Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектісін ұшыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 198 қаулысы
"Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 838 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау қағидаларының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2026 жылғы 27 наурызда "Байқоңыр" ғарыш айлағының "Бәйтерек"ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен пайдалы жүктеменің габариттік-массалық макетін ұшыру мақұлдансын (резервтік ұшыру күндері: 2026 жылғы 28 наурыз – 30 сәуір аралығында әр тәулік сайын). 2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өтініш берушіні Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы хабардар етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі | О. Бектенов |
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау