартымсыздығында болып отыр.
Оның себептері мыналар деп есептеледі:
ел өңірлерін кинофильмдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік кинозалдардың, жылжымалы көшпелі киноқондырғылардың болмауы;
отандық және шетелдік фильмдердің мемлекеттік кинопрокат жүйесінің болмауы. Сонымен бірге Қазақстанда стримингтік платформалар мен онлайн-кинотеатрлардың әлеуетін пайдалану деңгейі төмен;
прокат қызметін мониторингтеу мен бағалаудың бірыңғай жүйесінің, ел аумағына әкелінетін фильмдердің саны, оларды көрсету мерзімділігі мен басымдығы бойынша бірыңғай базаның болмауына байланысты отандық фильмдердің прокат деңгейі туралы объективті көрініс және кинопроизводство мен кинопрокат қызметінің нақты нәтижелері туралы түсінік жоқ;
нысаналы аудиторияны кеңейту үшін ақпараттық ресурстарды: подкасттарды, мәдени жаңалықтарға шолуларды, мәдени өмірге арналған айдарларды пайдалану деңгейінің жеткіліксіздігі.
Музей ісі
Мемлекет музейлерді елдің мәдени саясатының аса маңызды кластері ретінде қолдайды. Республикалық және жергілікті деңгейдегі музейлердің қорларын сақтау, жаңарту, толықтыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.
Әрбір музей ғылыми-қор, экспозициялық-көрме, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту қызметінің әртүрлі түрлері біріктірілген көпфункционалды институт болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда бейініне қарай әртүрлі бағыттағы 264 мемлекеттік музей (филиалдар мен бөлімшелерді қоса алғанда) жұмыс істейді, оның ішінде республикалық маңызы бар 9 музей және 12 музей-қорық бар.
Соңғы уақытта келушілер арасында «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы», «Nur Alem» болашақ энергиясы музейі, «Атамекен» этно-мемориалдық кешені, Археология институтының музейі, Қазақстан палеолиті музейі, Шымкент қаласындағы Бейнелеу өнері музейі және басқалар сияқты әртүрлі салалардың тақырыптық музейлері ерекше қызығушылық тудыруда. Музейлендірудің жаңа нысандары, ашық аспан астындағы музейлер пайда болуда, жалпы білім беретін оқу орындары жанынан музейлер құру тәжірибесі дамып келеді.
Елдің жетекші музейлері 46 ғылыми жобаны іске асырды, 100-ден астам ғылыми еңбек шығарылды, олардың арасында этнографиялық ғылымда баламасы жоқ және отандық қана емес, халықаралық ғылыми қоғамдастық тарапынан да жоғары бағаланған «Қазақтардағы дәстүрлі этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулар жүйесі. Энциклопедия» атты іргелі бес томдық ғылыми-этнографиялық энциклопедия бар.
Музейлер музей экспонаттарының 3D модельдерінің цифрлық каталогын жасау бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта 13 657 музей экспонаты цифрлық форматқа, Қазақстанның 29 киелі объектісі 3D форматына көшірілді.
Ақпараттық технологияларды енгізу музейлерді жаңғырту жұмысының негізгі бағыты болып табылады. Музей қорын есепке алу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді еліміздің барлық музейлеріне кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары жүргізілуде. Шетелдік музейлердің тәжірибесін меңгере отырып, отандық музейлер виртуалды музейлерді белсенді түрде енгізе бастады және әлеуметтік желілерде онлайн іс-шаралар өткізуде. Қазіргі уақытта 4 республикалық музейдің, 11 облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайттарында виртуалды экспозициялар немесе 3D-турлар қолжетімді.
«Tourstat.com» туристік порталының нұсқасы бойынша Ұлттық музей мен Орталық мемлекеттік музей Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі – ТМД) үздік тарихи музейлерінің ТОП-5 қатарына енді.
Пандемияның әсері іс-шараларды өткізудің жаңа форматтарына ықпал етті. Қысқа мерзім ішінде музейлердің әлеуметтік желілердегі белсенділігін дамытуға қол жеткізілді. Бұдан басқа, музейлер оқшаулану қиындықтарын еңсеру мақсатында көптеген арнайы іс-шара әзірлеп, іске қосты: ойындар, тесттер, білім беру іс-шаралары және баспасөзде жарияланып отырған көптеген «челлендждер».
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар ұлттық мәдени игілік объектілерін Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі бірнеше жыл бойы облыстық музейлермен бірлесіп, ЮНЕСКО үйлестіретін Еуропалық одақ қаржыландыратын IST зерттеу және дамыту бағдарламасының «Дүниежүзілік мұра желісі» жобасы шеңберінде әзірленген «Музеолог» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізуде.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ел музейлерінің экспонаттар саны 2 615 448 экспонатты құрайды. Ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне 29 музей қорынан 5058 құнды зат енгізілді. Мемлекеттік каталогқа 115 музейден 137 432 сақтау бірлігі енгізілді.
Статистика деректері бойынша Қазақстан музейлері 2019 жылы 181 431 экскурсия, 9496 көрме өткізді. 2020 жылы 62 762 экскурсия, 4058 көрме өткізілді. 2021 жылы 125 430 экскурсия, 6909 көрме өткізілді.
2019 жылы музейлерге келушілер саны 6829 мың адамды құрады, 2020 жылы – 2351 мың адам, бұл алдыңғы кезеңнің көрсеткішінен 34 %-ға аз, 2021 жылы – 5105 мың адам, бұл 2 есе оң өсу динамикасын көрсетеді.
Проблемалық мәселелер
Музей ісін дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстарға қарамастан, бүгінгі таңда музей қорларын толықтыру мәселелері проблемалық күйінде қалып отыр.
Музей саласын цифрландыру: музей заттарын цифрландыру, бизнес-процестерді оңтайландыру, виртуалды музейлер құру және онлайн іс-шаралар өткізу тиімді әрі нәтижелі менеджментті қажет етеді.
Халықтың саны мен тығыздығын, келу және ішкі туризмнің жеткілікті белсенді дамымауын ескере отырып, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мәртебесіне ауыстырылған бірқатар мемлекеттік ұйымдардың, оның ішінде музейлердің өзін-өзі ақтауға көшуі ұлттық мәдени мұраға қызығушылықты арттыру қажеттіліктерімен үйлеспейді. Қызметтер спектрін кеңейту және клиентке бағдарлану процестерін жетілдіру қоғамның ақпараттық және мәдени күтулеріне сәйкес келетін орта мерзімді кезеңдегі өзекті міндеттер болып табылады.
Бейнелеу өнері, сәулет, дизайн
Қазақстан – бай тарихи және мәдени өткенге ие ел, бұл оның айтарлықтай әрі бірегей бейнелеу және сәулет мұрасынан көрініс табады. Еуразия құрлығының орталығында географиялық тұрғыдан орналасқан Қазақстан ежелгі өркениеттер тоғысында, Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көлік жолдарының, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да байланыстардың қиылысында орналасқан. Әртүрлі мәдениеттердің элементтерін бойына сіңіре отырып, дәстүрлі сәулеттік-көркемдік нысандарға сүйене отырып, көпэтносты ортада және үнемі өзгеріп отыратын тарихи жағдайларда дами келе, Қазақстан сәулет өнері өзінің ерекше тілін қалыптастырып, байыта түсті.
Бейнелеу өнері – халықтың тарихын, дәстүрлері мен рухани байлығын бейнелейтін маңызды мәдени мұра. Бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер мен дизайнды шығармашылық кластерлер ретінде қарастырған кезде олардың өнімдерінің ерекшелігі халықтың, дәуірдің және елдің визуалды бейнесі ретінде бұқаралық санада қалыптасатынын ескеру қажет. Бұл ерекшелік ұлттық мәдени брендтерді қалыптастыру мен ілгерілетудің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Қазақстанның бейнелеу өнері әлемге кеңінен танымал және өзіне ғана тән қайталанбас ерекшеліктерге ие.
Сәулет және дизайн – адам өмір сүретін ортаны қалыптастыратын, мәдениеттің дамуына тікелей жағдай жасайтын және айқындайтын адам қызметінің салалары. Сәулет пен дизайн дамуының қазіргі жай-күйі әртүрлі бағыттармен сипатталады, олардың ішінде тұрақты даму: экологиялық тазалық, энергия тиімділігі, жайлы орта қалыптастыру, ұлттық бірегейлік пен өзіндік ерекшелікті іздеу, тарихи-сәулет мұрасын сақтау, өнер синтезі, сәулет-құрылыс қызметіндегі инновациялар маңызды орын алады.
Бейнелеу өнері, сәулет және дизайн саласындағы маңызды институттарға қоғамдық кәсіби бірлестіктер, музейлер, көрме залдары, галереялар және басқалары жатады.
Бейнелеу өнері саласы кәсіби суретшілер мен өнертанушыларды, мүсіншілерді, кескіндемешілерді, графиктерді, монументалды және сәндік-қолданбалы өнер суретшілерін, халық шығармашылығы шеберлерін біріктіретін қоғамдық бірлестік – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы арқылы ұсынылған. Оның құрамында жастар бірлестіктері жұмыс істейді. Суретшілер одағының және оның 14 филиалының, сондай-ақ дербес заңды ұйымдардың тіркелген мүшелерінің жалпы саны 1192 адамды құрайды.
Еліміздің жобалау институттарының, ғылыми мекемелері мен мемлекеттік сәулет органдарының 14 филиалы мен бастапқы ұйымдарын қамтитын ірі шығармашылық ұйым – Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы. Оның жанында жастар бірлестіктері жұмыс істейді.
Дизайнерлер одағы 11 филиалды қамтиды және 650-ден астам кәсіби дизайнерді, сәулетшіні, флористі біріктіреді. Саланың негізгі қызмет түрлеріне пәндік, графикалық, кеңістіктік дизайн, сондай-ақ сараптама жүргізу және дизайнның білім мен ғылым саласы ретіндегі өзара іс-қимылы бағытындағы зерттеу жұмыстары жатады.
Сәулетшілер, дизайнерлер қауымдастықтары мен шығармашылық және құрылыс индустриясының басқа да өкілдерінің қызметі осы үкіметтік емес ұйымдарға қатысушылардың кәсіби өсуіне, тәжірибе алмасуына және халықаралық байланыстарын нығайтуға ықпал етеді. Бұл ұйымдар қызықты сәулеті, айдентикасы, концерттік алаңдары, музейлері, көрме кешендері, галереялары бар қалаларды дамытып, мәдениет пен өнер саласындағы белсенді дамып келе жатқан шығармашылық бағыттарды таныстыру арқылы Қазақстанның мәдени және туристік тартымдылығын арттыруға үлес қосады.
Бейнелеу өнері саласындағы басым бағыт – SCIENCE ART, мұнда заманауи технологиялар мен ғылымның соңғы жетістіктері мен жаңалықтарына негізделген жаңа материалдар синтезі жүзеге асырылады. Осы бағытты дамыту, цифрландыру мен озық технологияларды енгізу мақсатында Қазақ ұлттық өнер университетінің көркемсурет факультеті базасында сценография мен дизайнның цифрлық және мультимедиялық технологиялары зертханасы құрылды.
Сәулетшілер мен дизайнерлердің қызметін одан әрі ынталандыруға TANU халықаралық тәуелсіз сыйлығының құрылуы ықпал етті.
Қазіргі уақытта Қазақстанда бейнелеу өнері бағыты бойынша 9 музей мамандандырылған, олардың бейнелеу өнері туындыларының жалпы қоры 70000-нан астам экспонатты құрайды.
Қазақстандағы бейнелеу өнері мен дизайн 8 көрме алаңында және 55 көркемсурет галереясында ұсынылған.
Шығармашылық ортадағы маңызды қадам Алматы қаласында "AlatauCreative HUB" креативті хабының ашылуы болды. Оның құрамына жаңа технологияларға басымдық беретін "ArtBit" білім беру-көрме орталығы, сондай-ақ Астана қаласындағы креативті алаңдар, "FestivalAvenue" шығармашылық бірлестіктер желісі және басқалары кіреді.
Проблемалық мәселелер
Бүгінгі таңда суретшілердің жұмыстарын орындауға тапсырыс беру, музей қорлары үшін суретшілердің туындыларын жүйелі түрде сатып алу, шығармашылық жоспарларын іске асыру үшін суретшілер, сәулетшілер мен дизайнерлердің қоғамдық бірлестіктерін үй-жайлармен және алаңдармен қамтамасыз ету арқылы олардың қызметін қолдау тетіктері жоқ. Білім беруден бастап шығармашылық әлеуетті іске асыруға дейінгі үздіксіз процестерді жүзеге асыратын Өнер академиясын құру қажеттілігі байқалады.
Сонымен қатар жаһандану процестерінен туындаған, қазіргі Қазақстанның ұлттық мәдени кодын қалыптастырумен байланысты бірегейліктің дағдарысы байқалады. Өңірлердің аумақтық және мәдени ерекшеліктерін брендтеу жұмыстары жүргізілмеген. Жеке тұлғаның ақпараттық және мәдени қауіпсіздігінің басты шарты ретінде азаматтық бірегейлікті айқындайтын өңірлік креативті хабтардың қызметі әлсіз дамыған.
Кітапхана ісі
Қазақстан Республикасының кітапхана желісіне мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалардың кітапханалары кіреді.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3920 кітапханада шамамен 6 миллион оқырманға қызмет көрсетілді, бұл Қазақстан халқының 31,5%-ын немесе елдің әрбір 3-ші тұрғынын құрайды. Оның ішінде балалар – 1 миллион 440 мың (оқырмандар санының 23,9%-ы), жастар – 1 миллион 242 мың (26,5%); кітапханаларда құжаттарды беру көлемі 89 миллион данадан асады.
Елдің жалпыға қолжетімді кітапханаларында 9395 адам жұмыс істейді, олардың тек 65,7%-ында ғана арнайы кітапханалық білім бар.
Белсенді бастамашыл топтар мен жастарды қоғам өміріне кеңінен тарту мақсатында кітапханаларды мәдени-демалыс орталықтарына жаңғырту шеңберінде коворкинг-орталықтар ("Bilim Оrtalygy") жұмыс істейді. Орталықтар жастардың бизнес, шығармашылық және оқу бағдарламалары аясында креативті жобаларды (қызығушылық клубтары, көрмелер, үйірмелер, шеберлік сабақтары, тренингтер) іске асыруға мүмкіндік береді.
2018 жылы елде 181 коворкинг-орталық ашылса, 2022 жылы олардың саны 400-ден асты, яғни 2,5 есеге көбейді. Орталықтардың материалдық-техникалық жабдықталуы жергілікті атқарушы органдар бюджетінің қаражаты, сондай-ақ демеушілік көмек есебінен жүзеге асырылады.
Жыл сайын жалпыға қолжетімді кітапханалар оқырмандар үшін 160 мыңнан астам мәдени-көпшілік іс-шара өткізеді.
Пандемия жағдайында ел кітапханалары кітапхана ісін дамыту бағытын өзгертті. Атап айтқанда, құжаттарды электрондық жеткізу, "kazneb.kz" Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасында орналастырылған кітаптардың электрондық көшірмелеріне сілтемелер ұсыну арқылы кітапханалық қызметтерді онлайн форматта көрсетуге көшті. Электрондық коллекцияны кеңейту Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының алдағы уақыттағы маңызды міндеті болып қала береді. Бүгінде Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының қорында 60 мыңнан астам құжаттың электрондық көшірмесі бар, бұл қазақ әдебиеті шығармаларын шетелдік оқырмандарға қолжетімді етеді.
Балалар мен жасөспірімдер арасында оқу мәдениетін дамыту бөлігінде кітапханалар қызметін ұйымдастырудың жаңа әдістері әзірленді. Осы мақсатта 2021 жыл Балалар әдебиеті жылы болып жарияланды.
Балалар әдебиеті жылы аясында мәдениет саласындағы уәкілетті орган 2021–2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында оқырмандарды кітапханаларға тарту және оқуды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.
Халықтың оқырмандық белсенділігін арттыруға әртүрлі жас санатындағы аудиторияны кеңінен қамтитын іс-шаралар жүзеге асырылатын "Оқитын ұлт" жобасы ықпал етеді.
2022 жылы зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханалардағы әдебиет тапшылығын жою мақсатында ел кітапханаларының қорларын, оның ішінде мемлекеттік тілдегі зағип және көзі нашар көретін адамдарға арналған әдебиеттер қорын жыл сайын 4%-ға ұлғайту көзделген.
Проблемалық мәселелер
Жалпы, кітапхана ісі саласында бірқатар проблемалық мәселелер байқалады: қаржыландырудың жеткіліксіздігі салдарынан, әсіресе ауылдық жерлердегі кітапханалардың материалдық-техникалық жарақтандырылуының әлсіздігі, кітапхана қорларын толықтырудың жеткіліксіздігі, кітапхана қорларын цифрландыруға арналған жабдықтармен және компьютерлік техникамен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, өңірлердегі кітапхана желісін оңтайландыру есебінен республиканың жалпыға қолжетімді кітапханалары санының азаюы.
Ономастика саласы
Қазіргі уақытта елімізде ономастикалық кеңістікті реттеу бойынша шаралар қабылданған. "Atau.kz" электрондық ономастика базасы жұмыс істейді. Ономастикалық кеңістікті реттеу жұмыстары жанданды. Мәселен, 2019 жылы 6 елді мекен, 2020 жылы – 37, 2021 жылы – 23 елді мекен қайта аталды.
Жалпы, ел бойынша 90-ға жуық аудан, қала, облыс, 3000 елді мекен, 25000 құрамдас бөлік (көшелер, даңғылдар, шағын аудандар және т.б.) қайта аталды, 150-ден астам теміржол станциясының атауы (тілдік нормаларға сәйкес транскрипциясы өзгертілді).
2021 жылы мәдениет саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасында ономастикалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Әдістемелік ұсынымда объектілерге, елді мекендерге, көшелер мен даңғылдарға атау беру кезінде қолдануға арналған нақты нұсқаулар қамтылған.
2019 жылы жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, елдегі атау беру және қайта атау жұмыстарын жүргізу кезінде басшылыққа алу мақсатында ономастикалық жұмыс өлшемшарттарына қосымша әдістемелік құрал ретінде "Тарихи тұлғалар" тізімі жасақталды. Бұл тізім жергілікті атқарушы органдардың, зиялы қауым өкілдерінің, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары ескеріле отырып әзірленді. 2021 жылы "Тарихи тұлғалар" тізімі 555 адамға дейін кеңейтіліп, заман талабына сәйкес Республикалық ономастика комиссиясы тарапынан өзектендіріліп отырады.
Проблемалық мәселелер
Қазіргі уақытта елде тарихи-географиялық, дәстүрлі атауларға сәйкес, ұлттық танымға жақын және бірізділік қағидаты негізінде қайта атауды қажет ететін идеологиялық тұрғыдан ескірген 7000-ға жуық атау анықталған.
Кадрлық әлеуетті дамыту және өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу
Мәдениет саласындағы кадрлық әлеует осы саладағы білім беру ұйымдары арқылы қамтамасыз етіледі.
Мәдениет және өнер саласында кадрлар даярлау жүзеге асырылатын білім беру платформасының жұмыс істеуіне жүргізілген талдау шығармашыл жастарды оқыту, тәрбиелеу және дамыту нәтижелерінің жоғары екенін көрсетті. Бұл 2021 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының барлық шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша сұранысқа ие болу жөніндегі Ұлттық рейтингінде алдыңғы орындарды иеленуімен расталады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) жүзеге асырылатын көркемдік-білім беру процесі жоғары кәсіби және білікті профессорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етілген. Кадрлық әлеуетті халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес жүйелі түрде жаңарту жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) шеңберінде мәдениет және өнер саласында кадрлар даярлауға мемлекеттік қолдаудың өскені байқалады.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес мемлекет ЖЖОКБҰ мен өнер колледждерінің түлектерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді. Осылайша, мәдениет саласындағы уәкілетті орган жоғарыда аталған түлектердің жұмысқа орналасуына талдау мен мониторинг жүргізеді, бұл еліміздің барлық өңірлеріндегі кадрларға деген қажеттілікті түзетуге мүмкіндік береді.
2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақ ұлттық хореография академиясында Татарстан Республикасының "Қазан мемлекеттік мәдениет институты" федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесімен қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру жұмысы басталды.
Студенттер мен оқытушылар құрамын шетелде оқуға жіберу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда, "Aberystwythuniversity" (Ұлыбритания), "Өнер академиясы" (Латвия), Лапландия университетімен (Финляндия) шарттар жасалды.
Мәдениет және өнер саласында кәсіби кадрлар даярлау жөніндегі шаралардың нәтижесі – олардың жоғары жетістіктерінің мойындалуы.
Оқушыларға қазақ халқының тарихын, мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын танып-білуге мүмкіндік беретін "Ұлағатты ұрпақ" және "Мектеп оқушысының мәдени нормативі" мәдени-білім беру жобаларын іске асыру басталды.
2021 жылы мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізілді, оның аясында Қазақстанда алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс тетігі енгізілді. Шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыру 2021 жылы басталды және "Artsport.edu.kz" цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Еліміздің өңірлерін, оның ішінде шалғай ауылдық жерлерді балалармен жұмыс істейтін мамандармен қамтамасыз ету мақсатында осы мамандарға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесі кеңейтілді.
2021 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуі мен салауатты өмір салтын қамтамасыз ету мақсатында елімізде 50 шығармашылық бағыт бойынша 25000-нан астам шығармашылық үйірме ұйымдастырылды.
Мәдениет, өнер және ғылымның еңбек сіңірген қайраткерлерін, дарынды тұлғаларды, еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан азаматтары мен шетел азаматтарын қолдау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
Жас дарынды мәдениет және өнер қайраткерлеріне кәсіби деңгейде қалыптасуына ықпал ететін беделді республикалық және халықаралық конкурстарға қатысу үшін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Қолдаудың маңызды шараларына Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты, мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендияны, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын, өнер саласындағы Қазақстан Республикасының "Umai" ұлттық сыйлығын тағайындау жатады.
2020 жылы енгізілген Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес балет әртістеріне ай сайынғы ақшалай төлемдер көзделген.
Халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар аясында мәдениет және өнер саласындағы төрт отандық ЖЖОКБҰ профессорлық-оқытушылық құрамының жалақы коэффициенті 1,75-тен 3,5-ке дейін ұлғайтылды.
Проблемалық мәселелер
Мәдениет саласын кадрлармен қамтамасыз етудегі негізгі проблемалық мәселелердің бірі – дизайнерлердің барлық түрлері, режиссерлер, аниматорлар, дирижерлер, дыбыс және жарық аппаратурасының операторлары, сценаристер, кинематография, музей және кітапхана ісі (оның ішінде реставраторлар, археологтар, антропологтар, этнологтар) мамандары сияқты кәсіби кадрлардың тұрақтамауы мен тапшылығы, ауылдық жерлердегі шығармашылық үйірмелер қызметі бойынша оқытушылар құрамының жетіспеушілігі.
Өскелең ұрпақты отбасылық, дәстүрлі, ұлттық және қоғамдық құндылықтардың өзара байланысына негізделген мәдени-адамгершілік тәрбиелеудің жаңа тетіктерін енгізу қажеттілігі байқалады.
Аталған салалардағы мамандар тапшылығының негізгі себебі жалақы деңгейінің төмендігімен байланысты, ол қазақстандықтардың орташа айлық атаулы жалақысынан шамамен 2 есе төмен.
Үрмелі музыкалық аспаптарда ойнайтын әртістердің, би ансамбльдерінің әртістерінің, күрделі әрі қауіпті жанрларда жұмыс істейтін цирк әртістерінің әлеуметтік қорғалуының әлсіздігі байқалады.
3. Халықаралық тәжірибеге шолу
Мәдениет саласының қарқынды дамып келе жатқан процестерінде ел, қоғам және жеке тұлға мүдделері арасындағы тепе-теңдікті қолдау мәдени саясаты тұрақты әрі тиімді мемлекеттің ең оңтайлы қағидаты болып табылады. Қазақстан үшін әлемнің дамушы және дамыған елдерінің тәжірибесін ескеру маңызды.
Мәдениетті дамытуды өлшеуге арналған индикаторлар жүйесі (ЮНЕСКО), креативті индустрияларды дамыту, "жұмсақ күш" құралдары, белсенді цифрландыру және саланың әлеуметтік-идеологиялық миссиясы – бүкіл әлемдегі мәдениет саласындағы мемлекеттік стратегияларды біріктіретін элементтер.
Дамыған елдердің (Еуропалық Одақ, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы және басқалар) тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі уақытта мемлекеттік мәдени саясат саласындағы стратегиялық құжаттар ұлттық деңгейде іске асырылуда.
Ғылыми жұмыстың креативті индустрияларға ықпал етуі тұрғысынан ең озық тәжірибелердің бірі – Ирландия тәжірибесі. Онда "Дәстүрлі ирланд музыкасының мұрағаты" ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Оның жұмысының нәтижелері "itma.ie" ауқымды интернет-жобасында ұсынылған. Заманауи хэштегтер мен сілтемелер жүйесі арқылы бірнеше ғасыр бойы өмір сүрген ирланд музыканттарының қолжетімді барлық ноталық, мәтіндік, аудио және бейнежазбалары ашық қолжетімділікте сақталады.
Әлемнің барлық елдерінде мемлекеттер дарынды шығармашыл жастарды белсенді түрде қолдайды. Мәселен, Германияда олар үшін көптеген мүмкіндіктер ашылған және қолжетімді. Елде өнердің әртүрлі салаларында өзін танытқан жастарға қаржылық көмек көрсетуге дайын ұйымдар аз емес: біріншіден, бұл федералдық және өңірлік деңгейдегі көптеген мемлекеттік ұйымдар, екіншіден – жеке және қоғамдық қорлар. Қолдау, әдетте, стипендиялар, сондай-ақ түрлі конкурстардағы сәтті өнер көрсеткені үшін сыйлықтар мен жүлделер түрінде жүзеге асырылады. Жас таланттарды қолдауға банктер де белсенді қатысады. Банктерден қаржылық қолдау алудың ең сенімді жолы – олар өткізетін көптеген конкурстарға қатысу.
Анимациялық фильмдер жасаудағы көшбасшылардың бірі – Америка Құрама Штаттары. Кинематографияның бұл саласы өте көп шығынды қажет ететін процесс болып табылады. Америка Құрама Штаттарында бір сағаттық анимациялық фильм жасаудың құны кемінде 200–300 мың долларды құрайды, осыған байланысты мұндай фильмдерді жасау бойынша жетекші орындар "The Walt Disney Company" және "Pixar Animation Studios" сияқты ірі киностудияларға тиесілі. Анимациялық фильмдерді қаржыландыру мәселелерімен демеушілердің қаражатын тартатын продюсерлер айналысады.
Францияда кинематографияға мемлекеттік қолдауды арнайы құрылған "Ұлттық киноорталық" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. Ол фильмдерді өндіру және прокаттау, кинотеатрлар желілерін кеңейту және жабдықтау, француз киносы мен аудиовизуалды өнімдерін шетелдік нарықтарда ілгерілету мәселелерін шешеді.
Францияның музейлері мен тарихи-мәдени нысандарын дамыту Мәдениет министрлігінің қамқорлығымен жұмыс істейтін "Мәдениет саласындағы өңірлік басқарма" (Regional Directorates of Cultural Affairs (RDCA)) ұйымының қарамағында. Кез келген жас зерттеуші немесе ерікті елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге арналған гранттарды жеңіп алып, өз жобаларын жүзеге асыра алады.
Жапонияның материалдық емес мәдени мұрасын зерттеумен Азия-Тынық мұхиты өңірінің материалдық емес мәдени мұрасын зерттеу мен сақтауды үйлестіретін Материалдық емес мәдени мұраны зерттеу халықаралық орталығы айналысады.
Еуропалық Одақ музей коллекциялары мен тарихи құжаттарды цифрландыру мақсатында құрған "Europeana.eu" веб-порталында өнер туындылары мен тарихи құжаттардың 50 миллионнан астам цифрлық көшірмесі орналастырылған.
Түркияда Мәдениет және туризм министрлігі https://sanalmuze.gov.tr/ веб-сайтын іске қосты, онда министрлік басқаруындағы 16 музейге тегін виртуалды түрде баруға болады.
Халықаралық кәсіби кітапханалық қоғамдастық кітапханалардың қызметін үйлестіру мен тиімділігін арттыруда белсенді рөл атқарады. Америка Құрама Штаттарының Сан-Антонио қаласындағы қоғамдық кітапхана – баспа кітаптары жоқ, тек құжаттардың цифрлық коллекциясы бар әлемдегі алғашқы кітапхана.
Әлемдік тәжірибені талдау мемлекет мүдделілігі мен сауатты құрылған саясат мәдениет саласында әлеуметтік тұрақтылыққа, құндылықтар жүйесі мен оның сабақтастығын, патриотизм мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға ықпал ететінін, сондай-ақ саланың инновациялық дамуы мен тұрақты экономикалық өсімін ынталандыратынын көрсетті.
Сонымен бірге жүргізілген талдау мәдениет пен өнердің тұрақты дамуы жүйелі тәсілді қажет ететінін, шығармашылық қоғамдастықты қолдау ашық әрі қолжетімді ақпараттандыру негізінде жоспарлы қадамдар арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін көрсетті.
4. Мәдени саясатты дамыту пайымы
Мәдени саясат – жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру мен ұлттық сананы жаңғырту құралдарының бірі. Ол қоғамдағы мәдени өмір процестерін мемлекеттік қолдау және азаматтарды мәдениет құралдары арқылы тәрбиелеу жолымен жүзеге асырылады.
Қазіргі қазақстандық мәдениеттің қалыптасқан тарихи-мәдени негізі мен ұлттың генетикалық кодының арқасында жаһандық мәдени диалогқа белсенді қатысуға барлық алғышарттары бар. Ұлттың мәдени кодының негізгі құрамдас бөліктеріне мұра, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, тіл, отбасы, шаруашылық жүйелері (өмір салты), мерекелер жатады.
Қазіргі Қазақстанның мәдени дамуының маңызды бағыттарының бірі – мәдени мұраны сақтау, зерттеу және тарату. Мәдени мұра – қоғамымыз бен мемлекетімізді топтастыру мен табысты дамытудың сарқылмас әлеуеті, ұлттық рәміздер жүйесін, ұлттық бірегейліктің негізін қалыптастырудың және жат идеологиялық ықпалдардан символдық қорғаудың базалық негізі.
Ұлттық құндылықтарды қолдау, қоғамдық сананы жаңғыртуға, рухани жаңғыруға және ұлттың мәдени кодын нығайтуға ықпал ететін адамгершілік бағдарларды қалыптастыру мен дамыту тілдің дамуы, мәдени-тарихи құндылықтарды, дәстүрлерді сақтау, Қазақстанның киелі орындарының мәдени-географиялық картасын қалыптастыру, қазіргі қазақстандық мәдениетті жаһандық әлемде ілгерілету, өз Отанына деген әлеуметтік құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Құжатта мәдени инфрақұрылымды, кадрлық әлеуетті дамыту, мәдени өнімді, негізгі оқиғалар мен оны ілгерілету жөніндегі іс-шараларды қалыптастыру процесі көрсетілген.
Әлемдік тәжірибе ұлттың мәдени мұрасын трансляциялау және интеграциялау технологиялары ғылыми зерттеулерден бастап мәдени туризмге дейінгі заманауи мәдени кластерлерді қалыптастырудың негізінде жатқанын көрсетеді. Кластерлерді дамытудың катализаторы – мәдени мұраны күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне, жаңа ұрпақ үшін өзекті болып табылатын жанды әрі үнемі дамып отыратын дәстүрге айналдыруға мүмкіндік беретін креативті индустрия.
Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде ұсынылатын мәдени өнімнің жоғары сапасы қамтамасыз етіледі. Қазақстан театрларының репертуарына отандық авторлардың қойылымдары енгізіледі. Жас дарынды мәдениет және өнер қайраткерлеріне жоғары халықаралық деңгейде мойындалуға мүмкіндік беретін қолдау көрсетіледі. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау шаралары олардың қоғамға интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Отандық кинематографияны, оның ішінде жеке кино компанияларын дамыту мен қолдаудың жүйелі шаралары жалғастырылады. Қабылданатын шаралар арқылы қысқаметражды, толықметражды, анимациялық фильмдер өндірісі, отандық киноөнімді өндіру процесінде шетелдік тәжірибені қолдану, сондай-ақ қазақстандық кинематографияны халықаралық фестивальдер мен конкурстарда таныстыру көлемі ұлғайтылады.
Мәдени-туристік нысандардың жоғары әлеуеті оң әлеуметтік және экономикалық нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді және ұлттық мәдени өнімнің танымал брендтерін қалыптастыруға, сондай-ақ өңірлердің жаңа тарихи-мәдени имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Музей және кітапхана қызметі саласында озық цифрлық технологияларға көшу арқылы Қазақстанда халықтың мәдени өнімге қолжетімділігінің жоғары деңгейі, елдің ұлттық тарихы мен төл мәдениетіне деген қызығушылықтың артуы қамтамасыз етіледі. Қазақстан кітапханалары жинақталған қоғамдық білімге заманауи әрі қолайлы форматта кеңінен қолжетімділікті қамтамасыз ететін көпфункционалды ақпараттық және демалыс орталықтарына айналады. Жүргізілетін қызметтің нәтижелерінің бірі елдегі музейлер мен кітапханаларға келушілер санының артуы болады.
Көрме алаңдарын құру және оларда іс-шаралар өткізу, шеберлер мен дарынды жастарды тарту осы салалардағы жетістіктерді әлемдік аренада таныстыруға, шығармашылық ізденістер нәтижелерімен өзара алмасуға арналған эксперименттік алаң қалыптастыруға ықпал етеді және жалпы елдің мәдени имиджіне оң әсерін тигізеді.
Адами капитал, шығармашылық ресурс, жүйелі мемлекеттік қолдау және бизнес-бастамалар өз кезегінде мемлекеттің және қоғамның экономикадағы, әлеуметтік және мәдени өмірдегі табысының басты көрсеткіші болып табылатын бәсекеге қабілетті мәдени ортаның қарқынды дамуының берік іргетасына айналуы тиіс.
Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай мәдениеттің барлық бағыттарының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін елдің бірыңғай мәдени кеңістігі қалыптастырылады.
5. Мәдени саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
Тұжырымдаманы іске асыру мынадай қағидаттар мен тәсілдерге негізделетін болады:
1) жаңа институционалдық бірлестіктер, заманауи мәдени кластерлер және озық технологиялар негізінде мәдени ортаның бірлігі;
2) мәдениеттің барлық бағыттарын дамытудың жүйелілігі мен кешенділігі;
3) тарихи сабақтастық және мәдениеттің үдемелі дамуының үздіксіздігі;
4) инклюзивтілік және әлеуметтік бағыттылық;
5) шығармашыл тұлғаның және мәдени өзін-өзі көрсету нысандарының еркіндігі;
6) инновациялылық және креативтілік.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауы ел мәдениетін дамытуға жаңа серпін берді.
Мәдениет саласына заманауи технологияларды енгізу мәдениет саласын жаһандандырудың, мәдени коммуникациялардың жаңа нысандарын дамытудың және бүкіл елдің мәдени кеңістігін біріктірудің маңызды факторы болып табылады.
Зияткерлік ақпаратқа қол жеткізудің инновациялық нысандарын белсенді дамыту шеңберінде Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының қорын едәуір кеңейту процесі іске қосылды.
Қазақстанның мәдени әлеуеті туралы ішкі және халықаралық нарықтарда ақпараттандыру деңгейін арттыруға, брендингті дамытуға, бірегей жергілікті мәдени өнімдерді әзірлеуге PR-ілгерілету құралдарын дамыту, қосымша аудитория тарту және мәдени мұраны танымал ету үшін қоғамдық пікір көшбасшыларын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерді тарту ықпал ететін болады.
Отандық мәдениетті танымал ету қазақстандық азаматтар арасында мәдениетке деген қажеттілікті қалыптастырып қана қоймай, жалпы саланы әлеуетті инвесторлар үшін тартымды етеді.
Тарихи-мәдени мұра
Қазақстанда бірегей дүниежүзілік мұра ескерткіштері бар. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізімінде Қазақстан Республикасынан 10 нысан бар. Жақын перспективада 2025 жылға қарай Қазақстаннан осы тізімге енгізілген нысандар санын 10-нан 16 бірлікке дейін арттыру көзделген. Қазіргі уақытта жаңа номинациялық досьелер әзірленуде. Осыған байланысты Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан және Өзбекстан республикаларымен бірлесіп, "Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі" сериялық трансұлттық номинациясын дайындау және ілгерілету жұмыстары жүргізілуде.
Әлемдік үрдістерді ескере отырып, тарихи-мәдени мұра нысандары негізінде туристік өнімдер, инфрақұрылым және брендтер құру арқылы туризмді дамыту перспективалы бағыт болып саналады. Бұл бағыттағы алғашқы қадам – республикалық музей-қорықтардың аумағында құрылған Гауһар-Ана, Сауран, Сарайшық, Есік, Ордабасы, Ұлытау, Таңбалы, Отырар визит-орталықтарының құрылысын аяқтау.
Қазақстанның мәдени брендінің оң дамуына Қазақстанның киелі жерлеріндегі мәдени туризмді дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу, туристік орындарда ұлттық бренд өнімдерін сату ықпал ететін болады.
Туризм нысаны ретінде "Бозоқ" ашық аспан астындағы Ұлттық археологиялық паркін салу осы бағыттағы бірінші кезектегі шара болып табылады.
Елдің тарихи-мәдени мұрасын танымал етуге бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-платформаларда ауқымды ақпараттық-насихаттау қызметі ықпал етуі тиіс.
Қазақстанның тарихи мұрасын одан әрі зерттеу және дамыту мақсатында 2023 жылы 8 жоба бойынша археологиялық жұмыстар аяқталады, оның ішінде Берел, Алтын Орда кезеңіндегі қалашықтар, Бытығай, Ботай, Бозоқ және басқа да бірегей археологиялық нысандарды зерттеу көзделген. Археологиялық жұмыстармен қамтылатын нысандар саны ұлғайтылады.
2030 жылға қарай республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жалпы санындағы ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілген республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің үлесі 40%-ға дейін ұлғаяды. Олардың қатарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Сауран археологиялық кешені, Сарайшық, Ботай қалашықтары және басқалары бар.
Материалдық емес мәдени мұра
Материалдық емес мәдени мұраны сақтауды және дамытуды тиімді ұйымдастыру үшін ғылыми құрамдас бөлігі күшейтіледі, бұл мемлекеттік құрылымдар мен мұра жеткізуші қауымдастықтардың өзара іс-қимылын жүйелеуге мүмкіндік береді. Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұрасы гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулердің басым мамандандырылған ғылыми бағыттарының тізбесіне енгізіледі. Бұл шара қазақстандық ғалымдар мен зерттеу топтарының материалдық емес мәдени мұра бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларды орындауға назарын аударады.
Музыкалық, бейнелеу, театр және қолданбалы өнер, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, аспаздық, мал шаруашылығы, егіншілік және тағы басқа салалардағы жаңа дәстүрлерді анықтау және қолданыстағы дәстүрлер тізілімін толықтыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Қазақстанның материалдық емес мәдени мұра элементтерін танымал етуге және оларды адамзаттың дүниежүзілік рухани мұрасы деңгейіне шығаруға, ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтауға ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізімін 2030 жылға қарай қазақстандық мәдениеттің жаңа элементтерімен 20 бірлікке дейін толықтыру ықпал ететін болады.
Республикалық деңгейде қауымдастықтармен өзара іс-қимыл шеңберінде дәстүр жеткізушілер конкурстары, материалдық емес мәдени мұраны танымал етуге арналған телехабарларды бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету, осы тақырыптағы контентті көбейту арқылы материалдық емес мәдени мұраны танымал ету жұмыстары жүргізіледі.
Материалдық емес мәдени мұраға қоғамдық назар аударуды арттыруға фестивальдер, жәрмеңкелер, конкурстар, слеттер және басқа да іс-шаралар өткізу, оларды ұйымдастыру комитеттері мен қазылар алқасына материалдық емес мәдени мұра саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшыларды тарту айтарлықтай ықпал етеді.
Еліміздің өңірлерінде шығармашылық мәдени өнімді іске асыруға арналған алаңдар құруды көздейтін өңірлік жоспарлар әзірленеді.
Театр және музыкалық өнерді дамыту
Театр және концерт ұйымдарының репертуарлық саясатын қалыптастыру театрлар мен концерт ұйымдарының репертуарына ұлттық композиторлар мен драматургтердің бұрыннан орындалмай жүрген жауһарларын енгізу және заманауи шығармалар есебінен репертуарды жаңарту жөніндегі жұмыстармен күшейтіледі. Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде еліміздің барлық театрларының репертуары ұлттық авторлардың шығармаларымен толықтырылады. 2030 жылға қарай Қазақстан театрларының репертуары отандық авторлардың 600-ге дейін жаңа қойылымымен толықтырылады.
Еліміздің театрларының репертуарын қазақ және отандық авторлардың спектакльдерімен толықтыру отандық композиторлар мен драматургтердің шығармаларын танымал ету мен насихаттауға жаңа серпін беріп, көрермендердің рухани және адамгершілік тәрбиесін арттырады.
Театрлар репертуарын жаңарту шараларының бірі өнердің жаңа туындыларына арналған республикалық "Dala dauysy" конкурсына отандық авторлардың қатысуы болады.
Қазақстанның жетекші театрлары ұлттық опера, балет және драма өнерінің жетістіктерін халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысу арқылы әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялайды. Алмасу іс-шаралары қазақстандық мәдениеттің бірегей моделінің халықаралық деңгейде танылуына ықпал етеді.
Музыкалық және театр өнерін халықаралық мәдени кеңістікке интеграциялауға Қазақстанда Халықаралық мюзиклдер фестивалін іске асыру, "Опералия" халықаралық фестивалін өткізу ықпал етеді. Фестивальді ұйымдастыру елде музыкалық өнердің осы түрін дамытуға үлкен қолдау болады.
Жеке театрларды одан әрі дамыту мақсатында мемлекеттік емес театр ұжымдарының қызметін қолдау жұмыстары мәдениет саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын республикалық және халықаралық театр фестивальдеріне, форумдар мен конференцияларға, оқыту курстары мен шеберлік сабақтарына қатысуын қамтамасыз ету арқылы жалғастырылады.
Ұлттық мәдени брендті танымал етуге "Ұлттық домбыра күні" ауқымды концерттік іс-шарасын іске асыруды жалғастыру, "Көшпенділер әуені" халықаралық этникалық музыка фестивалін, республикалық ақындар айтысын өткізу ықпал етеді.
Қазақстанның музыкалық мәдениетінің бай мұрасын сақтауға және дамытуға дәстүрлі және классикалық музыка композиторлары мен орындаушыларын қолдау ықпал етеді. Оны жүзеге асыру үшін ғылыми және шығармашылық ұйымдардың өзара іс-қимылының әлемдік тәжірибесі, қазақ халқының бай музыкалық мұрасына қолжетімді ашық ақпараттық орта құру қолданылатын болады.
Жас қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы маңызды аспектілердің бірі бүкіл ел бойынша дарынды жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған іс-шаралар болады. "Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінен дарынды жастар беделді халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысуға жіберіледі.
Мәдениет және өнердің дарынды өкілдеріне Қазақстан Республикасының өнер саласындағы "Umai" ұлттық сыйлығы түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары жалғастырылады.
Еліміздің театр және концерт ұйымдары сайттарының функционалдығы мен мазмұндылығын дамыту театр қойылымдары мен концерттік іс-шаралардың онлайн форматтағы қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қойылымдарды нақты уақыт режимінде көрсетумен қатар бұрын түсірілген спектакльдерді көру мүмкіндігі де болады.
Өңірлерде мәдениетті дамыту мақсатында мәдениет объектілерін, оның ішінде ауылдық жерлердегі мәдениет үйлерін кезең-кезеңімен салу, сондай-ақ қолданыстағы мәдениет объектілерін жөндеу көзделеді.
2030 жылға дейін 345 жаңа мәдениет объектісі пайдалануға беріледі және 1420 қолданыстағы объекті жөнделеді. Мәдениет үйлері көпфункционалды мәдениет орталықтарына трансформацияланады, онда театр-концерттік көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмыс істеуімен қатар халықтың, әсіресе балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасалады.
Цирк өнерін дамыту
Цирк өнері – өзіндік ерекшелігі бар және бірегей жанр. Көбінесе цирк өнері отбасылық және әулеттік сипатқа ие. Цирк әртістерінің арқасында Қазақстан әлемнің ондаған елінде танымал.
Цирк жанры әртістерінің кәсіби дамуына жағдай жасау үшін шетелдік цирк ұжымдарымен меморандумдар жасасу мүмкіндігін пысықтау шаралары қабылданады. Бұл меморандумдар аясында шеберлік сабақтарын өткізуге, кәсіби салада тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады.
Халықтың, оның ішінде ауылдық жерлердегі тұрғындардың цирк өнеріне қолжетімділігі мен қамтылуын арттыру шаралары көзделеді. Осыған байланысты цирк өнерін одан әрі дамыту және ел ішіндегі гастрольдік қызметті ұйымдастыру жоспарлары әзірленеді.
Кинематографияны дамыту
Қазақстандағы кинематография саласын жетілдіру мақсатында мүдделі тұтынушыға бағытталған сапалы отандық киноөнім өндірісінің көлемін ұлғайтуға ықпал ететін жүйелі шаралар іске асырылады.
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясын жаңғырту шеңберінде киностудияны заманауи кинотүсірілім және монтаждау жабдықтарымен толық техникалық қайта жарақтандыру, жаңа түсірілім алаңын салу, инженерлік желілер мен ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ мамандандырылған көлік сатып алу жүзеге асырылады. Киностудия арнайы әсерлерді қолдана отырып, жылына шамамен 100 кинотуынды шығаруға мүмкіндік алады, бұл кинотеатрларға жаңа жанрда жасалған сапалы отандық контент арқылы ұсынылатын өнімдердің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде республикалық телеарналарда отандық фильмдерді телевизиялық көрсету көлемі, сондай-ақ оларды кинотеатрларда көрсету есебінен кассалық түсімдер ұлғаяды.
Сонымен қатар киностудия өзінің барлық өндірістік әлеуетін ұсына отырып, локациялар, түсірілім, дыбыстау, монтаждау, дубляж, көбейту және т.б. өндірістің барлық кезеңдерін қамтитын киножобаларды іске асыруда жеке отандық кино компанияларға жәрдем көрсетеді.
Сонымен бірге "Қазақфильм" киностудиясы шетелдік ірі кино компанияларды еліміздің аумағында түсірілім жүргізуге қажетті толық техникалық қызметтер кешені мен түсірілім алаңдарын ұсыну арқылы тартуға ықпал етеді.
"Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі жанынан құрылған құрылымда шетелдік киностудиялардың өкілдерін, сондай-ақ анимациялық кино саласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандарды шақыра отырып, шеберлік сабақтарын өткізу жалғастырылады.
Шеберлік сабақтарына қатысушылар анимациялық фильмдерді өндіру процесіне дайындық кезеңінен бастап өндіріс аяқталғанға дейін тартылатын болады. Бұл жас режиссерлерге, суретші-аниматорларға және басқа да мамандарға өздерінің шығармашылық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жоба шеңберінде Paramount Pictures Corporation, Walt Disney Pictures сияқты киностудиялармен, Nickelodeon, TiJi телеарналарымен ынтымақтастық орнату арқылы қазақстандық анимациялық фильмдер мамандарын оқыту үшін жетекші шетелдік анимациялық студиялар мен телеарналардың мамандарын тарту мәселесі пысықталуда.
Отандық киноөндірушілерді мемлекеттік қолдау шеңберінде жыл сайын кемінде 10 анимациялық фильм мен кең прокатқа арналған фильмнің, сондай-ақ отбасылық көруге арналған шетелдік премьералық фильмдердің дубляжы қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның мәдени мұрасын цифрлық кинотоптама форматында сақтау мақсатында жыл сайын кемінде бес толықметражды көркем фильмді цифрландыру және реставрациялау қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ қазақстандық киноқорды ақ-қара форматтан түрлі-түсті форматқа көшіру мүмкіндігі мәселесі пысықталуда.
Қазақстандық мәдени өнімді өткізуге және отандық кинематографияны дамытуға қазақстандық фильмдерді стримингтік платформаларда (Netflix, YouTube, Megogo, BeeTV және басқалар) және онлайн-кинотеатрларда орналастыру мәселесін пысықтау ықпал етеді.
Инновациялық жүйелерді белсенді дамытуға фильмдердің мониторингін жүргізудің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі жұмыс ықпал етеді. Бұл ақпараттық жүйе қазіргі уақытта жоқ өндіріс пен прокатты жүйелеу, фильмдерді ілгерілетудің толық тарихын қадағалау, табысты немесе сәтсіз жобаларды анықтау, жаңа фильмдер өндіру кезінде алынған тәжірибені қолдану мүмкіндіктерін ашады.
Сондай-ақ кинематографиядағы ұлттық брендті танымал етуге шетелдік ірі кино компанияларды тарту мақсатында Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттарын: Шарын шатқалын, Алматының таулы аймақтарын, Каспий теңізін, Маңғыстау облысының шөлді құмды төбелерін пайдалану жөніндегі шаралар ықпал етеді.
Мемлекеттік қаржылық қолдау алған фильмдерді ілгерілету және прокаттау, фильмге айрықша құқықтарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен фильм өндірушіге беру, оның ішінде отандық фильмдерді беделді кинематографиялық сыйлықтарда ілгерілету шараларын қамтамасыз ету бөлігінде "Кинематография туралы" қолданыстағы Заңға түзетулер енгізу мәселелері де пысықталатын болады.
Музей ісін дамыту
Қазіргі заманғы жағдайлар Қазақстан музейлерінің қызметін қайта қарауды, музей объектілерін кешенді әрі тиімді дамытуды және әлемдік музей тәжірибесінде орын алып жатқан интеграциялық процестерді, сондай-ақ инновациялық, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалануды ескере отырып, олардағы халыққа мәдени қызмет көрсету деңгейін жетілдіруді талап етеді.
Қазақстанда музей қызметі саласында озық цифрлық технологияларға көшу жөніндегі шаралар кешенін кезең-кезеңімен іске асыру жалғасады. Виртуалды музейлер құру және музей қорларын электрондық форматқа көшіру музейлердің негізгі қызметін жандандыру есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыс республикалық музейлерде белсенді жүргізілуде, сондай-ақ өңірлік музейлер арасында да осы процестердің жандануы күтілуде.
3D турлар арқылы халықтың мәдени құндылықтарға қолжетімділігін арттыру қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасына қызығушылық танытатын адамдар үшін музей экспозицияларын виртуалды форматта тамашалау мүмкіндігі қолжетімді болады.
Музей қорларын тұрақты түрде толықтыру құнды музей экспонаттарын сатып алу, археологиялық және этнографиялық, ғылыми экспедициялар барысында жинақтау қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ сыйға тарту арқылы жүргізіледі. Қорларды өнер туындыларымен толықтыру әдістерінің бірі көркемөнер симпозиумдары мен пленэрлер жеңімпаздарының жұмыстарын іріктеу болады.
Музей қорларының сапалық жай-күйін талдау тиімділігін арттыру, музейлік маңызы бар заттардың ел аумағынан бақылаусыз әкетілуіне жол бермеу мақсатында Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларына одан әрі өзгерістер енгізу жоспарлануда.
Экспозицияларды уақтылы жаңарту музейлерге келушілер санын арттыруға және еліміздің тарихы мен мәдениетіне тұрғындардың қызығушылығын күшейтуге ықпал етеді. 2030 жылға қарай музейлер мен тарихи-мәдени мұра объектілеріне келушілер көрсеткіші 20 %-ға ұлғайтылады.
Музейлерге келушілер санын арттыру жөніндегі қосымша шаралар музей іс-шараларын: көрмелерді, семинарларды, дөңгелек үстелдерді, музей сабақтарын, дәрістерді және басқа да іс-шараларды өткізу есебінен қамтамасыз етіледі.
Келушілер санын арттыруға ықпал ететін ең маңызды іс-шаралардың бірі – Халықаралық музейлер күніне орайластырылған жыл сайынғы «Музейдегі түн» және «Музейлер шеруі» акциялары.
Халықтың патриотизм деңгейін арттыруға, ұлттық тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын қалыптастыруға республикалық және халықаралық деңгейдегі көрмелерді, экскурсияларды, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, музей сабақтарын ұйымдастыру, сондай-ақ музей қызметіне қатысты материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау ықпал етеді. Бұдан басқа, халықаралық деңгейдегі музей жобаларын іске асыру музейлердің халықаралық кеңістіктегі мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді.
Музей ісіндегі басым бағыттардың бірі халықаралық, мәдениетаралық және музейаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі шаралар болады. Осыған байланысты Қазақстан музейлері әлемнің жетекші музейлерімен меморандумдар жасасу тәжірибесін жалғастырады.
Шығармашылық ортаға инвестиция салу арқылы коммерциялық сектор өкілдерінің қызығушылығы мен өзара іс-қимылына жағдай жасау мүмкіндіктері пысықталуда. Сондай-ақ музей саласын монетизациялаудың жаңа тетіктерін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның ішінде кәдесыйлар сатудан және билеттерге сараланған тарифтер белгілеуден бастап, музейлердің бос алаңдарын аукциондар, сәндік-қолданбалы өнер аймақтарын, коворкингтерді, демалыс орындарын және басқа да мақсаттарды ұйымдастыру үшін пайдалану мүмкіндігін қарастыруға дейін көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту көзделеді.
Бейнелеу өнерін, дизайнды және сәулет өнерін дамыту
Бейнелеу өнерін дамыту мақсатында Қазақстанның бейнелеу өнерін насихаттауға және танымал етуге, сондай-ақ отандық суретшілердің жетістіктерін халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған шаралар кешені іске асырылады.
Өнердің осы бағытын дамытудың ең маңызды құралы суретшілер шығармашылығын таныстыру үшін жағдай жасау болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстан суретшілерінің шығармашылық бастамаларын дамытуға жәрдемдесуге бағытталған жобалар іске асырылатын болады. Жобаны іске асыру мақсатында суретшілердің арт-симпозиумдары, пленэрлер өткізіледі, олардың қорытындысы бойынша музей қорларын осы іс-шараларға қатысушылардың жұмыстарымен толықтыру жоспарланған. Шығармашылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар Қазақстанның бүкіл аумағында өткізіліп, бұл мәдени және туристік кластерлердің дамуына да ықпал етеді.
Барлық өңірлерде отандық өндірушілердің мәдени өнімдерін сату-көрме іс-шараларын өткізу үшін көрме алаңдары тұрақты негізде ұсынылатын болады.
Мәдениеттің осы салаларын қолдауға, дамытуға және одан әрі ілгерілетуге бағытталған шаралар ретінде вебинарлар, оқыту курстары, оның ішінде онлайн форматтағы курстар, конференциялар мен көрмелер, дизайн-интенсивтер, дизайн-марафондар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.
Ұлттық мәдени брендті ілгерілету үшін полиграфияны, фирмалық стильдер мен белгілерді, сайт дизайнын, сыртқы жарнама дизайнын, анимацияны қамтитын графикалық дизайн әдістері; жиһаз, аксессуарлар, киім және тұрмыстық заттар дизайнын, сондай-ақ арт-дизайн мен флористиканы қамтитын заттық дизайн әдістері; сәулеттік стилистиканы, ландшафттарды, этнодизайнды, кеңістіктер мен үй-жайларды түстермен безендіруді және басқа да бағыттарды қамтитын кеңістіктік дизайн әдістері пайдаланылатын болады.
Ұлттық мәдени брендті танымал етудің маңызды аспектілерінің бірі Қазақстанның шығармашылық одақтарымен және қауымдастықтарымен, қоғамдық құрылымдарымен және мемлекеттік ұйымдарымен бірлескен іс-шаралар өткізу болады.
Қазақстанның бейнелеу өнерін халықаралық аренада танымал ету мақсатында қазақстандық суретшілердің Венеция биенналесіне, Номадикалық биенналеге, «Berlin Bazaar» және қазақстандық суретшілер мен бейнелеу өнерінің жалпы танымалдылығын кеңінен арттыруға ықпал ететін басқа да іс-шараларға қатысу мүмкіндігі көзделетін болады.
Өңірлерде креативті хабтар ашу мүмкіндігі пысықталады. Мәдениет және өнер мекемелері базасында коворкинг-орталықтарды кезең-кезеңімен ұйымдастыру жұмысы жалғастырылады.
Қазақстан өнері өкілдерінің мәдени өнімдерін іске асыру үшін NFT және DIGITAL өнерін (цифрлық өнерді) ұйымдастыру мүмкіндігі пысықталуда.
Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің барлық жанрлары мен бағыттарының сұранысқа ие болуын, танымалдылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында коммерциялық сектормен өзара іс-қимыл жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жоспарлануда.
Қазақстандағы аукцион қызметін реттеу мәселесі пысықталатын болады.
Кітапхана ісін дамыту
Қазіргі заманғы кітапхананың негізгі міндеті қоғамның ақпараттық мәдениетін, оқуға, тілдерге, отандық тарих пен мәдениетке деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.
Кітапхана қорларының сақталуын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мынадай шаралар арқылы қол жеткізу күтілуде:
бүкіл кітапхана қорын есепке алу және түгендеу, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорының тізілімін жүргізу;
барлық деңгейдегі кітапханаларда кітапхана қорларын консервациялау және реставрациялау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу;
Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананы дамытудың сапалық тұрғыдан жаңа деңгейіне шығару;
халықтың әртүрлі топтарының қажеттіліктеріне бағдарланған кітапхананың цифрлық ортасын қалыптастыру.
«Оқитын ұлт» жобасы аясында мақсатты аудиторияны кеңейтуге жалпыға қолжетімді мемлекеттік кітапханаларды «Bilim ortalygy» көпфункционалды білім беру-ағарту орталықтарына (коворкинг-орталықтарға) айналдыру арқылы коворкинг-орталықтар желісін ұлғайту ықпал етеді. Кітапхана ғимараттарын кезең-кезеңімен жөндеу және өңірлік кітапханалардың кітап қорларын толықтыру жұмыстары жалғастырылады.
Көпжылдық мемлекеттік жоба форматында балалар мен жасөспірімдерді оқуға тарту және қазақстандық әдебиетті танымал ету жөніндегі Балалар әдебиеті жылының іс-шаралары кеңейтілетін болады.
Кітап индустриясы желісін дамытудың халықаралық тәжірибесі негізінде қазақ батырларының, тарихи оқиғалардың, мифологияның және өзекті трендтердің тақырыптарына ұлттық нақыштағы балалар комикстерін жасау жұмыстары жалғастырылады.
Біртұтас ұлттық электрондық білім кеңістігін қалыптастыруға кешенді және жүйелі тәсілді әзірлеу, Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананы бірыңғай ұйымдастырушылық және технологиялық жүйеге айналдыра отырып дамыту және кеңейту Қазақстанның бүкіл кітапхана желісін үйлесімді интеграциялауға мүмкіндік береді.
Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананың «kazneb.kz» мобильді қосымшасы іске қосылып, оны Appstore және Play market дүкендерінен мобильді құрылғыға жүктеп алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананың цифрлық коллекциясын кеңейту студенттерге цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тұжырымдаманы іске асыру 2030 жылға қарай пайдаланушылар санын 20 %-ға арттыруға мүмкіндік береді. Оқырмандарға стационарлық жағдайда да, қашықтан да қызмет көрсету мүмкіндігі ақпараттық-кітапханалық ресурстарға әртүрлі форматта жүгіну санының артуына ықпал етеді.
Көру қабілеті бұзылған және нашар көретін азаматтардың әдебиетке деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін көру қабілеті бұзылған және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалардың қорлары, оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттермен толықтырылатын болады.
Ономастика саласын дамыту
2023 – 2029 жылдары идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды кезең-кезеңімен өзгерту жөніндегі іс-шаралар өткізіледі. 2025 жылға дейін өңірлерде идеологиялық тұрғыдан ескірген шамамен 2296 атау өзгертіледі. 2030 жылға дейін бұл көрсеткіш шамамен 6460-қа дейін ұлғаяды (2023 жылы – 756, 2024 жылы – 749, 2025 жылы – 791, 2026 жылы – 408, 2027 жылы – 408, 2028 жылы – 392, 2029 жылы – 392).
Бұдан басқа, елді мекендердің атауларын өзгерту кезінде архивтік құжаттар мен тарихи дереккөздерге негізделген тарихи атауларды қайтару мәселесін қарастыру қажет. Қазақстанның көрнекті тұлғаларының «Тарихи тұлғалар» тізімінің сапалық құрамына зерттеу және сараптамалық бағалау жүргізу жоспарлануда.
Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар ономастикалық атауларды өзгерту кезінде ашықтық қағидатын сақтау мақсатында елді мекендердің атаулары өзгертілгенге дейін кемінде жарты жыл бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде блогерлерді, зиялы қауым өкілдерін, жергілікті саланың мамандарын тарта отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті. Бұл ретте географиялық объектілердің, әкімшілік-аумақтық бірліктердің және олардың құрамдас бөліктерінің атауларында бірізділік қағидатын сақтау үшін кез келген елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын өзгерту кезінде халықтың пікірін ескеру арқылы қанағаттану деңгейін арттыру көзделеді.
Кадрлық әлеуетті дамыту және өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру
2022 жылы Қазақстанда «Мектеп оқушысының мәдени нормативі» республикалық мәдени-білім беру жобасы енгізілді.
Мектеп оқушыларының полимәдени тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы мәдени-білім беру кеңістігін қайта жаңғыртуға бағдарланған мектеп оқушысының мәдени нормативі шеңберіндегі іс-шаралардың бүкіл кешені концерттік және көрме іс-шараларына қатысу, опера, балет, драма спектакльдерінің үздік үлгілерін, қазақстандық және шетелдік кинофильмдер мен мультфильмдерді көру арқылы өнердің барлық түрлеріне толыққанды араласуын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады. Жобаға қатысу мектеп оқушыларына қосымша гуманитарлық білім алуға, рухани және креативті ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық қабылдау мен мәдениетке құрмет сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мәдениет саласын дамытудың маңызды құрамдас бөлігі өскелең ұрпақты ұлттық мәдени мұраға баулу болып табылады. Осы мақсатта балалар шығармашылығын дамытуға одан әрі қолдау көрсету шаралары іске асырылады.
Тұжырымдаманы іске асыру барысында жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық үйірмелермен кезең-кезеңімен қамту жалғастырылады. Шығармашылық үйірмелердің жұмыс істеуімен қатар балалар театр труппалары мен студияларын ашу жұмыстары жалғастырылады. Еліміздің өңірлерінде осы балалар мен жасөспірімдер ұжымдарының қатысуымен шығармашылық фестивальдер мен конкурстар өткізу дәстүрі жалғастырылады.
Өскелең ұрпақтың рухани дамуы, патриотизм сезімін және дәстүрлі құндылықтарға құрметпен қарауын тәрбиелеу міндеттеріне қол жеткізу мақсатында балалардың Қазақстан театрлары мен музейлеріне ай сайын баруын көздейтін «Театрдағы бір күн» және «Музейдегі бір күн» жобалары іске асырылады. Өскелең ұрпақтың шығармашылық дағдыларын кеңейтуге театр сабақтарын іске асыру ықпал етеді.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамға табысты интеграциялау үшін осы топтағы балалардың қатысуымен спектакльдер қоюға арналған инклюзивті топты оқытуға бағытталған жоба іске асырылады.
Жаңа Қазақстанды қалыптастыру шеңберінде алғаш рет өнер саласындағы ЖЖОКБҰ-ларда (бастапқыда Қазақ ұлттық хореография академиясының тәжірибесі негізінде) мәдениет пен өнер саласындағы ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық нәтижесінде қос дипломды білім беру бағдарламасы іске асырылады.
Шығармашылық бағыттағы ЖЖОКБҰ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламаларын дамытып, шетелдік кәсіби және білім беру тәжірибесін зерделеуге және енгізуге ықпал етеді.
Бұдан басқа, өнер саласындағы ЖЖОКБҰ-ның дарынды студенттеріне мемлекет тарапынан Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын жыл сайын тағайындау жалғастырылады.
Жас таланттарды, мәдениет және өнер қайраткерлерін анықтау және қолдау мақсатында халықаралық форматтағы конкурстар мен фестивальдер өткізу көзделеді. Жергілікті атқарушы органдар облыс әкімдерінің сыйлықтарын тағайындау түрінде көтермелеу жүйесін қарастырады.
Мәдениет пен өнердің дарынды өкілдерін, оның ішінде дарынды жастарды қолдау мен ынталандырудың тиімді әдісі мемлекеттік сыйлықтар тағайындау болып табылады. Шығармашылық ұжымдар мен дарынды орындаушылардың жұмысқа деген жоғары ынтасын «Халықтық» және «Үлгілі» атақтары қалыптастырады.
Мәдениет саласындағы мамандармен кадрлық қамтамасыз ету тапшылығы мәселелерін шешу мақсатында неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс шеңберінде қызмет көрсететін мәдениет ұйымдары қызметкерлеріне, оның ішінде ауылдық жерлерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын кеңейту балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін іске асыруға тартылатын балалар санын арттыруға ықпал етеді.
Кәсібінің өзіндік ерекшеліктері бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын кезең-кезеңімен көрсету мүмкіндігі қарастырылатын болады.
6. Тұжырымдаманың нысаналы индикаторлары мен күтілетін нәтижелері
2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының мәдени саясатын дамытудың мақсаты елдің бірыңғай мәдени кеңістігін құру болып табылады.
Тұжырымдаманы іске асыру мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
1) халық үшін мәдениеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2) қазақстандық өнердің халықаралық аренадағы танымалдылығын арттыру;
3) тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету және оны халықаралық деңгейде танымал ету.
Мақсат пен міндеттерді іске асыру үшін мынадай нысаналы индикаторлар белгіленеді:
1) мәдениет саласындағы қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейін 2022 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 80 %-ға дейін арттыру*;
2) отандық авторлардың театр қойылымдарының санын 2022 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 600 бірлікке дейін арттыру;
3) музейлер мен тарихи-мәдени мұра объектілеріне келушілер санын 2019 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 20 %-ға арттыру;
4) кітапханаларға келушілер санын 2022 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 20 %-ға арттыру;
5) ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра объектілерінің санын 2025 жылға қарай 16 бірлікке дейін арттыру (2025 жыл – 6);
6) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жалпы санынан ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілген республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің үлесін 2030 жылға қарай 40 %-ға дейін арттыру;
7) кинопрокаттағы отандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 2022 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 35 %-ға дейін арттыру;
8) елдің жалпы кинопрокатындағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесін 2022 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 30 %-ға дейін арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Халық үшін мәдениеттің, оның ішінде цифрлық форматтағы қолжетімділігін қамтамасыз ету;
елдің тарихи-мәдени мұрасының сақталуын және оны халықаралық деңгейде танымал етуді қамтамасыз ету;
қазақстандық өнердің халықаралық аренадағы танымалдылығын, оның ішінде ұлттық брендті дамыту арқылы арттыру;
дарынды жастарды анықтау, қолдау және ілгерілету жөніндегі шараларды іске асыру;
өңірлердегі мәдени инфрақұрылым мен ономастикалық жұмыстың даму деңгейін арттыру.
Тұжырымдаманы іске асыру кезінде басым тәртіппен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тиісті саланың ұлттық жобаларында көрсетілген индикаторларға/көрсеткіштерге қол жеткізуге арналған қаражат бөлінеді.
Басқа іс-шараларға қаражат экономиканың дамуы мен бюджеттің кіріс базасын ұлғайту әлеуетін ескере отырып бөлінеді.
Ескертпе:
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар осы Тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған мәдени саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
| | Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған мәдени саясаты тұжырымдамасына қосымша || - | -------------------------------------------------------------------------------- |
Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған мәдени саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
Жүктеп алу
| || - |
Р/с №
| || - |
Реформалардың / негізгі іс-шаралардың атауы
| || - |
Аяқталу нысаны
| || - |
Аяқталу мерзімі
| || - |
Жауапты орындаушылар
| || - |
1
| || - |
2
| || - |
3
| || - |
4
| || - |
5
| || - |
I бағыт. Мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету
| || - |
Нысаналы индикатор 1. Мәдениет саласындағы қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейін 2022 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 80 %-ға дейін арттыру (2023 жыл – 74 %, 2024 жыл – 75 %, 2025 жыл – 76 %, 2026 жыл – 77 %, 2027 жыл – 78 %, 2028 жыл – 79 %, 2029 жыл – 80 %)
| || - |
1\.
| Балалар мен жасөспірімдердің мәдени тәрбиесін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізу (оның ішінде «Мектеп оқушысының мәдени нормативі», «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобалары, «Театрдағы бір күн», «Музейдегі бір күн» жобалары, «Астана Опера» театрының балалар студиясының жұмысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық үйірмелермен одан әрі кезең-кезеңімен қамту және басқалары) | || ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
іс-шаралар, жобалар
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО, МКС, ОА
| || - |
2\.
| Қазақстан мәдениетін, оның ішінде халықаралық деңгейде қолдауға және танымал етуге бағытталған мәдени-көпшілік, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру (оның ішінде «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», ақындар айтысының республикалық конкурсы, «Опералия» халықаралық фестивалі және басқалары) | || -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
іс-шаралар, фестивальдер, конкурстар
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО, МКС
| || - |
3\.
| Мәдениет және өнер саласындағы жас таланттарды анықтауға және қолдауға бағытталған іс-шараларды, оның ішінде халықаралық фестивальдерді өткізу (оның ішінде «Dala dauysy» республикалық конкурсы, «Astana Piano Passion» жас пианистерінің республикалық конкурсы және басқалары) | || -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
іс-шаралар, фестивальдер, конкурстар
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО, МКС
| || - |
4\.
| Мәдениет пен өнердің дарынды өкілдеріне қолдау көрсету шараларын іске асыру (оның ішінде Қазақстан Республикасы өнер саласындағы «Umai» ұлттық сыйлығын, Абай атындағы Қазақстан Республикасы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын, мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыстау, сондай-ақ кәсібінің өзіндік ерекшеліктері бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын кезең-кезеңімен көрсету мүмкіндігін қарастыру және басқалары) | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
мемлекеттік және әлеуметтік қолдау шаралары
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС, ЖАО
| || - |
5\.
| Ұлттық мәдени бренд пен креативті индустрияларды танымал етуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру (оның ішінде «Ұлттық домбыра күні» жобасын, «Көшпенділер әуені» этникалық музыкасының халықаралық фестивалін өткізу, «Бозоқ» ашық аспан астындағы ұлттық археологиялық паркін салу, Қазақстанның киелі орындарын танымал ету, ұлттық нақышты қолдана отырып графикалық, заттық, кеңістіктік дизайн әдістерін пайдалану, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-платформаларда ақпараттық-насихаттау қызметін күшейту және басқалары) | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
іс-шаралар, жобалар
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО, МКС
| || - |
6\.
| Бейнелеу өнерін, дизайнды, сәулет өнерін және басқа да салаларды дамыту үшін жағдай жасау және іс-шаралар өткізу (оның ішінде алаңдар мен үй-жайлар ұсыну, бірлескен жобаларды іске асыру және басқалары) | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
іс-шаралар, жобалар
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО, МКС
| || - |
7\.
| Мәдениет және өнер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын, шеберлік сабақтарын өткізу, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру | || ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
сертификаттар, дипломдар, куәліктер
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО, МКС
| || - |
8\.
| Қазақстандық ЖЖОКБҰ-лардың мәдениет пен өнер саласындағы әлем елдерінің жетекші оқу орындарымен қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыруы | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
келісім, меморандум
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 3-тоқсаны
| || - |
МКС, ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ (келісу бойынша)
| || - |
9\.
| Халықтың отандық мәдениет өнімін қабылдауын, мәдениет пен өнер саласындағы қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін мониторингтеу үшін әлеуметтанушылық зерттеу жүргізу | || ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
талдамалық баяндама (есеп)
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
10\.
| Мәдениет объектілерін салу, жөндеу, жаңғырту, оның ішінде ауылдық жерлерде жаңа мәдениет ұйымдарын құру, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
орындалған жұмыстар актісі
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО, ЕХӘҚМ
| || - |
11\.
| Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту | || ------------------------------------------------------------------------ | - |
орындалған жұмыстар актісі
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО
| || - |
12\.
| Мәдениет үйлерінің әлеуетін кеңейту және оларды, оның ішінде балаларға арналған көпфункционалды мәдениет пен өнер орталықтары ретінде одан әрі дамыту | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
мәдениет объектілеріне қолжетімділікті кеңейту
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО, МКС
| || - |
13\.
| Мәдениет ұйымдарында коворкинг-орталықтар мен креативті хабтар ашу мәселесін пысықтау | || ------------------------------------------------------------------------------------- | - |
коворкинг-орталықтар, креативті хабтар
| || - |
2023 жылдың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО, МКС
| || - |
Нысаналы индикатор 2. Отандық авторлардың театр қойылымдарының санын 2022 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 600 бірлікке дейін арттыру (2023 жыл – 245, 2024 жыл – 307, 2025 жыл – 369, 2026 жыл – 431, 2027 жыл – 493, 2028 жыл – 555, 2029 жыл – 600)
| || - |
14\.
| Өнердің жаңа туындыларын жасауға бағытталған фестивальдер мен конкурстар өткізу | || -------------------------------------------------------------------------------- | - |
жаңа туындылар
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС, ЖАО
| || - |
15\.
| Ел театрларының сайттары мен әлеуметтік желілері арқылы халықтың театр өнері туындыларын тамашалауына қолжетімділікті кеңейту | || ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
қаралымдар санын ұлғайту
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО, МКС
| || - |
Нысаналы индикатор 3. Музейлер мен тарихи-мәдени мұра объектілеріне келушілер санын 2019 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 20 %-ға арттыру (2023 жыл – 2 %-ға, 2024 жыл – 5 %-ға, 2025 жыл – 8 %-ға, 2026 жыл – 11 %-ға, 2027 жыл – 14 %-ға, 2028 жыл – 17 %-ға, 2029 жыл – 20 %-ға)
| || - |
16\.
| Музей қорларын кезең-кезеңімен толықтыру | || ---------------------------------------- | - |
қабылдау-тапсыру актісі
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС, ЖАО
| || - |
17\.
| Жаңа форматтағы көрмелерді ұйымдастыру және өткізу арқылы музей қызметін танымал ету | || ------------------------------------------------------------------------------------ | - |
көрмелер, экспозициялар, іс-шаралар
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС, ЖАО
| || - |
18\.
| Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша музей жобаларын әзірлеу және іске асыру | || ------------------------------------------------------------------------------- | - |
семинарлар, дәрістер, экскурсиялар
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС, ЖАО
| || - |
19\.
| Музей заттарын цифрландыру арқылы музей ісінде цифрлық технологияларды дамыту | || ----------------------------------------------------------------------------- | - |
музей заттарының электрондық (цифрлық) нұсқасы
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС, ЖАО
| || - |
20\.
| Тарихи-мәдени мұра объектілерін музейлендіру және қорық-музейлер экспозицияларын кезең-кезеңімен жаңарту | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
орындалған жұмыстар актісі
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО, МКС
| || - |
21\.
| Республикалық музей-қорықтардың аумағында келушілер орталықтарын салу (оның ішінде Гауһар-Ана, Сарайшық, Есік, Ордабасы) | || ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
пайдалануға беру актісі
| || - |
2023 жылдың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
Нысаналы индикатор 4. Кітапханаларға келушілер санын 2022 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 20 %-ға арттыру (2023 жыл – 2 %-ға, 2024 жыл – 5 %-ға, 2025 жыл – 8 %-ға, 2026 жыл – 11 %-ға, 2027 жыл – 14 %-ға, 2028 жыл – 17 %-ға, 2029 жыл – 20 %-ға)
| || - |
22\.
| Қазақстанның кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын құру, «kazneb.kz» мобильді қосымшасын іске қосу, сондай-ақ бірыңғай электрондық оқырман билеті мен биллинг жүйесін енгізу арқылы Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананы жетілдіру және түрлендіру | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
кітапханалардың электрондық каталогы, электрондық оқырман билеті, биллинг жүйесі
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС, ЖАО
| || - |
23\.
| Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананың цифрлық коллекциясын кеңейту және халықтың цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізуін қамтамасыз ету | || ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
қабылдау-тапсыру актісі
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС, ЖАО
| || - |
24\.
| Кітапханалар базасында коворкинг-орталықтар ашу арқылы кітапханаларды мәдени-демалыс орталықтарына кезең-кезеңімен жаңғырту | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
коворкинг-орталықтар
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 3-4-тоқсандары
| || - |
ЖАО, МКС
| || - |
25\.
| Өскелең ұрпақ арасында оқуды танымал ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру | || ----------------------------------------------------------------------------- | - |
оқырман аудиториясының санын арттыру
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
ЖАО, МКС, ОА
| || - |
26\.
| Көру қабілеті бұзылған және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қорларын, оның ішінде мемлекеттік тілде толықтыру | || -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
қабылдау-тапсыру актісі
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС, ЖАО
| || - |
II бағыт. Қазақстанның ұлттық мәдени игілігін және тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту
| || - |
Нысаналы индикатор 5. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра объектілерінің санын 2025 жылға қарай 16 бірлікке дейін арттыру (2025 жыл – 6)
| || - |
27\.
| ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің сессиясында Қазақстанның номинациялық құжаттамасын қорғау | || ----------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің шешімі
| || - |
2025 жылдың 3-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
28\.
| Объектілерді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу туралы сертификат алу | || ------------------------------------------------------------------------------- | - |
номинациялау туралы сертификат
| || - |
2025 жылдың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
29\.
| Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын дамыту және сақтау жөніндегі шараларды одан әрі қамтамасыз ету (ғылыми-зерттеу, ғылыми-реставрациялық, археологиялық және басқа да жұмыстар жүргізу) | || ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
орындалған жұмыстар актісі
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС, ЖАО
| || - |
Нысаналы индикатор 6. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жалпы санынан ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілген республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің үлесін 2030 жылға қарай 40 %-ға дейін арттыру (2023 жыл – 16 %, 2024 жыл – 20 %, 2025 жыл – 24 %, 2026 жыл – 28 %, 2027 жыл – 32 %, 2028 жыл – 36 %, 2029 жыл – 40 %)
| || - |
30\.
| Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу үшін ғылыми-жобалау құжаттамасын әзірлеу | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
орындалған жұмыстар актісі
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
31\.
| Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу | || ---------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
орындалған жұмыстар актісі
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
Нысаналы индикатор 7. Кинопрокаттағы отандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 2022 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 35 %-ға дейін арттыру (2023 жыл – 18 %, 2024 жыл – 21 %, 2025 жыл – 25 %, 2026 жыл – 28 %, 2027 жыл – 30 %, 2028 жыл – 32 %, 2029 жыл – 35 %)
| || - |
32\.
| Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын жаңғырту | || ---------------------------------------------------------- | - |
орындалған жұмыстар актісі
| || - |
2023 жылдың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
33\.
| Анимациялық фильмдер жасау, шеберлік сабақтарын өткізу бойынша «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
анимациялық жобалар, шеберлік сабақтары
| || - |
2023 – 2024 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
34\.
| Кемінде 10 жаңа отандық анимациялық фильм жасау | || ----------------------------------------------- | - |
анимациялық жобалар
| || - |
2023 жылдың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
35\.
| Отандық кинокомпанияларға киножобаларды іске асыруда, оның ішінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өндірістік базаларын ұсыну арқылы қолдау көрсету | || ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
шарттар, орындалған жұмыстар актілері
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
36\.
| Отандық мәдени мұраны цифрлық кинотоптама түрінде сақтау (цифрландыру, реставрациялау) | || -------------------------------------------------------------------------------------- | - |
орындалған жұмыстар актісі
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
37\.
| Мәдениет үйлерінде отандық және шетелдік фильмдерді көрсетуді ұйымдастыру үшін кешенді мемлекеттік-жекешелік кинопрокат ұйымдастыру мақсатында проекциялық жабдықтар мен жылжымалы киноқондырғыларды сатып алу мүмкіндігін қарастыру мәселесін пысықтау | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ | - |
талдамалық анықтама
| || - |
2023 жылдың 3-тоқсаны
| || - |
ЖАО
| || - |
38\.
| Мемлекеттік қаржылық қолдау алған фильмдерді халықты ұлттық және отандық киноөніммен қамтуды арттыру мақсатында стримингтік платформалар мен онлайн-кинотеатрларда орналастыру | || ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- | - |
келісім, шарт
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
39\.
| Мемлекеттік қаржылық қолдау алған фильмдерді ілгерілету және прокатқа шығару, фильмге айрықша құқықтарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен фильм өндірушіге беру бөлігінде Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» қолданыстағы Заңына түзетулер енгізу мәселесін пысықтау |
|---|
талдамалық анықтама
| || - |
2023 жылдың 2-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
Нысаналы индикатор 8. Елдің жалпы кинопрокатындағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесін 2022 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 30 %-ға дейін арттыру (2023 жыл – 16 %, 2024 жыл – 18 %, 2025 жыл – 20 %, 2026 жыл – 22 %, 2027 жыл – 25 %, 2028 жыл – 28 %, 2029 жыл – 30 %)
| || - |
40\.
| Қазақ тілінде отандық фильмдер жасау | || ------------------------------------ | - |
жаңа фильмдерді прокатқа шығару
| || - |
2023 – 2029 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
| || - |
41\.
| Қазақ тіліне дубляждалатын фильмдердің санын арттыру | || ---------------------------------------------------- | - |
шарт
| || - |
2023 – 2025 жылдардың 4-тоқсаны
| || - |
МКС
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары
МКС – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
ОА – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
ЕХӘҚМ – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖЖОКБҰ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Конституция Заңы Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулары Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар