Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1116 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 66-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1055 "2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Смайылов |
|---|
| | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1116 қаулысымен бекітілген || - | ---------------------------------------------------------------------------------------- |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
1-бөлім. Төлқұжат (негізгі параметрлер)
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Саланың ағымдағы жай-күйін бағалау
2.2. Автомобиль жолдары инфрақұрылымы және автомобиль тасымалдары
2.6. Логистика және мультимодальды тасымалдар
2.7. Негізгі проблемалар мен үрдістер
2.7.1. Автомобиль жолдары инфрақұрылымы және автомобиль тасымалдары
2.7.5. Логистика және мультимодальды тасымалдар
2.7.6. Проблемалар мен үрдістерді талдау қорытындылары
3-бөлім. Халықаралық тәжірибені талдау
3.1. Автомобиль тасымалдары мен жол инфрақұрылымын дамыту тәжірибесі
3.2. Теміржол көлігін дамыту тәжірибесі
3.3. Әуе көлігін дамытудың шетелдік тәжірибесі
3.4. Су көлігін дамытудағы ЕО тәжірибесі
3.5. Транзиттік инфрақұрылымды дамыту тәжірибесі
4-бөлім. Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту пайымы
5-бөлім. Көлік-логистикалық әлеуетті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
5.2. Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тәсілдері
5.2.1. Транзитті дамыту және мультимодальды интеграция
5.2.2. Тұрақты және қауіпсіз көлік байланысын қамтамасыз ету
5.2.3. Тасымалдау қызметінің және инфрақұрылымды басқарудың тиімділігін арттыру
5.2.4. Көлік-логистикалық және ілеспе қызметтердің бәсекеге қабілетті нарығын дамыту
5.2.5. Ілеспе және қамтамасыз етуші салаларды дамыту
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары](https://old.adilet.zan.kz/rus/docs/P2200001116#z568)
1-бөлім. Төлқұжат (негізгі параметрлер)
Жүктеп алу
| Атауы | Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы |
|---|---|
| Әзірлеу негіздемесі | Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 "Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 521 "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 823 "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын бекіту туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 22-01-7.12 дсп хаттамалық тапсырмасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 "Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан – баршаға және әрқайсысына. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы |
| Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
| Бағдарламалық құжатты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар | Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері |
| Іске асыру мерзімдері | 2023 – 2030 жылдар |
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Саланың ағымдағы жай-күйін бағалау
Елдің көлік саласын дамыту мақсатында әр жылдары көлік жүйесі инфрақұрылымын дамыту және интеграциялау, "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламалары, "Күшті өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы қабылданып, іске асырылды.
Осы бағдарламалық құжаттар шеңберінде жүктер мен жолаушыларды тасымалдаушы ұлттық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дамыту үшін жағдайлар жасалды.
Отандық теміржол машинасын жасау саласының дамуы бірқатар жаңа ірі салалық өнеркәсіптік кәсіпорындарды ашу есебінен қамтамасыз етілді.
Ірі инфрақұрылымдық жобалар, оның ішінде республикалық маңызы бар шамамен 13 мың км автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау және 2,5 мың км жаңа теміржол желілерін салу іске асырылды. Теміржол, әуе және су көлігіндегі инфрақұрылым мен жылжымалы құрамды жаңғырту жөнінде шаралар қабылданды.
Теңіз көлігі саласында Ақтау портында қуаты 3 млн тонна болатын жаңа құрғақ жүк терминалдары салынды, бұл жүктерді ауыстырып тиеу көлемін 20,7 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Мультимодальды тасымалдарды дамыту мақсатында Құрық портында қуаты 6 млн тонна болатын көпфункционалды паром кешені салынды. Нәтижесінде Қазақстанның теңіз порттарының өткізу қабілеті 27 млн тоннаға дейін ұлғайтылды.
"Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА базасында Құрғақ порттың және оған іргелес инфрақұрылымның құрылысы аяқталды.
Негізгі халықаралық дәліздер бойынша контейнерлік тасымалдарды ұйымдастырудың жаңа технологияларын дамыту және енгізу контейнерлік пойыздардың орташа қозғалыс жылдамдығын тәулігіне 1108 км-ге дейін жеткізуге мүмкіндік берді.
Қазақстан әуежайларында жерүсті инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, заманауи әуе кемелерін қабылдау мүмкіндіктері кеңейтілді. Астана қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталып, Алматы әуежайының ұшу-қону жолақтарының бірі реконструкцияланды.
Жалпы, соңғы 15 жылда Қазақстанның көлік-логистика кешені мен транзиттік әлеуетін дамытуға 10 трлн теңгеден астам инвестиция салынды, бұл қазақстандық инфрақұрылымның жаһандық көлік-логистикалық ағындарға интеграциялануын жеделдетуге және жүктерді жеткізудің төмен құны мен жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін жаңа бәсекеге қабілетті транзиттік дәліздерді қалыптастыруға мүмкіндік берді. Іске асырылған бағдарламалар шеңберінде салада шамамен 600 мың жұмыс орны құрылды.
2015-2021 жылдары көліктің барлық түрлері бойынша транзиттік тасымалдардың орташа жылдық өсімі 14,8%-ды құрады, оның ішінде соңғы 3 жылда жыл сайынғы өсім 13,4% деңгейінде болды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша елде көліктің барлық түрімен 3 731 млн тонна жүк тасымалданды, оның ең көп көлемі автомобиль (89%) және теміржол (11%) көлігіне тиесілі. Жиынтық жүк айналымы 608 млрд т-км құрады, оның ішінде теміржол және автомобиль көлігінің үлесі 75%-дан астам болды. 2021 жылы тасымалданған жолаушылар саны 7,6 млрд адамды құрады, олардың 99,7%-ы автомобиль көлігімен тасымалданды.
Көлік секторының кірістері (құбыржол көлігін қоспағанда) 2021 жылы шамамен 3,2 трлн теңгені құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен (2,6 трлн теңге) 23%-ға жоғары.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында көлік секторының ЖІӨ-дегі үлесі 6,2%-ды құрады, бұл 2018-2019 жылдардағы деңгейден (ЖІӨ-нің 7-8%-ы) төмен. Төмендеудің басты себебі пандемияның салдары болды.
2022 жылғы қаңтар-қазан аралығында көлік және қоймалау саласына салынған инвестициялар 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен (978 млрд теңге) 11,6%-ға жоғары.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында көлік және қоймалау саласында жұмыс істейтін қызметкерлер саны 616 мың адамды (жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 7,1%-ы) құрады.
2.2. Автомобиль жолдары инфрақұрылымы және автомобиль тасымалдары
2022 жылдың басындағы жағдай бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісінің ұзындығы 96 мың км-ді құрады, оның ішінде 24,9 мың км – республикалық желі және 71 мың км – облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, оның ішінде 8,6 мың км (34%) – I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдары.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығының шамамен 22,5 мың км-і немесе 90%-ы бекітілген нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Бұл ретте республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 52%-ы (12,8 мың км) жақсы, 38%-ы (9,6 мың км) қанағаттанарлық және 10%-ы (2,6 мың км) қанағаттанарлықсыз жағдайда.
2015 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде автомобиль көлігі қызметінің көрсеткіштерінің тұрақты өсімі байқалды. Жүк тасымалдау көлемі 1,7-ден 3,6 млрд тоннаға дейін өсті, жүк айналымы шамамен үш есе ұлғайып, 173,5 млрд т-км көрсеткішіне жетті. Тасымалданған жолаушылар саны да екі еседен астам – 11,1-ден 23,8 млрд-қа дейін өсті. Көрсетілген кезеңдегі жолаушылар айналымы көрсеткіші де 2,5 еседен астам өсіп, 260,6 млрд ж-км-ге жетті.
Карантиндік шектеулердің теріс әсеріне байланысты 2020 жылы автомобиль көлігімен экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдар көлемі бойынша 2019 жылмен салыстырғанда 26%-ға айтарлықтай төмендеу байқалды, ал 2021 жылы оң динамика қайта қалпына келді.
Автомобиль көлігінің үлесіне тасымалданған жүктер көлемінің 80%-дан астамы және жүк айналымының 25%-дан астамы тиесілі (құбыржол көлігін қоспағанда).
Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалының үлесі 99,7%-дан астамды және көліктің барлық түрімен жүзеге асырылатын жалпы жолаушылар айналымының шамамен 74%-ын құрайды. Мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар тасымалдаған жолаушылар саны тасымалдардың жалпы көлемінің 0,001%-ынан аз, бұл автомобиль көлігі қызметтері нарығының жеткілікті жоғары деңгейде ырықтандырылғанын көрсетеді.
2015 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде автомобиль көлігімен транзиттік тасымалдардың орташа жылдық өсімі 17,5%-ды құрады. Соңғы үш жылда динамика артып, жыл сайынғы өсім 20,2%-ды қамтамасыз етті. Негізгі транзиттік жүктер өсімдік тектес өнімдерден (21%), машиналар мен механизмдерден (16%), тоқыма өнімдерінен (16%), халық тұтынатын тауарлардан (11%), қара және түсті металдардан жасалған бұйымдардан (9%) тұрады. Аталған санаттардың әрқайсысы бойынша 2015-2021 жылдар аралығында көлемдердің 13%-дан 33%-ға дейінгі деңгейде өсуі байқалды.
2020-2021 жылдардағы карантиндік шектеулер іскерлік белсенділіктің төмендеуіне және автомобиль көлігі қызметтеріне сұраныстың айтарлықтай құлдырауына алып келді – 2020 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен жүк тасымалдаудың нақты көлем индексі 2019 жылмен салыстырғанда 32%-ға қысқарды. Автомобиль көлігінің жүк тасымалынан түсетін кірістері 19%-ға төмендеді. 2020 жылы ең жоғары құлдыраудан кейін тасымалданған жүктер саны біршама тұрақтанып, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 3,3 млрд тоннаны құрады. Жүк айналымы да 2021 жылдың қорытындысы бойынша 13,3%-ға, 182,7-ден 158,3 млрд т-км-ге дейін қысқарды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен халықаралық қатынаста тасымалданған жүктер көлемі 6,5 млн тоннаны құрады, оның ішінде 7,8%-ы немесе 0,5 млн тоннасы экспорттық және 5,9 млн тоннасы импорттық жүктер болды. Осы көлемнің тек 1,8 млн тоннасы ғана отандық автомобиль тасымалдаушыларымен тасымалданды, бұл пайдаланылатын автокөлік құралдары паркінің ескіруі және экологиялық талаптардың қатаңдатылуы салдарынан қазақстандық операторлардың халықаралық жүк тасымалы нарығына қатысу үлесінің соңғы 5 жылда 52%-дан 31%-ға дейін айтарлықтай төмендегенін көрсетеді.
Карантиндік шектеулердің ең теріс әсері автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдауға тиді – 2020-2021 жылдары жолаушылар тасымалының көлемі 3 есе, 23,8-ден 7,6 млрд жолаушыға дейін азайды. Осыған ұқсас жолаушылар айналымы да 260,6-дан 79,7 млрд ж-км-ге дейін қысқарды, бұл нақты көлем индексінің 60%-дан астам төмендеуіне және жолаушылар тасымалынан түсетін кірістердің 35%-ға азаюына әсер етті.
117 маршрут бойынша тұрақты халықаралық жолаушылар тасымалын жалпы паркі 610 автобусты құрайтын 61 тасымалдаушы жүзеге асырады, бұл ретте 7 жылдан асқан автобустардың үлесі 87%-ды құрайды.
Республикада автобустардың ең көп саны 2013 жылы тіркелді (101 мың бірлік), одан кейін 2022 жылдың басында автобус паркі 80,1 мың бірлікке дейін біртіндеп қысқарды. Бұл үрдістің негізгі себептері жылжымалы құрамның тозуына байланысты есептен шығарылуы, халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі, сондай-ақ кәдеге жарату алымы мен автокөлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алымның енгізілуі болды.
2.3. Теміржол көлігі
Теміржол көлігі Қазақстан экономикасында аса маңызды рөл атқарады, жалпы жүк айналымының жартысын қамтамасыз етеді және экспорттық әрі транзиттік жүктердің басым бөлігін тасымалдайды.
Тасымалданатын негізгі жүктер көмір, темір кені, астық және мұнай өнімдері (жалпы көлемнің 58%-ы), сондай-ақ тау-кен металлургиясы, мұнай-химия және аграрлық секторлардың ірі кәсіпорындары өндіретін сусымалы жүктер, өңделмеген шикізат пен жартылай фабрикаттар болып табылады.
Соңғы 6 жылда теміржол көлігімен транзиттік тасымалдардың орташа жылдық өсімі 14,2%-ды құрады. Пандемия кезеңінде айтарлықтай құлдырау байқалмады, бұл соңғы 3 жылдағы орташа жылдық өсім динамикасының 11,9% деңгейінде болуын қамтамасыз етті.
Қазақстан өнімдерін экспорттаудың негізгі бағыттары – Ресей (оның ішінде Балтық және Қара теңіздердегі Ресей теңіз порттары арқылы транзитпен), Еуропа елдері, ҚХР және Орталық Азия. Порт инфрақұрылымы мен теңіз желілік сервистерінің болуына байланысты ТМТМ белсенді дамып келеді.
Соңғы 5 жылда транзиттік қатынаста ең жоғары өсу қарқыны 31%-ды құрады (2021 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 4,96 млн тоннаға өсті). Негізгі өсім "ҚХР – ЕО – ҚХР", сондай-ақ "ҚХР – ОА – ҚХР", "Ресей – ОА – Ресей" бағыттарындағы және ТМТМ бойынша транзиттің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша республикадағы локомотив паркі 1824 бірлікті, оның ішінде 1 234 тепловозды және 590 электровозды, 2 377 жолаушылар вагонын, 134 817 жүк вагонын құрады, оның ішінде 46 226 вагон "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (ҚТЖ) компаниялар тобына, ал 88 591 жүк вагоны жеке операторлар мен меншік иелеріне тиесілі болды.
2022 жылы вагон шаруашылығында парктің ең үлкен үлесін жартылай вагондар (43%) мен цистерналар (26%) құрады. Вагон-платформалар саны 11,3 мыңды, оның ішінде контейнерлерді тасымалдауға арналған 7,8 мың фитингтік платформаны құрады.
Қазақстанда жолаушылар тасымалын 14 компания жүзеге асырады, оның ішінде 1 ұлттық (ҚТЖ еншілес компаниясы) және 13 жеке компания бар, оларға жолаушылар тасымалының жалпы көлемінің 23%-ы тиесілі. Ұлттық жолаушылар тасымалдаушысы жолаушыларды теміржол көлігімен 100-ден астам маршрут бойынша тасымалдауды ұйымдастырады. Алдағы 8 жылда теміржол көлігіндегі жолаушылар ағыны негізінен халық санының табиғи өсімі есебінен аз қарқынмен өседі деп күтілуде.
Халық үшін тарифтердің қолайлы деңгейін сақтау мақсатында мемлекет пен ҚТЖ тарапынан жүк тасымалдары, оның ішінде транзиттік тасымалдар есебінен субсидиялау практикасы қолданылады.
2.4. Әуе көлігі
2021 жылы ИКАО-ның Үйлестірілген валидациялық миссиясы (ICVM) шеңберінде Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 84%-ды құрады, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15%-ға жоғары. Қазақстандық авиакомпаниялардың Еуропа елдеріне авиарейстерді жүзеге асыруына қандай да бір шектеулер жоқ. Бұл нәтижелер азаматтық авиация саласын басқарудың британдық моделіне көшу бөлігінде «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 68-қадамын іске асыру шеңберінде қол жеткізілді.
2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда әуе кемелерін пайдаланушылардың 55-і қызметін жүзеге асырады. Тұрақты коммерциялық тасымалдарды 5 авиакомпания орындайды (Эйр Астана, Fly Arystan, SCAT, Qazaq Air, Оңтүстік аспан, Жетысу).
Ішкі әуе тасымалдары аптасына 617 рейс жиілігімен 57 маршрут бойынша орындалады. Елдің халықаралық әуе қатынастарының маршруттық желісі 28 елге аптасына 499 рейс жиілігімен 111 маршрутты құрайды.
Қолданыстағы 20 әуежайдың 18-і Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары бойынша санаттарға бөлінген: Астана және Алматы қалаларының әуежайлары – IIIA және IIIB санаттары бойынша, Атырау қаласының әуежайы – II санат бойынша, қалған қалалардың әуежайлары – I санат бойынша. 12 әуежайда қазақстандық тасымалдаушылар жұмыс істемейтін бағыттар бойынша «ашық аспан» режимі бесінші «әуе еркіндігі» дәрежесін бере отырып қолданылады.
2019 жылы авиакомпаниялар 8,06 млн. жолаушыны тасымалдады, әуежайларда 17,7 млн. жолаушыға қызмет көрсетілді, 24,5 мың тонна жүк тасымалданды. 2020 жылы карантиндік шектеулерге байланысты жолаушылар ағыны 5,48 млн. жолаушыға дейін төмендеді, оның ішінде халықаралық рейстерде – 0,88 млн. (73%-ға төмендеу), ішкі рейстерде – 4,6 млн. Әуежайларда 10,7 млн. жолаушыға қызмет көрсетіліп, 24,2 мың тонна жүк тасымалданды.
2021 жылы жолаушылар ағынының карантинге дейінгі көрсеткіштерден асып түсуімен өсуі байқалды. Тасымалданған жолаушылардың жалпы саны 9,33 млн. адамды құрады, оның ішінде халықаралық рейстерде – 1,80 млн. (2020 жылмен салыстырғанда 2 есе өсу), ішкі рейстерде – 7,53 млн. адам. Әуежайлар 17,4 млн. адамға қызмет көрсетіп, 34,0 мың тонна жүк тасымалдады.
Қазақстан арқылы әуе транзитін дамытудың аса маңызды шарттарының бірі авиаотынмен қамтамасыз етілу және оның бәсекеге қабілетті бағасы болып табылады. Бұл фактор техникалық қонуларды дамыту мүмкіндігін де айқындайды. Бұл ретте Қазақстанда жылына 700 мың тонна авиациялық керосин өндіруді қамтамасыз ететін 3 мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді (2022 жыл), ал жылдық қажеттілік кемінде 1 млн. тонна деңгейінде.
Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының жыл сайынғы көлемі шамамен 7-8 млн. тоннаны құрайды. Бұл ретте 2021 жылдың қорытындысы бойынша отандық әуежайларда өңделген жүк көлемі 130 мың тоннаны немесе азиялық бағыт сыйымдылығының шамамен 1,6%-ын құрады (2020 жыл – 87,1 мың тонна, 2019 жыл – 140,4 мың тонна). Жеке жүк авиатасымалдаушысы болған жағдайда Қазақстан көршілес нарықтар арасында да, жаһандық нарықтар арасында да әуе көлігімен тасымалданатын жүк ағындарына қызмет көрсетуде шешуші рөл атқара алады.
Алматы қаласының әуежайы географиялық артықшылығы, яғни «Еуропа – Оңтүстік-Шығыс Азия» бағыты бойынша техникалық қонулар мен коммерциялық рейстерді жүзеге асыру тұрғысынан тиімді орналасуы, заманауи жоғары дәлдікті навигациялық және визуалды құралдармен жабдықталуы, жанар-жағармай материалдарымен үздіксіз қамтамасыз етілуі, қолайлы климаттық жағдайлары және жүк инфрақұрылымының дамығандығы себепті халықаралық жүк хабын дамыту үшін ең оңтайлы нұсқалардың бірі болып табылады. Әуежай персоналының даярлық деңгейі жоғары және шетелдік авиакомпаниялармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар.
Астана, Қарағанды, Ақтау және Ақтөбе қалаларының әуежайлары да жүк хабтары ретінде даму әлеуетіне ие. Бұл ретте Алматы және Шымкент сияқты әуежайлардың айтарлықтай әлеуетіне қарамастан, одан әрі дамыту үшін бос жер учаскелерінің болмауына байланысты шектеулер бар, бұл, оның ішінде, әуежай маңындағы аумақтың қарқынды құрылыс салынуы салдарынан туындаған.
2.5. Су көлігі
2021 жылы Қазақстанның теңіз порттарының өндірістік қуаттарының орташа жүктемесі 31%-ды құрады, бұл ретте ең аз жүктелгендері құрғақ жүк терминалдары (25%) мен паром терминалдары (20%) болып табылады.
Ақтау портының құрғақ жүк терминалдарының өткізу қабілеті жылына шамамен 4 млн. тоннаны, мұнайды ауыстырып тиеу қуаты жылына 7,5 млн. тоннаны құрайды. Құрық портының паромдық жүктерді ауыстырып тиеу бойынша өткізу қабілеті шамамен 6 млн. тоннаны құрайды. Баутино порты көрсететін қызметтер спектрі КСКМ-де мұнай-газ жобаларын әзірлеуге байланысты жүктерді ауыстырып тиеумен және ішкі тасымалдарды жүзеге асыратын сервистік флотқа қызмет көрсетумен шектеледі.
Каспийдегі халықаралық тасымалдар нарығы сегменттерге бөлінген: мұнай құю және құрғақ жүктерді, сондай-ақ паромдармен тасымалданатын жүктерді тасымалдау. Әрбір сегментте теңіз портының (мамандандырылған терминалдар), сондай-ақ сауда флотының өзіндік инфрақұрылымы пайдаланылады.
Негізгі жүк айналымы экспорттық бағытта жүзеге асырылады және ауыстырып тиеудің жалпы көлемінің шамамен 80%-ын құрайды. Экспорттық-импорттық қатынаста вагондар мен автокөлік құралдары паромдармен, ал басқа жүктер (контейнерлер, халық тұтынатын тауарлар, цемент, металл және т.б.) құрғақ жүк кемелерімен Әзербайжан мен Иран бағытында тасымалданады.
Контейнерлік тасымалдардың үлесі 2019 жылғы 31 мың ЖФЭ-ден 2021 жылы 41 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайды, бұл бұрын үйіндімен/құймамен тасымалданған жүктердің (астық, мұнай өнімдері, минералды тыңайтқыштар және т.б.) осы сегментке ауысуына байланысты.
Мұнайды тасымалдау теңіз тасымалдарының жеке нарығын құрайды, өйткені ол порттарда мұнай құюға арналған арнайы жабдықты талап етеді. Мұнай тек танкерлермен, олардың техникалық параметрлеріне қойылатын қатаң конвенциялық талаптарды сақтай отырып тасымалданады.
Орта мерзімді перспективада Әзербайжан бағытына шамамен 3 млн. тонна мұнай жөнелтілген жағдайда Ақтау портының қолданыстағы инфрақұрылымы (өткізу қабілеті 5 млн. тонна) көрсетілген көлемдерді ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, 2012 жылдан бастап мұнайды тасымалдау құбыр көлігімен жүзеге асырылып келе жатқанын ескере отырып, тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қазақстандық мұнайдың бүкіл жүру маршруты бойынша көлік-логистикалық процестерді қайта баптау және жүк көтергіштігі 12 мың тонна болатын кемінде төрт танкер салу қажет болады.
Ұзақ мерзімді перспективада Әзербайжан арқылы қосымша көлемдерді бағыттау және мұнайды SWAP операциялары бойынша тасымалдау үшін Иран бағытына қатысты санкцияларды алып тастау жағдайында Құрық портында қосымша инфрақұрылым салу және танкер флотын одан әрі толықтыру мүмкін болады. Сауда флотының сандық және сапалық құрамының теңгерімділігі перспективалық жүк базасымен, сондай-ақ кемелер конструкцияларына қойылатын конвенциялық және экологиялық талаптармен айқындалады. Мемлекетаралық уағдаластықтарды іске асыру жаңа маршруттардың инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
ТМТМ шеңберінде Ақтау – Баку (Әзербайжан)/Каспиан (Иран) учаскесінде контейнерлік желілер жұмыс істейді. Теңіз порттарының (Ақтау, Құрық, Баку (Алят), Батуми/Поти) қазіргі мүмкіндіктері Транскаспий маршрутына шамамен 6 млн. тонна жүкті, оның ішінде 4 млн. тоннаға дейінгі генеральдық және сусымалы жүктерді (көмір, металл, кен) және 100 мың ЖФЭ-ге дейінгі жүкті қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.
ТМТМ маршруты бағытында бірыңғай көлік-логистикалық тізбекті одан әрі қалыптастыру 2030 жылға қарай ҚХР-дан келетін транзиттік жүктердің көлемін кемінде 40 мың ЖФЭ-ге арттыруға мүмкіндік береді (2021 жылы – 14,7 мың ЖФЭ).
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы навигациялық қауіпсіздік Баутино және Құрық порттарындағы кемелер қозғалысын басқару жүйесі (КҚБЖ) арқылы қамтамасыз етіледі. Ақтау портында бұл функциялар кемелерді автоматты сәйкестендіру жүйесінің көмегімен іске асырылған, алайда бұл қауіпсіз кеме қатынасы үшін жеткіліксіз шарт болып табылады.
Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарының ұзындығы 4 302 км құрайды, оның 2 104 км мемлекеттік қызмет көрсету мен күтіп-ұстауда. Бұдан басқа, ішкі су жолдарының инфрақұрылымына Атырау қаласындағы өзен порты, Павлодар өзен порты және автомобиль кірме жолдары мен паром өткелдері бар шағын жүк айлақтары мен пристаньдар кіреді. Ертіс өзенінде үздіксіз кеме қатынасын қамтамасыз етуге арналған Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі шлюздері пайдаланылады.
Соңғы бес жылда ішкі су көлігі флоты 171 бірліктен 150 бірлікке дейін қысқарды, олардың басым бөлігін сүйреткіш флот (61 бірлік) және өздігінен жүрмейтін кемелер – баржалар (58 бірлік) құрайды. Бұл ретте кемелердің 70%-ы нормативтік пайдалану мерзімінен асыра пайдаланылуда.
Ішкі су жолдары бойынша тасымалдар негізінен үш су бассейнінде жүзеге асырылады: Жайық-Каспий, Іле-Балқаш және Ертіс бассейндері. Бұл ретте Ертіс бассейні негізгі жүк қалыптастырушы өңір болып табылады (жүк тасымалының жалпы көлеміндегі үлесі шамамен 90%) және үлкен транзиттік әлеуетке ие.
Ішкі су жолдары бойынша тасымал көлемі салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақталуда – 2021 жылы өзен көлігімен 1 521 мың тонна жүк тасымалданды (оның ішінде Павлодар облысындағы Ертіс өзені бойынша 1 154 мың тонна). 2017 жылдан бергі өсім 8,4%-ды құрады.
2.6. Логистика және мультимодальды тасымалдар
Орталық Азия өңіріндегі (ОАӨ) сауданы дамыту үрдістері шекарада сауда және индустриялық хабтардың бірыңғай экожүйесін жедел жетілдіру мен қалыптастыруды талап етеді. Негізгі шарттар физикалық инфрақұрылымның сапасы болып табылады: теміржол және автомобиль жолдары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің өткізу қабілеті, энергетикалық ресурстардың қолжетімділігі.
Қазақстан Шығысты (ҚХР) және Батысты (Еуропа) байланыстыратын құрлықтағы көлік дәліздерінің маңызды буыны болып табылады. Келесі тарихи кезеңдер Оңтүстік Азияны (Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан) Еуропа, Орталық Азия, Орал, Сібір және Қиыр Шығыс өңірлерімен байланыстыратын Солтүстік – Оңтүстік Орталық Азия көлік-транзиттік экономикалық дәлізін өңірде нығайту мен дамыту, сондай-ақ ТМТМ-ді одан әрі дамыту болып табылады.
Геосаяси тұрақсыздық жағдайында ЕАЭО-ның бірқатар елдері сыртқы сауда бағыттарын мәжбүрлі түрде қайта бағдарлап, жаңа логистикалық маршруттарды дамытуда. Бұл ретте дәстүрлі логистикалық көлік байланыстары тізбектерінің бұзылуы мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстардың орнықты өсуі мен нығаюының негізгі факторына айналуда, мұнда «Солтүстік – Оңтүстік» және ТМТМ дәліздерінің рөлі айтарлықтай артады.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік – Оңтүстік дәлізі бойынша тасымал көлемі 13 млн. тоннадан асты, оның басым бөлігін РФ мен Иранның теңіз порттары арқылы жүзеге асырылатын Ресей экспорты құрады. Бұл ретте сарапшылардың бағалауы бойынша, логистикалық тізбектердің қайта құрылуына байланысты осы маршрут бойынша тасымалдарға жиынтық сұраныс жылына 30 млн. тонна жүкке дейін ұлғайды. Орта мерзімді перспективада дәлізде Каспий теңізінің порттарын пайдалана отырып, ресейлік жүктерді тасымалдау үрдісі сақталады, сондай-ақ Астара – Решт теміржол учаскесін салу арқылы дәліздің батыс бағытының рөлі күшейеді.
Осыған байланысты өңір елдерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына жақын жерде сауда хабтары жүйесін дамыту қажеттілігі туындайды, бұл Ресей аумағы мен Қара теңіз арқылы Парсы шығанағы елдеріне экспорттық жеткізілімдерді қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.
ТМТМ дәлізі бойынша өткізу қабілеті мен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру мақсатында Әзербайжанның Баку теңіз портында, Алят терминалында «жүкке айырбастау үшін инфрақұрылымға қол жеткізу» қағидаты бойынша қосымша терминалдық қуаттар құру, құрғақ жүк айлақтарын бірлесіп пайдалану жоспарлануда. Орта мерзімді перспективада бұл бастаманы іске асыру порттың өткізу қабілетін жыл сайын 25 млн. тонна жүкке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жылына 10 млн. тонна қуаты бар әмбебап құрғақ жүк терминалын салу контейнерлік алаңдар мен астық терминалын қамтиды.
Қазақстандық бизнес технологиялық инфрақұрылым мен жылжымалы құрамды дамытуға өз капиталын инвестициялай отырып, көрші мемлекеттер тарапынан жылжымалы құрам мен сервистік қызметтерге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін өңірлік көлік-логистикалық жүйеге белсенді түрде интеграциялануда.
Қазақстандық компаниялардың бастамасы бойынша көршілес республиканың кәсіпкерлері тарапынан жылжымалы құрам мен контейнерлерге өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін Өзбекстанда қуаты 200 мың ЖФЭ-ге дейінгі контейнерлік терминалы бар заманауи мультимодальды көлік-логистикалық орталық құру жоспарлануда. Жоба шеңберінде теміржол инфрақұрылымын, бір мезгілде 11 мыңнан астам контейнерді сақтауға мүмкіндік беретін контейнерлік алаңдарды, жалпы ауданы шамамен 250 мың шаршы метр болатын А және А+ класындағы заманауи қойма кешендерін салу көзделеді.
Қазіргі уақытта Астана, Шымкент және Қарағанды қалаларында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және «бір терезе» режимінде кедендік қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимылды қоса алғанда, логистикалық қызметтердің кешенін ұсынатын ірі заманауи өңірлік КЛО құрылды. Халықаралық кластағы заманауи қойма үй-жайларына (құрғақ климаттық қоймалар мен көкөніс қоймаларында сақтауға арналған қызметтердің кең ассортиментін клиенттің таңдау мүмкіндігімен, контейнерлерді өңдеумен, сондай-ақ «бір терезе» режимінде кешенді көлік-логистикалық қызметтер алумен) алдағы 5 жылға болжамды бағалау қажеттілігі шамамен 2 млн. шаршы метрді құрайды. Қазақстанда көршілес елдердің өңірлерін қамти отырып, жүктерді өңдеу мен дистрибуциялаудың күтілетін әлеуетті көлемі жылына шамамен 20 млн. тоннаны құрайды.
Бұл инфрақұрылым транзиттік жүк ағындарын өңдеу және көршілес елдердің өңірлік нарықтарына жеткізілімдерді ішінара өңдеу немесе шоғырландыру және бөлу арқылы жеткізілімдердің логистикалық тізбектерін нығайтуға мүмкіндік береді.
Электрондық коммерция қызметтері нарығының дамуы мен қарқынды өсуі жағдайында заманауи логистикалық шешімдер мен қойма инфрақұрылымын қолдана отырып, мультимодальды тасымалдарға сұраныс артуда.
Бұдан басқа, жаңа технологиялық көлік шешімдерін, оның ішінде жинақталған жүктер мен электрондық коммерция жүктеріне арналған Rail-Air және LCL (Less Container Load) мультимодальды тасымалдарын, сондай-ақ контрейлерлік тасымалдарды енгізу қосылған құны жоғары әртүрлі тауарларды жеткізу жылдамдығы мен құнын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық операторлар Қытайдан Еуропаға жүкті жеткізу үшін көлік қызметтерін көрсету құны мен мерзімдерінің тартымды арақатынасын қамтамасыз ететін Rail-Air логистикалық схемасын тестілік режимде сынақтан өткізіп үлгерді.
Жоғары технологиялық және қымбат өнімдерді жедел жеткізуді жүзеге асыруда теміржол көлігі қызметтерін, әуежайлардың жұмысын және жүк авиатасымалдаушысының қызметін біріктіру тікелей контейнерлік жүк тасымалдарымен салыстырғанда негізгі артықшылықты (15 күннің орнына 7 күн) іске асырудың маңызды элементі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан немесе Орталық Азия елдері бағытындағы магистральдық әуе кемелерімен тасымалданатын жүктер Еуропаның, БАӘ-нің (Дубай), Түркияның (Ыстанбұл), Ресейдің (Мәскеу), Оңтүстік Кавказдың (Баку) авиахабтарында шоғырландырылады. Қазақстан әуежайларына жеткізу өңірлік әуе кемелерімен, оның ішінде тұрақты рейстердегі жолаушылар кемелерінің жүк тасымалдау қуаттарымен жүзеге асырылады.
Жаһандық сату құзыреттерімен өңірлік дистрибуцияны жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ие бола отырып, Қазақстан осы нарықта өз орнын алып қана қоймай, өңірлік жеткізілімдерді қамтамасыз етіп, Ресей, Орталық Азия, Кавказ, Иран үшін жүк базасына айнала алар еді, сондай-ақ перспективада Еуропаға мультимодальды тасымалдау схемасы бойынша ұшуларды орындай алар еді.
Мультимодальды тізбектің қосымша буыны ретінде, жоғары маржиналдығы бар кешенді логистикалық қызмет ретінде, өңірлік авиация немесе шағын қашықтықтарға автомобиль көлігі қызмет көрсетпейтін жерлерге дейін жылдам жүретін контейнерлік пойыздармен шаттл-тасымалдар қызмет ете алар еді.
Қазақстан нарығы өңірлік және жаһандық ауқымда жүк авиатасымалдарын дамыту үшін елеулі әлеуетке ие. Жеке жүк авиатасымалдаушысы болған жағдайда Қазақстан әуе көлігімен тасымалданатын транзиттік жүк ағындарына іргелес нарықтар арасында да, жаһандық нарықтар арасында да қызмет көрсету саласында шешуші орынға ие бола алар еді.
2.7. Негізгі проблемалар мен үрдістер
2.7.1. Автомобиль жолдары инфрақұрылымы және автомобиль тасымалдары
Жол-көлік оқиғаларының және өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштері. 2021 жылы Қазақстанда 13,9 мың ЖКО орын алып, нәтижесінде 18,1 мың адам жарақаттанып, 2,3 мың адам қаза тапты. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, Қазақстандағы ЖКО-дан келетін жыл сайынғы залал 7 млрд. АҚШ долларын құрайды. Апаттылық пен өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштерін негіздейтін басты факторлар: жол инфрақұрылымының жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік талаптарға сәйкес келмеуі, жүргізушілерді даярлау мен олардың тәртіп деңгейінің төмендігі, шұғыл байланыс және көмек құралдарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, халықтың нысаналы топтарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының болмауы.
Жол инфрақұрылымының аса маңызды учаскелерінде шектеуші учаскелердің болуы. Республикалық маңызы бар жолдардың 66%-дан астамы (оның ішінде халықаралық маңызы бар жолдардың 39%-ы) әр бағытта бір қозғалыс жолағы бар III-V техникалық санаттарға жатады. Бұл ретте Қазақстан арқылы өтетін халықаралық автомобиль маршруттарының жекелеген учаскелерінде қозғалыс қарқындылығы белгіленген техникалық санат үшін жобалық параметрлерден 1,5-2 есе асып түседі. Бұл факторлар автомобиль тасымалдарының қауіпсіздігі мен жылдамдығына елеулі әсер етеді.
Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың төмен техникалық-пайдалану деңгейі. Автомобиль жолдарының едәуір бөлігі қатты жабындыға ие емес және қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда, бұл пайдаланушылар шығындарының артуына, тасымалдардың қауіпсіздігі мен сенімділігі деңгейінің төмендеуіне әкеледі.
Шекарадан өту кезінде айтарлықтай уақыт шығындары. Жолаушылар мен автокөлік құралдарының шекарадан ұзақ өтуі заманауи бақылау құралдарымен жеткіліксіз жабдықталуына, ақпараттық жүйелердің цифрландырылуы мен интеграциялану деңгейінің төмендігіне, өткізу қабілеті мен жабдықталуы бөлігінде өткізу пункттері инфрақұрылымының заманауи стандарттарға сәйкес келмеуіне, жеңіл және жүк автокөлік құралдарына арналған бөлек дәліздердің және арнайы «жасыл» дәліздердің болмауына байланысты.
Автомобиль көлігі саласында цифрландыру мен ақпараттық жүйелерді қолдану деңгейінің төмендігі. Көлік инфрақұрылымы желісін дамытуды жоспарлау, оның техникалық жай-күйі мен көлік құралдары қозғалысының қарқындылығы туралы ақпаратты жинау, талдау және сақтау, тұрақты маршруттар мен тасымалдаушылар тізілімін жүргізу, тасымалдарды орындауға рұқсат құжаттарын беру және басқа да көптеген процестер деректерді жинау, өңдеу және талдаудың заманауи ақпараттық жүйелерінің болмауына байланысты жеткіліксіз тиімді жүзеге асырылады.
Жолаушылар және жүк автокөлік құралдары паркінің тозу деңгейінің жоғары болуы және моральдық тұрғыдан ескіруі. Жолаушыларды тұрақты автобуспен тасымалдау, әсіресе шағын қалаларда және ауылдық елді мекендер арасында, тарифтердің қолжетімді деңгейін сақтай отырып, әдетте табыстылықтың төмен деңгейіне ие. Жүк автокөлік құралдарының ескірген паркі экологиялық талаптардың қатаңдатылуымен қатар халықаралық жүк тасымалы нарығында отандық автотасымалдаушылар үлесінің 52%-дан 31%-ға дейін төмендеуіне әсер еткен негізгі факторлардың біріне айналды.
Білікті жұмысшылар мен инженерлік-техникалық персоналдың тапшылығы. Саланың қазіргі заманғы қажеттіліктерінің орта арнаулы және жоғары білім берудің ескірген білім беру бағдарламаларымен жеткіліксіз үйлестірілуі және даярлау сапасының төмендігі салдарынан инфрақұрылым объектілерін жобалау, жобаларды іске асыруды басқару, дамуды жоспарлау, құрылыс және күтіп-ұстау технологиялары, сондай-ақ орындалған жұмыстардың сапасын бақылау сияқты бағыттар бойынша білікті мамандар тапшылығы байқалады.
Экологиялық таза автомобиль көлігінің үлес салмағының төмендігі. Электр тартқышы бар көлік құралдарын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың қазіргі деңгейі өте төмен болып қалуда. Электр көлігін зарядтау инфрақұрылымы да нашар дамыған. Бұл ретте Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, ауаның ластануы Қазақстанға жыл сайын 10,5 млрд. доллар шығын келтіріп, 10 мың адамның мезгілсіз қайтыс болуына әкеледі. Бұл ретте ірі қалаларда зиянды шығарындылардың 80%-дан астамы автокөлік құралдарының үлесіне тиесілі.
2.7.2. Теміржол көлігі
Теміржол инфрақұрылымының тозу деңгейінің жоғары болуы және жеткіліксіз дамуы. МЖС инфрақұрылымын ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарының жыл сайынғы көлемінің жеткіліксіздігі жол шаруашылығы жабдықтарының ескіруімен қатар МЖС техникалық жай-күйінің нашарлауына әкеліп, теміржол тасымалдарының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Қолданыстағы теміржол автоматикасы жүйелері мен жабдықтарының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі жолаушылардың өмірі мен денсаулығына, тасымалданатын жүктердің, инфрақұрылым объектілері мен теміржол көлігінің жылжымалы құрамының сақталуына, қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатер төндіретін факторлардың туындау тәуекелдерін арттырады. Теміржол желісінің электрлендірілу деңгейінің төмендігі және біржолды желілердің басым болуы теміржол көлігінің өткізу қабілетін шектеу себептері болып табылады және жолаушылар мен жүктерді жеткізу жылдамдығына теріс әсер етеді.
Вагон паркінің тозу деңгейінің жоғары болуы және тапшылығы. Жылжымалы құрамды нормативтік пайдалану мерзімдеріне сәйкес 2030 жылға дейін қызмет ету мерзімі бойынша 800-ден астам жолаушылар вагонының пайдаланудан шығарылуы мүмкін. Жолаушылар тасымалының қазіргі деңгейін қамтамасыз ету үшін қосымша 300-ден астам вагон сатып алу қажет болады. Жүк паркі бөлігінде 2030 жылға дейін 14,3 мың вагонның пайдаланудан шығарылуы мүмкін. Вагондар санының жеткіліксіздігі мен олардың жоғары тозуы айналымдылықты тиімсіз басқарумен қатар жүктеме шарықтайтын кезеңдерде вагондардың маусымдық тапшылығын, жылжымалы құрамға сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті туындатады, бұл түптеп келгенде көлік қызметтерін түпкілікті пайдаланушылар үшін шығындардың өсуіне әкеледі.
Локомотив паркінің ескіруі және тапшылығы. Парктің едәуір тозуы (70%-ға дейін) және локомотивтік тартқышпен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі теміржол көлігі жүйесінің тасымалдау қабілетінің маусымдық тапшылығын туындатып, жолаушылар мен жүктерді жеткізу мерзімдерінің ұзаруына ықпал етеді. Тартқыш жылжымалы құрам паркінің едәуір бөлігінің моральдық тұрғыдан ескіруі шығындарды арттырады және тасымалдардың жалпы тиімділігін төмендетеді, сондай-ақ теміржол тасымалдарының қоршаған ортаға теріс әсерін күшейтеді.
Тарифтік модельдің жетілдірілмеуі. Қолданыстағы тарифтік модель инвестицияларды ұзақ мерзімді жоспарлау мүддесінде тарифтік реттеудің қажетті теңгерімін және тарифтік шарттардың жеткілікті икемділігін сақтауды қамтамасыз етпейді, нәтижесінде инфрақұрылымды күтіп-ұстау мен жаңғыртуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ теміржол көлігі қызметтерінің сапасын арттыруға арналған инвестициялық мүмкіндіктер шектеледі. Жолаушылар тасымалы саласында субсидиялаудың жеткіліксіздігі қарыздар бойынша негізгі борышты қайтаруды қамтамасыз етпеу, қызметкерлерге жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау, бюджетке салық міндеттемелерін орындамау, кредиторлық берешектің өсуі және қызмет көрсетудің тоқтатылуы тәуекелдерін туындатады.
Технологиялық процестерді автоматтандыру деңгейінің төмендігі. Салада аралас тасымалдарды ұйымдастыру мен орындауды жоспарлау және бақылау; станциядағы маневрлік және жүк жұмыстарын жоспарлау; инфрақұрылым объектілеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жоспарлау сияқты процестерді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелер жоқ немесе толық көлемде жұмыс істемейді. Бұл проблема тасымалдардың жылдамдығына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне әсер етеді.
Қала маңындағы теміржол көлігінің, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарындағы жеңіл рельсті көліктің даму деңгейінің төмендігі, сондай-ақ оның қалалық жолаушылар көлігімен интеграцияланбауы (оның ішінде билеттерді сату және маршруттарды жоспарлау жүйесінде) халықтың ұтқырлығын қамтамасыз етуге кедергі келтіреді, көліктің қолжетімділігі мен қызмет көрсету деңгейін төмендетеді, оның ішінде индустриялық және өнеркәсіптік аймақтарға жұмыс орнына тұрақты қатынауды жүзеге асыру кезінде.
2.7.3. Әуе көлігі
Әуежайлардың жабдықтарының, техникалық құралдары мен инфрақұрылымының ескіруі. Бұл проблема ҚР-ның 20-дан астам өңірлік әуежайында аэродромдарды күтіп-ұстауға, әуе кемелеріне жерүсті қызметін көрсетуге, ұшуларды авариялық-құтқару жағынан қамтамасыз етуге арналған техниканың ескіруінен көрінеді. Сондай-ақ көптеген әуежайларда (оның ішінде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында) ұшу-қону жолақтарының, бұрылу жолдарының және перрондардың жасанды жабындарының тозу деңгейі жоғары. Бұл факторлар әуежайлардың қауіпсіздігіне, жылдамдығына, өткізу қабілетіне, транзиттік әлеуетіне және жалпы қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді, атап айтқанда, оларды заманауи кең фюзеляжды әуе кемелерін пайдалануға жарамсыз етеді.
Аэродромдардың жабдықталуы мен күтіп-ұсталуы деңгейінің жеткіліксіздігі. Аэродромдардың қазіргі жай-күйі жалпы алғанда күрделі метеорологиялық жағдайларда және түнгі уақытта пайдалануды қамтамасыз ететін дәл қону жүйелерімен, инженерлік жүйелермен және құралдармен (жарық сигналдық жабдық, күштік электр жабдықтары, кабель желілері, жанармай құю кешендерінің инфрақұрылымы, арнайы техника) жеткіліксіз жабдықталуымен сипатталады. Сонымен қатар аэродромдарды реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарының мерзімділігі мен көлемдерінің қолданыстағы нормативтерге сәйкес келмеуі байқалады. Көрсетілген факторлар әуе тасымалдарының қауіпсіздігі мен сенімділігіне тікелей әсер етеді.
Авиаотынның жоғары құны. Жанармайдың жоғары құнымен қатар оны бөлудің ашық тетігінің болмауы отандық авиакомпаниялардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Отандық МӨЗ авиациялық керосинге деген қажеттіліктің тек 60-70%-ын қамтамасыз етеді, ал қалған бөлігі, оның ішінде көптеген өнімсіз делдалдардың қатысуымен импортталады. Бұл факторлар халық пен бизнес үшін әуе көлігі қызметтерінің шығындары мен түпкілікті құнының өсуіне әкеледі.
Елдің авиациялық паркінің әртүрлі типті болуы. Әуе паркінің әртүрлі типті болуы ұшуларды навигациялық қамтамасыз етуге қойылатын бірыңғай ұлттық талаптарды қалыптастыру процесін қиындатады. Сонымен қатар ескірген әуе кемелерін пайдаланудың жалғасуы ұлттық провайдерді («Қазаэронавигация» РМК) PBN (Performance Based Navigation) сипаттамаларына негізделген навигацияның айқын артықшылықтарына қарамастан, NDB және VOR типті ескірген навигациялық құралдардың жұмысын қолдауға мәжбүрлейді.
Цифрландыру деңгейінің жеткіліксіздігі. Барлық тасымалдау процесіне қатысушылар, оның ішінде бақылау-қадағалау органдары арасында деректермен және келісімдермен алмасудың бірыңғай ақпараттық ортасының болмауы салдарынан әуе жүктерін тасымалдау уақытының 85%-ына дейінгі бөлігі құжаттарды ресімдеуді күту кезінде жерде өтеді. Бұл жүк авиатасымалдарында айтарлықтай уақыт жоғалтуларына әкеледі және Қазақстанның транзиттік авиациялық хаб ретіндегі тартымдылығын төмендетеді. Сондай-ақ навигациялық қамтамасыз ету бөлігінде аэронавигациялық ақпаратты цифрлық ортада қалыптастыру және тарату, метеорологиялық ақпаратты ұсынуды автоматтандыру және т.б. жөніндегі сервистер толық көлемде іске асырылмаған.
Білікті авиациялық персонал тапшылығы. Әсіресе аэродром қызметінің, ұшуларды электр-жарық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің, жанар-жағармай материалдары қызметінің, ұшуларды авариялық-құтқару қамтамасыз ету қызметінің басшы және инженерлік-техникалық персоналының тапшылығы аса өткір болып отыр, мұнда кадр тапшылығы мамандыққа байланысты 20%-дан 40%-ға дейін құрайды. Сонымен қатар ҚР-ның оқу орындарында персоналды даярлау деңгейінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ әуежайлардың жұмыс істеп жүрген персоналының біліктілігін тұрақты арттыру жүйесінің болмауы байқалады. Бұл ретте елдегі авиациялық кадрларды даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны «Азаматтық авиация академиясы» АҚ болып табылады.
2.7.4. Су көлігі
Навигациялық жабдықталудың жеткіліксіздігі. Ақтау портында кемелер қозғалысын навигациялық сүйемелдеу құралдары, сондай-ақ жасанды аралдар маңында орналасқан кемелердің кеме қатынасы қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылау мүмкіндіктері жоқ. КСКМ-де кемелерді іздеу және құтқару, сондай-ақ ластануды, оның ішінде мұнаймен ластануды жою жүйесі жеткілікті дамымаған. Бұл факторлар су көлігінің пайдалану және экологиялық қауіпсіздігіне әсер етеді.
Ақтау портының қайта тиеу жабдықтары мен айлақ құрылыстарының тозу деңгейінің жоғары болуы. Ақтау портының инфрақұрылымды жаңғыртуға инвестиция салу мүмкіндігінің болмауы қайта тиеу және мұнай құю жабдықтарының, гидротехникалық және айлақ құрылыстарының тозуына әкеліп, операциялық қызметтің жалпы тиімділігін, көрсетілетін қызметтердің жылдамдығы мен деңгейін төмендетті.
Порт инфрақұрылымының өсіп келе жатқан контейнер ағынына бейімделмеуі. Порт инфрақұрылымының жүк ағыны құрылымының өзгеруіне жеткіліксіз бейімделуі салдарынан контейнерлерді ауыстырып тиеу бойынша өткізу қабілеті едәуір шектелген, бұл осындай операциялардың жылдамдығы мен жалпы тиімділігін төмендетеді.
Ішкі су көлігі инфрақұрылымының тозуы. Кеме қатынасы су жолдарында жағалау көлік инфрақұрылымы мен кеме қатынасы шлюздерінің саны жеткіліксіз және тозу деңгейі жоғары, бұл олардың өткізу қабілетін едәуір шектейді және ішкі су көлігінің тасымалдау әлеуетін пайдалануға кедергі келтіреді. Мемлекеттік техникалық флоттың тозуы да сыни деңгейде, бұл қадағалау органына кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өз функцияларын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Кеме жасау және кеме жөндеу базасының дамымауы. Қазақстанда өз қуаттарының болмауына байланысты саланың кәсіпорындары флотты жөндеу үшін кемелерді шетелге жіберуге мәжбүр, бұл жөндеу жұмыстары құнының қымбаттауына және қосымша уақыт шығындарына әкеледі.
Сауда флотының бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі. Құрғақ жүк кемелерінің, паромдардың, танкерлер мен контейнер тасығыштардың тапшылығына байланысты қазақстандық флот Каспий бассейніндегі басқа елдердің неғұрлым дамыған флотымен бәсекелесе алмайды, бұл Қазақстанның өңірлік көлік-логистикалық жүйеге интеграциялануына кедергі келтіреді.
Каспий теңізінің таяздануы. Каспий теңізі деңгейінің жылына шамамен 6-7 сантиметр жылдамдықпен төмендеуіне байланысты бірқатар порттарда кемелер толық шөгу тереңдігіне дейін жүктеле алмайды, бұл тасымалдардың жалпы тиімділігінің төмендеуіне және құнының өсуіне әкеледі.
Цифрландыру деңгейінің төмендігі. Теңіз порттарында тасымалдау процесінің жеткіліксіз цифрландырылуы жүктерді өңдеу жылдамдығын төмендетеді және операциялық қызметті жоспарлауды қиындатады. Атап айтқанда, ҚТЖ мен терминал операторлары арасында жүк тасымалдарын жоспарлау мен басқарудың интеграцияланған жүйесі, сондай-ақ теңіз өткізу пункттерінде мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруға арналған бірыңғай ақпараттық орта жоқ.
2.7.5. Логистика және мультимодальды тасымалдар
Инфрақұрылымдық тар орындардың тасымал тиімділігіне теріс әсерінің күшеюі. ҚХР-дан Қазақстан арқылы Еуропаға бағытталатын транзиттік жүктер көлемінің өсуі транзиттік тасымалдардан түсетін кірістерді дамыту мен арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер туғыза отырып, сонымен бірге қолданыстағы инфрақұрылымға түсетін жүктемені арттырады, бұл ішкі көлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға инфрақұрылымдық шектеулердің әсерін күшейтеді. Тиісті шаралар қабылданбаған жағдайда мультимодальды тасымалдар жүйесіндегі қолданыстағы «тар орындар» және тарифтерді қалыптастыру кезіндегі жеткіліксіз икемділік шиеленісіп, көлік-логистикалық әлеуетті дамытуға кедергі келтіретін факторға айналады.
Контейнерлердің (ыдыстардың) айналымын реттеу бөлігінде кеден заңнамасының жетілдірілмеуі, сондай-ақ уақытша әкелу режимінде декларациялау қажеттілігі. Қазақстанда 1990 жылғы Стамбул конвенциясының операторлардың CARNET ATA кітапшасын ресімдемей, кедендік баждар мен салықтарды төлеу туралы еркін нысандағы жазбаша міндеттемелер беру мүмкіндігін регламенттейтін ережелері заңнамалық деңгейде іске асырылмаған. Бұл проблема Қазақстанның халықаралық логистикалық ағындарға интеграциялануын тежейді және контейнерлендіру деңгейін арттыруға, экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдар арасындағы теңгерімді орнатуға кедергі келтіреді.
Бірыңғайланған мультимодальды коносаменттің болмауы. Мультимодальды және аралас тасымалдарды ұйымдастыру кезінде, көлік түрін ауыстырған жағдайда көлік құжаттарын (СМГС, ЦИМ/СМГС, Air bill, CMR, маршруттық парақ) қайта ресімдеу қажеттілігі туындайды, бұл импорттық-экспорттық тарифтерді қолдану есебінен тасымалдау құны мен мерзімдерінің ұлғаюына әкеледі.
Транзиттік жүк тасымалдарын нақты уақыт режимінде қадағалау мүмкіндігінің болмауы. Қазақстанда теміржол, автомобиль және әуе көлігімен жүк транзиттік тасымалдарын жүзеге асыру процесінде жүктердің (көлік құралдарының) қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық жүйе жоқ. Бұл проблема трансқазақстандық транзиттік дәліздердің тартымдылығын төмендетеді және елдің көлік-логистикалық жүйесінің өңірлік көлік жүйесіне интеграциялануына кедергі келтіреді.
Контейнерлік және аралас тасымалдардың даму деңгейінің төмендігі. ҚР-дағы контейнерлік жүктердің үлесі көлік-логистикалық қызметтер саласында көшбасшы елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда біршама төмен. Негізгі шектеуші факторлар: автомобиль және жабық вагондардағы теміржол тасымалдарымен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз тарифтер, экспорттық, импорттық және транзиттік жүк ағындарының теңгерімсіздігі, қажетті логистикалық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, фитингтік платформалар мен контейнерлік жабдықтардың тапшылығы, сондай-ақ мультимодальды тасымалдарды дамытуға арналған салық және салалық заңнаманың жетілдірілмеуі. Жүк ағындарын одан әрі әртараптандыру порт инфрақұрылымына елеулі инвестициялар салуды, тиеу-түсіру жабдықтарын сатып алуды (жаңғыртуды) және кемелер салуды, сондай-ақ құрылатын инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді біріктіретін көлік-логистикалық сервисті дамытуды талап етеді.
Көлік-логистика саласының дамыған елдерден технологиялық артта қалуы. Қазақстан мен неғұрлым дамыған елдер арасындағы ғылыми-техникалық және технологиялық даму деңгейі бойынша бар алшақтықтың сақталуы елдің көлік-логистика саласы кәсіпорындарының жаһандық бәсекелестік көлік қызметтері нарығындағы позицияларын әлсіретеді және транзиттік әлеуетті іске асыруды қиындатады.
2.7.6. Проблемалар мен үрдістерді талдау қорытындылары
Талдау нәтижелері бойынша қолда бар проблемалардың көпшілігі көліктің жекелеген салаларына ортақ болып табылатыны және салааралық сипатқа ие екені анықталды.
Проблемаларды шешуге кешенді тәсілді қамтамасыз ету және бірыңғай көлік-логистикалық жүйе шеңберінде көліктің жекелеген салаларын интеграцияланған түрде дамыту мақсатында анықталған салалық проблемалар төменде сипатталған топтар бойынша жүйеленді.
Көлік-логистика саласының интеграцияланған дамуына және транзиттік әлеуетті игеруге кедергі келтіретін проблемалар:
қосымша транзит көлемдерін тарту және үздіксіз мультимодальды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін трансшекаралық хабтар мен терминалдық желінің жеткіліксіз дамуы;
халықаралық транзиттік-көлік дәліздерінің, көлік тораптарының, логистикалық терминалдар мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетінің жеткіліксіздігі;
көлік құралдары паркінің, оның ішінде жүк автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігінің жеткіліксіз қамтамасыз етілуі және тозу деңгейінің жоғары болуы;
халықаралық көлік қатынасында физикалық емес кедергілердің болуы, оның ішінде халықаралық қатынастағы жүк мультимодальды тасымалдары процесін кедендік әкімшілендіру циклінің ұзақ әрі күрделі болуы;
тасымалдау қызметін заңнамалық қамтамасыз етудегі олқылықтар;
заманауи деңгейдегі көлік-логистикалық сервистің жеткіліксіз дамуы;
мультимодальды тасымалдарды басқару, тасымалдау процесіне қатысушылар арасында деректер мен құжаттар алмасу үшін «жұмсақ инфрақұрылымның», цифрландыру мен автоматтандырудың даму деңгейінің жеткіліксіздігі.
Көлік инфрақұрылымы мен тасымалдау қызметінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне әсер ететін проблемалар:
көлік инфрақұрылымының қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы мемлекетаралық, ұлттық және салалық стандарттардың талаптарына сәйкес келмеуі;
елдің экономикалық белсенділік орталықтары мен елді мекендері арасындағы көлік байланыстарында үзілістер мен «тар орындардың» болуы;
қозғалысты цифрландыру, автоматтандыру, реттеу, бақылау және басқару құралдарын жеткіліксіз тиімді пайдалану;
пайдалану, шұғыл ден қою, байланыс және көмек қызметтерінің дамымауы;
қозғалыс қауіпсіздігі мен көлік құралдарын пайдалану талаптарының бұзылуының алдын алу жүйесінің тиімсіздігі;
көліктегі қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық база мен стандарттардың жетілдірілмеуі;
тасымалдау қызметінің үздіксіздігін және тасымалдардың сенімділігін қамтамасыз ету үшін жоспарлау, басқару және реттеу жүйелері мен технологияларының жетілдірілмеуі;
көлік-логистика кешені қызметінің қоршаған ортаға келтіретін экологиялық залалының жоғары деңгейі және «жасыл» технологияларды жеткіліксіз пайдалану.
Тасымалдау қызметі мен инфрақұрылымды басқарудың жалпы тиімділігіне әсер ететін проблемалар:
реттелетін қызметтерге тариф белгілеу жүйесінің жетілдірілмеуі;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдану нысандары мен салаларының шектеулілігі;
көлік қызметтерін мемлекеттік субсидиялау жүйесіндегі олқылықтар;
көлік инфрақұрылымы объектілерін жөндеу мен пайдалануға арналған шығындарды жоспарлау үшін активтерді басқару жүйелерін енгізудің аяқталмауы;
көлік қызметін жоспарлау мен басқарудың заманауи цифрлық технологиялары мен автоматтандырылған жүйелерін жеткіліксіз дамыту және қолдану;
инфрақұрылымды жобалау, салу, жөндеу және пайдалану кезінде инновациялық материалдарды, жобалық шешімдерді, технологияларды, басқару жүйелерін және тараптар арасындағы құқықтық қатынастардың жаңа нысандарын жеткіліксіз қолдану.
Нарықты дамытуға және көлік-логистикалық әрі ілеспе қызметтердің сапалық деңгейін арттыруға кедергі келтіретін проблемалар:
жүк теміржол тасымалдары және әуе тасымалдары саласындағы нарықты ырықтандыру бойынша институционалдық реформалардың аяқталмауы;
жеке капиталды тарту үшін қолайлы жағдайлардың болмауы;
мемлекеттік реттеу жүйесіндегі олқылықтар мен теңгерімсіздіктің болуы;
сервистік инфрақұрылымның дамымауына байланысты сервистік қызметтер деңгейінің төмендігі.
Сонымен қатар көліктің барлық салаларына ортақ проблемалар мыналар болып табылады:
көлік-логистика саласының ғылыми-технологиялық әлеуетінің төмендігі;
білікті инженерлік кадрлар мен көлік мамандықтары бойынша тәжірибелі басқарушылардың тапшылығы;
көлік-логистика саласын дамыту және оның жұмыс істеуі үшін құрылыс материалдарымен және отын-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етудегі бақылаусыз инфляция мен мерзімді іркілістер.
3-бөлім. Халықаралық тәжірибені талдау
3.1. Автомобиль тасымалдары мен жол инфрақұрылымын дамыту тәжірибесі
Жүктер мен автокөлік құралдарын шекарада бақылаудан өткізу рәсімдерін жеңілдету және уақытын қысқарту халықаралық тасымалдарды дамытудың маңызды шарттары болып табылады. Бұл саладағы тиімді ынтымақтастықтың мысалы ретінде ҚХР мен Моңғолияның тәжірибесін келтіруге болады.
Тараптар келіскен бірыңғайланған жүк манифестін барлық жүк автокөлік құралдарының қолдануы және міндетті түрде пайдалануы жүк туралы маңызды ақпаратты стандарттауға мүмкіндік берді, бұл ретте кедендік декларация мен жүк манифестінен алынған деректердің 25 элементі пайдаланылып, нысандарды аудару және қайта толтыру кезіндегі қиындықтар жойылды. Нәтижесінде жүк автомобильдерінің күту уақыты қысқарып, кедендік рәсімдер 11 қадамнан 7 қадамға дейін жеңілдетілді.
Арменияда мемлекеттік органдар арасындағы «Бір терезе, бір аялдама» және «Өзара іс-қимыл» платформаларын енгізу, Баграташен, Бавра және Гогаван өткізу пункттерін жаңғырту нәтижесінде жүк автокөлік құралдарының армян-грузин шекарасынан өту уақыты 20 минутқа дейін қысқарды.
Әзербайжанда ЕО қаржыландыратын «Қызыл көпір» кедендік-шегаралық пунктін дамытуға қолдау көрсету» жобасы шеңберінде Әзербайжан мен Грузия арасындағы сыртқы саудаға қатысушылар үшін Саудаға жәрдемдесу орталығы пайдалануға берілді. Бұл Жібек жолы көлік дәлізінің елдері арасындағы сауда байланыстарын нығайтуға және дамытуға, сондай-ақ трансшекаралық сауданы едәуір жеңілдетуге ықпал етті.
Әзербайжандық тасымалдаушылардың қатысуымен халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде елде ершікті тартқыштар мен массасы 12-ден 50 тоннаға дейінгі моторлы көлік құралдары кәдеге жарату алымын төлеуден босатылды. Осындай шаралар Өзбекстанда да іске асырылуда, онда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жаңа жүк және арнайы автокөлік құралдары, сондай-ақ пайдалану мерзімі 4 жылға дейінгі автокөлік құралдары (Еуро-5-тен төмен емес) кәдеге жарату алымын төлеуден босатылды.
Сондай-ақ Өзбекстанда халықаралық автомобиль тасымалдары үшін пайдаланылатын ауыр жүк автокөлік құралдарын, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді сатып алуда ұлттық тасымалдаушыларды қолдау шаралары іске асырылуда, олар кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді өтеуге (25%-ға дейін) және кредиттер бойынша кепілдік беруге (50%-ға дейін) арналған өтемақыларды қамтиды.
Жол инфрақұрылымын дамыту мен күтіп-ұстауға арналған шығындарды қаржыландыру бөлігінде АҚШ пен Ресейдің тәжірибесі қызығушылық тудырады, мұнда автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын тиісті алымдар автокөлік құралдарына арналған жанармай құнының акциздік бөлігіне енгізілген. Жол саласы бюджетінің кіріс бөлігі жанармай сатудан түсетін акциздің бір бөлігін мамандандырылған жол қорларына аудару есебінен қалыптастырылады.
АҚШ-та акциз мөлшері орта есеппен бір галлонға 18 центті (1 литрге 22 теңге) құрайды, бұл ретте жол қоры кірістерінің 82%-ы акциздер түсімдері есебінен қалыптастырылады, олардың 95%-ы кейіннен федералдық автомобиль жолдарын (ҚР-дағы халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың баламасы) қаржыландыруға бағытталады. Жол қорына жыл сайынғы түсім көлемі шамамен 36 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл сома мемлекеттің автомобиль жолдарын салуға, жөндеуге және күтіп-ұстауға жұмсайтын барлық шығындарының 25%-ын жабады.
Ресей Федерациясында бензинге акциз мөлшері 13%, дизель отынына – 8% құрайды. Жанармай сатудан түсетін акциздік түсімдердің жыл сайынғы көлемі 800 млрд. рубльді құрайды, бұл ретте акциздер мен көлік салығының 36%-ы (шамамен 4,4 млрд. АҚШ доллары) Федералдық жол қорына бағытталады. Жыл сайынғы алымдардың көрсетілген сомасы автомобиль жолдарын салуға, жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған нормативтік қаржыландыру қажеттілігінің шамамен 26%-ын жабуға мүмкіндік береді, шығындардың қалған бөлігі федералдық және жергілікті бюджеттерден өтеледі.
Жүктер мен автокөлік құралдарын шекарада бақылаудан өткізу рәсімдерін жеңілдету және оңтайландыру бөлігінде ҚХР, Моңғолия және Армения тәжірибесін Қазақстанда қолдану сауда-экономикалық қатынастар деңгейін және халықаралық автомобиль тасымалдарының дамуын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Өзбекстан мен Ресейдің үлгісі бойынша Қазақстанның халықаралық автотасымалдаушылар паркін дамытуды мемлекеттік қолдау шараларының ауқымын одан әрі іске асыру және кеңейту тасымалдау мүмкіндіктерін арттыруға және халықаралық автомобиль тасымалдары нарығында ұлттық тасымалдаушылардың қатысу үлесін ұлғайтуға ықпал ететін болады.
3.2. Теміржол көлігін дамыту тәжірибесі
Дамыған елдердің теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бөлігіндегі табысты тәжірибесін талдау қабылданып жатқан шаралардың нәтижелілігінің негізгі факторы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін инвестициялаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету болып табылатынын көрсетеді.
Атап айтқанда, аумағының 1 шаршы км-іне шаққандағы теміржол жолдарының тығыздығы Қазақстанмен салыстырмалы Австралия 2017 жылы құны 6,7 млрд доллар болатын теміржол инфрақұрылымын жаңартудың ауқымды 10 жылдық бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бұл ретте жобалардың едәуір бөлігі тар орындарды жоюға, инфрақұрылымды жаңартуға және желінің жылдамдық параметрлерін арттыруға бағытталды, ал іске асыру үшін инвестициялық жобаларды бағалау мен іріктеудің басты өлшемшарты Австралия халқы үшін әлеуметтік-экономикалық пайда болды.
Жылжымалы құрамды жаңарту бөлігінде Польша тәжірибесі қызығушылық тудырады. Техникалық сипаттамалары мен шектеулері КСРО кезеңінен қалған ескірген локомотивтер мен вагондардың едәуір үлесіне ие бола отырып, Польша 2021 жылы іске асыру мерзімі 2030 жылға дейінгі және инвестициялардың жалпы көлемі 6,2 млрд АҚШ долларын құрайтын жылжымалы құрамды жаңартудың ауқымды бағдарламасын іске қосты. Теміржол тасымалы нарығын ырықтандыру жөніндегі шараларды қабылдаумен қатар, бұл бағдарлама салаға жеке инвестицияларды тартуға қуатты серпін берді және қысқа мерзім ішінде жүк және жолаушылар теміржол тасымалдарының тиімділігін ЕО стандарттарына сәйкес келетін сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.
ЕО-ның бірнеше елінің тәжірибесін талдау монополиялық тасымалдаушы жұмысының тиімділігін арттырудың ең пәрменді ынталандыру құралы шетелдік модельдердің көпшілігінде бәсекелестік болып табылатынын көрсетеді. Еуропа елдерінде инфрақұрылым мен базалық тасымалдаушыны холдинг шеңберінде ұйымдастырушылық тұрғыдан бөлу (холдингтік модель деп аталатын) қызметтің әртүрлі түрлері арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету және оларға тиімді бақылау жасау есебінен өзінің тиімділігін дәлелдеді, оның ішінде:
жеке тасымалдаушылардың инфрақұрылым қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізуін бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі құқықтар мен міндеттер берілген жеке орган құру немесе қолданыстағы органға осындай өкілеттіктер беру;
(тасымалдаушыларды) лицензиялау және кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету функцияларын әртүрлі реттеуші мемлекеттік органдарға бөлу;
жеке тасымалдаушылардың қызметін жүзеге асыруы үшін елеулі әрі қажетті болып табылатын қызметтерге кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
бірқатар негізгі параметрлер бойынша жеке тасымалдаушыларға нақты біліктілік талаптарын енгізу (материалдық-техникалық, қаржылық, біліктілік, қауіпсіздік).
Германияның мысалында DB Group компаниясында инфрақұрылымдық блок, тасымалдау және логистикалық қызмет бөлек ұйымдық дербес сегменттерге бөлінген. DB Group қызметін ұйымдастыру МЖЖ-ға және ілеспе қызметтерге кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде инфрақұрылымдық блоктың мемлекеттік реттеуші тарапынан бақылануымен сипатталады, бұл осындай тәсілдің жоғары тиімділігін көрсетеді.
Бұл ретте инфрақұрылымдық блок логистикалық қызметтен бөлінген және DB тобы шеңберінде көлік-логистикалық қызметтер көрсетуге коммерциялық немесе әкімшілік қатысы жоқ.
Жүк тасымалдарын ырықтандыру ЕО елдерінде жылжымалы құрамды (вагондар мен локомотивтерді) иеленетін және басқаратын мыңнан астам тәуелсіз жүк тасымалдаушының қалыптасуына алып келді. ЕО-ның 28 елінде операторлық қызметті жүзеге асыруға арналған 1 мыңнан астам лицензия қолданылады, бәсекелес тәуелсіз тасымалдаушылардың ең көп саны Германияда тіркелген (434 компания). Тәуелсіз жеке тасымалдаушылардың үлесі жалпы ЕО бойынша 42%-ды құрады.
Бәсекелестікті дамыту монополистің шығындарын 50%-ға дейін төмендетуге және ұзақ мерзімді перспективада операциялық қызметтің жалпы рентабельділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ бұл теміржол саласында автоматтандыру және цифрландыру саласындағы инновациялық шешімдерді белсенді енгізуге, логистикалық қызметтер ассортиментін кеңейтуге және сапасын арттыруға ықпал етті.
ЕО-да жолаушылар және жүк тасымалдары арасында кросс-субсидиялау жүйесі жоқ. Тарифтерді саралау қозғалыс қарқындылығы, маршруттағы тасымалдау жылдамдығы, МЖЖ тозуына әсері, тарту түрі, жүк санаты (қауіпті, қауіпті емес) сияқты белгілер бойынша жүзеге асырылады. Бұл тәжірибе Қазақстанда кезең-кезеңімен іске асыру үшін өзекті болып табылады.
Германияның тасымалдау және логистикалық қызметті ұйымдастырушылық тұрғыдан бөлу, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымын басқару бөлігіндегі тәжірибесін қолдану Қазақстан үшін де орынды болып табылады. Мұндай бөлу теміржол тасымалдарының тиімділігін арттыруға, операциялық қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге және Ұлттық жүк тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы арасындағы функционалдық міндеттерді ажыратуға ықпал етеді.
ЕО үлгісі бойынша Қазақстанда теміржол тасымалдары нарығын ырықтандыру деңгейін арттыру магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл елдегі жеке тасымалдаушылар қызметін жүзеге асыру және дамыту үшін елеулі әрі қажетті шарт болып табылады.
Бұдан басқа, барлық дамыған елдерде теміржол саласындағы тарифтік саясат тарифтердің оңтайлы мәндерін модельдеу мен талдауға негізделген. Тарифтерді есептеу кезінде міндетті түрде ашықтық қағидаты, шығындарды толық өтеу қағидаты, сұраныс пен ұсыныстың сәйкестік қағидаты және басқа да қағидаттар қолданылады.
3.3. Әуе көлігін дамытудың шетелдік тәжірибесі
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әуежайлардың жарақтандырылуы әуе көлігі саласын дамытуда шешуші рөл атқарады. АҚШ-та саланың дамуына 1978-1988 жылдарға арналған құны 10 млрд АҚШ доллары болатын әуежайларды дамытудың 10 жылдық мемлекеттік бағдарламасы елеулі серпін берді, оның шеңберінде бүкіл ел бойынша 2,6 мың әуежайдың жабдықтары жаңғыртылып, инфрақұрылымы жаңартылды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жолаушылар ағынының өсуінен бөлек, 1990 жылға қарай жеке әуежайлардың үлесі үштен бірге өсті, ал елде пайдаланылатын әуе кемелерінің саны 1,6 есе артты.
Қазақстанда қолдану үшін авиациялық қызметтер нарығын және әуежайлар қызметін ырықтандыру жөніндегі Түркия тәжірибесі орынды болып табылады, ол бәсекелестіктің дамуын және салаға жеке инвестициялар ағынын қамтамасыз етті.
2000 жылдардың басында Түркия Үкіметі авиациялық әкімшілікті күшейту және ұлттық әуе тасымалдаушысы Turkish Airlines компаниясын акцияларының 51%-ын қор нарығына орналастыру арқылы ішінара жекешелендіру жөнінде ауқымды реформалар жүргізді. Бұдан басқа, әртүрлі халықаралық даму институттарының экспорттық қаржыландыру құралдарын пайдалана отырып, ұшақтар сатып алу үшін мемлекеттік кепілдіктер беру арқылы қолдау көрсетілді.
Стамбұлдың жаңа әуежайын (Еуразиядағы ең ірі авиациялық хабты) Turkish Airlines әуе компаниясының негізгі базалық әуежайы ретінде айқындау да ұлттық флагманды қолдау шарасы болып табылады.
Нарықты ырықтандыру Turkish Airlines компаниясының ішкі бағыттарға арналған жеке бюджеттік әуе компанияларын, сондай-ақ жүк авиациясы бөлімшесін дамыту қажеттілігін туындатты. Бұл ретте жолаушылар ұшақтарының жүк бөлімдерін белсенді пайдалану Түркияның әуе жүк тасымалдарының негіздерінің бірі болып табылады.
Инфрақұрылымға салынған инвестициялар мен дәйекті мемлекеттік саясаттың арқасында Түркия әуе көлігі саласы бойынша ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылды. Реформалар басталғаннан бергі өткен 20 жыл ішінде түрік авиакомпанияларының ұшу географиясы 50 елдегі 60 қаладан әлемнің 128 еліндегі 335 қалаға дейін кеңейді. Бұл ретте коммерциялық ішкі әуе рейстерінің саны 484 мыңға, халықаралық рейстердің саны 438 мыңға жетті. 2021 жылы Түркия әуежайларындағы жиынтық жолаушылар ағыны 130 млн жолаушыға жуықтады.
Мақсатты қаржыландыру көздерін құру және мемлекет тарапынан нысаналы бағдарламалық шараларды іске асыру арқылы аэродром инфрақұрылымын дамытудағы Солтүстік Америка тәжірибесі Қазақстанда қолдану үшін өте өзекті болып табылады.
Канадада 30 жыл бойы әуежайлар мен авиацияны қолдау бағдарламалары іске асырылып келеді. Ең танымал бағдарламалар қатарына әуежайларды қалпына келтіру бағдарламасы (Airport Relief Fund) және қазіргі уақытта қолданыстағы стратегиялық маңызы бар әуежайларды қаржыландырудың 5 жылдық «Airport Critical Infrastructure Program» бағдарламасы жатады, оның шеңберінде қауіпсіздікті арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі шараларды іске асыруға 360 млн доллар бөлу бастамасы көтерілді. Бұл бағдарламалар нақты өлшемшарттарға ие және елдің негізгі әуежайлары қызметінің барлық аспектілерін қамтиды.
АҚШ-та аэродром инфрақұрылымын дамыту үшін арнайы Airway Trust Funds қорлары құрылды, оларды қаржыландыру көзі авиациялық отынға салынатын акциздерден, авиабилеттер құнынан алынатын алымдардан және т.б. түсетін түсімдер болып табылады.
Free Route Airspace (FRA, еркін маршруттау әуе кеңістігі) жүйесін пайдаланудың халықаралық тәжірибесі бөлігінде Ресей Федерациясының тәжірибесі назар аударуға тұрарлық, онда 2020 жылғы маусымда Магадан мұхиттық секторында FRA енгізілді. FRA енгізудің арқасында белгіленген маршрутпен салыстырғанда ұшу қашықтығын 55,5 км-ге қысқартуға қол жеткізілді.
2021 жылғы желтоқсанда Ұлыбританияның ҰҚҚ ұлттық қызметі (NATS) FRA тұжырымдамасын Ұлыбританияның әуе кеңістігінде енгізді. Осы жоба шеңберінде Ұлыбританияның әуе кеңістігінің шамамен 1/3 бөлігін құрайтын Шотландия үстіндегі белгіленген маршруттар алынып тасталды. Әуе қозғалысының жоғары қарқындылығын (күніне 2000 рейске дейін және барлық трансатлантикалық рейстердің шамамен 80%-ын) ескере отырып, бұл өзгерістер отын шығыны мен ұшу уақытын оңтайландыру арқылы авиакомпаниялардың шығындарын едәуір қысқартуға көмектеседі деп күтілуде, бұл CO2 шығарындыларының азаюына да оң әсер етеді.
Бұдан басқа, халықаралық хабтарды дамыту бөлігінде БАӘ, Катар және Сингапур тәжірибесі де қызығушылық тудырады, бұл Қазақстанның көлік-логистика саласын дамытудың өзекті міндеті болып табылады. Сонымен қатар АҚШ пен ЕО үлгісі бойынша «ашық аспан» режимін іске асыруды жалғастыру Қазақстанның халықаралық сауда-экономикалық ортаға одан әрі интеграциялануына серпін береді, сондай-ақ әуежай инфрақұрылымын дамытуға, жолаушылар үшін қолайлылық жасауға және жетекші әлемдік орталықтарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге ықпал етеді.
3.4. Су көлігін дамытудағы ЕО тәжірибесі
Қазақстанның теңіз көлігі жүйесін мемлекеттік басқаруды жетілдірудің бұдан арғы жолдарын айқындау үшін ең орынды стандарт ЕО-ның озық тәжірибесі болып табылады. ЕО-ның теңіз көлігі саясаты даму мен инновациялардың кең ауқымды саласы болып табылады, бұл теңіз көлігінің ЕО үшін экономикалық тұрғыдан да, мультимодальды көлік жүйесін дамыту бөлігіндегі ұйымдастырушылық тұрғыдан да маңыздылығына байланысты.
ЕО теңіз саясатының негізі теңіз көлігіндегі нарықтық қызметтерге арналған нормативтік база болып табылады, сонымен қатар теңіз операциялары қауіпсіздігінің жоғары дамыған режимі қабылданып, ықтимал апатты және экологиялық залал тәуекелдері төмендетіледі.
ЕО елдерінің басым көпшілігінде мемлекеттік сектор порттарды жоспарлау, инвестициялау, дамыту және реттеу ісінде шешуші рөл атқарады. Мемлекеттің қажетті инвестицияларды қамтамасыз етуі барған сайын қиындай түскендіктен, оңтайлы шешім порттарға жеке капитал тарту, сондай-ақ порт қызметін ырықтандыру және бәсекелестікті енгізу есебінен тиімділікті арттыру болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік сектордың рөлі қызметтер көрсетуге қатысудан реттеуші және қадағалау функцияларына қарай өзгереді, мемлекет, теңіз портының әкімшілігі және терминал операторлары арасындағы тиімді иерархиялық құрылым қалыптасады.
Кемелердің конструкциялары, қызмет көрсету стандарттары, жұмыспен қамту шарттары, операциялық жүйелер, үстеме шығыстар, салықтар, мұнаймен ластану, қоршаған ортаға қатысты шығарындылар және басқа да көптеген мәселелер қандай да бір түрде мемлекеттік реттеуге жатады. Соңғы онжылдықта қоршаған орта, кемелерден шығатын шығарындылар, балласт сулары және кемелерді кәдеге жарату мәселелеріне ерекше назар аударылып келеді.
Жақында енгізілген нормативтер кеме қатынасы саласынан қалдықтарды, шығарындыларды азайту және балласт суларын өңдеу сияқты табиғатты қорғау технологияларына инвестиция салуды талап етеді. Нормативтік-құқықтық және экономикалық ынталандыру шаралары кеме иелерін қолданыстағы кемелерді жаңғыртуға инвестиция салуға ынталандырады, бұл кеме қатынасының жаһандық экологиялық әсерін төмендетуге ықпал етеді.
Кеме отыны ретінде сұйытылған газды пайдалануға көшу үрдісі байқалуда, бұл шығындарды азайтуға және БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы 7-мақсатына (энергетика) және 13-мақсатына (климаттың өзгеруі) сәйкес климаттың өзгеруіне байланысты міндеттерді шешуге ықпал етеді.
Халықаралық теңіз тасымалдарын дамытудың тағы бір үрдісі жүк партияларын жинақтау жөніндегі өңірлік тарату орталықтарының рөлін атқаратын порт-хабтардың қалыптасуы болды. Олардың басты артықшылығы – көлік ағындарын бір жерде біріктіру мүмкіндігі, бұл жүктерді өңдеу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
ЕО-да порт-хабтар функциясын үш ірі порт орындайды: Роттердам порты (Нидерланд), Антверпен порты (Бельгия) және Гамбург порты (Германия), олар Еуропа порттарына жеткізілетін барлық контейнерлік жүктердің 76%-ын өңдейді. Контейнерлендірудің жалпы үрдісі нәтижесінде 2005-2020 жылдар кезеңінде дәстүрлі жалпылама жүктердің үлесі 11%-дан 4%-ға дейін, ал үйінді жүктердің үлесі 17%-дан 5%-ға дейін қысқарды.
Контейнерлік жүктердің үлкен көлемін ауыстырып тиеуді жүзеге асыратын ЕО порт-хабтарының қалыптасуы кемелерге, жүктерге кешенді қызмет көрсету және қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша қызметтердің кең спектрін қамтамасыз ету қажеттілігін туындатты. ЕО-да кемелер қозғалысын басқару жүйесіне (КҚБЖ) ерекше назар аударылады. КҚБЖ-дан келіп түсетін кеме қатынасы туралы ақпарат SafeSeaNet жалпыеуропалық ақпараттық жүйесіне біріктіріледі, онда ол қашықтан сәйкестендіру және қадағалау жүйесінен (LRIT) алынған ақпаратпен толықтырылып, кейін пайдаланушылардың кең ауқымына ұсынылады. Ішкі су көлігінің қауіпсіздігін арттыру үшін барлық мүдделі тараптар арасында ақпаратты жедел алмасуға бағытталған өзендік ақпараттық қызметтер құрылды.
Қазақстанда теңіз көлігіндегі қызметтер нарығын одан әрі дамыту үшін теңіз операциялары қауіпсіздігінің жоғары дамыған режимін қабылдаумен қатар, өңірлік тарату орталықтарының рөлін атқаратын порт-хабтарды қалыптастыру бөлігінде ЕО тәжірибесін қолдану, сондай-ақ теңіз операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға залал келтіру тәуекелдерін төмендету бөлігінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажет. Тасымалдау процесін цифрландыру және кемелерді инспекциялаудың бірыңғай цифрлық базасын құру саласындағы ЕО тәжірибесін іске асыру Қазақстанға жаһандық көлік дәліздері жүйесіне барынша интеграциялануға мүмкіндік береді.
3.5. Транзиттік инфрақұрылымды дамыту тәжірибесі
Транзиттік әлеуетті дамыту және қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру бөлігінде Шығыс – Батыс бағытындағы транзиттік тасымалдар инфрақұрылымын дамытудың екі кезеңді жоспары қолданыстағы Польша тәжірибесі неғұрлым өзекті болып табылады. Бірінші кезеңде Тересполь – Брест шекаралық өткелінің қолжетімділігін арттыру, оның ішінде Тересполь станциясының 1520 мм жолтабан ені бар жол жүйесін кеңейту көзделеді. 2022-2024 жылдарға жоспарланған жоспарды іске асыру ұзындығы 1 050 м-ге дейінгі және осьтік жүктемесі 25 тонна болатын пойыздарды өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, оның ішінде зақымдалған немесе ақаулы вагондарды орналастыруға арналған жолдар, сондай-ақ кедендік және шекаралық операцияларды жүргізуге жәрдемдесетін объектілер құрылады.
Екінші кезеңде Буг өзені арқылы жаңа көпір салу көзделеді, бұл транзиттік жүк ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл инфрақұрылым 1435 мм жолтабанды жолдарды 1520 мм жолтабанды жолдармен түйістіруді қамтамасыз етеді, бұл поляк-беларусь шекарасында теміржол көлігінің өткізу қабілетін арттыруға, оның ішінде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысын бөлу арқылы арттыруға мүмкіндік береді.
Көрсетілген жобаларды іске асыру «Седльце – Тересполь» Е20 теміржол желісін жаңғыртуды жалғастыру шеңберінде жүзеге асырылады, оның ішінде аралықтар мен Тересполь станциясын жаңғырту, сондай-ақ жергілікті диспетчерлік пунктті қайта жарақтандыру көзделген, бұл пойыздар қозғалысының жылдамдығы мен қауіпсіздігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.
Еуропа елдерінде пойыздарды өңдеу жылдамдығының артуына пойыздар қозғалысының «өтпелі» түрі бойынша шекаралық станция инфрақұрылымын дамыту ықпал ететінін, ал Қазақстанда Достық және Алтынкөл станциялары «аралдық» қағидат бойынша салынғанын атап өту қажет. Бұл ретте транзиттік теміржол тасымалдарының тиімділігі көп жағдайда Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың барлық дерлік елдерінде жеке тасымалдаушылар мен операторларды оларды жүзеге асыруға тарту арқылы қамтамасыз етіледі.
Сауда хабтарын дамыту бөлігінде БАӘ-нің Jebel Ali (JAFZA) АЭА шекараларында контейнерлік, жалпылама тасымалдарды дамыту және өнімді қоймалау жөніндегі тәжірибесі назар аударуға тұрарлық. Бұл АЭА өндіріс, сақтау, қоймалау және өнімді БАӘ-де және бүкіл әлемде тарату қызметінің негізгі түрлері болып табылатын оқшауланған аумақ ретінде құрылған. JAFZA жұмыс тұжырымдамасы өндірістік, көлік-логистикалық кластерді шоғырландыруды қамтиды, мұнда тауарларды кедендік баждардан босатылған, еркін қоймаларда сақтау мүмкіндігі де бар. Қызмет бағыттарының кең спектрі осы АЭА аумағындағы тауар айналымының өсуіне мультипликативтік әсер етті, қазіргі уақытта онда әлемнің 130 елінен 8 700-ден астам компания тіркелген.
Мексикада өнеркәсіптік кооперация шеңберінде кәсіпкерліктің жеңілдетілген режимі бар экспорттық-өндірістік аймақтар – «макиладоралар» жұмыс істейді. Негізінен бұл аймақтар АҚШ-пен шекарада орналасқан. Бұл ретте осы аймақтардың аумағына шикізат пен аралық өнімдер жеткізіледі, олар кейіннен өңделіп, шетелге экспортталады.
Вьетнамда шекара маңындағы экономикалық ынтымақтастық аймақтарының аумағында бажсыз сауда, 15 жылға дейінгі кезеңге табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесі түріндегі жеңілдіктер қолданылады, бұл ретте алғашқы 4 жыл ішінде аймақтарға қатысушылар салық салудан босатылады. Жеке тұлғалар үшін салықтар 2 есе төмендетілген; жүктерді өткізу мерзімі 6 күннен 3 сағатқа дейін қысқартылған. Дунсин-Монгкай аймағының аумағында тұлғаларды өткізудің электрондық жүйесі (e-port) енгізілген, бұл жеке тұлғаларға қызмет көрсету жылдамдығын бір адамға 6 секундқа дейін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, шекара маңындағы экономикалық ынтымақтастық аймақтарына қатысушылар тауарларды АҚШ пен ЕО-ға экспорттай алады.
Сингапурдағы АЭА экспорттық-импорттық режимі мемлекеттің бірыңғай экспорттық-өндірістік аймақ ретіндегі рөлінен туындайды. Елде экспорттық өндірісті ұйымдастыру мақсатында бірқатар өнеркәсіптік аудандар қолайлы режимдер, дамыған инфрақұрылым және сервистік қызметтер енгізілген өнеркәсіптік аймақтар деп жарияланды. Бұл бірнеше жыл ішінде бірқатар аудандарды өнеркәсіптік кәсіпорындарды, көлік және өзге де ілеспе инфрақұрылымды қамтитын сауда-өнеркәсіптік кластерлерге айналдыруға мүмкіндік берді.
4-бөлім. Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту пайымы
Тұжырымдаманың стратегиялық мақсаты – тиімді көлік-транзиттік әлеуеттің даму деңгейі бойынша 2030 жылға қарай Қазақстанның өңірлік көшбасшылар қатарына кіруімен, ішкі және сыртқы тиімді тасымалдарға деген қажеттіліктерді қамтамасыз ететін қолжетімді, тиімді және қауіпсіз көлік-логистикалық қызметтерді дамыту арқылы елдің экономикалық өсуіне және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жәрдемдесу.
Автомобиль-жол саласында даму саясаты ішкі және халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту үшін инфрақұрылымдық шектеулер мен физикалық емес кедергілерді жоюға, сондай-ақ төлем алу жүйелерін одан әрі енгізу, жол активтерін басқару процестерін цифрландыру және жолдарды ағымдағы жөндеу мен күтіп-ұстау жұмыстарына толық өзін-өзі қаржыландыруға перспективалық көшу есебінен жол инфрақұрылымының өзін-өзі ақтауын арттыру жөніндегі шараларға шоғырландырылады.
Жолаушылар мен жүктерді жеткізу жылдамдығын, пайдаланушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыру көлік инфрақұрылымының техникалық жай-күйін жақсарту, зияткерлік жүйелерді енгізу және қызметтерді цифрландыру арқылы іске асырылады.
Барлық халықаралық автомобиль дәліздері (13 мың км) жылдамдық, қауіпсіздік және сервис бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес келтіріліп, «Солтүстік – Оңтүстік» және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыттары бойынша транзиттік жүктердің қосымша көлемдерін тарту мүмкіндіктерін жасайды. Мемлекеттік шекара арқылы өтетін 50-ден астам автомобиль өткізу пункті жаңғыртылады.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында толыққанды демалысқа, жоғары жылдамдықты байланысқа және қысқы кезеңде жүргізушілерді жылытуға арналған инфрақұрылыммен, сондай-ақ электромобильдерге арналған зарядтау станциялары желісімен жабдықталған кемінде 200 заманауи жол бойындағы сервис объектісі салынады. Бұл ретте республикалық жолдардың 100%-ы (24,5 мың км) автокөліктің жыл бойы қолайлы әрі қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін нормативтік жағдайға келтіріледі.
Сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар кемінде 30 мың км жолда әртүрлі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жергілікті желінің 90%-ы нормативтік техникалық жағдайға келтіріледі. Осылайша, елдің іс жүзінде барлық елді мекені жыл бойы автомобиль көлігі қатынасымен қамтамасыз етіледі.
Көлік-логистикалық инфрақұрылымның барлық негізгі объектілерінде төртінші буыннан (4G) төмен емес мобильді байланыс желісімен тұрақты қамту және Интернет желісіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі, бұл жүргізушілер мен жолаушыларға цифрлық онлайн-сервистердің кең ауқымын ұсынуға мүмкіндік береді.
Автомобиль тасымалдары үшін шекарадан өту кезіндегі бақылау рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіліп, мемлекеттік қызметтер «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша біріктіріледі. Қазақстан халықаралық автосақтандыру жүйесіне қосылып, электрондық жүкқұжаттар мен кеден органдары арасындағы деректер алмасу жүйелеріне көшеді.
2030 жылға қарай экспорттық-импорттық қатынаста жүк автокөлік құралдарының өткізу пункттерінен өтуінің орташа уақыты 20 минуттан, транзиттік қатынаста 10 минуттан аспайды. Бұл көрсеткішке, оның ішінде «Бір аялдама» қағидатын енгізу және шекаралас елдердің бейтарап аумақта бірлескен кедендік бақылау құралдарын орналастыру жөніндегі шаралар есебінен қол жеткізіледі.
Автомобиль көлігімен жүк экспортын ұлғайту «Өз жүгің – өз көлік құралың» бағдарламасы шеңберінде отандық халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын жан-жақты қолдау арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл шара отандық қызметтерді сауда операцияларына белсенді тартуға және ілгерілетуге серпін беріп, көлік қызметтері нарығындағы қазақстандық жүк автомобиль тасымалдаушыларының үлесін 31%-дан кемінде 50%-ға дейін арттырады.
Қалыптасып келе жатқан әлемдік үрдісті ескере отырып, елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын жоғары автоматтандырылған және ұшқышсыз автомобиль көлігін пайдалануға кезең-кезеңімен дайындау басталады, оның ішінде транзиттік жүк автомобиль тасымалдарының перспективалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін.
Қалалық жолаушылар көлігі жүйелерінің орнықты дамуы жылжымалы құрамды негізінен электр тартқышымен жұмыс істейтін баламалы отын түрлеріндегі заманауи жайлы көлік құралдарымен кезең-кезеңімен жаңарту есебінен іске асырылады.
Ірі қалаларда қоғамдық жолаушылар көлігіндегі сервис деңгейін арттыру жеңіл автомобиль көлігі қозғалысы қарқындылығының өсу динамикасын және соған байланысты экологиялық жүктемені баяулатуға ықпал етеді.
Теміржол көлігі саласында транзитті дамыту және ішкі тасымалдарға сұранысты қанағаттандыру мақсатында инфрақұрылымды, локомотивтер мен вагондар паркін жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы кешенді институционалдық реформалармен және бәсекелі нарықты дамыту жөніндегі шаралармен қатар іске асырылады.
Институционалдық реформалар аяқталып, заңнама талаптарына сәйкес ұлттық инфрақұрылым операторы құрылады, сондай-ақ мемлекет пен ұлттық қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, жүк теміржол тасымалдары нарығында бәсекелестікті дамыту жөніндегі шаралар іске асырылады. Институционалдық ортадағы, құқықтық база мен тарифтік модельдегі тиісті өзгерістер ұлттық компания, тасымалдаушылар, операторлар және экспедиторлар арасындағы қатынастарды тиімді әрі теңгерімді реттеуді қамтамасыз етіп, тасымалдау процесіне қатысушылардың барлығына өзгермелі жағдайларда рентабельді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Теміржол саласын дамыту жөніндегі бірінші кезектегі инвестициялық жобаларды іске асыру ТМТМ өткізу қабілетін арттыруға бағытталып, жүк ағындарын баламалы транзиттік маршруттардан ТМТМ-нің қазақстандық сегментіне қосымша қайта бағдарлау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
2030 жылға қарай ТМТМ әлеуеті жылына 20 млн тоннаға дейінгі жүкті (ағымдағы деңгейден 10 есе көп), оның ішінде 2 млн ЖФЭ-ге дейінгі контейнерлік тасымалдарды құрайды деп бағаланады, тиісті жүк ағынын қамтамасыз ету үшін ТМТМ инфрақұрылымын тиісті түрде дамыту мәселесін пысықтау қажет, бұл Шығыс – Батыс бағыты бойынша баламалы транзиттік маршруттар арқылы өтетін транзиттік жүктердің жыл сайынғы көлемінің 3%-дан 20%-ға дейінгі бөлігін осы дәлізге ықтимал қайта бағдарлау мүмкіндігін туғызады. Осылайша, ТМТМ Қазақстанның транзиттік және экспорттық мүмкіндіктерін әртараптандырудың негізгі байланыстырушы буынына айналады.
«Достық – Мойынты» учаскесінде екінші жолдардың салынуы 2025 жылға қарай оның өткізу қабілетін 5 есе арттыруға және контейнерлік пойыздардың тәулігіне 1,5 мың км-ге дейінгі жылдамдықпен жүруіне мүмкіндік береді. ҚХР-мен шекарада үшінші теміржол шекаралық өткелінің ашылуы есебінен осы бағыттағы инфрақұрылымның өткізу қабілеті жыл сайын қосымша 20 млн тоннаға дейін жүк қабылдауға және жөнелтуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ инфрақұрылымдық шектеулерді жою (оның ішінде шет мемлекеттердің аумағында жаңа объектілер салу), шекаралық және кедендік рәсімдерден өту уақытын ортаеуропалық деңгейге дейін қысқарту жоспарларымен қатар, «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің учаскесі арқылы Қазақстан аумағымен өтетін транзиттік контейнерлік жүктердің әлеуетті көлемі жыл сайын 240 мың ЖФЭ-ге дейін құрайды. Контейнерленбейтін жүктердің әлеуетті көлемі 10 млн тоннаға дейін жетеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы паркін жаңарту бағдарламасын іске асыру жолаушыларға көрсетілетін сервис деңгейін арттыруға, пайдалану мерзімі 25 жылдан асатын жолаушылар вагондарының үлесін 3%-дан асырмай төмендетуге бағытталады. Бұл ретте Қазақстанда озық еуропалық технологияларды қолдана отырып өндірілетін жолаушылар вагондарының оқшаулау деңгейі жүйелі түрде өсіп, 2030 жылға қарай 35%-ға жетеді. Сондай-ақ тасымалдар тиімділігін арттыру үшін 450-ден астам магистральдық локомотив, оның ішінде оқшаулау деңгейі 30%-дан асатын отандық құрастырудағы 403 локомотив сатып алу жоспарлануда.
Жылжымалы құрам паркін жаңғырту процесінде жеке инвесторлар мен жүк тасымалдаушыларына маңызды рөл беріледі. Мемлекет жүк теміржол тасымалдарының толыққанды нарығын қалыптастыру арқылы жеке капиталды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасайды, бұл ұлттық операторға түсетін инвестициялық және борыштық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Жаһандық институционалдық реформаны іске асыру шеңберінде өңірлік транзиттік мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және Қазақстанның көлік өнімдерін сыртқы нарықтарға экспорттау мақсатында «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) «ҰК» АҚ ұлттық көлік-логистикалық компанияға (ҰКЛК) трансформацияланады.
Тасымалдау қызметінің, әсіресе мультимодальды тасымалдардың тиімділігін арттыру бизнес-процестерді одан әрі цифрландыру және автоматтандыру, жүктерді «кедергісіз» тасымалдауға арналған цифрлық мультимодальды дәліз құру, сондай-ақ тарифтік саясатты жетілдіру және мемлекетаралық тасымалдарды үйлестіру есебінен қамтамасыз етіледі.
Халқының саны 1 млн адамнан асатын қалаларда қоғамдық жолаушылар көлігі ретінде жеңіл рельсті трамвай жүйелерін (LRT) және метрополитенді қоса алғанда, рельсті жолаушылар көлігі жүйелері енгізіледі. Құрылыс құнын арзандату үшін жерасты желілерін салуды болдырмайтын немесе барынша азайтатын, жерүсті рельсті инфрақұрылымды, оның ішінде эстакадаларды белсенді пайдаланатын шешімдер қолданылады.
Әуе көлігі саласындағы стратегиялық міндет жолаушылар мен жүктер транзитін дамыту, сондай-ақ әуе кемелерін пайдаланатын жетекші әлемдік компаниялар мен логистикалық компанияларды қазақстандық әуежайларда тұрақты жұмыс істейтін бизнес-бірліктер құруға тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Бұл мақсатқа тиісті әуежай инфрақұрылымын (оның ішінде аэродромдарды, авиациялық жабдықтарды, отын құю кешенін) ауқымды жаңғырту, деректер мен құжаттар алмасуды цифрландыру, кедендік рәсімдерді жеңілдету (арнайы аймақтар құруды қоса алғанда), сондай-ақ баға белгілеудің ашық тетігімен авиациялық отынмен үздіксіз қамтамасыз ету есебінен қол жеткізу жоспарлануда. Аэронавигациялық қамтамасыз ету жүйелері жаңғыртылып, заманауи спутниктік технологиялар кезең-кезеңімен енгізіледі.
Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент тораптық әуежайлары базасында жүк және жолаушылар әуе транзитін, сондай-ақ ілеспе сервистік қызметтерді дамыту үшін жеңілдетілген кедендік және шекаралық режимдері бар өңірлік транзиттік көлік тораптары (хабтар) құрылады, бұл Қазақстанның әуе көлігі саласының даму қарқыны бойынша өңірлік көшбасшыға айналуы үшін инфрақұрылымдық және институционалдық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әуе тасымалдарының транзиттік әлеуетін іске асыру заманауи әуе кемелерін пайдалана отырып және Қазақстанның тораптық әуежайлары арқылы Еуропа және Азия елдеріне ыңғайлы түйісу рейстерін ұйымдастыру жолымен «Азия – Еуропа – Азия» бағыты бойынша маршруттарға шоғырландырылады.
«Еуропа – Қазақстан – Азия» бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе рейстерін тарту үшін реттеушілік, инфрақұрылымдық және сервистік жағдайлар жасалып, елдің қолданыстағы әуежайларының бірінің базасында құрлықаралық жүк хабын дамыту перспективасы қарастырылады. Қалған тораптық әуежайларда сұраныс қалыптасуына қарай авиациялық хабтар ретінде ықтимал дамыту мүмкіндігімен олардың инфрақұрылымын ең төменгі қажетті техникалық жағдайға келтіру жұмыстары орындалады.
Отандық авиакомпаниялар паркін жаңа әуе кемелерімен лизингтік қаржыландыру тетіктері арқылы толықтыру жалғасады, бұл ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және халық пен бизнестің тұрақты, қауіпсіз әрі жайлы әуе тасымалдарына деген қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
ЕО тәжірибесі бойынша әуе тасымалдары нарығын ырықтандыру ұлттық әуе тасымалдаушыларымен тиімді бәсекелесе алатын, тұтынушылар ауқымын кеңейтетін, әуе тасымалдары көлемінің өсуіне және билеттер құнының төмендеуіне ықпал ететін жаңа бюджеттік авиакомпаниялардың пайда болуына мүмкіндік береді.
Халықаралық әуе қатынастары желісі кемінде 30 жаңа маршрутқа ұлғаяды. Сонымен қатар массасы 10-нан 50 тоннаға дейінгі әуе кемелерін (Airbus 320, Boeing 737) қабылдау мүмкіндігі бар жергілікті әуе желілеріне арналған аэродромдарды дамыту жалғасады.
Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай оператор құру елдің стратегиялық әуежайларының қауіпсіздік деңгейін арттырады, халықаралық аудиттерден сәтті өтуге ықпал етеді және Қазақстанның азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің еуропалық моделіне перспективалық көшуіне мүмкіндік береді.
Су көлігі саласындағы басым стратегиялық міндет қазақстандық порттарды инфрақұрылымды жаңғырту және құрғақ әрі мұнай жүктерін тасымалдауға арналған отандық сауда флотының санын ұлғайту арқылы Каспий теңізіндегі жетекші көлік-логистикалық хабтардың біріне айналдыру болып табылады.
Технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз етуге, құн мен жеткізудің жаһандық тізбектеріне кірігуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруға басымдық беріледі. Су көлігін мультимодальды логистикалық тізбектерге одан әрі интеграциялау теңіз порттарында тасымалдау процесін цифрландыру мен автоматтандыруды белсенді дамыту және оларды Каспий маңы порттарымен біріктіру (бірыңғай цифрлық платформа) арқылы жүзеге асырылады.
Теңіз порттарының инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру үшін мамандандырылған терминалдар құруға жеке инвестициялар тарту арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралдары қолданылады, бұл ретте мемлекет порт қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды.
Теңіз көлігіндегі авариялық жағдайлардың санын азайту үшін Ақтау портында кемелер қозғалысын басқару жүйесін енгізу аяқталып, кейіннен ол Құрық және Баутино порттарының жүйелерімен біріктіріледі. Қауіпсіз кеме қатынасын қамтамасыз ету және авариялық-құтқару іс-шараларын үйлестіру үшін теңіздегі құтқару үйлестіру орталығы құрылады.
Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын цифрландыру жалғасып, теңіз өткізу пункттерінде «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша электрондық құжат айналымы жүйесі құрылады, бұл рәсімдерден өту процесін едәуір жеделдетуге және тасымалдардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мемлекетаралық уағдаластықтарды іске асыру маршруттар географиясын, оның ішінде мұнай мен паром жүктерін тасымалдау бағыттарын кеңейтуге бағытталады, бұл өз кезегінде сауда флотының дамуына серпін береді. Мемлекет отандық кеме жасау және кеме жөндеу базасын дамыту үшін қолдау шараларын көрсетеді.
Кеме қатынасы су жолдары бойынша жүк тасымалдарын дамыту шаралары мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жағалау инфрақұрылымын жаңғыртуды, оны мультимодальды тасымалдарды ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін заманауи талаптарға сәйкес келтіруді қамтиды.
Логистика және мультимодальды тасымалдар секторында жаһандық тізбектерге интеграциялану және халықаралық транзиттік-логистикалық хабқа айналу үшін елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайту жалғасады.
Логистика мен транзитті дамытудың негізгі қозғаушы күші көлік сервисінің кешенді 3PL-4PL операторын құрумен бірге Ұлттық көлік-логистикалық компаниясы болады. Оператордың қызмет саласына жүктерді көліктің әртүрлі түрлерімен тасымалдау, терминалдық-қойма қызметі, логистикалық консалтинг және инновациялық технологияларды қолдана отырып аутсорсинг қызметтері кіреді.
Транзит пен сауданы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының ҚХР, Қырғызстан, РФ, Өзбекстанмен мемлекеттік шекарасына жақын, сондай-ақ Каспий маңы өңірінде бес өнеркәсіптік көлік-логистикалық хаб құрылады, бұл Орталық Азия елдерімен тауар айналымын 2,4 есе, яғни 6,3 млрд АҚШ долларынан 15,0 млрд АҚШ долларына дейін, оның ішінде қазақстандық экспортты 560 млн АҚШ долларына ұлғайту есебінен арттыруға мүмкіндік береді.
Мультимодальды тасымалдарда көліктің әртүрлі түрлері мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер белсенді енгізіліп, деректер мен құжаттар алмасу толықтай қағазсыз форматқа көшіріледі. Атап айтқанда, бақылаушы органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа негізінде транзиттік жүктер үшін отандық өндірушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қолжетімділігін шектемейтін «жасыл дәліз» құрылады.
Жүк тасымалдарын контейнерлендіру жұмысы жандандырылады, ол үшін қолайлы технологиялық және тарифтік жағдайлар, қажетті инфрақұрылым жасалып, әртүрлі типтегі контейнерлердің отандық өндірісі жолға қойылады.
Тасымалдарды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру процестерін басқару тиімділігін арттыру қазіргі заманғы цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді қолдау құралдарын қарқынды пайдалануға негізделеді. Бұлтты шешімдер мен big-data технологиялары да кеңінен қолданылады.
Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік және жеке инвестициялардың басым бағыты көлік-логистикалық инфрақұрылымның мынадай көлік байланыстарының түрлерін қамтамасыз ететін негізгі объектілері болады:
халықаралық көлік дәліздері бойынша транзиттік, экспорттық және импорттық жүк ағындары, халықаралық жолаушылар және жүк қатынасы;
өңіраралық туристік маршруттар, ірі туризм объектілері, рекреациялық аудандар және мәдени мұра объектілері;
облыстық, аудандық орталықтар мен халқының саны 100 мың адамнан асатын қалалар арасындағы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау;
минералдық-шикізат және өндірістік аймақтарды ішкі тұтынушылармен және сыртқы нарықтармен байланыстыру;
қалалық агломерациялар шегіндегі ең көп жүктелген бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау.
Көлік инфрақұрылымының негізгі объектілерінің нысаналы жай-күйі сұранысқа сәйкес жылдамдық, қауіпсіздік және өткізу қабілеті параметрлерін қамтамасыз етумен қатар, физикалық шектеулердің (тар орындардың, өткізу қабілетін шектейтін учаскелердің, авариялық жағдайлар жиі болатын ошақтардың) болмауы болады. Көлік инфрақұрылымының негізгі объектілерінің нысаналы жай-күйіне қол жеткізуге бағытталған жобалар бюджеттен тыс көздерді тарту тетіктерін қоса алғанда, жеткілікті қаржылық қамтамасыз етілуге тиіс.
Бұдан басқа, көлік-логистикалық әлеуетті дамыту нарықтың барлық субъектілерінің мүдделерін, қажеттіліктері мен күтулерін теңгерімді қанағаттандыруға бағытталады.
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту нәтижесінде мемлекеттің мүдделерін іске асыру мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі:
мемлекеттік шығыстарды жоспарлау және басымдықтарды айқындау жүйесін жетілдіру арқылы көлік инфрақұрылымын дамытуға салынатын инвестициялардың тиімділігін арттыру;
экономика салаларына көрсетілетін көлік-логистикалық қызметтердің сапасын жақсарту, жүктер мен жолаушылардың мобильділігін арттыру, өңірлердің байланыстылығын күшейту;
жеке бизнесті және инвестицияларды қолдаумен қатар ұлттық көлік-логистикалық компанияны құру және дамыту арқылы көлік-логистика саласының тиімділігін арттыру;
теміржолдар мен теңіз порттарының инфрақұрылымын дамыту;
көлік-логистикалық компаниялар мен экспорттаушылар қызметінен түсетін салық түсімдерін арттыру;
мультипликативтік экономикалық әсер.
Көлік-логистикалық қызметтер нарығы субъектілерінің (оның ішінде экспорттық жүк жөнелтушілердің) мүдделері мен қажеттіліктері мынадай кешенді шаралар арқылы іске асырылады:
қазақстандық өнім үшін экспорттық нарықтармен көлік байланысын жақсарту;
көлік-логистикалық инфрақұрылымның өткізу қабілеті ресурстарын бөлу кезінде транзиттік, экспорттық, импорттық және ішкі тасымалдар басымдықтарының теңгерімін қамтамасыз ету;
жеке бастаманы жан-жақты қолдау, көлік-логистика саласына инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
жүк теміржол тасымалдары нарығын одан әрі дамыту, тасымал көлемін әртараптандыру және ұлғайту, операциялық қызметтен түсетін кірістерді арттыру үшін инфрақұрылымдық мүмкіндіктер жасау;
әуе және су көлігінде бәсекелестік ортаны дамыту және жаңа нарықтар мен сегменттерге қол жеткізу үшін жағдайлар жасау;
инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану аясын кеңейту;
экономиканың бәсекелестік секторларында мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының қатысуын азайту және осы сегменттерді қазақстандық көлік компаниялары үшін кеңейту;
қазақстандық көлік компанияларына қызметтерді сыртқы нарықтарға экспорттау кезінде қолдау көрсету;
өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлеріне (контейнерлер, фитингтік платформалар, электромобильдер мен зарядтау инфрақұрылымы, электрондық онлайн-сервистер және т.б.) сұранысты дамыту үшін жағдайлар жасау;
жүк автокөлік құралдарына, авиациялық жабдықтар мен қосалқы бөлшектерге қатысты импорт саясатын жұмсарту.
Ел халқының негізгі күтулері мен мүдделерін қанағаттандыру бөлігінде мемлекеттің көлік саясаты мынадай бағыттарға бағдарланады:
қолжетімді, қауіпсіз және инклюзивті мобильділікті, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар объектілерге, инфрақұрылым мен қызметтерге жыл бойы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету;
көлік құралдарын жаңарту, сервистік қызмет көрсету деңгейін арттыру, мультимодальды интеграция және жолаушылар тасымалы инфрақұрылымын дамыту арқылы жолаушылар көлігі қызметтерінің сапасын арттыру;
қалалардағы көлік кептелістерінің санын азайту, жолда болу уақытын қысқарту, жеке уақыт қорын ұлғайту;
көлік шығындарын қысқарту (жол жүру құны, көлік инфрақұрылымының қанағаттанарлықсыз жай-күйінен жеке көлік құралдарына келетін залал);
жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту;
әуе көлігінің баға бойынша қолжетімділігін арттыру, ішкі (өңірлік) және халықаралық әуе қатынастары желісін кеңейту;
жеке мобильділікті арттыру, жолаушылар көлігіндегі сервис пен жайлылық деңгейін жақсарту.
2030 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін көлік-логистикалық дәліздер геосаяси және экономикалық «турбуленттілік» жағдайында жүк ағындары құрылымындағы болжамды өзгерістер мен ішкі және транзиттік тасымалдарға өсіп келе жатқан сұранысты ескере отырып, экономиканың көлік қызметтеріне деген қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етеді.
Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD) жыл сайын жариялайтын әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі (WCR) Қазақстанның «Инфрақұрылым» көрсеткіші бойынша елдік рейтингі 2022 жылғы 46-орыннан 2030 жылы кемінде 39-орынға дейін көтеріледі.
5-бөлім. Көлік-логистикалық әлеуетті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
5.1. Негізгі қағидаттар
Осы Тұжырымдамада Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының басымдықтары мен міндеттеріне және Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Орнықты даму мақсаттарына сәйкес келетін көлік-логистикалық кешенді (КЛК) дамытудың мынадай негізгі қағидаттары айқындалған:
құндылықтардың басымдығы қағидаты: адамдарға арналған көлік – даму қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуге, тұтынушылардың уақыты мен шығындарын үнемдеуге және көлік инфрақұрылымының техникалық жай-күйі мен жоспарлануының талаптарға сәйкес келмеуінен туындайтын шығындарды барынша азайтуға бағытталуға тиіс;
жалпыға бірдей қолжетімділік және ашықтық қағидаты – халық пен бизнестің инфрақұрылым, көлік және логистика қызметтеріне тең әрі инклюзивті қол жеткізуі;
интермодальды және халықаралық интеграция қағидаты – көліктің жекелеген түрлері бойынша салалық даму бағдарламалық құжаттарын олардың көліктің басқа түрлерімен өзара байланыстылығын және өңірлік (халықаралық) көлік жүйесіне интеграциялануын ескере отырып әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерінің өткізу қабілетін шектейтін және дамуына кедергі келтіретін қолданыстағы «тар орындарды» айқындау және жою;
ұтымдылық қағидаты – КЛК-ны дамыту жөніндегі стратегиялық, бағдарламалық және жобалық шешімдерді халық пен бизнес үшін экономикалық пайданы барынша арттыру негізінде әзірлеу және қабылдау;
«жасыл» даму қағидаты – КЛК-ны жоспарлаудың, дамытудың және пайдаланудың барлық кезеңдерінде қоршаған ортаны қорғауды және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Аталған қағидаттар көліктің жекелеген түрлері бойынша ұлттық жобаларды, салалық жол карталарын және басқа да даму құжаттарын әзірлеу және іске асыру кезінде толық көлемде сақталуға тиіс.
5.2. Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тәсілдері
Қазақстан Республикасының ағымдағы жай-күйін, сыртқы сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін, әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтары мен міндеттерін жан-жақты талдау негізінде Тұжырымдамада 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған көлік-логистикалық кешенді дамытудың мынадай негізгі тәсілдері айқындалған.
5.2.1. Транзитті дамыту және мультимодальды интеграция
Қазақстанның 2030 жылға қарай жетекші өңірлік транзиттік хабқа айналу жөніндегі стратегиялық мақсатына қол жеткізу және көлік салаларының жекелеген түрлерін бірыңғай көлік-логистикалық кешен шеңберінде интеграцияланған түрде дамытуды қамтамасыз ету үшін мынадай бағыттар бойынша шаралар іске асырылады:
– транзиттің қосымша көлемдерін тарту және үздіксіз мультимодальды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін трансшекаралық хабтар мен терминалдық желіні дамыту;
– халықаралық транзиттік-көлік дәліздерінің, логистикалық терминалдар мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру;
– көлік құралдары паркін, оның ішінде жүк автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігін жаңғырту және санын ұлғайту;
– халықаралық көлік қатынасындағы физикалық емес кедергілерді жою;
– халықаралық қатынастағы мультимодальды жүк тасымалдары процесін кедендік әкімшілендіруді жеңілдету;
– ұлттық заңнаманы жетілдіру және көлік, транзит және сауда саласында жаңа мемлекетаралық келісімдер жасасу;
– электрондық және сервистік қызметтерді қоса алғанда, «жұмсақ» инфрақұрылымды дамыту.
Автомобиль-жол саласында транзиттік-көлік әлеуетін іске асыруға арналған бірінші кезектегі инфрақұрылымдық жобалар халықаралық көлік дәліздерінің, логистикалық терминалдардың және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін өткізу пункттерінің техникалық жай-күйі мен өткізу қабілетін жақсартуға бағытталады.
Халықаралық автомобиль дәліздерінде жоғары жылдамдықты кабельдік (ТКЖЖ) және сымсыз (4G/5G) деректерді беру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым орналастырылады, оның ішінде телекоммуникация операторларымен «бірлесіп орналастыру» қағидаты бойынша әріптестік негізінде және спутниктік интернет технологияларын, оның ішінде Starlink технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Барлық автомобиль дәліздері жол бойындағы сервис объектілерінің (ЖСО) саны мен сервистік деңгейін СТ РК 2476-2014 ұлттық стандартына сәйкес қамтамасыз ете отырып жаңғыртылады. 2030 жылға дейінгі кезеңде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің баламалы құралдарын, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарынан түсетін кірістерді пайдалана отырып, кемінде 200 ЖСО құрылады.
Шекарада ұсынылған барлық мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен тиісті функциялары заңнамалық тұрғыдан бекітілген «бірыңғай терезе» және көлік құралының шекарадан өтуі кезіндегі «бір аялдама» практикасы шеңберінде бірыңғай уәкілетті органның (оператордың) құрамына біріктіріледі.
Бұл ретте брокерлердің қызметтерін міндетті түрде пайдалану жөніндегі талаптар алынып тасталып, кедендік құжаттарды өз бетінше ресімдеу үшін қажетті барлық ақпарат уәкілетті органның (бірыңғай оператордың) сайтында орналастырылады.
Жүк автокөлігі үшін шекаралық өткізу пункттерінде арнайы қозғалыс жолақтары (жасыл дәліздер) құрылады, «бірыңғай терезе» операторының жұмыс орны жүк автокөлік құралдарының жүргізушілері көлік құралынан шықпай-ақ қызмет ала алатындай етіп ұйымдастырылады.
Қазақстанның қатысушы елдердің ұлттық деңгейде қолданылатын сақтандыру жүйелерін өзара тану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін The Green Card халықаралық автосақтандыру жүйесіне қосылу мәселесі пысықталады.
Жүк автомобиль тасымалдарында eTIR және eCMR электрондық жүйелеріне көшу бастамаланады, сонымен қатар TRACECA бірыңғай транзиттік рұқсаты туралы келісімге қол қойылады. Автомобиль өткізу пункттері арқылы шекарадан өту рәсімін жеңілдету үшін автокөлік құралдарының жүргізушілеріне арналған арнайы «TRACECA» визасын енгізу мәселесі пысықталады.
Жүктерді шекарада бақылау шарттарын келісу туралы халықаралық конвенцияның (Женева, 1982 жыл) 8-қосымшасының 5-бабының ережелері қайталама өлшеу рәсімдерін болдырмау бөлігінде Халықаралық көлік құралдарын өлшеу сертификатын (МВСТС) қабылдау және өзара тану арқылы іске асырылады.
Бұдан басқа, TRACECA негізгі көпжақты келісімінде көзделмеген барлық алымдар мен төлемдер кезең-кезеңімен алып тасталады.
Теміржол көлігінде транзиттік тасымалдар көлемінің одан әрі өсуін қамтамасыз ету және көлік қызметтеріне ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін МЖЖ учаскелері мен теміржол станцияларын салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі бірқатар ауқымды жобалар іске асырылады, оның ішінде «Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желілері, Алматы қаласын айналып өтетін айналма тармақ, ҚХР-мен шекарадағы «Бақты» теміржол өткелі бар. Ақтау – Алят (Әзербайжан) бағытында Каспий теңізі арқылы теміржол және автомобиль көпірін салудың орындылығына кешенді бағалау жүргізіледі. 2030 жылға дейінгі кезеңде инфрақұрылымдық, технологиялық, заңнамалық және сервистік «тар орындарды» кешенді талдау негізінде теміржол желісі мен ілеспе сервистік қызметтерді дамыту жөніндегі қосымша жобалар айқындалады. Шектеулі қаржылық ресурстар жағдайында мұндай жобаларды іске асыру басымдығы, оның ішінде тасымалдаудан түсетін кірісті барынша арттыру және желінің тасымалдау қабілетін пайдалануды барынша азайту өлшемшарттары негізінде, қосылған құны жоғары терең өңделген өнімді тасымалдауға кезең-кезеңімен қайта бағдарлауды ескере отырып айқындалады.
Теңіз арқылы тасымалдау учаскесін қоса алғанда, «ҚХР – Түрікменстан – Иран» маршруты бойынша көлік компаниялары мен осы маршруттағы елдердің мемлекеттік органдары қатысатын трансұлттық үйлестіру органын құру мәселесі пысықталады.
Транзиттік әлеуетті одан әрі дамыту және ұлттық экономиканың сапалы әрі қолжетімді тасымалдарға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) «ҰК» АҚ ұлттық көлік-логистикалық компанияға (ҰКЛК) трансформацияланады.
ҰКЛК-ның негізгі міндеттері шетелде жүктерді қалыптастыру және сіңіру нүктелерінде жоғары кірісті логистикалық қызметтер нарығына шығу, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және оның әлеуетін тиімді пайдалану, сондай-ақ мультимодальды тасымалдарды дамыту болады.
Ұлттық жолаушылар теміржол тасымалдаушысы интермодальды тасымалдар жүйесін дамытуды, оның ішінде жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейтуді, бірыңғай жол жүру құжатын енгізуді, маршруттардың жаңа желісін әзірлеуді және енгізуді жалғастырады. Жолаушылар вагондары паркінің 80%-ын жаңарту, орташа пайдалану мерзімін 10 жылға дейін жеткізу, сондай-ақ электр және дизель пойыздарын қоса алғанда, моторвагонды жылжымалы құрам паркін толықтыру қамтамасыз етіледі.
Ұлттық жолаушылар теміржол тасымалдаушысын субсидиялаудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін субсидиялау жүйесі қайта қаралып, жылжымалы құрамды жаңарту және операциялық қызметтен болатын залалдардан бөлек, ілеспе инвестициялық шығындарды жабу үшін жеткілікті пайда алуға мүмкіндік жасалады. (МФ-ны қоспағанда)
Әуе көлігі саласында әуе тасымалдарының транзиттік әлеуетін іске асыру заманауи әуе кемелерін пайдалана отырып және Қазақстанның тораптық әуежайлары арқылы Еуропа және Азия елдеріне ыңғайлы түйісу рейстерін ұйымдастыру жолымен «Азия – Еуропа – Азия» бағыты бойынша маршруттарға шоғырландырылады. Бұл ретте әуе кемелерін пайдаланушылар мен бақылау-қадағалау органдары әуе кемелерін пайдалану аймақтарына және қолданыстағы заңнамалық тыйымдар мен шектеулердің (маршруттар, жүк түрлері және т.б.) сақталуына тиісті бақылауды қамтамасыз етуге тиіс.
Қазақстанның халықаралық сауда-экономикалық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу үшін жергілікті атқарушы органдарды белсенді тарта отырып, әлемдік қаржы орталықтарымен тікелей әуе қатынасын ашу және «ашық аспан» саясатын одан әрі іске асыру жалғасады.
Әуежайлардың әлемдік көлік жүйесіне одан әрі дамуы мен интеграциялануын ынталандыру үшін халықаралық жүк брокерлерінің логистикалық орталықтарын ашуды, азаматтық авиация саласы субъектілерін дамыту үшін ұлттық және халықаралық қаржы құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз етуді қамтитын қосымша шаралар қабылдау қажет.
Қазақстанның қолданыстағы әуежайлары базасында өңірлік транзиттік авиациялық хабтарды дамыту үшін жағдайлар жасалады. Орта мерзімді перспективада әуе транзитін дамыту үшін Астана (жолаушылар), Алматы және Ақтау (жүк) әуежайлары негізгі әуежайлар болады, ал жүк және жолаушылар ағындарының өсуіне қарай елдің басқа өңірлерінде қосымша қуаттар қалыптастырылады. Әрбір авиациялық хабтың логистикалық қызметтер кешенінде кедендік баждардан босатылған қоймалар құрылады.
Мемлекеттің нарықтық жағдайы мен транзиттік саясатының міндеттеріне қарай сараланатын навигациялық қызмет көрсетуге икемді тарифтер енгізіледі.
Шетелдік авиакомпаниялар қызметкерлері үшін жеңілдетілген көші-қон талаптары көзделеді. Әуе кемелері экипаждарының мүшелерімен және шетелдік авиакомпаниялардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік бақылаушы органдар персоналына қойылатын міндетті біліктілік өлшемшарттарының тізбесіне ағылшын тілін меңгеру енгізіледі.
Шекара қызметінің талаптары жеңілдетіліп, әуежайлардың «стерильді аймақтарында» шетелдік авиакомпаниялар өкілдерінің жұмыс істеуіне рұқсат беруге тыйым салу алынып тасталады.
Транзиттік әуе кемелеріне қатысты кедендік операцияларды жасау тәсілдері қайта қаралып, әуе көлік құралына кедендік декларацияны (ТДТС) ресімдеу жөніндегі заңнамалық талаптарды, сондай-ақ әуежайлардың бөлінген аумағы шегінде қайта тиеу кезінде транзиттік әуе кемелерінің жүктерін уақытша сақтау қоймаларына (УСҚ) міндетті түрде орналастыру жөніндегі талаптарды ықтимал алып тастау мәселесі қарастырылады, бұл ретте тасымалданатын жүктің сипаты мен көлемі туралы кеден органына жазбаша хабарлау жеткілікті болады.
Транзиттік әуежайларда транзит үшін ерекше кедендік және көші-қон режимдері, сондай-ақ шетелдік тасымалдаушылар мен логистикалық компаниялардың жұмысына арналған ерекше қағидалары бар еркін сауда аймақтары құрылады.
Жүк әуежайлары мен хабтарында тасымалдау процесін басқаруды цифрландыру және автоматтандыру жалғасып, E-freight электрондық жүк әуе тасымалдарын сүйемелдеу жүйесімен одан әрі интеграциялау жүзеге асырылады.
Қазақстанның халықаралық аэронавигациялық жүйенің бір бөлігі ретіндегі аэронавигациялық жүйесін дамыту Жаһандық аэронавигациялық жоспардың (ГАНП) ережелеріне негізделеді.
Су көлігі саласында Каспий маңы мемлекеттерінің кеме қатынасы компаниялары нарығында бәсекелестікті дамыту үшін қосымша жағдайлар жасалады, оның ішінде кемелердің экологиялық талаптарға сәйкестігі қағидаты бойынша кемелердің портқа кіру тарифтерін саралау жөніндегі тиісті өзгерістер енгізе отырып, бесжақты ведомствоаралық келісім әзірлеу көзделеді.
Мемлекетаралық уағдаластықтарды іске асыру мұнай жеткізудің жаңа маршруттары географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Мұнай жеткізудің баламалы маршруттарын пысықтау шеңберінде Иран бағыты бойынша SWAP операцияларына қатысты санкциялардың алынуы танкер флотын дамытуға серпін береді. Иран бағыты бойынша санкцияға жатпайтын жүктерді тасымалдауға қойылған шектеулерді алып тастау үшін тиісті бас лицензия алу рәсімі аяқталады.
Өзен кеме қатынасын дамыту шеңберінде Ертіс өзені бойынша тұрақты жолаушылар қатынасын ұйымдастыру жоспарлануда, бұл Шығыс Қазақстан облысының шалғай елді мекендерінің облыс орталығымен тұрақты көлік байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шығыс өңірде аса сұранысқа ие су туризмін танымал ету жұмыстары жүргізіліп, бірқатар маршруттарға әлеуметтік маңызы бар паром өткелдері мәртебесі беріледі.
Су көлігін мультимодальды логистикалық тізбектерге одан әрі интеграциялау Каспий маңы порттарымен интеграциялауды (бірыңғай цифрлық платформа) ескере отырып, теңіз порттарында тасымалдау процесін цифрландыру мен автоматтандыруды белсенді дамыту арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ Каспий теңізінде кемелерді инспекциялаудың бірыңғай цифрлық базасы «порт мемлекеті» функцияларын орындау жөніндегі нормативтік талаптарды үйлестіру және біріздендіру кезінде енгізіледі.
Логистика мен мультимодальды тасымалдарды дамыту үшін шекаралас елдермен – ҚХР, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Каспий маңы мемлекеттерімен шекара маңындағы ынтымақтастық алаңдары құрылатын трансшекаралық сауда хабтары жүйесі қалыптастырылады.
Қырғыз Республикасымен шекарада «Индустриялық сауда-логистикалық кешен» тауар өңдеу торабы, Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы, РФ шекарасында «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы, Каспий өңірінде «Каспий торабы» контейнерлік хабы, ҚХР шекарасында «Қорғас торабы» шекара маңы кешені құрылады.
Трансшекаралық хабтар жүйесінде жаңа өндірістерді дамытуға және отандық компанияларды қосылған құн тізбектерін қалыптастыру процесіне белсенді тартуға арналған индустриялық алаңдар, оның ішінде әртүрлі өнімдерді сақтау, өңдеу және қайта буып-түю қуаттары құрылады. Импортталатын тауарлар кедендік рәсімдерден өтпей және салық төлемей шектеусіз уақыт сақтала алатын жаңа кедендік баждардан босатылған (еркін) қоймалар, сондай-ақ сауда-туристік аймақтар ашылады.
Шекара маңындағы хабтар желісі ЕАЭО, Орталық және Шығыс Азия, Таяу Шығыс және Кавказ елдерінің Бірыңғай тауар өткізу жүйесін қалыптастырудың құрылымдық тірегіне айналып, оны одан әрі кеңейту перспективасын қамтамасыз етеді.
Қалыптастырылатын сауда хабтары жүйесі жүктердің осы аумақтарға оңай қол жеткізуіне, олардың ішкі қозғалысына, өңделуіне, дистрибуциясына және шығарылуына негізделген тиісті логистикалық қамтамасыз етуге ие болуға тиіс. Осы мақсатта ірі көлік тораптарымен, негізінен әуежайлармен, сондай-ақ теміржол және автомобиль логистикалық орталықтарымен интеграцияланған мультимодальды көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірқатар жобалар іске асырылады.
ҚТЖ-ны құрылымдық қайта құру шеңберінде мәртебесінің өзгеруі мен құзыреттер саласының кеңеюін, атап айтқанда логистика блогының күшеюін ескере отырып, Көлік логистикасы құзыреттер орталығы (КЛҚО) құрылады.
Трансұлттық дәліздер мен сауда хабтарын дамытудың негізгі құралдарының бірі мультимодальды тасымалдар болады. КЛҚО көліктің әртүрлі түрлерінің қатысуымен жаңа логистикалық өнімдерді әзірлейді. Атап айтқанда, ҚМТФ теңіз тасымалдары бойынша құзыреттер орталығына айналады. Қажет болған жағдайда мультимодальды тасымалдардың логистикалық тізбегіне отандық авиациялық және автомобиль тасымалдаушылары да тартылады.
Қазақстандық көлік компанияларына шет мемлекеттердің нарықтарына шығу және жүк ағындарын трансқазақстандық маршруттарға тарту үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Кедендік баждардан босатылған қоймаларды дамыту және өңірлік электрондық коммерция жүк ағындарын республика аумағына қайта бағдарлау үшін жағдайлар жасалады. Мұхиттық желілер контейнерлерінің қоры қалыптастырылып, оларды есепке алудың ашықтығы арттырылады және қайтарылуы қамтамасыз етіледі.
Жүк жөнелтушілердің маршруттар бойынша тасымалдау қабілетін алдын ала резервтеуін ынталандыру мақсатында тарифтік саясатты қалыптастыру тәсілдері, оның ішінде «ship or pay» («жөнелт немесе төле») қағидаты бойынша жаңа транзиттік өнімдерді енгізу жетілдіріледі.
Мультимодальды тасымалдаудың «кедергісіз» жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін терминалдық желіні дамыту, оның ішінде Иран, Әзербайжан, Грузия және Түркия порттарында сыртқы терминалдық қуаттар құру жалғасады. Жеке технологиялық инвесторлармен бірлесіп, импорттық және экспорттық операцияларды қолдаумен қатар, Қазақстан аумағы арқылы тауарлардың «кедергісіз» қозғалысына арналған цифрлық мультимодальды дәліз құрылады.
Көліктің жекелеген түрлерінің интермодальды өзара байланыстылығын қамтамасыз ету үшін кестелер мен тарифтер туралы жалпыға қолжетімді ақпарат қамтылған интернет-портал іске қосылып, порт терминалдарында жүк автокөлік құралдарына арналған электрондық кезек жүйесі енгізіледі.
Теміржол-теңіз қатынасында тасымалдарды жүзеге асыру кезінде теңіз коносаменті ретінде бірыңғай CIM/SMGS жүкқұжаты енгізіліп, кейіннен CIM/SMGS электрондық жүкқұжатын қолдануға көшеді.
Көлік инфрақұрылымын цифрлық интеграциялау шеңберінде көліктің жекелеген түрлерінің қолданыстағы және жаңадан құрылатын ақпараттық жүйелерін мынадай бағыттар бойынша біріктіру арқылы бірыңғай зияткерлік көлік жүйесін (ЗКЖ) құру жалғасады:
қозғалыс қарқындылығы мен жүк ағындарын, көлік инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйі мен дамуын жоспарлауды, оның ішінде халықаралық көлік дәліздері мен өткізу пункттерін мониторингтеу;
жолаушылар және жүк терминалдарының технологиялық процестерін ақпараттық қамтамасыз ету және автоматтандыру;
пойыздар қозғалысын және станциялық жұмыстың технологиялық процестерін басқару;
жылжымалы құрам мен теміржол инфрақұрылымы объектілерінің істен шығуын автоматтандырылған мониторингтеу және болжау, сондай-ақ жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау;
әуе көлігіндегі ақпаратты жүйелік басқару;
теңіз және ішкі су көлігіндегі қозғалысты басқару және қауіпсіздікті мониторингтеу;
жолаушылар ағындарын мониторингтеу және жоспарлау, сондай-ақ жалпы пайдаланымдағы қалалық жолаушылар көлігінің қозғалысын басқару және тұрақ кеңістігін әкімшілендіру.
ЗКЖ элементтерін енгізу шеңберінде кедендік және шекаралық бақылаудың ақпараттық жүйелерімен, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдары жүйесімен интеграцияланған цифрлық халықаралық автомобиль дәліздерінің ақпараттық жүйесі құрылады, бұл экспорттық-импорттық және транзиттік қатынаста қозғалыс қарқындылығын, жүк ағындарының бағыты мен тығыздығын объективті бағалауға, олардың бұдан әрі өзгеруін болжауға және инфрақұрылымның дамуын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жүкке арналған барлық көлік және ілеспе құжаттарды электрондық форматқа көшіру жалғасады.
Толық автоматтандырылған өзара іс-қимыл процестеріне көшумен бірыңғай цифрлық көлік-логистикалық орта құру үшін теміржол көлігінің ақпараттық жүйелері мемлекеттік органдардың (оның ішінде көршілес мемлекеттердің) және көліктің басқа түрлерінің басқару жүйелерімен интеграцияланады. 2030 жылға дейін жылжымалы құрам қозғалысын жоспарлау, болжау, модельдеу, мониторингтеу, навигациялау және сәйкестендірудің зияткерлік жүйелеріне көшуді аяқтау жоспарлануда.
5.2.2. Тұрақты және қауіпсіз көлік байланысын қамтамасыз ету
Осы бағыттың стратегиялық мақсаты 2030 жылға қарай Қазақстанның барлық көлік инфрақұрылымын қауіпсіздік саласындағы стандарттарға сәйкес келтіру, халық пен бизнес үшін әлеуметтік маңызы бар объектілерге, инфрақұрылым мен қызметтерге жыл бойы көлік қолжетімділігін қоса алғанда, қолжетімді, қауіпсіз және инклюзивті мобильділікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
– көлік инфрақұрылымын қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы мемлекетаралық, ұлттық және салалық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру;
– қозғалысты цифрландыру, автоматтандыру, реттеу, бақылау және басқару құралдарын одан әрі жетілдіру, дамыту және енгізу;
– шұғыл ден қою және көмек көрсету қызметтері мен жүйелерін дамыту;
– қозғалыс қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану талаптарының сақталуы саласындағы профилактика мен құқық қолдануды одан әрі жетілдіру;
– қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мен стандарттарды жетілдіру;
– тасымалдау қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін жоспарлау, басқару және реттеу жүйелері мен технологияларын жетілдіру.
Автомобиль-жол саласында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін нормативтік техникалық жағдайға келтіре отырып реконструкциялауды және күрделі жөндеуді, әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, жол қозғалысын ұйымдастыру стандарттарын жетілдіруді, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейтуді қамтиды.
Қозғалыстың және жолаушылар мен жүктерді тасымалдау процестерінің барлық қатысушыларының көлік және экологиялық қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, сондай-ақ қауіпсіздік нормативтерін сақтауға оң көзқарас қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Кедендік одақтың ТР ТС 014/2011 «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарына және оған ілеспе ұлттық әрі салалық стандарттарға сәйкес келетін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы жыл сайын ұлғайтылады. Бұл ретте облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық-пайдалану жай-күйі жыл бойы қауіпсіз жүруді қамтамасыз етуге тиіс.
Шалғай және жетуі қиын ауылдық елді мекендерге қызмет көрсету және халықтың әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көлік белсенді дамытылады.
Республикалық жол желісін қысқы кезеңде жүргізушілерді жедел жылыту пункттерін орналастыруға арналған объектілермен және шұғыл байланыс жүйелерімен жабдықтау басым тәртіппен жалғастырылады.
Көліктегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін, оның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігін жетілдіру автоматтандырылған жүйелер мен ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді енгізу, тәуекелге бағдарланған тәсілді, болжамдық талдауды және авариялық жағдайлардың ықтимал ошақтарын бақылауды, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын және шешімдер қабылдауды қолдау құралдарын пайдалану есебінен іске асырылады. Жылдамдық пен көлік құралдарының техникалық жай-күйін қашықтан бақылаудың инновациялық технологиялары мен жүйелерін енгізу жалғасады.
Авариялық жағдайлар мен кептелістерді азайту үшін қозғалыс қарқындылығы жоғары көшелердегі көлік ағындарын маршруттау мақсатында зияткерлік көлік жүйелерін белсенді енгізу және пайдалану жалғасады.
Теміржол көлігі саласында қызметтер көрсету стандарттауына және тасымалдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тәсілдер қайта қаралады. Мемлекеттік реттеу тасымалдау процесіне қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін ажыратуға бағытталады. Атап айтқанда, қауіпсіздік саласындағы технологиялық стандарттарды, нормалар мен қағидаларды, жөндеу жұмыстарын, сертификаттауды және техникалық аудитті әзірлеуді және біріздендіруді де қамтамасыз ететін ұлттық стандарттау жүйесін құру мәселесі пысықталады.
МЖЖ-ға нарықтың жосықсыз қатысушыларының қол жеткізуін болдырмау және жүк теміржол тасымалдары нарығында бәсекелестікті дамытуды ескере отырып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметін жүзеге асыруға лицензия алу кезінде тасымалдаушыларға қойылатын біліктілік талаптары туындайтын тәуекелдер дәрежесіне қарай және нарықтың барлық қатысушылары мүдделерінің теңгерімін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.
МЖЖ жолының үстіңгі құрылысына жүргізілетін күрделі жөндеудің жыл сайынғы көлемі кемінде 425 шақырымды құрайды.
Қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерде өткелдер мен өтпелерді қауіпсіздік жүйелерімен және жаяу жүргіншілер көпірлерімен жабдықтау жалғасады. Өндірістік жарақаттануды азайту техника қауіпсіздігін одан әрі жетілдіру, қызметкерлерді оқыту, технологиялық үзілістерді құру арқылы жөндеу жұмыстарын егжей-тегжейлі жоспарлау есебінен қамтамасыз етіледі.
Әуе көлігі саласында әуежайлардың инфрақұрылымы мен жабдықталуы ИКАО және IATA талаптарына сәйкес келтіріледі. Ірі өңірлік әуежайлардың (хабтардың) аэродромдарын ИКАО-ның III/II санаттарының талаптарына, тораптық әуежайлардың аэродромдарын ИКАО-ның II/I санаттарына, өзге аэродромдарды санатталмаған аэродромдарға қойылатын талаптарға сәйкес радиотехникалық, жарық-сигналдық және метеорологиялық жабдықтармен жарақтандыру деңгейін арттыру жалғасады. ҰҚЖ, перрондарды жаңғырту және кеңейту, жылдам бұрылу жолдарын, отын құю кешендерін дамыту, аэронавигацияның заманауи және перспективалық технологияларын енгізу жүргізіледі.
Ақпараттық және киберқауіпсіздіктің аппараттық-бағдарламалық технологиялары, оның ішінде ИКАО талаптарына сәйкес белсенді енгізіледі. SWIM спутниктік технологияларын қолдану аясы кеңейтіледі.
Әуе жағдайын бақылауды ұйымдастыру, азаматтық авиация жиіліктер диапазонында радиобайланыс жүргізу, әуе қозғалысын басқару органдарына ақпарат бере отырып, цифрлық деректер беру арналарын ұйымдастыру, сондай-ақ көршілес мемлекеттердің әуе қозғалысын басқару органдарына осы қызметтерді коммерциялық негізде ұсыну үшін ғарыш аппараттарын Жер маңындағы орбитаға ұшыру мүмкіндіктері зерделенеді.
Ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кедергілерді болдырмау мақсатында әуеайлақ маңындағы аумақтарды аймақтарға бөлу, объектілердің құрылысын және орналастырылуын есепке алу үшін заманауи ғарыштық және аэрофототүсірілім құралдарын, цифрлық технологияларды қолдана отырып тиімді мониторинг жүргізу қажет. Жергілікті жер мен кедергілердің электрондық карталарын (eTOD) және аэродромдардың картографиялық деректер базасын (AMDB) құру қамтамасыз етіледі.
Рейстердің тұрақтылығын арттыру үшін, әсіресе ILS типіндегі жерүсті навигациялық құралдарымен жабдықталмаған аэродромдарда, PBN негізіндегі қонуға кіру схемалары енгізіледі. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін шешумен қатар, бұл маршруттарды пайдалану кезінде икемділікті арттыруға, авиациялық отын мен аэронавигациялық қызмет көрсету шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Перспективада қонуға кіру кезінде спутниктік навигацияға көшу қажет, бұл ішкі рейстер географиясын едәуір кеңейтіп, курстық-глиссадалық жүйе бойынша қонуға кіруге арналған жерүсті РНО-мен жабдықталмаған елді мекендер мен локацияларды қолжетімді әуе қатынасымен қамтуға мүмкіндік береді.
Күрделі геосаяси жағдайларда азаматтық авиацияның барлық субъектілерінің халықаралық нормативтер мен қағидаларға түпкілікті көшуі қажет. 2024-2025 жылдары ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестік деңгейін арттыра отырып, ИКАО салалық аудитінен сәтті өтуді қамтамасыз ету қажет.
Авиациялық әкімшіліктің уәкілетті персоналының саны, біліктілігі және аккредиттелуі халықаралық деңгейде инспекциялардың жылдамдығы, жиілігі мен сапасы бөлігінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етуге, тиісті сұрау салулар болған жағдайда сертификаттарды алдын ала ұзартуға мүмкіндік беруге тиіс.
Сондай-ақ шетелдік авиациялық техника өндіруші зауыттарының ұшуға жарамдылық нормаларын Қазақстан тарапынан құзыретті бағалау және заңнамалық тұрғыдан тану қажет.
Азаматтық аэродромдарда ұшқышсыз авиациялық жүйелерді орналастыруды қамтамасыз етуге және осы ұшқышсыз жүйелердің деректерін әуе көлігі мен халық шаруашылығының басқа да салаларының міндеттерін тиімді шешу үшін, оның ішінде шалғай аудандарда ұшу қауіпсіздігінің қолайлы деңгейін сақтай отырып пайдалануға арналған технологиялар мен нормативтерді әзірлеу және енгізу жалғасады.
Әуе тасымалдарын сапалы авиациялық отынмен тұрақты қамтамасыз ету үшін отын құю кешендерінің (ОҚК) инфрақұрылымы, оның ішінде резервуарлар салу, заманауи сүзгілеу пункттерімен жабдықтау, зертханаларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру жаңғыртылады. Бұл ретте жаңғырту әртүрлі маркалы отынды өңдеу және қолдану мүмкіндігін көздеуге тиіс.
ОҚК инфрақұрылымының конструкциялық ерекшеліктері мен жоғары құнын ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін инвесторларды тарта отырып және кейіннен ОҚК-ны орнықты авиациялық отын саласындағы инвестордың пайдалануына беру арқылы пайдалану көзделеді.
Су көлігі саласында теңіз және өзен көлігі инфрақұрылымы объектілері мен кеме қатынасы жолдарының қауіпсіздігі мен сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету кеме қатынасының қауіпсіздігін арттырудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуді, авариялық-құтқару қызметтерімен, техникалық және қызметтік-көмекші флотпен қамтамасыз етуді қамтиды.
Теңіз көлігіндегі авариялық жағдайлардың алдын алу үшін Ақтау портында кемелер қозғалысын басқару жүйесін (КҚБЖ) енгізу аяқталып, кейіннен Құрық және Баутино порттарының КҚБЖ жүйелерімен интеграцияланады. Қауіпсіз кеме қатынасын қамтамасыз ету және авариялық-құтқару іс-шараларын үйлестіру үшін теңіздегі құтқару үйлестіру орталығы, сондай-ақ теңіз авариялық-құтқару қызметі құрылады. Теңіз кемелеріне арналған карталар, лоциялар мен оқу құралдары тұрақты негізде шығарылып тұрады.
Ішкі су жолдары желісінде кеме жүрісінің кепілдендірілген габариттерін қамтамасыз ету және кеме қатынасына арналған гидротехникалық құрылыстарды нормативтік техникалық жағдайда ұстау жалғасады, сонымен қатар ішкі су жолдарының цифрлық картасы жасалып, ішкі су жолдарын күтіп-ұстау үшін заманауи техникалық флотпен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру және көлік қауіпсіздігі күн тәртібін іске асыру кезінде негізгі мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасындағы көліктің барлық түрлері үшін қауіпсіздікті арттырудың кешенді жоспары әзірленіп, қабылданады.
Жетекші мамандар мен салалық институттардың қатысуымен көлік қауіпсіздігін арттыру бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулер, оның ішінде жануарлармен соқтығысу себептерінен болатын авариялық жағдайларды азайту жөніндегі заманауи шешімдерді енгізу жүзеге асырылады.
Көліктен түсетін экологиялық жүктемені азайту мақсатында көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жобаларын жоспарлау және іске асыру кезінде олардың БҰҰ Бас Ассамблеясының «Әлемді өзгерту: 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы күн тәртібі» күн тәртібіне сәйкес орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге әсері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12.12-дегі Климат жөніндегі Париж келісімі шеңберіндегі декарбонизация жөніндегі міндеттемелері ескерілуге тиіс.
Көлік-логистикалық инфрақұрылымның жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларын пайдалану кезінде экологиялық стандарттар, орнықты даму қағидаттары және сапалы инфрақұрылымға инвестиция салу жөніндегі озық елдердің қағидаттары, жолаушыларға, оның ішінде жүріп-тұруы шектеулі адамдарға қолайлылық пен сапалы қызмет көрсетуге бағытталған жобалау саласындағы үздік практикалар ескерілуге тиіс. Бұл ретте сапалы экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару қағидаттары негізінде іске асырылатын жобаларға ерекше басымдық берілуге тиіс.
Көлік-логистикалық қызметтен келетін экологиялық залалды азайтудың негізгі бағыттарының бірі көлік-логистикалық инфрақұрылым мен қызметтерді экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік талаптарға кезең-кезеңімен сәйкестендіру, сондай-ақ осы саладағы нормативтік құқықтық базаны одан әрі дамыту және жетілдіру болуға тиіс.
Экологиялық таза көлік түрлерін дамыту және танымал ету жалғасады. Атап айтқанда, ең көп жүктелген автомобиль көлігі дәліздерінің бойында электр автокөлігіне арналған зарядтау инфрақұрылымын ауқымды орналастыру басталады.
Халық пен бизнестің электр тартқышымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын, оның ішінде тұрақты қалалық және қала маңындағы маршруттарда электр автобустарын пайдалануға белсенді көшуін қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, қалаларда және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында зарядтау инфрақұрылымының желісі құрылады. Бұл ретте автомобиль көлігіне арналған зарядтау инфрақұрылымы объектілерін салу және пайдалану тәртібін регламенттейтін ұлттық және салалық стандарттар кешенін әзірлеу қажет.
Халықаралық автомобиль дәліздерінің бойында және қалалық агломерацияларды туристік және рекреациялық объектілермен байланыстыратын автомобиль жолдарының учаскелерінде жоғары қуатты зарядтау станцияларын орнату үшін энергетикалық қуаттарды басым тәртіппен беру қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ агломерацияларда зарядтау инфрақұрылымын дамыту процесін жеделдету үшін жағдайлар жасайтын заңнамалық тетіктер бекітіледі.
Көліктен келетін экологиялық залалды азайту үшін барлық ірі қалаларда мемлекеттік кәсіпорындар үшін міндетті, ал жеке сектор кәсіпорындары үшін ұсынымдық сипаттағы сараланған жұмыс уақыты кестесін белгілей отырып, «аймақтарға бөлу карталары» қалыптастырылып, бекітіледі.
Велосипедтерді, сондай-ақ электр және басқа да моторсыз жеке қозғалыс құралдарын неғұрлым белсенді пайдалану үшін жағдайлар мен инфрақұрылым жасалады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан елді мекендер шегінде негізгі жаяу жүргіншілер маршруттары бойындағы тротуар жүйелерін жедел дамытуға, жаңа жаяу жүргіншілер маршруттары мен веложолдарды қалыптастыруға белсенді қолдау көрсету талап етіледі.
Көлік секторын табиғи газға көшіру арқылы жаңғырту, өңірлерде және жол бойындағы сервис объектілерінің құрамында газ құю инфрақұрылымын құру арқылы газ моторлы отын нарығын дамытуға қолдау көрсетіледі.
Қалалық жолаушылар көлігінде халықты қоғамдық жолаушылар көлігін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ экологиялық таза көлік құралдарының қозғалысы үшін бөлінген аймақтарды ұйымдастыру жөніндегі шараларға ерекше назар аударылады.
Баламалы және жаңартылатын энергия көздерін енгізу, оның ішінде жүк және жолаушылар терминалдарының шатырларында және қоғамдық көлік аялдамаларында күн панельдерін орнату, автономды қоректендіру элементтері бар жол қозғалысын реттеу жүйелерін және басқа да инновациялық технологиялық шешімдерді енгізу жалғасады.
Кәсіпорындар мен халықтың жоғары экологиялық сыныптағы, сондай-ақ электр тартқышымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын пайдалануға белсенді көшуін ынталандыратын нормативтік құқықтық және қаржылық-экономикалық сипаттағы шараларды іске асыру қажет, оның ішінде электр қозғалтқыштары бар автокөлік құралдарын сатып алу құнын субсидиялау және осы санаттағы көлік құралдарын ақылы автомобиль жолдарының учаскелерімен жүргені үшін төлемнен босату көзделеді.
Сонымен қатар қолданыстағы және перспективалық экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын пайдалануды кезең-кезеңімен тоқтатуды ынталандыру жөніндегі шаралар кешені әзірленеді.
Жылжымалы құрамды жаңартуға арналған мемлекеттік қолдау тетіктерін әзірлеу және іске асыру кезінде жоғары экологиялық сыныптағы, бірінші кезекте электр тартқышымен жұмыс істейтін, сондай-ақ баламалы отын түрлеріндегі көлік құралдарын сатып алу басым бағыт болады. Энергия тиімділігі жоғары көлік құралдары мен энергияны өндіру мен жинақтаудың гибридті технологияларын пайдалануға ынталандыру көрсетіледі.
Көлік құралдарының жанар-жағармай материалдарын, тораптары мен агрегаттарын, әсіресе шиналар мен аккумулятор батареяларын қайталама өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын дамытуға ынталандыру және қолдау шаралары әзірленіп, енгізіледі.
Қазақстанның көлік секторын табиғи газға кезең-кезеңімен көшірудің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерлеріне кешенді бағалау жүргізіледі.
Әуе көлігі саласындағы табиғат қорғау саясатының тиімділігін арттыру үшін авиациялық шу, эмиссия және атмосфералық ауаның ластану деңгейі көрсеткіштерін аудиттеу мен өлшеудің тиімді құралдары енгізіледі. Парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және көміртегі ізін азайту мақсатында әуе көлігінде орнықты авиациялық отынды (SAF) өндіру және пайдалану мүмкіндіктері зерделенеді.
Теңіз тасымалдарының қарқынды дамуы Қазақстан Республикасының аумақтық суларында судың ластануына және кемелердің қауіпсіз жүзуіне тиісті мониторинг жүргізуді талап етеді. Теңіз көлігінің қоршаған ортаға әсерін экологиялық бақылау теңіз көлігін пайдалану кезінде теңіздің ластануына жол бермеу жөніндегі превентивтік шараларды қабылдау, оның ішінде теңіз порттарында табиғатты қорғау технологияларына инвестицияларды ынталандыру және теңіз кемелерінде баламалы отын түрлерін қауіпсіз пайдалану жөніндегі нормативтік талаптарды әзірлеу арқылы жүзеге асырылады. СКГ-мен кемелерге бункер құю үшін КСКМ порттарында шағын тонналы зауыт/жанармай құю станциясын салу мәселесі қарастырылады.
Ішкі су жолдары бойынша тасымалдарды дамыту автомобиль көлігінен өзен көлігіне жүк ағындарын қайта бөлу сияқты экологиялық тұрғыдан неғұрлым таза көлік түрлерін пайдалануды ынталандыру арқылы жүзеге асырылады. Ішкі су жолдарының жеткілікті дамыған желісі бар қалаларда ауыр жүк автокөлік құралдарын пайдалануға шектеулер енгізілуі мүмкін.
5.2.3. Тасымалдау қызметінің және инфрақұрылымды басқарудың тиімділігін арттыру
Тасымалдау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды жоспарлау және дамыту процестерін басқару мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
– магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне тариф белгілеу жүйесін жетілдіру;
– табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық тиімділігін арттыру;
– мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдану нысандары мен салаларын кеңейту;
– инфрақұрылымды жобалау, салу, жөндеу және пайдалану кезінде инновациялық материалдарды, жобалық шешімдерді, технологияларды, активтерді басқару жүйелерін және тараптар арасындағы құқықтық қатынастардың жаңа нысандарын реттеушілік жолмен енгізу арқылы көлік-логистикалық инфрақұрылым объектілерінің ұзақ мерзімділігін арттыру (қызмет ету мерзімін ұзарту).
Инвестициялық шешімдерді негізді қабылдау, шынайы талдамалық бағалау жүргізу және болашақ инфрақұрылымдық жобалардың басымдығын айқындау үшін халықаралық және ішкі көлік жүк ағындарының бағыттар, дәліздер және жүктер бөлінісіндегі ГАЖ-моделін әзірлеу және енгізу қажет.
Автомобиль-жол саласында жол активтерінің қызмет ету мерзімін оңтайландыру мақсатында ақаусыз жол күтіп-ұстау жөніндегі келісімшарттарды (нәтижелерге негізделген техникалық қызмет көрсетуді) қолданудың халықаралық тәжірибесін зерделеу және енгізу, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүк көтергіштігі 25 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысына тыйым салу жалғастырылады. Жолдардың нақты техникалық жай-күйіне және қозғалыс қарқындылығын аспаптық есепке алуға негізделген диагностика мен бюджеттеудің заманауи әдістемелері түпкілікті енгізіліп, жолдарды пайдалану жұмыстарын орындаудағы мемлекеттік монополия бәсекелестік ортаға кезең-кезеңімен беріледі. Сондай-ақ автомобиль жолдарын ақаусыз күтіп-ұстаудың келісімшарттық модельдері (нәтижелерге негізделген келісімшарттар) енгізіледі.
Жол активтерін басқару жүйелері жалпыға ортақ пайдаланылатын барлық автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған шығыстарды жоспарлаудың негізгі құралына айналады.
Ақылы автомобиль жолдары жүйесін одан әрі дамыту мемлекет үшін экономикалық ұтымдылық және жол қозғалысына қатысушылар үшін қолжетімділік қағидаттарына, оның ішінде тарифтерді саралауға, сондай-ақ жол желісін дамытуға, жөндеуге және күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды жабудың баламалы тетіктерін енгізуге, соның ішінде автокөлік құралдарына арналған отын құнына мамандандырылған қорға жинақтай отырып, нысаналы алымдар енгізуге негізделетін болады.
Осы қордың қаражаты басым тәртіппен өңірлер халқы үшін базалық көлік қолжетімділігін қамтамасыз етуге, жол бойындағы сервис объектілерін дамытуға, инновациялық даму, көліктік модельдеу, нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, көлік ағындарын есепке алу мен болжауға және жол желісін дамыту мен күтіп-ұстауға арналған инвестициялардың басымдығын айқындауға бағытталған зияткерлік және автоматтандырылған құралдарды енгізу бағыттары бойынша ғылыми, талдамалық және қолданбалы зерттеулер жүргізуге жұмсалатын болады. Нысаналы алымдардың мөлшері әлеуметтік факторды және өнімдер мен қызметтердің бағасына ықпалын ескере отырып, тереңдетілген экономикалық талдау негізінде айқындалатын болады.
Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарына арналған қаржыландыру нормативтері 2001 жылғы базалық бағаларды қолдану тәжірибесінен бас тартып, құрылыс саласы үшін маңызды ресурстарға қатысты өзекті орташа нарықтық бағалар мен индекстер жүйесін пайдалануға көшу арқылы қайта қаралатын болады.
Қалалық жолаушылар көлігін дамыту ірі қалаларда ірі аялдамалардың (хаб үлгісіндегі) санын ұлғайта отырып, фидерлік жүйелер қағидаты бойынша жүзеге асырылатын болады. Маршруттық жылдамдықты арттыру үшін қалалардағы неғұрлым сұранысқа ие бағыттарда басым қозғалыс жүйесін (қалалық жолаушылар көлігіне арналған бөлінген жолақтарды) дамыту жалғастырылады. Сондай-ақ қалалардағы және өңірлік тасымалдардағы автопарктердің жылжымалы құрамын жаңарту жөніндегі жол карталары қабылданады.
Теміржол көлігінде тасымалдау тиімділігін арттыру нысаналы инфрақұрылымдық жобаларды іске асырумен қатар, тасымалдауды жоспарлау және пойыздар қозғалысын басқару жүйелерін жетілдіру, атап айтқанда тасымалдау технологияларын оңтайландыру, жүк ағындары мен тиеу-түсіру жұмыстарын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу және бос тұрып қалу уақытын барынша азайту арқылы жүзеге асырылатын болады. Жылжымалы құрамды жаңарту қозғалыс жылдамдығын перспективалық арттыруды, оның ішінде жүктерді сағатына 100–120 км жылдамдықпен тасымалдауға арналған инновациялық арбаларды енгізуді ескеруі тиіс.
Вагондар тапшылығы жағдайында жаппай жөнелту кезеңдерінде кейбір жүктерді экспорттық нарықтарға жедел жеткізу мақсатында белгілі бір учаскелерде кесте бойынша тасымалдауды ұйымдастыру үшін жеке пойыз қозғалысы кестесінің жолдары (шаттл-пойыздар) енгізілетін болады.
Кірістілікті басқару процесін автоматтандыру және тарифтік саясатты жетілдіру мақсатында әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаның (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі қайта қаралатын болады. Бұл ретте динамикалық тарифтік реттеу мен әлеуметтік маңызы бар маршруттарда жеңілдіктер жүйесін қолдану, сондай-ақ сұраныс төмендеген кезеңдерде қосымша жолаушылар ағынын тартуға арналған адалдық бағдарламасы көзделеді.
Инвестицияларды ұзақ мерзімді жоспарлау мүддесінде тарифтік реттеудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және тарифтік шарттардың икемділігін сақтауға (бұл тасымалдау сегменттерінде қолданылатын жерде), инфрақұрылымды күтіп-ұстау мен жаңғырту мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ теміржол көлігі қызметтерінің сапасын арттыруға жағдай жасалатын болады.
Жаңа тарифтік модельді әзірлеу және іске асыру кезінде ескерілуге тиіс негізгі факторлар мен міндеттерге, оның ішінде мыналар жатады:
– теміржол тасымалдаушыларының көптігі факторы;
– Инфрақұрылымның ұлттық операторын, тасымалдаушыларды, жүк иелерін және тасымалдау процесінің басқа да қатысушыларын әртүрлі кезеңдер мен маршруттар бойынша инфрақұрылымның болжамды жүктемесін және тасымалдау технологиясын қамтамасыз етуге ынталандыру;
– теміржол көлігі қызметтері нарығына қатысушылардың мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын орнықты дамытуға және оны нормативтік жай-күйде ұстауға бағытталған жүк және жолаушылар тасымалы саласындағы теміржол тарифтері жүйесін жетілдіру;
– жүктерді аз жүктелген бағыттарға қайта бөлуге және ағындарды неғұрлым аз жүктелген кезеңдерге бөлуге ынталандыру;
– мұндай саралау мүмкін болатын нарық сегменттерінде сапасы жоғары қызметтерге қатысты тарифтерді саралау мүмкіндіктерін кеңейту;
– тарифтік шешімдер есебінен магистральдық теміржол желісінің қолданыстағы объектілерін нормативтік жай-күйде ұстау қажеттілігі;
– магистральдық теміржол желісін тарифтік емес шешімдер есебінен кеңейту және жаңғырту қажеттілігі (МЖӘ тетіктерін, Инфрақұрылымның ұлттық операторының меншікті қаражатын, оның ішінде транзиттік тарифтің инфрақұрылымдық құрамдас бөлігі және басқа да шешімдер есебінен қолдану).
Тасымалдау нарығын дамытуға, жылжымалы құрамды жаңартуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға жеке инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасалады, оның ішінде нарықтың барлық қатысушыларына негізгі қуаттарға тең қолжетімділік мүмкіндіктерін беру, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуда МЖӘ-нің озық әлемдік тәжірибесін енгізу көзделеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы қызметінің тиімділігі мен ашықтығы оның құрылымын теміржол көлігі саласындағы заңнама талаптарына сәйкестендіру арқылы институционалдық реформаларды аяқтау жолымен арттырылатын болады.
Әуе көлігінде зияткерлік жүйелер мен цифрлық жолаушылар терминалдарын белсенді енгізуді ынталандыратын шаралар кешені іске асырылатын болады, оның ішінде:
– жасанды интеллект және шешімдер қабылдауды қолдау технологиялары негізінде жолаушылардың ұшар алдындағы рәсімдерден өту процестерін басқару жүйелері, оның ішінде биометриялық деректер негізінде сәйкестендіру және халықаралық сапарларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау жүйелері;
– жолаушылардың бірнеше көлік түрін пайдалана отырып, сапар маршруттарын жоспарлауы, билеттерді сатып алуы, багажды ресімдеуі және алуы, терминал бойынша жеке навигация жасауы кезінде қоса алғанда, тасымалдау процесіне қатысушылардың барлығы арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін цифрлық платформалар.
Әуе көлігінде кейбір әуежайларда әуе кемелеріне жанармай құю уақытын қысқарту үшін Астана қаласының әуежайында пайдалану тәжірибесі жоғары тиімділігін дәлелдеген орталықтандырылған жанармай құю жүйесі енгізілетін болады.
Су көлігінде жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру сауда флотын жаңарту және оның санын ұлғайту, тұрақты (кесте бойынша) теңіз желілерін ұйымдастыру, сондай-ақ қайта тиеу жабдықтарын жаңғырту есебінен порт инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Кемелердің келу, шығу және оларды инспекциялау рәсімдерін жеделдету мақсатында мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын цифрландыру теңіз өткізу пункттерінде «бір терезе» қағидаты бойынша электрондық құжат айналымы жүйесін құру арқылы жалғастырылады. Каспий теңізіндегі паромдық тасымалдарда электрондық билеттеу жүйесіне толық көшу жүзеге асырылады.
5.2.4. Көлік-логистикалық және ілеспе қызметтердің бәсекелестік нарығын дамыту
Көлік-логистика секторындағы қызметтердің бәсекелестік нарығын дамытудың негізгі бағыттары табиғи монополия салалары мен қоғамдық маңызы бар нарықтарды қоспағанда, мемлекеттік қатысуды жоспарлы түрде қысқарту, сонымен қатар қолайлы жағдайлар жасау және мемлекет тарапынан қолдау шараларын ұсыну болады.
Автомобиль көлігінде отандық жүк автотасымалдаушыларды дамытуға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу мақсатында (2025 жылы нарықтың ашылуына байланысты бәсекелестік қысымның күшеюін ескере отырып) кешенді салааралық жол картасы қабылданып, іске асырылатын болады. Мемлекеттік қолдау көлеміне жаңа жүк автокөлік құралдарын сатып алуға арналған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және отандық әрі шетелдік өндірістегі жүк автокөлік құралдарының қолжетімділігін арттыруға бағытталған басқа да шаралар кіреді. Қауіпсіздік пен экологиялық тазалық жөніндегі халықаралық талаптарға жауап беретін автокөлік құралдарын қаржылық лизингке беру бағдарламаларын іске асыру жалғастырылады.
Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға автотасымалдаушыларды жіберуді реттейтін нормалар мен қағидалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесі саласындағы заңнамасын бұза отырып жүк тасымалдауды жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауаптылық күшейтілетін болады.
Теміржол көлігінде көлік-логистикалық қызметтер саласында адал бәсекелестікті дамыту қызметтер нарығын одан әрі дамытудың басым міндеті болып табылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық реформасы жүргізілгеннен кейін ҰТЛК құрыла отырып, ұлттық теміржол компаниясы магистральдық теміржол желісін, теңіз порттарын, IT-инфрақұрылымды біріктіреді. Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының талаптарына сәйкес қызметі тасымалдау процесіне қатысушылардың (тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, қосалқы қызметтердің және қызметтеріне қол жеткізу МТЖ арқылы жүзеге асырылатын теміржол көлігінің басқа да пайдаланушыларының) қажеттіліктерін тең және кемсітусіз жағдайларда қамтамасыз етуге бағытталатын Инфрақұрылымның ұлттық операторы қалыптастырылатын болады.
Теміржол көлігінің жекелеген нарықтарында бәсекелес субъектілердің жұмыс істеуі үшін жеке капиталды тартуды ескере отырып, олардың қызметіне кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жағдайлары жасалатын болады.
Бәсекелестік нарықты дамытуға қолдау көрсету үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жылжымалы құрамды лизингке беруді қоса алғанда, жеңілдетілген кредиттеу құралдары іске асырылатын болады. Бұл ретте теміржол көлігі саласындағы шағын компаниялардың, оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілерінің қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жеңілдікпен кредит алуға (лизингтік құралды пайдалануға) құқығы бар лизинг алушыларды іріктеу өлшемшарттары мен жеңілдетілген кредиттің ең жоғары сомасы оңтайландырылады.
Жүк тасымалы нарығында ұлттық және жеке тасымалдаушылар қызметін жүзеге асыратын болады, олар еркін бәсекелестік жағдайында жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетеді.
Қазақстанның ішкі нарығында да, одан тыс жерлерде де көліктік-экспедиторлық қызмет бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтін болады. Бұл ретте экспедитордың рөлі халықаралық құқыққа (халықаралық келісімдерге), сондай-ақ азаматтық құқық саласындағы ұлттық заңнамаға сәйкес келтірілетін болады.
Еліміздің туристік нарығын дамытудағы теміржолдың маңызды рөлін ескере отырып, жол жүру барысында әртүрлі сервистік қызметтер ұсына отырып, саяхаттау мүмкіндігін беру арқылы туристік тәжірибені кеңейтуге және байытуға арналған жаңа «Туристік пойыз» өнімі іске қосылады.
Нарықты одан әрі дамыту тарифтік саясатты қоса алғанда, тасымалдау нарығы субъектілерінің жұмыс істеуі үшін кемсітусіз жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылатын болады.
Әуе көлігі саласында өңірлік және шағын авиация сегментін дамыту жалғастырылады. Ол үшін қауіпсіздік, тиімділік, сенімділік және қолдану мүмкіндігі өлшемшарттары бойынша әуе кемесінің озық үлгісі айқындалатын болады. Аэродромдар инфрақұрылымына қойылатын мамандандырылған талаптар мен перспективалық аэронавигациялық технологиялар әзірленеді. Ішкі және өңіраралық әуе қатынастарының саны артады. Әуежайларда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған жағдайларды жақсарту жұмысы, оның ішінде осы санаттағы жолаушыларды әуе кемесіне арнайы тетіктердің көмегімен отырғызу және түсіруді ұйымдастыру жалғастырылады. Электрондық қызметтер нарығын дамыту жандандырылады.
Су көлігі саласында отандық кеме жасау және кеме жөндеу базасын дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылатын болады. Бұл ретте кеме қатынасы компанияларына қазақстандық кеме жасау зауытында тапсырыстар орналастырған жағдайда жаңа кеменің құнын ішінара өтеу есебінен кәдеге жарату субсидиялары беріледі. (ҚМ-ны қоспағанда)
Халықаралық кеме тізілімін қолдану аясы каботажда тасымалдау және сүйрету үшін пайдаланылатын кемелерді тіркеу арқылы кеңейтіледі.
Жолаушылардың, оның ішінде жүріп-тұруы шектеулі азаматтардың жайлылық деңгейін арттыру үшін көліктің барлық түрлерінде «жолаушылар салонын» жаңғыртуды ынталандыру жөніндегі кешенді шаралар бастамашылық етіледі. Пайдаланушылардың қанағаттану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу жүйесі іске асырылып, оның нәтижелері ашық қолжетімділікте орналастырылатын болады.
5.2.5. Ілеспе және қамтамасыз етуші салаларды дамыту
Көлік және логистика саласындағы ғылым мен кадрлық әлеуетті дамыту жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау және тарту, сондай-ақ білім беру ұйымдарын заманауи оқу және зертханалық материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуге қолдау көрсету арқылы іске асырылатын болады.
Мемлекеттік саясаттың жүйелі шарасы ретінде салалық ғылыми-зерттеу институттарын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар жасалатын болады.
Елдің көлік-логистика кешенін жоғары білікті және технологиялық шынайылыққа бейімделген мамандармен және ғылыми қызметкерлермен қамтамасыз ету үшін көліктің жүйе құраушы ғылыми-зерттеу институты құрылады. Онда ғылыми зерттеулер мен ізденістер жүргізуге арналған озық инфрақұрылым қалыптастырылып, көлік және логистика саласындағы ғалымдар мен жоғары білікті мамандар тартылып, технологиялық құзыреттер орталықтары құрылатын болады, сондай-ақ салалық ғылыми және білім беру ұйымдарымен тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылады.
Ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру және оны бизнестің инновациялық даму қажеттіліктерімен үйлестіру шеңберінде көлік институты жетекші ғылыми ұйымдарды, жоғары оқу орындарын, көлік және логистикалық компанияларды және сарапшылар қауымдастығын тарта отырып, көлік және логистика саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесін қалыптастырып, жыл сайын жаңартып отырады, кейіннен ол уәкілетті органмен бекітіледі.
Көлік салаларының құрылыс материалдары мен отын-энергетикалық ресурстарға ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін тұрақты қамтамасыз ету үшін маусымдық тапшылық пен бағаның ауытқуына жол бермеу жөніндегі шаралар кешені іске асырылатын болады. Бұл шаралар мұнай өңдеу қуаттарын салу мен жаңғыртуды, битум сақтау қоймалары желісін дамытуды, ресурстарды жеткізу тізбегінен өнімсіз делдалдарды алып тастауды, бағаны реттеу шараларын қамтиды.
Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ТС-1, РТ және басқа да маркалы авиаотын өндірісінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ қосымша отын қоймаларын құру жөніндегі шаралар пысықталатын болады. Олардың резервтері жеткізілімдердегі іркілістерді қоса алғанда, сұраныс артқан кезеңдерде бағаны тұрақтандыру үшін пайдаланылуы тиіс. Бұған авиаотынды биржалық сауда арқылы өткізуге жағдай жасау да кіреді.
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
Тұжырымдаманы іске асыру Қазақстанның көлік-логистика кешенінің тиімділігін, қауіпсіздігін және сенімділігін арттыруға және 2030 жылы мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Нысаналы индикаторлар:
2019 жылғы деңгейге қарағанда «Көлік және қоймалау» секторындағы еңбек өнімділігінің 29,3%-ға өсуі;
2019 жылғы деңгейге қарағанда «Көлік және қоймалау» негізгі капиталына инвестициялардың 98,4%-ға өсуі;
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің 100%-ын нормативтік техникалық жай-күйге келтіру және күтіп-ұстау;
облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің кемінде 95%-ын нормативтік техникалық жай-күйге келтіру және күтіп-ұстау;
теміржол көлігімен жүк тасымалдауда жеке тасымалдаушылар үлесін 2030 жылға қарай кемінде 30%-ға дейін ұлғайту;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит көлемін 35 млн тоннаға дейін, оның ішінде контейнерлік транзитті 2030 жылы 2000 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайту;
3G стандартына сәйкес келетін және Интернетке қолжетімділігі бар мобильді байланыспен қамтамасыз етілген республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 100%-ға дейін жеткізу;
кеме жүзетін шлюздерде гидродинамикалық оқиғалардың туындау тәуекелі үлесін 50,7%-ға дейін төмендету;
техникалық флоттың тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендету;
пайдалану мерзімі 25 жылдан асатын жолаушылар вагондарының үлесін 3%-ға дейін төмендету.
Күтілетін нәтижелер:
теміржол көлігімен тасымалданған жолаушылар санын 34 млн адамға дейін ұлғайту;
транзиттік әуе жолаушыларының санын 3000 мың адамға дейін ұлғайту;
100 мың тұрғынға шаққанда жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар санын 2022 жылғы 11,9 адамнан 2030 жылы 9,6 адамға дейін төмендету.
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар осы Тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі қызметтің тиімділігі мен есептілігін арттыру үшін ИИДМ құрылымында салалық жобалық топтарды (басқарушы комитеттерді) құруды қоса алғанда, «жобалық тәсілді» қолдану кеңейтіледі.
| | Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасына қосымша || - | --------------------------------------------------------------------------------------------------- |
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
1. Транзитті дамыту және мультимодальды интеграция
2. Тұрақты және қауіпсіз көлік байланысын қамтамасыз ету
3. Тасымалдау қызметінің және инфрақұрылымды басқарудың тиімділігін арттыру
4. Көлік-логистикалық және ілеспе қызметтердің бәсекеге қабілетті нарығын дамыту
5. Іргелес және қамтамасыз етуші салаларды дамыту
| № | Реформалар мен негізгі іс-шаралардың атауы | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар |
|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2030 жылға дейінгі нысаналы индикаторлар:
1. «Көлік және қоймалау» секторындағы еңбек өнімділігінің 2019 жылғы деңгейге қатысты өсуі (2023 – 9,8%, 2024 – 14,4%, 2025 – 19,3%, 2026 – 21,3%, 2027 – 23,3%, 2028 – 25,3%, 2029 – 27,3%, 2030 – 29,3%).
2. «Көлік және қоймалау» негізгі капиталына салынатын инвестициялардың 2019 жылғы деңгейге қатысты өсуі (2023 – 41,9%, 2024 – 68,7%, 2025 – 90,90%, 2026 – 92,4%, 2027 – 93,9%, 2028 – 95,4%, 2029 – 96,9%, 2030 – 98,4%).
3. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің 100%-ын нормативтік техникалық жағдайға келтіру және күтіп ұстау (2023 – 92%, 2024 – 93%, 2025 – 94%, 2026 – 95%, 2027 – 96%, 2028 – 97%, 2029 – 100%, 2030 – 100%).
4. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің кемінде 95%-ын нормативтік техникалық жағдайға келтіру және күтіп ұстау (2023 – 86%, 2024 – 87%, 2025 – 88%, 2026 – 90%, 2027 – 92%, 2028 – 94%, 2029 – 95%, 2030 – 95%).
5. Теміржол көлігімен жүк тасымалдауда жеке тасымалдаушылардың үлесін 2030 жылға қарай кемінде 30%-ға дейін ұлғайту (2023 – 10%, 2024 – 12%, 2025 – 15%, 2026 – 20%, 2027 – 24%, 2028 – 26%, 2029 – 28%, 2030 – 30,0%).
6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит көлемін ұлғайту, млн тонна (2023 – 27,7 млн тонна, 2024 – 28,8 млн тонна, 2025 – 30,9 млн тонна, 2026 – 32 млн тонна, 2027 – 32,6 млн тонна, 2028 – 33,6 млн тонна, 2029 – 33,8 млн тонна, 2030 – 35 млн тонна), оның ішінде контейнерлік транзит, ДФЭ мың бірлік (2023 – 1 250 мың ДФЭ, 2024 – 1 348 мың ДФЭ, 2025 – 1 464 мың ДФЭ, 2026 – 1 556 мың ДФЭ, 2027 – 1 590 мың ДФЭ, 2028 – 1 727 мың ДФЭ, 2029 – 1 865 мың ДФЭ, 2030 – 2000 мың ДФЭ).
7. Интернетке қолжетімділігі бар, 3G-ден төмен емес стандарт бойынша мобильді байланыспен қамтамасыз етілген республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, % (2023 – 40%, 2024 – 50%, 2025 – 60%, 2026 – 70%, 2027 – 80%, 2028 – 90%, 2029 – 100%, 2030 – 100%).
8. Кеме жүретін шлюздерде гидродинамикалық оқиғалардың туындау тәуекелінің үлесін төмендету, % (2023 – 54,6%, 2024 – 54,4%, 2025 – 53,2%, 2026 – 52,7%, 2027 – 52,2%, 2028 – 51,7%, 2029 – 51,2%, 2030 – 50,7%).
9. Техникалық флоттың тозуын төмендету, % (2023 – 65%, 2024 – 63%, 2025 – 61%, 2026 – 60%, 2027 – 58%, 2028 – 57%, 2029 – 55%, 2030 – 54%).
10. Пайдалану мерзімі 25 жылдан асатын теміржол жылжымалы құрамының (жолаушылар вагондарының) үлесі, % (2023 – 27,9%, 2024 – 24,8%, 2025 – 19,9%, 2026 – 8,8%, 2027 – 4,4%, 2028 – 2,1%, 2029 – 3,5%, 2030 – 3,2%).
1. Қырғыз Республикасымен шекарада «Индустриялық сауда-логистикалық кешен» тауар өңдеу торабын құру
Аяқтау нысаны: өнеркәсіптік көлік-логистикалық хабты іске қосу
Орындау мерзімі: 2026 жылғы 2-тоқсан
Жауапты орындаушылар: СИМ, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, СІМ, ҰҚК ШҚ, Жамбыл облысының әкімдігі, «QazTrade» АҚ (келісу бойынша)
2. Өзбекстан Республикасымен шекарада «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы» тауар өңдеу торабын құру
Аяқтау нысаны: өнеркәсіптік көлік-логистикалық хабты іске қосу
Орындау мерзімі: 2026 жылғы 4-тоқсан
Жауапты орындаушылар: СИМ, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, СІМ, ҰҚК ШҚ, Түркістан облысының әкімдігі, «QazTrade» АҚ (келісу бойынша)
3. Ресей Федерациясымен шекарада «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы» тауар өңдеу торабын құру
Аяқтау нысаны: өнеркәсіптік көлік-логистикалық хабты іске қосу
Орындау мерзімі: 2025 жылғы 3-тоқсан
Жауапты орындаушылар: СИМ, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, СІМ, ҰҚК ШҚ, БҚО әкімдігі, «QazTrade» АҚ (келісу бойынша)
4. Каспий маңы өңірінде «Каспий торабы» контейнерлік хабын құру
Аяқтау нысаны: өнеркәсіптік көлік-логистикалық хабты іске қосу
Орындау мерзімі: 2026 жылғы 3-тоқсан
Жауапты орындаушылар: СИМ, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, СІМ, ҰҚК ШҚ, Маңғыстау облысының әкімдігі, «QazTrade» АҚ (келісу бойынша)
5. ҚХР-мен шекарада «Қорғас торабы» шекара маңы кешенін құру
Аяқтау нысаны: өнеркәсіптік көлік-логистикалық хабты іске қосу
Орындау мерзімі: 2024 жылғы 3-тоқсан
Жауапты орындаушылар: СИМ, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, СІМ, ҰҚК ШҚ, Жетісу облысының әкімдігі, «QazTrade» АҚ (келісу бойынша)
6. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қысқы маусымда жол қозғалысына қатысушыларға жедел ден қою және көмек көрсету құралдарымен жабдықталған, оның ішінде МЖӘ-нің баламалы құралдарын, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарынан түсетін кірістерді пайдалана отырып, кемінде 200 заманауи жол бойындағы сервис объектісін салу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЦДИАӨМ, ІІМ, ЖАО
7. Бірыңғай уәкілетті органның (оператордың) шеңберінде шекарада ұсынылған мемлекеттік органдардың функцияларын біріктіру, шекарадан өту кезінде «бірыңғай терезе» және көлік құралына қатысты «бір аялдама» қағидатын заңнамалық тұрғыдан бекіту жөнінде ұсыныстар әзірлеу
Аяқтау нысаны: Үкіметке ұсыныстар
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: Қаржымині, АШМ, ҰЭМ, ҰҚК ШҚ, ЦДИАӨМ
8. Кеден брокерлерінің қызметтерін міндетті түрде пайдалану туралы талапты алып тастау, тасымалдау процесіне қатысушылардың барлық кедендік құжаттарды өз бетінше ресімдеуі үшін қажетті ақпаратты уәкілетті органның (бірыңғай оператордың) сайтында орналастыру
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: Қаржымині
9. Жүк автокөлігі құралдарына арналған шекаралық өткізу пункттерінде жүк автомобиль көлігі үшін бөлінген қозғалыс жолақтарын («жасыл дәліздер») құру және «бірыңғай терезе» операторының жұмыс орнын жүк автокөлік құралдарының жүргізушілері көлік құралынан шықпай-ақ мемлекеттік қызмет ала алатындай етіп ұйымдастыру
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: Қаржымині, ИИДМ, ЦДИАӨМ, ҰҚК ШҚ, ҰЭМ, АШМ
10. Қатысушы елдердің ұлттық деңгейде қолданылатын сақтандыру жүйелерін өзара тану мүмкіндігі үшін Қазақстанның халықаралық The Green Card автосақтандыру жүйесіне қосылу мәселесін пысықтау
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ұсыныстар
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ҚНРДА, Қаржымині, ҰЭМ, ҚМА
11. Жүк автомобиль тасымалдарында eTIR және eCMR электрондық жүйелеріне көшуді қамтамасыз ету
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2024 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша)
12. Қазақстанның TRACECA бірыңғай транзиттік рұқсат туралы келісіміне қосылуы
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2024 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, СІМ
13. Автомобиль көлігі құралдарының жүргізушілері автомобиль өткізу пункттері арқылы шекарадан өткен кезде оларға арналған арнайы TRACECA визасын енгізу мәселесін пысықтау
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2024 жыл
Жауапты орындаушылар: СІМ, ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ
14. Елдің негізгі көлік магистральдарының бойында жоғары жылдамдықты кабельдік және сымсыз деректер беру инфрақұрылымын, оның ішінде телекоммуникация операторларымен «бірлесіп орналастыру» қағидаты бойынша әріптестік негізінде және спутниктік интернет технологияларын қолдана отырып, өрістету
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЦДИАӨМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша), «ҚАЖ» (келісу бойынша)
15. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе», «Ұлғайсын – Қызылорда» учаскелерін реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2026 – 2030 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
16. «Алматы – Қарағанды – Астана – Петропавл – Қорған қаласы бағытындағы РФ шекарасы» автомобиль жолы дәлізінің учаскелерін реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2024 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
17. «Астана – Қостанай – Челябі қаласы бағытындағы РФ шекарасы» автомобиль жолы дәлізінің учаскелерін реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2027 – 2030 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
18. «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – Омбы қаласы бағытындағы РФ шекарасы» автомобиль жолы дәлізінің учаскелерін реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2024 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
19. «Алматы – Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолы дәлізінің учаскелерін реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2024 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
20. «Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат – Атырау – Астрахань бағытындағы РФ шекарасы» автомобиль жолы дәлізінің учаскелерін реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2024 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
21. TRACECA халықаралық көлік дәлізінің Бейнеу – Шалқар автомобиль жолы учаскесін салу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2028 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
22. «Орал – Атырау» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерін реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2026 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
23. «Жезқазған – Петропавл» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Жезқазған – Арқалық, Сурган – СҚО шекарасы учаскелерін реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2027 – 2030 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
24. «Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерін реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2027 – 2030 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
25. Б. Қонысбаев атындағы өткізу пункті арқылы Өзбекстан Республикасына шығатын Түркістан, Шымкент және Сарыағаш қалаларының айналма жолдарын салу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2025 – 2028 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
26. «Мерке – Бурылбайтал» автомобиль жолын реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
27. «Ұзынағаш – Отар» автомобиль жолын реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2024 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
28. «Өскемен – Зырян – Катонқарағай – Рахман қайнары» республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау және жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2024 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
29. «Қостанай – Қарабұтақ» республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
30. «Үшарал – Достық» республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
31. «Орал – РФ шекарасы (Орынбор бағыты)» автомобиль жолының Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы (Илек бағыты) учаскесін реконструкциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2025 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
32. «Алматы – Талғар – Байдібек би» республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау және жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2025 – 2028 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
33. «Алматы – Үшқоңыр – Ұзынағаш» республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау және жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2025 – 2028 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
34. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2030 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЖАО
35. Ресей Федерациясымен шекарадағы өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру (реконструкциялау): Сырым, Тасқала, Әлімбет, Үрлітөбе, Жаңа жол, Қосақ, Құрманғазы, Ақсай, Қайрақ, оның ішінде автомобиль өткізу пункттерінде «жасыл дәліздерді» жайластыру
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2025 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
36. Ресей Федерациясымен шекарадағы өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру (реконструкциялау): Қызылжар, Қарақоға, Үбе, Шарбақты, Шаған, Бидайық, Қондыбай, Ауыл, Жәнібек, Жезкент, Ақбалшық, Аят, Найза, Убаған, Желқуар, Қоянбай, Байтанат, Амангелді, Қарашатау, Орда, оның ішінде автомобиль өткізу пункттерінде «жасыл дәліздерді» жайластыру
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2025 – 2030 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
37. Қырғыз Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру (реконструкциялау): Қарасу, Бесағаш, Аухатты, Сортөбе, Айша бибі, Сыпатай батыр, Кеген, оның ішінде автомобиль өткізу пункттерінде «жасыл дәліздерді» жайластыру.
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2025 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
38. «Достық – Мойынты» учаскесінде екінші теміржол жолын салу (836 км)
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2022 – 2025 жылдар
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша), ИИДМ
39. Қазақстан-Қытай шекарасында «Семей – Ақтоғай» қолданыстағы теміржол учаскесіне шығатын «Бақты» үшінші шекаралық теміржол өткелін салу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2024 – 2025 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ
40. Алматы теміржол торабының айналма теміржол желісін салу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2024 жылдар
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша), ИИДМ
41. «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісін салу (106 км)
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2024 – 2025 жылдар
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша), ИИДМ
42. «Бейнеу – Маңғыстау» және «Маңғыстау – Құрық» учаскелеріндегі теміржол жолының өткізу қабілетін арттыру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2025 – 2030 жылдар
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша), ИИДМ
43. Қолданыстағы теміржол мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2025 – 2030 жылдар
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша), ИИДМ
44. «ҚХР – Түрікменстан – Иран» бағыты бойынша теңіз тасымалы учаскесін қоса алғанда, маршруттағы елдердің көлік компанияларының қатысуымен трансұлттық үйлестіру органын құру мәселесін пысықтау
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2024 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, СІМ, «Самұрық-Қазына» (келісу бойынша), «ҚТЖ» (келісу бойынша)
45. «ҚТЖ»-ны Ұлттық көлік-логистикалық компанияға трансформациялау жөніндегі институционалдық реформаны іске асыру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «Самұрық-Қазына» (келісу бойынша), «ҚТЖ» (келісу бойынша)
46. Көлік логистикасы құзыреттері орталығын (КЛҚО) құру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: «Самұрық-Қазына» (келісу бойынша), «ҚТЖ» (келісу бойынша), ИИДМ
47. Қазақстандық көлік компанияларының шетел мемлекеттерінің нарықтарына шығуын, қазақстандық бизнес бақылайтын көлік-логистикалық инфрақұрылым құруын ынталандыру және жүктер ағынын Қазақстан арқылы өтетін маршруттарға тарту үшін ынталандыру шаралары мен мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу және қабылдау
Аяқтау нысаны: мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау бойынша талдау
Орындау мерзімі: 2023 – 2030 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, СИМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша)
48. «Ship or pay» («жөнелт немесе төле») қағидаты бойынша жаңа транзиттік өнімдерді енгізуді қоса алғанда, тарифтік саясатты қалыптастыру тәсілдерін жетілдіру
Аяқтау нысаны: ИИДМ-ге ұсыныстар
Орындау мерзімі: 2030 жылға дейін жыл сайын желтоқсан айында
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша)
49. Иран, Әзербайжан, Грузия және Түркия порттарында сыртқы терминалдық қуаттарды құру
Аяқтау нысаны: ИИДМ-ге ұсыныстар
Орындау мерзімі: 2030 жылға дейін жыл сайын желтоқсан айында
Жауапты орындаушылар: «Самұрық-Қазына» (келісу бойынша), «ҚТЖ» (келісу бойынша)
50. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауарлардың «кедергісіз» қозғалысын қамтамасыз ету үшін цифрлық мультимодальды дәліз құру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2025 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: Қаржымині, СИМ, АШМ, ЦДИАӨМ, ҰҚК ШҚ, «ҚТЖ» (келісу бойынша)
51. Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі ұлттық теміржол тасымалдаушысының жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту, оның ішінде интермодальды тасымалдар жүйесін дамыту және бірыңғай жол жүру құжатын енгізу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ұсыныстар
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2024 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша), «Самұрық-Қазына» (келісу бойынша), авиакомпаниялар (келісу бойынша)
52. Халықаралық әуе маршруттарының желісін кеңейту (30 маршрут)
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2030 жылға дейін жыл сайын желтоқсан айында
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, авиакомпаниялар (келісу бойынша)
53. Транзиттік әуе жолаушыларын тарту және ішкі туризмді дамыту мақсатында визасыз режим саясатын одан әрі енгізу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметінің қаулысы
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: СІМ, ІІМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша)
54. Әуежайлардың «стерильді аймақтарында» шетелдік авиакомпаниялар өкілдерінің жұмыс істеуіне рұқсат беруге тыйым салуды алып тастау арқылы шекара қызметінің талаптарын жеңілдету
Аяқтау нысаны: нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ҰҚК, ІІМ, ИИДМ
55. Транзиттік әуе кемелеріне қатысты көлік құралына арналған кедендік декларацияны (КҚКД) ресімдеу жөніндегі заңнамалық талаптарды алып тастау мәселесін пысықтау
Аяқтау нысаны: нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: Қаржымині, ИИДМ
56. Әуежайлардың бөлінген аумағы шегінде қайта тиеу кезінде транзиттік әуе кемелерінің жүктерін уақытша сақтау қоймаларына (УСК) міндетті түрде орналастыру туралы заңнамалық талаптарды алып тастау мәселесін пысықтау
Аяқтау нысаны: нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: Қаржымині, ИИДМ
57. Транзит үшін ерекше кедендік және көші-қон режимдері, сондай-ақ шетелдік тасымалдаушылар мен логистикалық компаниялардың қызметі үшін ерекше қағидалары бар еркін сауда аймақтарын құру
Аяқтау нысаны: нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ҰҚК, ІІМ, ИИДМ
58. Жүк әуежайлары мен хабтарындағы тасымалдау процесін жүк әуе тасымалдарын электрондық сүйемелдеудің E-freight жүйесімен интеграциялау
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Қаржымині, ЖАО, «Самұрық-Қазына» (келісу бойынша), авиакомпаниялар (келісу бойынша)
59. Теміржол-теңіз қатынасында тасымалдарды жүзеге асыру кезінде ЦИМ/СМГС бірыңғай жүкқұжатын теңіз коносаменті ретінде пайдалану мәселесін пысықтау және кейіннен электрондық нысанға көшу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша)
60. Каспий теңізіндегі кемелерді инспекциялаудың бірыңғай цифрлық базасын құру
Аяқтау нысаны: пайдалануға беру актісі, Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2026 жылғы желтоқсан – 2028 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЦДИАӨМ
61. Жүк автокөлік құралдары үшін порттарда электрондық кезек жүйесін құру
Аяқтау нысаны: пайдалануға беру актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2028 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша), «Құрық порты» (келісу бойынша)
62. Теңіз өткізу пункттерінде «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша электрондық құжат айналымы жүйесін құру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан – 2026 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, Қаржымині, АШМ, ДСМ
63. Ішкі су көлігіндегі өндірістік процестерді мынадай жүйелерді енгізу арқылы цифрландыру:– навигациялық жабдықты қашықтан мониторингтеу жүйесі;– арналық жұмыстардың цифрлық өлшеу кешені;– түбін тереңдету жұмыстарын бақылаудың автоматтандырылған кешені;– кеме жүйелерінің автоматтандырылған мониторингі;– электрондық навигациялық карталар;– шлюздеу процесін автоматтандырылған басқару жүйесі;– шлюздердегі бетон конструкцияларының жай-күйін геодезиялық деформациялық мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі;– шлюздеу қызметтерін көрсетуге арналған интернет-платформа, теңіз навигациялық орталығы және кеме қатынасы тіркелімі.
Аяқтау нысаны: пайдалануға беру актісі, Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЦДИАӨМ
64. Бағыттар мен дәліздер, жүктер бөлінісінде халықаралық және ішкі көлік жүк ағындарының ГАЖ моделін әзірлеу және мемлекеттік органдардың ағындарды тұрақты мониторингтеу үшін модельге тоқсан сайынғы деректер енгізу жөніндегі міндеттемелерін бекіту
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЦДИАӨМ, ЖАО
65. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуларды еркін маршруттау тұжырымдамасын енгізу
Аяқтау нысаны: аэронавигациялық ақпарат құжаттарында рәсімдерді жариялау
Орындау мерзімі: 2025 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ААК (келісу бойынша), ҚАН (келісу бойынша)
66. «Цифрлық дәліздер» ақпараттық-талдамалық жүйесін әзірлеу және енгізу, оны кейіннен интеллектуалды көлік жүйесіне интеграциялау
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2025 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЦДИАӨМ
67. Мультимодальды тасымалдар кезінде көліктің әртүрлі түрлері арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін ақпараттық жүйелерді дамыту және енгізу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ұсыныстар
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ»
68. Бақылаушы органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа негізінде отандық өндірушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қолжетімділігін шектемей, оның ішінде қолданыстағы ақпараттық жүйелерді дамыту арқылы транзиттік жүктер үшін «жасыл дәліз» құру
Аяқтау нысаны: өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі, Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: Қаржымині, ЦДИАӨМ, ИИДМ, АШМ, ҰЭМ, ҰҚК ШҚ, «ҚТЖ» (келісу бойынша)
69. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен теңіз порттарындағы терминалдар операторлары арасында жүк тасымалдарын жоспарлау мен басқарудың интеграцияланған автоматтандырылған жүйесін құру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша), АМТП (келісу бойынша), «Құрық порты» (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, ИИДМ
70. Ақтау портында «контейнерлік хаб» салу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2025 жылдар
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша), АМТП
71. Құрық портында көпфункционалды теңіз терминалын салу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2030 жылдар
Жауапты орындаушылар: SEMURG INVEST (келісу бойынша)
72. Каспий маңы елдерінің «порт мемлекеті» функцияларын орындау жөніндегі нормативтік талаптарын үйлестіру және біріздендіру
Аяқтау нысаны: нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу
Орындау мерзімі: 2030 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ
73. Тұрақты теңіз желілерінің кестесі мен тарифтері туралы ақпарат беретін онлайн-сервисті іске қосу
Аяқтау нысаны: өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2026 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша), «Құрық порты» (келісу бойынша)
74. Ұлттық теңіз тасымалдаушысының Иран бағыты бойынша санкцияға жатпайтын жүктерді тасымалдауға арналған бас лицензия алуы
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2024 жылдар
Жауапты орындаушылар: ҰЭМ, СИМ, СІМ, ИИДМ
75. Қазақстан Республикасында жүктерді контейнерлендіру және контейнерлік тасымалдар бағдарламасын әзірлеу
Аяқтау нысаны: ИИДМ бұйрығы
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, СИМ, АШМ, Қаржымині, «ҚТЖ» (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)
76. Шекаралық өткелдерде бақылау-қадағалау органдарының тәулік бойы жұмыс істеу режимін енгізу
Аяқтау нысаны: ИИДМ бұйрығы
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша), АШМ, ИИДМ
77. ҚР аумағында бонд қоймаларын дамыту, Қазақстандағы өңірлік электрондық коммерцияны қамтамасыз ететін қоймаларды қайта бағдарлау үшін жағдайлар жасау
Аяқтау нысаны: Үкіметке ұсыныс
Орындау мерзімі: 2030 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: СИМ, Қаржымині, ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша), «Қазпошта» (келісу бойынша)
78. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызмет ету шарттары туралы келісімді әзірлеу, келісу және бекіту* тараптардың ұлттық заңнамасында айқындалатын тәртіппен
Аяқтау нысаны: Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтерінің қаулылары
Орындау мерзімі: 2023 жылғы I тоқсан
Жауапты орындаушылар: СИМ, ҰЭМ, Қаржымині, Түркістан облысының әкімдігі
79. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автомобиль өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің қызмет ету шарттары туралы келісімді әзірлеу, келісу және бекіту* тараптардың ұлттық заңнамасында айқындалатын тәртіппен
Аяқтау нысаны: Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы үкіметтерінің қаулылары
Орындау мерзімі: 2023 жылғы I тоқсан
Жауапты орындаушылар: СИМ, ҰЭМ, Қаржымині, Жамбыл облысының әкімдігі
80. Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзбек-қазақ мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге тараптардың ұлттық заңнамасында айқындалатын тәртіппен өзгерістер енгізу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметінің қаулысы
Орындау мерзімі: 2023 жылғы II тоқсан
Жауапты орындаушылар: ҰҚК, СИМ, ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі
81. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қызметін реттеу туралы келісімге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы № 877 қаулысымен бекітілген, өзгерістер енгізу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметінің қаулысы
Орындау мерзімі: 2023 жылғы III тоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, СИМ, ҰЭМ, Қаржымині
82. ИСЛК, «Каспий торабы» және ХӨК орталығы жобалары бойынша бас инвесторларды – басқарушы компанияларды айқындау, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан инвестициялар туралы келісімдерді әзірлеу, келісу және қол қою.* міндетті шарттар ретінде жер учаскелерін ұзақ мерзімді жалға беруді және инвестор әзірлеген ТЭН мен ЖСҚ-ға сәйкес көлемде сыртқы инфрақұрылым жүргізуді айқындау
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметінің қаулысы
Орындау мерзімі: 2023 жылғы III тоқсан
Жауапты орындаушылар: СІМ, Kazakh Invest
83. Қазақстандық көлік-логистикалық компаниялардың ТМТМ-ді және Иран бағытына қарай маршруттарды дамыту жөніндегі халықаралық жобаларды іске асыруға қатысу нұсқалары мен форматтарын пысықтау
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2030 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, СІМ, СИМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)
84. Көлік инфрақұрылымын қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы мемлекетаралық, ұлттық және салалық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін жай-күйге келтіру және сол жай-күйде ұстау
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЖАО, ІІМ, СИМ
85. Шұғыл ден қою және көмек көрсету қызметтері мен жүйелерін дамыту
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ақпарат
Орындау мерзімі: 2030 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ІІМ, ТЖМ, ЦДИАӨМ, ИИДМ, ЖАО
86. Қозғалыс қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану талаптарының сақталуы саласындағы профилактиканы және құқық қолдануды жетілдіру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ІІМ, ЖАО
87. Қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді және стандарттарды жетілдіру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЖАО, ІІМ
88. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды жоғары автоматтандырылған және ұшқышсыз көлікті пайдалануға дайындау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ақпарат
Орындау мерзімі: 2025 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЦДИАӨМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
89. Елдің экономикалық белсенділік орталықтары мен елді мекендері арасындағы жетіспейтін көлік байланыстарын дамыту
Аяқтау нысаны: Үкіметке ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЖАО, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
90. Республикалық маңызы бар қолданыстағы автомобиль жолдары желісінің нормативтік жай-күйін қамтамасыз ету үшін жол-пайдалану және жөндеу жұмыстарын орындау
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: жыл сайын
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
91. Магистральдық теміржол желісінің жолдың жоғарғы құрылысын жылына кемінде 425 км көлемінде күрделі жөндеуден өткізу
Аяқтау нысаны: ИИДМ-ге есеп
Орындау мерзімі: жыл сайын
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша)
92. I, II және III класты теміржол жүк станцияларын автоматты электрондық теміржол таразыларымен жабдықтау
Аяқтау нысаны: ИИДМ-ге есеп
Орындау мерзімі: 2025 жылға дейін
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша)
93. ICAO-ның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі аудитінен өту
Аяқтау нысаны: ICAO есебі
Орындау мерзімі: 2025 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ААК (келісу бойынша)
94. Азаматтық-әскери үйлестірудің ведомствоаралық директивалық органын құру (НҚА-ға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін)
Аяқтау нысаны: ИИДМ мен Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрығы
Орындау мерзімі: 2025 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Қорғаныс министрлігі, ААК (келісу бойынша)
95. 2024–2027 жылдарға арналған ұшу қауіпсіздігі жөніндегі жоспарды әзірлеу және бекіту
Аяқтау нысаны: ААК бұйрығы
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ААК (келісу бойынша)
96. Әуежайларда авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дербес бірыңғай оператор құру мәселесін пысықтау
Аяқтау нысаны: Үкіметке ұсыныстар
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ, Қорғаныс министрлігі, әуежайлар (келісу бойынша)
97. Жеке меншіктегі әуежайлардың (Алматы, Қарағанды, Тараз, Жезқазған, Боралдай, Орал, Петропавл) арнайы техникасын, жабдықтарын сатып алуға және әуежайлардың инфрақұрылымын жаңартуға жеңілдікті кредит желісін бөлу
Аяқтау нысаны: жеңілдікті кредит желісін бөлу
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰЭМ, ҚДБ (келісу бойынша), ЖАО
98. ICAO халықаралық стандарттары мен ECAC еуропалық авиациялық қауіпсіздік стандарттарын енгізу
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2027 жылдың 2-жартыжылдығы
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЖАО
99. Мемлекеттік меншіктегі әуежайлардың инфрақұрылымын ICAO және IATA талаптарына сәйкес келтіру
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2030 жылдың 2-жартыжылдығы
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЖАО
100. Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Зайсан, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Өскемен, Үшарал, Үржар, Шымкент әуежайларын аэродромды күтіп ұстауға, әуе кемелеріне жерүсті қызмет көрсетуге, ұшуларды авариялық-құтқару қызметімен қамтамасыз етуге арналған жабдықтармен және арнайы техникамен жарақтандыру
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО
101. Астана қаласы аэродромын күрделі жөндеу/реконструкциялау (ҰҚЖ, МРД, РД, перрон, ССО, ОЖҚ, периметрлік жарықтандыру, күзет сигнализациясы, тазарту құрылыстары және су ағызу-дренаж жүйесі)
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, Астана қаласының әкімдігі
102. Кешенді реконструкция жүргізу:
- Ақтөбе, Павлодар, Шымкент, Ақтау әуежайларының ұшу-қону жолақтары;
- Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Павлодар, Шымкент, Ақтау әуежайларының рулеждік жолдары, перрондары;
- Ақтөбе, Павлодар, Шымкент, Ақтау, Көкшетау, Атырау, Семей, Талдықорған, Қостанай, Қызылорда әуежайларының периметрлік қоршаулары мен периметрлік жолдары;
- Ақтөбе, Павлодар, Шымкент, Ақтау, Көкшетау, Атырау, Семей, Талдықорған, Қостанай, Қызылорда, Үшарал әуежайларының ЖЖМ қоймасы;
- Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент әуежайларында орталықтандырылған жанармай құю жүйесін орнату және/немесе жаңғырту;
- Ақтөбе, Павлодар, Шымкент, Ақтау, Көкшетау, Атырау, Семей, Талдықорған, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Үшарал әуежайларының өндірістік объектілері.
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО
103. Талдықорған аэродромының рулеждік жолына жарық-сигнал беру жабдығын орнату, Атырау, Шымкент аэродромдарындағы жарық-сигнал беру жабдығын жаңғырту, Павлодар әуежайын үздіксіз қуат көздерімен жабдықтау, Балқаш аэродромында орталықтандырылған жанармай құю жүйесін қашықтан басқару пультін орнату
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан – 2027 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО
104. Астана әуежайында екінші жасанды ұшу-қону жолағын, рулеждік жолдар жүйесін, жүк перроны мен жүк терминалын, байланысты инфрақұрылымды салу
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан – 2026 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, Астана қаласының әкімдігі
105. Шымкент әуежайында ұшу-қону жолағын ұзарту, магистральдық рулеждік жол салу, перрондарды кеңейту
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан – 2026 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі
106. ҚР аумағындағы ұшудың барлық кезеңдерінде PBN-ді толық енгізу
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2027 жылдың 2-жартыжылдығы
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҚАН (келісу бойынша)
107. Қашықтан басқарылатын аэродромдық диспетчерлік пункттердің негізі болып табылатын жаңа технологиялар мен рәсімдерді енгізу
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2028 жылдың 2-жартыжылдығы
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҚАН (келісу бойынша)
108. Қашықтан басқарылатын аэродромдық диспетчерлік пункттерді енгізу
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2029 жылдың 2-жартыжылдығы
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҚАН (келісу бойынша)
109. ҰҚЖ пайдалануды кезектілік негізінде оңтайландыруды қоса алғанда, әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыру (ӘҚҰ)
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2029 жылдың 2-жартыжылдығы
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҚАН (келісу бойынша)
110. A-SMGCS 1–2 деңгейлерін және EVS енгізу
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2029 жылдың 2-жартыжылдығы
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҚАН (келісу бойынша)
111. ҚР әуе кеңістігінде ұшқышсыз әуе кемелерінің ұшуын үйлестіру және мониторингтеу үшін ақпараттық жүйе (платформа) құру
Аяқтау нысаны: өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі, Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ААК (келісу бойынша)
112. Ақтау портында кемелер қозғалысын басқару жүйесін (КҚБЖ) енгізу және кейіннен оны басқару орталығы Ақтау портында орналасатын Құрық және Баутино порттарының КҚБЖ-мен біріктіру
Аяқтау нысаны: пайдалануға беру актісі
Орындау мерзімі: 2025 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ
113. Қауіпсіз кеме қатынасын қамтамасыз ету және авариялық-құтқару іс-шараларын үйлестіру үшін теңіздегі құтқару үйлестіру орталығын құру
Аяқтау нысаны: пайдалануға беру актісі
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі
114. Ұлттық теңіз авариялық-құтқару қызметін құру
Аяқтау нысаны: пайдалануға беру актісі
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ТЖМ, ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЭТРМ, Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына»
115. Теңіз навигациялық карталарын, лоцияларды және құралдарын шығару
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЦДИАӨМ, Қорғаныс министрлігі
116. Техникалық флоттың 51 бірлігін жаңарту
Аяқтау нысаны: пайдалануға беру актісі
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Қаржымині
117. 3 кеме жүретін шлюзді күрделі жөндеу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Қаржымині
118. Жайық-Каспий каналында түбін тереңдету жұмыстарын тұрақты жүргізу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Қаржымині
119. Электр көлігіне арналған зарядтау инфрақұрылымы объектілерін салу және олардың жұмыс істеу тәртібін реттейтін ұлттық және салалық стандарттар кешенін әзірлеу
Аяқтау нысаны: заңнамаға өзгерістер енгізу
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: Энергетика министрлігі, ИИДМ, ЭТРМ, СИМ, ЖАО
120. Қазақстанның көлік секторын табиғи газға кезең-кезеңімен көшіруден болатын экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерлерге кешенді бағалау жүргізу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2026 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЭТРМ, Энергетика министрлігі
121. Теміржол көлігімен жүк тасымалдау кезінде СО2 шығарындыларын азайту мақсатында 2030 жылға дейінгі кезеңде МТЖ теміржол учаскелерін электрлендіру жөніндегі жоспарды әзірлеу және бекіту
Аяқтау нысаны: ИИДМ бұйрығы
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша)
122. Жүк және жолаушылар теміржол тасымалдарында «жасыл» және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу жөніндегі жол картасын әзірлеу және қабылдау
Аяқтау нысаны: ИИДМ бұйрығы
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша)
123. Кеме отыны ретінде СТГ-ны қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін нормативтік талаптарды әзірлеу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметінің қаулысы
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: Энергетика министрлігі, ЭТРМ, ИИДМ
124. Каспий теңізіндегі сауда флотының тұрақты даму мақсаттарына сәйкес экологиялық талаптарға сай болу қағидаты бойынша кемелердің кіргені үшін тарифтерді саралау
Аяқтау нысаны: ИИДМ бұйрығы
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ
125. Екі отын түрімен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар танкерлер салу
Аяқтау нысаны: пайдалануға беру актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: «ҚМГ» (келісу бойынша), «ҚМТФ» (келісу бойынша)
126. «Өскемен айлағы – Өскемен су қоймасының жағалауындағы саяжай массивтері» бағыты бойынша жолаушылар тасымалын әлеуметтік маңызы бар паром өткелі мәртебесіне ие ету
Аяқтау нысаны: ЖАО шешімі
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2024 жыл
Жауапты орындаушылар: ШҚО әкімдігі, ИИДМ
127. Кемелердің экологиялық талаптарға сәйкестігі қағидаты бойынша кемелердің портқа кіру тарифтерін саралау туралы бесжақты ведомствоаралық келісім әзірлеу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ
128. Пайдалану жылдамдықтарын арттыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымының пайдалану жай-күйін жақсарту
Аяқтау нысаны: Үкіметке ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша), «ҚАЖ» (келісу бойынша)
129. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарды жоспарлаудың негізгі құралы ретінде активтерді басқару жүйесін ауқымды енгізу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2025 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ», ҰЖАСО (келісу бойынша)
130. Жол активтерін басқару жөніндегі қызмет шеңберінде шағын ҰҰА пайдалана отырып, аэрофотосуреттер арқылы автомобиль жолдарының, оның ішінде жергілікті маңызы бар жолдардың жай-күйін мониторингтеу және талдау жүйелерін енгізу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2025 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ
131. Автомобиль жолдарын ақаусыз жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі ұзақ мерзімді келісімшарттар моделін (PBRMC) енгізу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
132. Автомобиль жолы инфрақұрылымы объектілерін жобалау және салу жөніндегі келісімшарттарды (Design and Build) енгізу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
133. Жолаушылар тасымалы қызметтеріне тариф белгілеу және субсидиялау жүйелерін жетілдіру
Аяқтау нысаны: НҚА-ны түзету жөніндегі ұсыныс
Орындау мерзімі: 2023 – 2025 жылдар
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰЭМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)
134. Алматы, Астана, Шымкент қалаларында жол қозғалысын бейімдеп реттеу жүйелерін енгізу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2025 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: Алматы, Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ІІМ
135. Халқының саны 300 мың адамнан асатын барлық қалаларда жол қозғалысын бейімдеп реттеу жүйелерін енгізу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ІІМ, ЖАО
136. Қалалық және қала маңындағы жолаушылар көлігінің жылдам жүйелерін дамыту
Аяқтау нысаны: Үкіметке ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЖАО, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
137. Тасымалдарды жоспарлау және пойыздар қозғалысын басқару жүйесін жетілдіру (тасымалдау технологияларын оңтайландыру, жүк ағындарын және тиеу-түсіру жұмыстарын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу)
Аяқтау нысаны: ИИДМ-ге есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша)
138. Тасымалдау процесіндегі пайдалану жұмысын басқарудың интеллектуалды жүйелерін, оның ішінде «виртуалды тіркеу» технологиясы бойынша пойыздардың интервалдық қозғалысын енгізу
Аяқтау нысаны: ИИДМ-ге есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша)
139. Жекелеген (басым) «өсу нүктелері» арасында жылдам жолаушылар қатынасын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу
Аяқтау нысаны: ИИДМ-ге ұсыныстар
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2024 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), салалық қауымдастықтар (келісу бойынша)
140. Жүк пойыздары үшін кемінде 100 км/сағ, жолаушылар пойыздары үшін кемінде 160 км/сағ техникалық жылдамдықты қамтамасыз ету мақсатында МТЖ инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша), ИИДМ
141. Теңіз терминалдарындағы қайта тиеу жабдықтарын жаңғырту
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Энергетика министрлігі, терминалдар операторлары (келісу бойынша)
142. Тұрақты (кесте бойынша) теңіз желілерін ұйымдастыру
Аяқтау нысаны: ИИДМ бұйрығы
Орындау мерзімі: 2030 жылға дейін
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша), «Құрық порты» (келісу бойынша)
143. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларын (АӨС) орнату
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
144. Жолаушылар ағындарын мониторингтеу және жоспарлау жүйелерін, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын қалалық жолаушылар көлігінің қозғалысын басқару және тұрақ кеңістігін әкімшілендіру жүйелерін енгізу
Аяқтау нысаны: Үкіметке ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ЖАО, ИИДМ
145. Қозғалыс қарқындылығы мен жүк ағындарын, автомобиль жолы инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйін мониторингтеу және олардың дамуын жоспарлау жүйелерін, оның ішінде халықаралық автомобиль көлігі дәліздері мен автомобиль өткізу пункттерін енгізу
Аяқтау нысаны: Үкіметке ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Қаржымині, «ҚАЖ» (келісу бойынша)
146. Пойыздар қозғалысын және станциялық жұмыс технологиялық процестерін басқару жүйелерін, оның ішінде маневрлік жұмыстар мен тиеу-түсіру операцияларын жоспарлау және басқару жүйелерін жаңғырту
Аяқтау нысаны: ИИДМ-ге ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша)
147. Инфрақұрылымның ұлттық операторының тасымалдау процесін басқару жүйесін жаңғырту
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 – 2025 жылдар
Жауапты орындаушылар: «ҚТЖ» (келісу бойынша), ИИДМ
148. Әуе көлігінде ақпаратты жүйелі басқарудың (SWIM) тәсілдерін іске асыру
Аяқтау нысаны: Үкіметке ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҚАН (келісу бойынша), ААК (келісу бойынша)
149. Көліктік бақылаудың интеллектуалды жүйесін енгізу және сүйемелдеу
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЦДИАӨМ
150. Көлік және логистика саласындағы жұмыстар мен қызметтердің орындалуын есепке алу және электрондық құжат айналымы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оны бизнестің белсенді пайдалануына арналған ынталандыру шараларының кешенін әзірлеу және бекіту
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЦДИАӨМ
151. Автомобиль тасымалдаушыларының, оның ішінде шетелдік қатысуы бар тасымалдаушылардың халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат алуын реттеу бөлігінде заңнаманы жетілдіру, оның ішінде ҚР рұқсат беру жүйесі саласындағы заңнаманы бұза отырып, жүк тасымалдарын жүзеге асырғаны үшін шетелдік тасымалдаушылардың әкімшілік жауаптылығын күшейту
Аяқтау нысаны: ИИДМ бұйрығы
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2024 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ
152. Көлік саласындағы кейбір функцияларды бәсекелестік ортаға беру мәселелерін қарау
Аяқтау нысаны: ВАК хаттамасы
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2024 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰЭМ, БҚДА, Қаржымині, ІІМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)
153. Диспетчерлік реттеу функциялары бар Инфрақұрылымның ұлттық операторын функционалдық және ұйымдық бөлуді аяқтау, оны тәуелсіз заңды тұлға ретінде бөліп шығару мүмкіндігін қарау
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «Самұрық-Қазына» (келісу бойынша), «ҚТЖ» (келісу бойынша)
154. Транзиттік тарифтен инфрақұрылымдық құрамдасты бөліп шығару есебінен тұрақты кіріс көзін құру арқылы Инфрақұрылымның ұлттық операторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰЭМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша)
155. Теміржол инфрақұрылымының Ұлттық операторының технологиялық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін институционалдық және реттеушілік реформалар пакетін іске асыру
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰЭМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша)
156. Теміржол тасымалдары нарығы кеңесін құру
Аяқтау нысаны: ИИДМ бұйрығы
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ
157. Жылжымалы құрамды жаңарту үшін жеке капиталдың келуін ынталандыруға жағдай жасау
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҰКП (келісу бойынша)
158. 2030 жылға дейін 844 вагон сатып алу арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңарту
Аяқтау нысаны: жолаушылар вагондары паркін сатып алу, Үкіметке ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша)
159. Теміржол көлігімен жүк тасымалдаушыларға қойылатын біліктілік талаптарын нақтылау және егжей-тегжейлі белгілеу
Аяқтау нысаны: НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)
160. 2030 жылға дейін отандық өндірушілерден, оның ішінде қаржылық лизинг арқылы жыл сайын 1500 жартылай вагон/500 астық тасығыштан 16 мың вагон сатып алу
Аяқтау нысаны: Үкіметке ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша)
161. 2030 жылға дейін локомотив паркін кемінде 450 бірлік көлемінде жаңарту
Аяқтау нысаны: Үкіметке ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, «ҚТЖ» (келісу бойынша)
162. Табиғи монополиялар салаларын қоспағанда, көлік-логистикалық қызметтер нарығында бәсекелестікті дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу
Аяқтау нысаны: Үкіметке ұсыныс
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, БҚДА, «ҚТЖ» (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)
163. Жылжымалы теміржол құрамын сатып алу және жаңарту мүмкіндігі үшін, бірінші кезекте шағын жеке тасымалдаушыларға, оның ішінде ШОБ субъектілеріне, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану
Аяқтау нысаны: Үкіметке ұсыныс
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2024 жыл
Жауапты орындаушылар: ҰЭМ, Қаржымині, ИИДМ
164. 2030 жылға қарай отандық авиакомпаниялардың әуе кемелері паркін 80 бірлікке ұлғайту
Аяқтау нысаны: Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы шілде – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: авиакомпаниялар (келісу бойынша)
165. Мемлекеттік меншіктегі әуежайларды мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге арналған жабдықтармен қамтамасыз ету
Аяқтау нысаны: пайдалануға беру актісі
Орындау мерзімі: 2024 жылдың 2-жартыжылдығы
Жауапты орындаушылар: ЖАО, Қаржымині, ИИДМ
166. Мемлекеттік қолдау шараларын көрсете отырып, әмбебап паромдар салу
Аяқтау нысаны: пайдалануға беру актісі
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: «Самұрық-Қазына» (келісу бойынша), «ҚМГ» (келісу бойынша), «ҚМТФ» (келісу бойынша)
167. «Ship or pay» немесе «offtake» шарттары бойынша танкерлер салу
Аяқтау нысаны: пайдалануға беру актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: «ҚМГ» (келісу бойынша), «ҚМТФ» (келісу бойынша)
168. Қазақстандық кеме жасау зауытында салынған жағдайда каботаждық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелерді тіркеу арқылы теңіз кемелері тізілімінің қолданылу аясын кеңейту
Аяқтау нысаны: НҚА-ға өзгерістер енгізу
Орындау мерзімі: 2028 жылға дейін
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Қаржымині
169. Есептен шығарылған кемелерді кәдеге жарату және қазақстандық кеме жасау зауытында тапсырыс орналастыру кезінде кеме қатынасы компаниясына субсидия беру тетігін әзірлеу
Аяқтау нысаны: НҚА-ға өзгерістер енгізу
Орындау мерзімі: 2026 жылға дейін
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ
170. Ішкі су көлігінің жүк флотын және жағалау инфрақұрылымын салу
Аяқтау нысаны: пайдалануға беру актісі, Үкіметке есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ
171. Көлік саласындағы ақпараттық жүйелерді іске асыру кезінде көліктің барлық түрлері бойынша пайдаланушылардың қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізу және оны бағалау практикасын енгізу
Аяқтау нысаны: орындалған жұмыстар актісі, ҚР Үкіметіне есеп
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЦДИАӨМ
172. ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) басым тақырыптары тізбесіне «Транзитті, көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту» тақырыбын енгізу мүмкіндігін пысықтау
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ұсыныстар
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҒЖБМ, ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша)
173. Көлік және логистика саласындағы жүйе құраушы ғылыми-зерттеу институтын құру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ұсыныстар
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҒЖБМ
174. Көлік-логистикалық кешенді инновациялық дамытудың перспективалы бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруды жыл сайын базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
Аяқтау нысаны: ЖҒТК хаттамасы, бюджет жобалары
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҒЖБМ, Қаржымині, ҰЭМ
175. Технологиялық даму мен бизнес-процестердің өзгеруін ескере отырып, автомобиль жолдары, көлік және логистика саласындағы кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіру
Аяқтау нысаны: кәсіптік стандарттарға өзгерістер енгізу, ҚР Үкіметінің қаулысы
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2025 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ҒЖБМ
176. «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-ның EASA сертификатын алуы
Аяқтау нысаны: сертификат
Орындау мерзімі: 2025 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: «Азаматтық авиация академиясы» АҚ (келісу бойынша)
177. Мұнай өңдеу зауыттарын салуды, битум қоймаларын дамытуды, ресурстарды жеткізу тізбегінен өнімсіз делдалдарды алып тастауды, бағаны реттеуді қоса алғанда, негізгі жол-құрылыс материалдары бағасының маусымдық күрт өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ақпарат
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2027 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, Энергетика министрлігі, «ҚАЖ» (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)
178. Көліктің барлық түрлері бойынша (автомобиль, теміржол, әуе, су көлігі) салалық жол карталарын әзірлеу және іске асыру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ұсыныстар
Орындау мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан – 2030 жыл
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, салалық ҒЗИ
179. ҚР ИИДМ Жағдаяттық орталығы базасында көлік-логистикалық қызметтер нарығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары туралы ақпаратты жинау, жинақтау және талдау үшін ақпараттық-талдамалық орталық құру
Аяқтау нысаны: ҚР Үкіметіне ұсыныстар
Орындау мерзімі: 2024 жылғы желтоқсан
Жауапты орындаушылар: ИИДМ, ЦДИАӨМ, салалық ҒЗИ
Пайдаланылған қысқартулар мен аббревиатуралар:
КАД
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті
АТҚ
автокөлік құралы
АӨП
автомобиль өткізу пункті
АМТП
«Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
АМСТ
«Ақтау теңіз солтүстік терминалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
АШМ
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
ӘК
әуе кемесі
БҚДА
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
ГАЖ
геоақпараттық жүйе
ҒЖБМ
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
ҒЗИ
ғылыми-зерттеу институты
СОБ
сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау
ДСМ
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ЖАО
жергілікті атқарушы органдар
ҰЖАСО
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
ЖҒТК
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия
ЖЖМ
жанар-жағармай материалдары
ЖКО
жол-көлік оқиғасы
ЖҚҚ
жол қозғалысының қауіпсіздігі
ДФЭ
жиырма футтық эквивалент
ЖІӨ
жалпы ішкі өнім
ИИДМ
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ИТЖ
интеллектуалды көлік жүйесі
КҚБЖ
кемелер қозғалысын басқару жүйесі
КЛК
көлік-логистикалық кешен
ҚКСК
Қазақстанның Каспий теңізі секторы
ААК
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы
ҚАЖ
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
Қазпошта
«Қазпошта» акционерлік қоғамы
Қазтрансгаз
«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы
ҚАН
«Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қаржымині
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҚДБ
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы
ҚМГ
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
ҚНРДА
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
ҚТЖ
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
ҚМТФ
«Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Құрық порты
«Құрық порты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
ҚХР
Қытай Халық Республикасы
МЖӘ
мемлекеттік-жекешелік әріптестік
МТЖ
магистральдық теміржол желісі
МӨЗ
мұнай өңдеу зауыты
НКИ
нақты көлем индексі
ОЖА
орындалған жұмыстар актісі
ПӘ
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ПМК
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ҰҰА
ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон)
Самұрық-Қазына
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
СЖРА
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
СИМ
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
СОЛАС
Теңіздегі адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенция
СІМ
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ТЖМ
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
ТЖ
төтенше жағдай
ТМРК
Табиғи монополияларды реттеу комитеті
ТБЖЖ
талшықты-оптикалық байланыс желісі
ТПӘ
теңіз портының әкімшілігі
ТМТМ
Транскаспий халықаралық көлік маршруты
ҰКЛК
Ұлттық көлік-логистикалық компания
ҰКП
Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ҰҚЖ
ұшу-қону жолағы
ҰҚК ШҚ
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
ҰҚК
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰЭМ
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ХТТ
халық тұтынатын тауарлар
ХТҰ
Халықаралық теңіз ұйымы
ЦДИАӨМ
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ШҚО
Шығыс Қазақстан облысы
ШОБ
шағын және орта бизнес
ІІМ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ЭТРМ
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
EASA
Еуропалық Одақтың авиациялық қауіпсіздік агенттігі
IATA
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы
ИКАО
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO)
FIDIC
Консультант-инженерлердің халықаралық федерациясы
LPI
Дүниежүзілік банктің логистикалық тиімділік индексі
Kazakh Invest
«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
Semurg Invest
«SEMURG INVEST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
QazTrade
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заң қызметі Заң консультациясы Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер Даулар Қорғау Төрелік Заң компаниясы Қазақстан Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар