Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 270 қаулысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 1 «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.

      2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-МинистріА. Смайылов

|   | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген || - | ------------------------------------------------------------------------------------- |

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы

1. Паспорт (негізгі параметрлер)

Жүктеп алу

| || - |

Атауы

| || - |

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Әзірлеу үшін негіздемелер1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Жарлығы 2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 «Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы 3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 812 «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын бекіту туралы» Жарлығы 4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 1 «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысы 6. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы 7. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік органҚазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарҚазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі; Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, облыстардың әкімдіктері
Іске асыру мерзімдері2023 – 2027 жылдар

2. Ағымдағы жағдайды талдау

Ескерту. 2-бөлімге ҚР Үкіметінің 2023.07.01 № 539 қаулысымен өзгерістер енгізілді.

      Соңғы 10 жылда ауылдық аумақтарды дамыту саясаты даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді басымдықпен қолдау есебінен ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталды.

      Осы кезеңде Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бірнеше кезеңі, сондай-ақ басқа да салалық бағдарламалық құжаттар іске асырылды.

      Олардың негізгі бағыттарына аудан орталықтарын, ауылдық округтердің орталықтарын және тірек ауылдық елді мекендерді дамыту, даму әлеуеті жоғары және орташа басқа ауылдық елді мекендерді санаттарға бөлу және дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау, ауылдық жерлердегі кадрлық әлеуетті арттыру, шекара маңындағы ауылдық аумақтарды дамыту кірді.

      Қабылданған шараларды іске асыру нәтижесінде 2020-2022 жылдары сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 90,1%-дан 94,5%-ға дейін ұлғайды, 116 мектепке дейінгі ұйым, 224 жалпы білім беретін мектеп, 47 амбулаториялық-емханалық ұйым пайдалануға берілді.

      2022 жылғы ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары бекітілді, оның негізгі тәсілдері базалық қызметтер мен игіліктер бойынша (сумен жабдықтау, орта білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік) өңірлер арасындағы алшақтықты қысқарту және өңіраралық аумақтық байланысты қамтамасыз ету (энергетикалық, көлік және цифрлық байланыс) болып табылады.

      Бұдан басқа, Аумақтық даму жоспарында өңірлердің экономикалық және географиялық сипаттамалары бойынша жіктелуі жүргізілді, оның негізінде әрбір өңірдің экономикалық мамандануы мен даму перспективалары айқындалды.

      Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ауылдық жерлерде бірқатар жүйелі (оның ішінде инфрақұрылымдық) проблемалар әлі де шешілмеген. Ауыл халқының өмір сүру сапасы қалалық деңгейден едәуір артта қалып отыр, ал базалық игіліктер мен қызметтерге қол жеткізудегі алшақтық қысқармай отыр. Еліміздің шығыс, солтүстік және орталық облыстарынан халықтың көші-қон арқылы кетуі сақталуда.

      Сонымен қатар шекара маңындағы аумақтарға қатысты жекелеген бағдарламалық құжаттар іске асырылды. 2014 – 2020 жылдары Қазақстан Республикасының 2014 – 2020 жылдарға арналған шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі шаралар кешені іске асырылды.

      2017 жылдан бастап Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының шекара маңындағы аумақтарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

      Осы құжаттар шеңберіндегі шаралар экономика, инфрақұрылым, туризм, шекара маңындағы сауда, жұмыс орындарын құру, Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарын жайластыру және басқа да мәселелерді шешуге бағытталды.

      Сонымен бірге ағымдағы жағдайды талдау көрсеткендей, шекара маңындағы аумақтарды дамыту мәселелері өзектілігін сақтап отыр. Автомобиль жолдарының жай-күйіне, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің тозуына қатысты мәселелер толық шешілмеген. Шекара маңындағы аумақтар тұрғындарын, оның ішінде жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері шешуді талап етеді.

      Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдық аумақтарды дамытуға институционалдық қамтамасыз етуді дамыту және тәсілдердің тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту және ауылдық жерлерде қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірленді.

      Тұжырымдама орта мерзімді перспективада ауылдық аумақтарды одан әрі дамыту пайымын, сондай-ақ жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін айқындайды.

      Осы құжатта ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған барлық шаралар мен міндеттер жүйеленіп, жинақталған.

      Тұжырымдамада пайдаланылатын ұғымдар:

      1) ауылдық аумақтар – ауылдық елді мекендер мен оларға іргелес жерлердің жиынтығы;

      2) ауылдық жер – ауылдық елді мекендердің жиынтығы;

      3) тірек ауылдық елді мекен – онда тұратын халық пен іргелес (серіктес) ауылдық елді мекендердің тұрғындарын мемлекеттік қызметтермен және әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым құрылатын, абаттандырылған ауылдық елді мекен, олар жиынтығында ауылдық кластерді құрайды;

      4) ауылдық кластер – тірек ауыл мен оны қоршаған серіктес ауылдардан тұратын ауылдық елді мекендердің жиынтығы. Бұл ретте халық тығыздығы жоғары өңірлерде ауылдар арасындағы қашықтық 10 км-ден аспайды (Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау және Қызылорда облыстары), ал қалған облыстарда – 15 км-ден аспайды;

      5) шекара маңындағы аумақтар – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан 50 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекендердің аумақтары;

      6) ауылдық аумақтардың орнықты дамуы – экономикалық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді ұзақ мерзімді кезеңде үйлестірілген және теңгерімді шешуге негізделген, болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтін ауылдық аумақтардың теңгерімді дамуы;

      7) базалық қызметтер – Өңірлік стандарттар жүйесінде көзделген халық үшін өмірлік маңызы бар қызметтердің (игіліктердің) негізгі кешені;

      8) өңірлік стандарттар жүйесі – елді мекендердің түріне (қала, ауыл) және мөлшеріне (халық санына) қарай халыққа объектілер мен қызметтердің (игіліктердің) қолжетімділігінің ең төменгі міндетті деңгейін қамтамасыз ету;

      9) стратегиялық ауылдық елді мекен – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 25 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан ауылдық елді мекен.

2.1. Ауылдық аумақтардың жалпы сипаттамасы

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – ҰСБ) деректеріне сәйкес, 2023 жылдың басында республикада 6 295 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) бар, оларда ел халқының 38,2%-ы немесе 7,5 млн адам тұрады.

      2011 жылдан бастап ауыл халқының саны іс жүзінде өзгерген жоқ.

      Ауыл халқының кеңейтілген ұдайы өсуін қамтамасыз ететін туу деңгейінің жоғары болуына қарамастан, ауылдық аумақтардан көші-қон арқылы кетудің өсу үрдісі сақталуда. Мәселен, 2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ауылдық жерлердегі көші-қонның теріс сальдосы 67 мың адамды құрады (2020 жылы – 81,3 мың адам, 2021 жылы – 77,3 мың адам).

      Ауыл халқының ең көп кетуі Абай, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады.

      Соңғы 3 жылда АЕМ санының тұрақты қысқаруы байқалады.

      Осы кезеңде АЕМ саны барлығы 21 бірлікке қысқарды.

      Таратылған ауылдардың ең көп саны Батыс Қазақстан (10), Түркістан (8) және Қостанай (3) облыстарына тиесілі.

      6,3 мың АЕМ-нің жартысынан астамында (3,3 мыңы) 500 адамнан аз халық тұрады, онда елдің ауыл халқының бар болғаны 8%-ы тұрады. Тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын АЕМ жалпы санының 4,6%-ын ғана құрайды, алайда онда елдің ауыл тұрғындарының 40%-дан астамы тұрады.

      Бұдан басқа, бүгінгі таңда 1 109 елді мекенде бас жоспарлар жоқ, 945 елді мекеннің бас жоспарларын жаңарту қажет.

      Бұл ретте ірі 17 ауылдың ауыл мәртебесіне елдің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңнамаға сәйкес келуі мәселесі тұр (мысалы, Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылы – 54 мың адам, Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылы – 50 мың адам, Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылы – 47 мың адам және басқа ауылдар).

2.2. Ауылдық аумақтардың экономикалық дамуы, ауыл халқын жұмыспен қамту және табыстары

      Тәуелсіздік жылдарында ауыл экономикасының дамуы меншік нысандарының трансформациялануына және өмірдің барлық салалары қызметінің нарықтық қағидаттарға көшуіне байланысты құрылымдық дағдарысты бастан өткерді.

      Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығының елдің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 5,4-5,2% аралығында болды. 1 миллионға жуық адам үшін ауыл шаруашылығы негізгі жұмыспен қамту түрі болып табылады (отбасылық коэффициентті ескере отырып – 3-4 млн адам үшін). Сонымен бірге экономиканың бұл секторы төмен өнімді болып қалуда.

      Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар үлесінің қысқаруы байқалады. Бұл көрсеткіш 2020 жылдан 2022 жылға дейін ауылдық жерлерде жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 28,5%-ынан 25,7%-ына дейін немесе 106,3 мың адамға азайды.

      2020-2022 жылдары ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 1,5 есе – 573,2 млрд теңгеден 853,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте осы кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі де 1,5 есе – 5,9 трлн теңгеден 8,7 трлн теңгеге дейін өсті.

      2022 жылы агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) өнімінің экспорты 5,6 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде АӨК өңделген өнімінің экспорты – 2,3 млрд АҚШ доллары. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары тұрақты өсіп келеді (2020 жылы – 3,4 млрд доллар, 2021 жылы – 3,8 млрд доллар).

      2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 55 173 бірлікті құрады.

      Бағдарламалық құжаттар шеңберінде ауылдық жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары іске асырылуда. Ауыл кәсіпкерлері үшін кредиттер бойынша мөлшерлеме жылдық 6%-ды құрайды, кредиттеу мерзімі инвестицияларға 5 жыл, айналым қаражатын толықтыруға 3 жыл. Бір кәсіпкер үшін кредиттеудің ең жоғары сомасы 1,5 млрд теңгеге дейін.

      Кәсіпкерге түсетін жүктемені азайту мақсатында кредитке кепілдік беру тетігі қолданылады. Осылайша, мемлекет кредиттер бойынша кепілдік қамтамасыз етудің 85%-ына дейін жабады.

      Сондай-ақ 2022 жылғы ақпаннан бастап ауыл кәсіпкерлерін 5% мөлшерлемемен, инвестициялық мақсаттарға 20 млн теңгеге дейінгі, айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейінгі кредит сомасына микрокредиттеудің жаңа тетігі енгізілді.

      Ауыл кәсіпкерлігін дамытудағы негізгі проблемалар кепіл мүлкінің өтімділігінің төмендігіне байланысты кредиттік ресурстардың қолжетімсіздігі болып табылады.

      Сонымен бірге ауыл шаруашылығындағы орташа айлық жалақы (2022 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша – 219,9 мың теңге) соңғы үш жылда экономика бойынша орташа көрсеткіштен 1,4 есе төмен болды, бұл ауыл мен қала халқының табыс деңгейіндегі едәуір алшақтықты көрсетеді.

      Сонымен қатар 2022 жылы ауыл шаруашылығындағы жалақының медианалық мөлшері 135,6 мың теңгені құрады.

      Ауылдық жерлерде аз қамтылған отбасылардың үлесі қалалық көрсеткіштен 1,6 есе жоғары (қалалық жерлерде 4,0%).

      Бұл ретте 2020-2022 жылдары табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі 6,6% деңгейінде сақталып отыр.

      Әрбір үшінші ауыл тұрғыны (1,2 млн-нан астам адам) өзін-өзі жұмыспен қамтыған болып табылады, бұл олардың ресми түрде жұмысқа орналасу (жалдамалы жұмыспен қамтылу) мүмкіндігінің жоқ екенін көрсетеді.

      Мұндай жағдайда (атап айтқанда, халқы 10 мыңнан астам ауылдар үшін) ауыл экономикасын жан-жақты әртараптандыру, жұмыспен қамтудың баламалы нысандарын, оның ішінде қолөнерді, ауыл туризмін, құрылысты және жер қойнауын пайдалануды (аралас секторларды қоса алғанда), логистика мен өнеркәсіпті қолдау шешім болып табылады.

      Орта және шағын ауылдар үшін өнімді нарықтар арқылы өткізу жағдайларын жасау, жер, материалдық, қаржылық және ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті жеңілдету, сондай-ақ ауыл халқының экономикалық өсу орталықтарына қол жеткізуіне мүмкіндік беретін байланыстырушы инфрақұрылымды дамыту жөнінде шаралар қабылдау қажет.

2.3. Ауыл халқының өмір сүру сапасы

      Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес 2019 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде ауылдық елді мекендердің объектілермен және қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілу деңгейі 9,3 пайыздық тармаққа артып, 64,1%-ды құрады.

      2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика елді мекендерінің бас жоспарлармен қамтамасыз етілуі 75%-ды құрайды (6 411 елді мекеннің 4 808-і), оның ішінде 59%-ы (6 411 елді мекеннің 3 798-і) жаңартылған бас жоспарлармен қамтамасыз етілген.

Тұрғын үй, газбен, электрмен және сумен жабдықтау

      Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылдан 2022 жылға дейін ауылдық тұрғын үй қоры 5,0%-ға өсіп, 141,2 млн шаршы метрді құрады (елдің тұрғын үй қорының 34,8%-ы).

      Осы кезеңде бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу 19,3-тен 19,8 шаршы метрге дейін өсті, бұл қалалардағы көрсеткіштен (25,8 шаршы метр) төмен.

      Жалпы, ауылдық тұрғын үй қорының абаттандырылуы жақсарып келеді, алайда әлі де қалалық деңгейден артта қалып отыр. Ауылдық аумақтарды газдандыру жалғасуда.

      Энергетика министрлігінің деректері бойынша 2020-2022 жылдары ауылдық елді мекендерді газдандыру деңгейі 12,1%-ға өсіп, 27,1%-ды құрады (1,7 мың АЕМ).

      2022 жылы барлық ауылдық елді мекендер бойынша электрмен жабдықталу деңгейі 99,1%-ды құрады. 4 облыста 33 АЕМ электрлендірілмеген (Абай облысында – 3 АЕМ, Атырау облысында – 4, Қызылорда облысында – 8, Түркістан облысында – 18).

      Ауыл халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жағдайы күрделі күйінде қалып отыр.

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері бойынша ауылдық жерлердегі 4 900 ауыл сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алады. Қалған 1 395 ауылдың 432-сінде орталықтандырылған сумен жабдықтауды салу қажет.

      Бұл ретте бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында 963 АЕМ-де суды тазартудың кешенді блок-модульдерін және жергілікті бюджеттер есебінен су тарату пункттерін орнату қажет.

      2022 жылдың қорытындысы бойынша кәрізбен қамтамасыз етілу деңгейі төмен күйінде қалып отыр – 45% (қалаларда – 90%), ваннамен немесе душпен қамтамасыз етілу – 9,0% (қалаларда – 63%), ыстық сумен жабдықтау – 2,0%.

Білім беру

      Оқу-ағарту министрлігінің деректері бойынша тәуелсіздік жылдарында ел бойынша мектептер желісі 1,4 мың бірлікке (9 мыңнан 7,6 мың бірлікке дейін) қысқарды, негізінен шалғайдағы шағын ауылдардағы шағын жинақты мектептерде оқушылар санының азаюы есебінен.

      Ел мектептерінде барлығы 3,7 млн бала оқиды, оның ішінде ауылдық жерлерде – 1,5 млн оқушы.

      Ауылдық жерлерде барлығы 5 157 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 2 753-і шағын жинақты (1 449 орта, 793 негізгі және бастауыш шағын жинақты мектептер).

      Көріп отырғанымыздай, ауылдық жерлерде мектептер саны көп болғанымен (5,1 мың бірлік), оларда қалалық мектептерге қарағанда оқушылар әлдеқайда аз оқиды (ауылдарда 1,5 млн бала, қалаларда 2,2 млн бала).

      Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл мектептерінде білім алушылар контингентінің азаюы байқалады.

      Оқушы орындарының тапшылығының дәлелі кейбір өңірлерде үш ауысымды оқытатын мектептердің болуы болып табылады. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдегі 137 үш ауысымды мектептің 60%-ы ауылдық жерлерде, негізінен Алматы және Түркістан облыстарында орналасқан.

      Ауылдық жерлерде барлығы 26 апатты мектеп бар, олардың басым бөлігі Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында орналасқан.

      Бұдан басқа, ауылдарда қам кірпіштен салынған 239, ағаштан салынған 69 және қамыстан салынған 5 мектеп, сондай-ақ бейімделген ғимараттарда орналасқан 40 мектеп жұмыс істейді.

      Халық тығыз орналасқан ауылдық жерлерде оқушы орындарының тапшылығы 85 мың бірлікті құрайды, Оқу-ағарту министрлігінің болжамы бойынша 2025 жылы бұл көрсеткіш 320 мың бірлікті құрайды.

      Бұл ретте Оқу-ағарту министрлігі экономикалық орындылық пен тұрғындарды көшіру мүмкіндігін ескере отырып, білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін пысықтауда.

      Еңбек нарығын кадрлармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын кәсіптік-техникалық білім беру сапалы қызметтерінің ауыл халқы үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі сақталып отыр.

      Сонымен бірге 2020-2022 жылдары ауылдық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 158-ден 151 бірлікке дейін қысқарғаны байқалады.

      PISA-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижелері қалалық және ауылдық оқушылар алатын білім сапасы арасында едәуір алшақтық бар екенін көрсетеді. Білім берудегі теңсіздіктің себептерінің бірі қалалық және ауылдық педагогтердің біліктілігіндегі алшақтық, педагог кадрларға қажеттілік, сондай-ақ оқу-материалдық базаның жарақтандырылу деңгейінің төмендігі болып табылады.

Денсаулық сақтау

      Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының саны қысқаруда.

      Ауылдық аумақтар бойынша әлеуметтік-экономикалық мониторинг деректеріне сәйкес 2022 жылдың басында ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) объектілерінің саны 5 195 бірлікті құрады.

      Бұл ретте 2 731 ауылда медициналық объектілер бейімделген үй-жайларда орналасқан, 2 293 ауылда олардың салынғанына 40 жылдан астам уақыт болған.

      «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 655 медициналық объектіні, оның ішінде 253 медициналық пункт, 160 дәрігерлік амбулатория және 242 фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда.

      Медициналық қызметтердің сапасына кадрлармен қамтамасыз етілу әсер етеді. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарда шамамен 33 мың дәрігер және 75 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді, олардың жартысына жуығы ауылдық жерлерде.

Мәдениет және спорт

      2020-2022 жылдар кезеңінде ауылдық жерлердегі мәдени-демалыс ұйымдарының саны 4 бірлікке азайып, 2 815 бірлікті құрады. Бірқатар мәдени-демалыс ұйымдарының жылытылмайтын үй-жайларда немесе апатты жағдайда тұрған не күрделі жөндеуді қажет ететін ғимараттарда жұмыс істеуі елеулі проблема болып табылады.

      2023 жылғы 01.01-дегі жағдай бойынша республикада ауылдық жерлерде 759 спорт құрылысы бар.

      Негізгі проблемалық мәселелер мәдениет және спорт объектілерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдар ғимараттарының физикалық жай-күйі болып табылады.

Интернетке қолжетімділік

      COVID – 19 пандемиясынан туындаған дағдарыс цифрлық технологиялардың өмірлік маңызын көрсетті.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның проблемасы ауылдық елді мекендердің мобильді байланыспен және интернетпен толық қамтылмауы болып табылады, бұл цифрлық теңсіздікті сақтап отыр.

      Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 2023 жылдың басында 4 858 АЕМ (77%) интернет желісіне мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 4G технологиясы бойынша – 2 045 АЕМ (32%), 3G бойынша – 2 813 АЕМ (45%).

      Тіркелген интернетке 4 556 АЕМ қол жеткізе алады, оның ішінде тек 2 606 АЕМ – талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) арқылы, 1 950 АЕМ – ADSL технологиясы бойынша.

Жол инфрақұрылымы

      Бүгінгі таңда жергілікті жолдардың сапасының төмендігі ауылдық аумақтардың байланыстылығының әлсіздігіне алып келеді және олардың экономикалық дамуына кедергі келтіреді.

      Бұл ретте жергілікті маңызы бар жолдардың 10%-ы (немесе 6 986 км) орташа және күрделі жөндеуді қажет етеді. Мұндай жолдардың жоғары үлесі БҚО-да – 2,6 мың км, Ақтөбе облысында – 1,2 мың км, Атырау облысында – 0,53 мың км және СҚО-да – 1,5 мың км.

Экология

      Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның есептеулеріне сәйкес Қазақстан аумағында климаттың өзгеру процесі алдағы 20 жылда күшейе түседі.

      Осылайша, климаттық апаттар (құрғақшылық, орман өрттері және өзендердің тартылуы) Қазақстан аумағында әдеттегі құбылысқа айналады.

      Болжам бойынша 2030 жылға қарай елде жайылымдардың өткізу қабілеті 10%-ға төмендейді, ал 2040 жылға қарай су тапшылығы қажеттіліктің 50%-ын құрайды.

      Жалпы, Қазақстанның климаты жаһандық деңгеймен салыстырғанда шамамен 2 есе жылдам жылынуда. 2050 жылға қарай Қазақстан су тапшылығы апатты деңгейге жеткен мемлекеттер тізіміне енуі мүмкін.

      Тиісінше, өзгеріп жатқан климат жағдайында егіншілік мәдениетін қайта қарау қажеттігі айқын.

      Қазақстанда қатты құрғақшылық жиілеп, жердің тозуына, шөлейттенуге ықпал етеді деп күтілуде, бұл елдің бүкіл аумағында шаңды дауылдардың пайда болуына алып келеді. Қазірдің өзінде Қазақстан жерінің үштен екісі құрғақшылық қаупіне ұшыраған, елде 2-3 жыл сайын құрғақшылық пен егіннің қурауына байланысты күрделі проблемалар туындайды, ел халқының 23,5%-ы қазірдің өзінде жері тозған аумақтарда тұрады.

      Ел аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған 3 030 объект (полигондар мен қоқыс үйінділері) бар, олардың тек 21%-ы ғана экологиялық талаптар мен санитариялық нормаларға сәйкес келеді.

      Ауылдық елді мекендердің тұрғындарында қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі жоқ және қалдықтарды шығару қызметімен қамтылмаған, бұл стихиялық қоқыс орындарының пайда болуына алып келеді. Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар оларды жоюға қомақты қаражат жұмсайды.

Өрт қауіпсіздігі

      Халқының саны 5 мыңнан асатын АЕМ-де өртке қарсы қорғауды мемлекеттік өртке қарсы қызметтің 231 бөлімшесі жүзеге асырады.

      Халқының саны 5 мыңнан аз ауылдарда өрт қауіпсіздігіне 586 өрт сөндіру бекеті жауап береді. Бұл 2020-2022 жылдар кезеңінде ауылдар аумағындағы өрттердің санын 9%-ға (6 184-тен 5 628-ге дейін) қысқартуға мүмкіндік берді.

      Сонымен бірге өртке қарсы инфрақұрылымды салуға өткір қажеттілік бар: депо – 46 бірлік, өрт сөндіру бекеттері – 94 бірлік.

      Ведомстволық статистикаға сәйкес Қазақстанда әрбір 36-шы өрт кезінде адам өлімі тіркеледі, бұл дамыған елдердің ұқсас көрсеткішінен жоғары. Мәселен, АҚШ-та бұл көрсеткіш қазақстандық көрсеткіштен 10 есе, Ұлыбританияда – 14 есе, Францияда – 27 есе төмен.

      Жергілікті атқарушы органдардың материалдық-техникалық базасының (автоцистерналар, өрт сөндіру станциялары, мұнаралар, сорғылар және басқа жабдықтар) жарақтандырылу деңгейі 70,2%-ды құрайды.

      Қолданыстағы өрт сөндіру бекеттерінің жарақтандырылуының төмендігі және бірқатар ауылдық елді мекендерде олардың болмауы, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өрт бөлімдерінің шалғай орналасуы алғашқы өрт сөндіру есептоптарының өрт орнына жедел келуіне теріс әсер етеді. Осылайша, келу уақыты нормативтік белгіленген «20 минуттан аспайтын» уақыттан асып кетеді.

Қоғамдық қауіпсіздік

      2022 жылдың қорытындысы бойынша АЕМ-де 2 169 учаскелік полиция пункті (бұдан әрі – УПП) жұмыс істейді, қосымша 256 УПП салу қажет.

      Учаскелік полиция инспекторларының иелігінде 2 204 бірлік қызметтік автокөлік бар, бұл ретте қажеттілік 1 053 бірлікті құрайды.

      2022 жылы жол-көлік оқиғаларының 5%-ы немесе 684-і ауылдық жерлерде болған. Қаза тапқандардың үлесі 5%-ды (107 адам), жарақат алғандардың үлесі 4%-ды (760 адам) құрайды.

      Апаттылыққа әсер ететін негізгі себеп жолдардың және жол инфрақұрылымының жай-күйі (тротуарлардың, жаяу жүргіншілер өткелдерінің, жарықтандырудың және құқық бұзушылықтарды тіркеу камераларының болмауы), сондай-ақ малды белгіленбеген жерлерде айдау немесе жаю болып табылады (2022 жылы жануарларды қағып кетуге байланысты 151 ЖКО тіркелген).

2.4. Кадрлық қамтамасыз ету

      2022 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанның ауылдық жерлерінде барлығы 3 488 мың адам жұмыспен қамтылды. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 0,8%-ға немесе 28 мың адамға төмендеді.

      Ауылдағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арасында жастардың үлесі 22,1%-ды, ал зейнеткерлік жастағы адамдардың үлесі 4,8%-ды құрайды.

      2022 жылдың басында ауылдық елді мекендерде 54,4 мың дәрігер және орта медицина қызметкері жұмыс істейді (қосымша кадрларға қажеттілік 3,9 мың бірлікті құрайды). 2020-2022 жылдары дәрігерлер саны 12,7-ден 13,4 мың бірлікке дейін (5,1%), орта медицина персоналының саны 51,2-ден 54,3 мың бірлікке дейін (5,9%) өсті.

      Ауылдық жерлерде барлығы 209,6 мың педагог қызметкер жұмыс істейді (қосымша қажеттілік 2 240 бірлікті құрайды). Қарастырылып отырған кезеңде педагог қызметкерлердің саны 195,3-тен 209,6 мың бірлікке дейін өсті.

      2009 жылдан бастап Қазақстанда «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде ауылға жұмыс істеуге және орнығуға (тұруға) көшуді ынталандыру мақсатында мамандарға көтерме жәрдемақылар мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер төленеді.

      2019 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде осы жоба шеңберінде 35,5 мыңнан астам маман 9,6 млрд теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды, ал 17,7 мыңнан астам маман 71,8 млрд теңге сомасына тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алды, оның ішінде салалар бойынша: білім беру – 23,4 мың адам (66%), денсаулық сақтау – 7,8 мың адам (22%), мәдениет, спорт және әлеуметтік қамсыздандыру – 2,3 мың адам (7%), агроөнеркәсіптік кешен – 1,5 мың адам (4%), мемлекеттік қызметшілер – 360 адам (1%).

      АӨК үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау 25 жоғары оқу орны мен 157 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының базасында жүзеге асырылады.

      2022 жылы ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарын барлығы 2,8 мың түлек бітірді. Ауылдық жерлерде орналасқан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектер саны 16,9 мың адамды құрады.

      Жалпы, кадрлар даярлау саласында аграрлық мамандықтар түлектерінің саны жыл сайын төмендеп келе жатқаны байқалады. Мәселен, 2020-2022 жылдары жоғары оқу орындары түлектерінің саны 2,9 мыңнан 2,6 мың адамға дейін қысқарды, ал ауылдық жерлерде орналасқан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері саны 6,1 мыңнан 5,3 мың адамға дейін азайды.

      Сонымен бірге жыл сайын мұндай түлектердің 50%-дан азы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады, бұл қалаға қарағанда ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейі мен сапасының төмен болуына байланысты.

2.5. Жергілікті өзін-өзі басқару

      Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі басқарудың негізгі қағидаттарының бірі – халықтың өзін-өзі ұйымдастыруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді.

      Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді институтының болуы ауылдық аумақтардың орнықты дамуының негізгі факторларының бірі болып табылады.

      Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтер деңгейінде жұмыс істейді.

      Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктеріне жатқызылған жергілікті маңызы бар мәселелер әлеуметтік міндеттердің кең ауқымын қамтиды.

      Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиісті өкілеттіктерді тиімді орындауы ауылдық аумақтардың орнықты дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады.

      Қазақстанда 2,2 мың ауылдық округ және аудандық маңызы бар 48 қала бар. Орта есеппен бір ауылдық округке шамамен 3 ауыл және 3,3 мың ауыл тұрғыны, ал аудандық маңызы бар бір қалаға 24 мың тұрғын келеді.

      Тәжірибе көрсеткендей, халқы аз ауылдық округтер көбінесе өз қарауына жатқызылған жергілікті маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алмайды, өйткені бұл үшін жеткілікті қаржы қаражаты да, кадрлық ресурстар да жоқ. Бұл әсіресе ауыл халқының тығыздығы төмен солтүстік, орталық және шығыс облыстарға тән.

      Ресурстардың жетіспеушілігі көптеген ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді негізінен мемлекет қолдаған жағдайда ғана шеше алатынына алып келеді. Азаматтардың ЖӨӨ органдарының қызметіне, қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға және шешімдер қабылдауға қатысу деңгейі төмен күйінде қалып отыр.

      Қазіргі уақытта төртінші деңгейдегі бюджет кірістері мыналардан қалыптастырылады:

      1) салық түсімдері (салықтар мен төлемдер),

      2) салықтық емес түсімдер (айыппұлдар, ерікті алымдар, коммуналдық меншіктен түсетін кірістер),

      3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер,

      4) аудандық бюджеттен берілетін трансферттер.

      ЖӨӨ бюджетінің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі жыл сайын артып келеді.

      Мәселен, 2020 жылдан 2022 жылға дейін бұл көрсеткіш 13,4-тен 18,9%-ға дейін өсті.

      ЖӨӨ бюджеттерінің жоғары тұрған бюджеттерге (аудан және облыс) тәуелділігі жоғары күйінде қалып отыр.

2.6. Ауылдық аумақтарды дамытуға сараланған тәсіл

      Қазақстанда игерілу және ауыл шаруашылығында пайдалану сипаты, әлеуеті мен даму шектеулері әртүрлі ауылдық жерлердің бірнеше түрі бар.

      Бірінші түрі – ауыл халқының салыстырмалы түрде жоғары тығыздығы және ауыл экономикасының көпфункционалды құрылымы, қала маңындағы үлгідегі ауыл шаруашылығы, ауылдық жерлерді дамыту үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлары бар өңірлер (Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары).

      Екінші түрі – ауыл халқының салыстырмалы түрде төмен тығыздығы және ауылдық жерлердің негізінен аграрлық мамандануы, оларды дамыту үшін қолайлы табиғи және әлеуметтік жағдайлары бар өңірлер (Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары).

      Үшінші түрі – халық тығыздығы төмен және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін табиғи жағдайлары қолайлы емес өңірлер (Абай, Ұлытау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары).

      Төртінші түрі – ауылдық жерлердің әлсіз ошақты игерілуі және оларды дамыту үшін қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлары бар өңірлер (Атырау және Маңғыстау облыстары).

      Орнықты даму міндеттерін іске асыру ауылдық аумақтардың салыстырмалы артықшылықтарын пайдалануға, «өсу нүктелерін» іздеуге, дамудың басым бағыттарын анықтау мен қолдауға, қаржылық қолдау тетігін жетілдіруге және аудандар мен ауылдық округтердің өзіндік кіріс базасын дамытуға негізделуі тиіс.

      Бұл ретте бір облыстың жекелеген өңірлерінде ауылдық жерлердің бірнеше түрі болуы мүмкін.

2.6-1. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту

Ескерту. Тұжырымдама ҚР Үкіметінің 2023.07.01 № 539 қаулысына сәйкес 2.6-1-бөліммен толықтырылды.

      Қазіргі уақытта 14 облыс Ресей Федерациясының (бұдан әрі – РФ), Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР), Өзбекстанның, Қырғызстанның және Түрікменстанның аумақтарымен шектеседі.

      Шекара маңындағы аумақтарда халқының саны 3,4 млн адамды құрайтын 65 аудан орналасқан.

      Мемлекеттік шекарадан 50 км-ге дейінгі қашықтықтағы шекара маңы белдеуінде 1,7 млн адам тұратын 1 283 шекара маңындағы АЕМ орналасқан.

      1 283 шекара маңындағы АЕМ-нің 213-і тірек, 518-і серіктес, 216-сы стратегиялық және 336-сы өзге АЕМ болып табылады.

      Бұдан басқа, шекара маңындағы аймақтарда халқының саны 220,7 мың адамды құрайтын 9 шағын қала орналасқан (Жаркент, Зайсан, Сарыағаш, Шардара, Шемонаиха, Мамлютка, Булаев, Жетісай, Жітіқара).

      Шекара маңындағы аумақтардағы кейбір ауылдық елді мекендердің объектілермен және қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілу деңгейі өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес 50%-дан аспайды.

      Географиялық орналасуы мен экономикалық әлеуетін ескере отырып, шекара маңындағы аумақтар шартты түрде үш түрге бөлінген:

      1) солтүстік шекара маңындағы аумақтар – РФ-мен шектесетін аудандар (Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарындағы аудандар);

      2) шығыс шекара маңындағы аумақтар – ҚХР-мен шектесетін аудандар (Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы және Жетісу мен Абай облыстарындағы аудандар);

      3) оңтүстік және оңтүстік-батыс шекара маңындағы аумақтар – Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шектесетін өңірлер (Жамбыл және Түркістан облыстарындағы аудандар), Өзбекстанмен және Түрікменстанмен шектесетін өңірлер (Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы аудандар).

      Жалпы, соңғы 3 жылда Қазақстанның шекара маңындағы 65 ауданының 45-інде (69%) халық санының қысқаруы байқалады. Оның негізгі себептері халық табысының төмендігі, адамдардың өмір сүру сапасының қанағаттанарлықсыз деңгейі, көлік қолжетімділігінің төмендігі (жекелеген аудандарда), сондай-ақ әлеуметтік және инженерлік-жол инфрақұрылымымен қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі болып табылады.

      Солтүстік шекара маңындағы аумақтардың демографиялық жағдайы соңғы 3 жылда халық санының азаюымен (35,8 мың адамға), оның ішінде көші-қонның теріс көрсеткіштерінің сақталуы есебінен сипатталады.

      Осы өңірлердегі халық тығыздығы орта есеппен бір шаршы км-ге 3,3 адамнан аспайды және республикалық орташа көрсеткіштен (ҚР бойынша орташа көрсеткіш – бір шаршы км-ге 7 адам) 2 еседен астам төмен, бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің үлкен аумақтарының болуымен байланысты.

      Шығыс шекара маңындағы аудандардағы демографиялық жағдай соңғы 3 жылда басқа қалалар мен аудандарға ішкі көші-қон есебінен халық санының 20,4 мың адамға қысқаруымен сипатталады.

      ҚХР-мен шектесетін аудандардағы халық тығыздығы ел бойынша орташа көрсеткіштен төмен және орта есеппен бір шаршы км-ге 5,5 адамды құрайды (ҚР бойынша орташа көрсеткіш – бір шаршы км-ге 7 адам). Жекелеген шалғайдағы шекара маңындағы аудандарда бұл көрсеткіш бір шаршы км-ге 0,6 адамды құрайды.

      ҚХР-мен шектесетін аудандар аумақтарының депопуляциялануының негізгі себептерінің бірі 1997 жылы жекелеген шекара маңындағы аудандардың (Нарынқол, Катонқарағай, Марқакөл, Тарбағатай, Мақаншы және т.б.) таратылуы және аудан орталықтарының ел аумағының ішкі бөлігіне көшірілуі болып табылады.

      Оңтүстік және оңтүстік-батыс шекара маңындағы аумақтардың демографиялық жағдайы соңғы 3 жылда, оның ішінде туу көрсеткіштерінің жоғары болуы есебінен халық санының 21,7 мың адамға өсуімен сипатталады. Халық тығыздығы орта есеппен бір шаршы км-ге 34,5 адамды құрайды.

      Барлық шекара маңындағы аумақтардың экономикасы табиғи-ресурстық және туристік әлеуеттің жеткіліксіз пайдаланылуымен, құрылымының бірсалалылығымен, трансшекаралық факторларды пайдаланудағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері белсенділігінің төмендігімен, жалпы халықаралық экономикалық жүйеге әлсіз интеграциялануымен сипатталады.

      Шекара маңындағы аумақтар экономикасының негізгі салаларының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады, оның экономика құрылымындағы үлесі 31,6%-ды құрайды (республика бойынша – 5,1%). Шекара маңындағы аумақтардың ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 41,1 млн гектарды, мал басы (ІҚМ, жылқы, түйе, құс және т.б.) 20,1 млн басты құрайды.

      2020 – 2022 жылдары шекара маңындағы аудандардың өнеркәсіптік өнім көлемі 16,2 трлн теңгені құрады (жалпыреспубликалық көлемдегі үлесі – 31,4%). Бұл ретте 2022 жылы шекара маңындағы 65 ауданның 19-ында осы көрсеткіштің теріс серпіні байқалады (республика бойынша өсім 1,1%-ды құрады).

      Шекара маңындағы аудандардың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 1 475,8 млрд теңгеден 2 048,3 млрд теңгеге дейін немесе 39%-ға ұлғайды (республика бойынша өсім – 23%). Сонымен бірге шекара маңындағы 65 ауданның 11-інде 78 млрд теңге сомасына инвестициялардың төмендеуі тіркелді.

      Орташа айлық жалақы мөлшері 229,3 мың теңгені құрайды, бұл республикалық мәннен (309,8 мың теңге) 1,3 есе төмен. Жұмыссыздық деңгейі орта есеппен 4,6% (республика бойынша – 4,9%).

      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытуда жоғары көлік және логистикалық шығындар, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жалпы жағдайларды қамтамасыз ететін жол, инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауы сияқты проблемалар бар.

      Мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, шекара маңындағы аудандарда ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту үшін жағдайлар толық көлемде жасалмаған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 264,5 мың бірлікті немесе ел бойынша жалпы санның шамамен 14%-ын құрады, бұл ретте шекара маңындағы 3 ауданда төмендеу байқалады (республика бойынша өсім 27%-ды құрады).

      Шекара маңындағы барлық дерлік облыстарда туризмді дамыту әлеуеті бар. Сонымен бірге туристік маршруттар мен туристік инфрақұрылымның дамымауына байланысты шекара маңындағы аумақтардағы туристік қызмет негізінен ішкі туризмге бағдарланған күйінде қалып отыр. Туризм саласынан түсетін кірістер шекара маңындағы аумақтар экономикасының жалпы құрылымында 3%-дан аспайды.

      Бірқатар шекара маңындағы аудандардың едәуір шалғай орналасуы және жол инфрақұрылымының қанағаттанарлықсыз жай-күйі олардың экономикалық өсу орталықтарымен көлік байланысының әлсіз болуының негізгі себептері болып табылады.

      Мәселен, шекара маңындағы аудандарда 2022 жылы қанағаттанарлықсыз жағдайда тұрған жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 6 мың км-ден астамды құрады.

      Шекара маңындағы 9 ауданда облыс орталықтарымен жыл бойы тұрақты автобус қатынасы жоқ.

      Соңғы үш жылда шекара маңындағы АЕМ-де тұрғын үй кезегіндегі адамдар саны 50 мың адам деңгейінде сақталып отыр.

      Елдің шекара маңындағы аудандарындағы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым көрсеткіштерін жақсарту қажет. Бірқатар аудандарда сумен жабдықтау желілерінің тозуы 70%-дан, электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 60%-дан асады.

      Бүгінгі таңда 1 283 шекара маңындағы АЕМ-нің 1 157-сі немесе 90%-ы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алады.

      Газдандырылған шекара маңындағы АЕМ саны 617 бірлікті немесе 48,1%-ды құрайды.

      Көптеген шекара маңындағы АЕМ-де мобильді байланыс, Интернет желісі және пошта қызметтерінің сапасы төмен екені байқалады. Бұдан басқа, бірқатар шекара маңындағы АЕМ тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі аудан орталықтарынан алыс орналасуына байланысты қиындайды.

      Шекаралық өткізу пункттері инфрақұрылымын дамыту мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді. Шекара маңындағы аудандарда барлығы 52 автомобиль өткізу пункті ұйымдастырылған. Өткізу пункттері мен оларға іргелес автомобиль жолдарының заманауи инфрақұрылымының болмауы көптеген шекара маңындағы аумақтардың транзиттік және туристік әлеуетін толық көлемде іске асыруға мүмкіндік бермейді.

      Білім беру және денсаулық сақтау салаларында білікті кадрлардың тапшылығы, материалдық-техникалық базаның және көрсетілетін қызметтердің сапасының төмен деңгейі проблемалары сақталуда. 2022 жылғы деректер бойынша тиісінше 374 және 256 шекара маңындағы АЕМ білім беру және денсаулық сақтау объектілерімен қамтамасыз етілмеген. 31 объект апатты жағдайда тұр.

      Мәдениет және спорт салаларында да осындай жағдай қалыптасқан. Қазіргі уақытта 671 АЕМ спорт объектілерімен, 715 АЕМ мәдениет объектілерімен қамтамасыз етілмеген, 33 мәдениет және спорт объектісі апатты жағдайда тұр.

2.7 SWOT – талдау

Жүктеп алу

| || - |

Күшті жақтары

| || - |

Әлсіз жақтары

Ауыл халқының табиғи өсімінің жоғары көрсеткіштерінің бірқатар өңірлерде сақталуыАуыл шаруашылығы жалпы өнімін өндіру көлемінің тұрақты өсуіАуылдық аумақтарды дамытуға арнайы бағытталған бағдарламалық құжаттарды іске асыру («Ауыл – Ел бесігі», «Дипломмен ауылға» және т.б.)Жергілікті атқарушы органдардың дербестігінің артуыАуыл халқының қалаларға көші-қон арқылы кетуінің тұрақты үрдісіАуылдық жерлерде «өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» үлесінің жоғары болуы («жасырын жұмыссыздық»)Ауыл халқы табысы мөлшерінің қалалық деңгейден едәуір артта қалуы.Ауылдағы кедейлік деңгейінің қалалық көрсеткіштерден едәуір жоғары болуыАуыл шаруашылығы өнімділігінің төмендігіҚалалық және ауылдық оқушылар алатын білім сапасы арасындағы алшақтықЖер ресурстарына қол жеткізу мәселесінің шешілмеуі, жалпы ауыл халқы үшін даму ресурстарының (материалдық, қаржылық, ақпараттық және т.б.) қолжетімсіздігіМедициналық қызметтердің қолжетімділігінің жеткіліксіздігі;Сумен жабдықтау қызметтерімен толық қамтылмауыТұрғын үй қорының абаттандырылу деңгейінің төмендігіАЕМ-нің аудан орталықтарымен және қалалармен көлік байланысының жеткіліксіздігіАуылдық жерлерде интернет желісінің қамтылу деңгейі мен сапасының төмендігі
  

Мүмкіндіктер

| || - |

Қауіп-қатерлер

АЕМ-ді Өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес келтіру арқылы инфрақұрылымға қол жеткізудегі теңгерімсіздіктерді қысқарту есебінен ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруСәтті тәжірибелерді (Жамбыл облысының, СҚО-ның, ШҚО-ның тәжірибесі) кеңейту арқылы халықтың табысын арттыруАуылдық аумақтарды дамытуда көлік дәліздерінің әлеуетін іске асыруЕлде де, көршілес мемлекеттерде де урбандану деңгейінің артуы, отандық ауыл шаруашылығы өнімін өткізуге арналған неғұрлым сыйымды нарықтардың қалыптасуыАуыл халқының қалалық халықпен салыстырғандағы табыстары мен өмір сүру сапасындағы алшақтықтың күшеюіАдами капитал сапасының нашарлауы, ауыл жастарының маргиналдануы және бәсекеге қабілетсіздігіКлиматтық тәуекелдердің күшеюі және су дағдарысы ауыл шаруашылығы қызметінің барлық түрлерімен айналысу мүмкіндіктерін едәуір төмендетуі мүмкінАуыл халқының мемлекеттік билік органдарына сенімінің төмендеуіЖер ресурстарына қол жеткізу мәселесінің шешілмеуі, жалпы ауыл халқы үшін даму ресурстарының (материалдық, қаржылық, ақпараттық және т.б.) қолжетімсіздігіЕлдің солтүстігі мен шығысындағы шекара маңындағы аумақтарда АЕМ санының қысқаруы, бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі болып табыладыТабиғи катаклизмдер мен техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жиілігінің артуы

3. Халықаралық тәжірибеге шолу

Ескерту. 3-бөлімге ҚР Үкіметінің 2023.07.01 № 539 қаулысымен өзгерістер енгізілді.

      Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі шетелдік тәжірибені зерделеу барысында мыналар анықталды.

      Көптеген еуропалық елдер үшін халық санының азаю проблемасы өзекті болып табылады.

      Мысалы, демографиялық сын-қатерлерге бейімделу бөлігінде «Демографиялық сын-қатерге қарсы ұлттық стратегия» әзірленген Испанияның тәжірибесін қолдануға болады.

      Бұл құжатта мыналар көзделген:

      халық санының азаюы мен халық тығыздығының төмендігінен зардап шеккен ауылдық аумақтардың функционалдылығына кепілдік беру;

      бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экономикалық қызметтің жаңа түрлерін дамытуға, кәсіпкерлікті ілгерілетуге жәрдемдесу;

      ауылдық жерлерге халықты қоныстандыру және орнықтыру.

      Ауылдық жерлердегі цифрлық теңсіздікті жою үшін PEBA-NGA жоспары іске асырылды, ол халқының саны 5 000-нан аз елді мекендердің 90%-дан астамын 30 Мбит/с жылдамдықтағы кең жолақты интернетпен қамтуды көздейді. Бұдан басқа, құжат шеңберінде мектептерді Интернетке қосу бастамасы іске асырылды және агроазық-түлік секторын, орман шаруашылығын және ауылдық ортаны цифрландыру стратегиясы іске асырылуда.

      Тұрғылықты жеріне қарамастан халыққа базалық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында автономиялық қауымдастықтар арасындағы автобус көлігінің байланыстылығы мен қолжетімділігін жақсарту, мектепке дейінгі ұйымдар мен ауыл мектептерін ресурстық қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да іс-шаралар жүзеге асырылуда.

      Қазақстанда ауылдық елді мекендердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шаралар қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда, ауылдық жерлерде өнімді өнеркәсіптік инвестицияларды қолдау бағдарламалары, сондай-ақ ауылдық жерлердегі пилоттық жобалар арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары іске асырылуда.

      Климаттың қолайсыз әсерін төмендету бөлігінде құрылымдық тұрғыдан әлсіз ауылдық аумақтарды олардың тартымдылығын арттыру және даму серпінін күшейту мақсатында нысаналы түрде нығайтуға бағытталған белсенді құрылымдық саясатты іске асырудан тұратын Германияның тәжірибесін қолдануға болады.

      Ауылдық аудандарды дамыту жөніндегі шаралар ауылдық жерлердегі ерекше проблемаларды (мысалы, бос қалу және ауыл орталықтарының функцияларын жоғалту, мобильділіктің жоғалуы немесе цифрлық инфрақұрылым тапшылығы) шешуге арналған және ауылдық өңірлерде өмір сүрудің тең жағдайларын жасауға ықпал етеді.

      Негізгі назар ерекше проблемаларға тап болатын ауылдық аудандардағы қолжетімді базалық қызметтер мен жанданған қала орталықтарына («интеграцияланған тұжырымдамалар» негізінде) инвестиция салуға аударылады, яғни қала маңындағы аудандардан тыс жерлерге (былайша айтқанда, «молшылық белдеулері»). Бұл ретте федералдық үкімет федералдық жерлермен бірлесіп құрылымдық әлсіздік көрсеткіштерін ескере отырып, кеңістіктік шекараларды айқындайды.

      Францияның тәжірибесі ауылдық жерлердің шағын орталықтарын қолдау жөніндегі шараларды іске асыру, осы аумақтарда цифрлық қолжетімділікті қамтамасыз ету, ШОБ пен қоғамдық орындарды қолдау, ауылдық жерлерде оқытуға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелерінде қызығушылық тудырады.

      Францияда «Біздің ауылдарымыз – болашақ аумақтары» атты стратегиялық құжат әзірленген. Бағдарламалық құжаттың ұрандарының бірі – «Біздің ауылдарымызда бірге өмір сүру». Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер айқындалған:

      1) медициналық көмекке қол жеткізуді жеңілдету;

      2) ауылдық жерлерде қарттық кезеңді лайықты өткізу;

      3) ауылдық жерлердегі мектептердің ерекшеліктерін ескеру;

      4) ауылдық жерлерде мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді жеңілдету;

      5) жастардың ауылдық жерлерде өркендеуіне мүмкіндік беру;

      6) шалғайдағы аудиторияны цифрлық технологиялармен қамтуға жәрдемдесу;

      7) ауылдық жерлерде мәдениетке қолжетімділікті кеңейту;

      8) спортты дамыту;

      9) ауылдық жерлерде қатынауды жақсарту;

      10) барлық тұрғындар үшін күнделікті қауіпсіздікке кепілдік беру.

      Ауылдық жерлердегі сайланбалы лауазымды тұлғаларға ерекше мән берілетінін атап өткен жөн:

      1) әкімдер мен жергілікті сайланбалы лауазымды тұлғаларға өз мандатын орындауда қолдау көрсету;

      2) аумақтық ынтымақтастық тетіктерін нығайту;

      3) ауылдық аумақтардың инженерлік базасын нығайту;

      4) ЕО-мен бірлесіп еуропалық бірлікті және ауылдық аудандарды дамытуға арналған кредиттерді сақтау.

      АҚШ-тың ауылдық аумақтарды дамыту тәжірибесі әкімшілік шығыстарды бөлу бөлігінде зерделенді. Олар штаттар мен федералдық үкімет арасында бөлінеді, алайда бағдарламалардың өздері федералдық бюджеттен қаржыландырылады. Іске асырылатын ірі жобалар, әдетте, инфрақұрылымды дамытуға (сумен жабдықтау, су бұру, көлік) байланысты. Бұл тетік ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру кезінде қолданылды.

      Ресей Федерациясында «Болашақ ауылы» жобасы іске асырылуда, оның мәні ауылдық өмір салты мен дәстүрлерді сақтай отырып, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және деңгейі қалалық деңгейге жақын инфрақұрылым құру болып табылады.

      Осы жобаны іске асыру кезінде жайлы қала сыртындағы өмірдің үлгісі бола алатын, барлық әлеуметтік игіліктер халыққа қалалардағыдай қолжетімді болатын даму әлеуеті бар елді мекендер айқындалған.

      Беларусь Республикасында ауылдарды жаңғырту және дамыту бөлігінде мынадай басымдықтарға назар аударылған:

      1) әлеуметтік және өндірістік салаларды жаңғырту және дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісін орнықты жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

      2) ауыл халқының табысын арттыру, ауылдық жерлерде тұрудың беделін арттыру және ауылдағы демографиялық жағдайды жақсарту үшін негіздер құру;

      3) ішкі нарыққа жеткілікті көлемде ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдерін тиімді өндіруді және экспорттық ресурстарды қалыптастыруды қамтамасыз ету.

      Ауылдағы әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз етушілер ретінде агроқалашықтар айқындалған, оларда тұратын халық пен іргелес аумақтардың тұрғындарын әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылған ауылдық елді мекендердің сапалы жаңа түрі болып табылады.

      Оңтүстік Кореяда 1960-80 жылдары «Жаңа ауыл үшін қозғалыс» жобасы іске асырылды. Бұл ретте белсенді азаматтық қоғамдастығы мен жергілікті өзін-өзі басқаруы бар ауылдарды қолдау, қауымдастық үшін маңызды проблемаларды шешу, адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, ирригациялық құрылыстарды жаңғырту, қоғамдық ғимараттар салу, жолдар мен басқа да коммуникацияларды жөндеу мәселелеріне негізгі назар аударылды.

      Ел халқын Интернет қызметтерімен қамтамасыз етуге қатысты Қазақстанның географиялық сипаттамалары мен халық тығыздығы бойынша Австралия және Канадамен салыстыруға болатынын атап өту қажет.

      Канадада Канаданың ауылдық аудандарын экономикалық дамыту стратегиясы іске асырылуда. Осы стратегия шеңберінде билік әрбір канадалық үй шаруашылығын жоғары жылдамдықты интернетке қосады және канадалықтар тұратын және жұмыс істейтін жерлерде, оның ішінде негізгі жолдар мен автомагистральдар бойында ұялы байланысқа қолжетімділікті жақсартады.

      Қаражат талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) және басқа да технологияларды салуды қолдауға, оның ішінде Канаданың ең қолжетімділігі қиын елді мекендерін қосу үшін озық спутниктердің өткізу қабілетін қамтамасыз етуге бағытталады.

      Ауылдық аудандарды экономикалық дамыту жөніндегі шараларға бүкіл Канада бойынша кооперативтерге қаржылық және қаржылық емес қолдауды одан әрі көрсету, оның ішінде іске асырылып жатқан федералдық бағдарламалар мен қызметтер туралы хабардарлықты арттыру, нарықтағы жаңа нишаларды анықтау, жаңа бизнес-жобаларды қаржыландыру және қолдау және басқалар кіреді.

      Ауылдық жерлерден жастардың кетуі мен халықтың қартаюына байланысты жұмыс күшінің жетіспеушілігі проблемасын Канада Үкіметі шетелдіктердің иммиграциясы бағдарламаларын (ProvincialNomineeProgram, AtlanticImmigrationPilot және т.б.) іске асыру есебінен шешуде. Осы бағдарламалар шеңберінде иммигранттарға ауылдық аудандардың жұмыс күшіне деген қажеттіліктерін қанағаттандырған жағдайда тұрақты тұруға рұқсат алудың жеңілдетілген шарттары ұсынылады.

      Австралияда ірі қара малдың (ІҚМ) заманауи биржаларының жұмыс істеу тәжірибесі де қызығушылық тудырады. Австралияда барлығы осындай 200 мал биржасы бар (RIPL үлгісіндегі биржалар). Заманауи мал биржасының болуы ірі және шағын ауыл шаруашылығы ұйымдарының, сондай-ақ халық шаруашылықтарының қатысуы есебінен ІҚМ секторындағы белсенділіктің, мал басының және сату көлемінің өсуін едәуір ынталандырады.

      Биржалар сауда алаңдарын ұсынады, жануарлардың сапасына кепілдік береді, мәмілелердің орындалуын бақылайды. Ірі биржалар сатылған жануарлар партияларын жеткізуге көмектесетін көлік компанияларына қызмет көрсетеді.

      Мал базарлары (биржалары) мыналарға ықпал етеді:

      малға әділ баға қалыптастыруға,

      шаруашылық жүргізудің шағын нысандарының (жеке қосалқы және шаруа қожалықтарының) нарыққа шығуына,

      бұрын тіркелмеген малды сәйкестендіруді жүргізуге.

      Ауылдардағы кооперацияны дамытудың табысты үлгісі ретінде Үндістанның тәжірибесін атауға болады. Елде Ұлттық кооперативтік одақ және Кооперацияны дамытудың ұлттық корпорациясы жұмыс істейді.

      Ұлттық кооперативтік одақтың қызметі кооперативтік қозғалысты ілгерілетуге және дамытуға, адамдарды оқытуға, кооперативтік секторды құруға және кеңейтуге көмек көрсетуге бағытталған.

      Кооперацияны дамытудың ұлттық корпорациясы өндірісті ұлғайту және өнімділікті арттыру үшін фермерлік кооперативтерді ілгерілетуге, нығайтуға және дамытуға шоғырланған. Корпорация ауыл шаруашылығы маркетингі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сақтау және өткізу инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын іске асырады.

      Қабылданған шаралардың нәтижесінде Үндістан кооперативтік қозғалыспен ауыл тұрғындарының едәуір санын қамтуға қол жеткізді, бұл кедейліктің қысқаруына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына әсер етті. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту Үндістанның оң тәжірибесін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы көптеген дамушы елдердің тәжірибесін зерделеу негізінде қалалық және ауылдық жерлер арасындағы байланысты жақсартуға баса назар аударуды ұсынады. Бұл салауатты бәсекелестіктің дамуына және ауыл экономикасын дамыту үшін қолайлы ортаның қалыптасуына ықпал етуі мүмкін. Бұдан басқа, ЭЫДҰ табыстың шарты ауылдарда инфрақұрылымның барлық түрлерін, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, жолдар және басқаларды дамытуды атап көрсетеді.

      Дүниежүзілік банк Еуропа мен Орталық Азиядағы ауылдық аумақтардың дамуын қолдау жөніндегі өз стратегиясында ауыл шаруашылығы өсімін жандандыруға, ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлерін дамытуды кеңейтуге, кедей халыққа назар аударуды күшейтуге, ауылдық қоғамдастықтар мен қоғамдық ұйымдарды дамытуға баса назар аударады.

      Өртке қарсы қорғау проблемасын шешудің халықаралық тәжірибесін (Германия, Франция, АҚШ, Ресей, Беларусь) зерделеу өртке қарсы қызмет бөлімшелері негізінен қалалар мен ірі елді мекендерде құрылатынын көрсетеді. Ауылдық жерлерде өрттен қорғауды қамтамасыз ету проблемасын шешу шағын өрт сөндіру бекеттерін дамыту есебінен жүзеге асырылады.

      Жалпы, халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижелерін ескере отырып, осы Тұжырымдамада еліміз үшін ауылдық аумақтарды дамытудың мынадай құралдары қолданылуы мүмкін:

      бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экономикалық қызметтің жаңа түрлерін дамытуға, кәсіпкерлікті ілгерілетуге жәрдемдесу бөлігінде Испания мен Беларусь тәжірибесін қолдануға болады;

      ауылдық жерлердегі кооперациялық процестерді жандандыру бойынша Үндістанның тәжірибесі қызығушылық тудырады;

      әкімшілік шығыстарды бөлу бөлігінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін АҚШ тәжірибесін қолдануға болады;

      Франция тәжірибесін ауылдық жерлерде мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттыру, ауылда өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бөлігінде пайдалануға болады;

      Канада тәжірибесі қалалар мен ауылдар арасындағы цифрлық теңсіздікті жою талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) және басқа да технологияларды, оның ішінде спутниктік байланысты салу есебінен жүзеге асырылатынымен ерекшеленеді;

      Беларусьтің агроқалашықтарды дамыту тәжірибесі ірі ауылдарға қолданылуы мүмкін, онда инфрақұрылымды кешенді дамыту жөніндегі шаралармен қатар (қалалармен көлік байланысын жақсартуды қоса алғанда) экономиканың ауыл шаруашылығына жатпайтын және өңдеуші секторларын қолдау, жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттыру жөніндегі шаралар да іске асырылады.

      Көптеген елдер шекара маңындағы аумақтардың географиялық әлеуетін дамытуға және іске асыруға бағытталған стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылдайды. Шекара маңында орналасу және шекара маңындағы аумақтардың өзіндік ерекшеліктері белгілі бір жағдайларда тіпті перспективалы емес өңірлердің дамуына да серпін бере алады. Бұл бағытта ең үлкен жетістікке Еуропалық Одақ (бұдан әрі – ЕО) елдері, Мексика, Қытай, РФ және басқа да елдер қол жеткізді.

      Шекара маңындағы шалғай аумақтарды дамытудағы ЕО елдерінің тәжірибесі зерделеу үшін үлкен қызығушылық тудырады. Еуропалық трансшекаралық ынтымақтастықтың Interreg бағдарламасы жұмыс істейді. Шекара маңындағы аудандар тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру инновацияларға, денсаулық сақтау жүйесіне, білім беруге инвестиция салу, жұмыс орындарын құру және халықтың мобильділігін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі.

      Халықтың мобильділігін арттыру үшін трансшекаралық маршруттарды дамыту бөлігінде Солтүстік Рейн-Вестфалия провинциясы (Германия) мен Маастрихт (Нидерланд) арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесі практикалық қызығушылық тудырады. Өңірлер арасындағы интеграцияны дамыту мақсатында бірқатар бастамалар қабылданды, оның ішінде теміржол, автомобиль көлігі, трансшекаралық туристік маршруттарды дамыту, цифрландыру және ақылды технологияларды енгізу жөніндегі бастамалар бар. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өңір тоқырауға ұшыраған шеткері аумақтан Еуропалық Одақтың өркендеген аудандарының біріне айналды.

      Чех Республикасында және Польшада Interreg ынтымақтастық бағдарламасы жұмыспен қамтуды қолдауға және туристік саланың әлеуетін іске асыруға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде тәуекелдерді бірлесіп басқару, жұмыспен қамтуды қолдау үшін табиғи-ресурстық және туристік әлеуетті пайдалану, білім беру жүйесін дамыту және ауыл тұрғындарының біліктілігін арттыру, мекемелер мен қоғамдастықтар арасындағы ынтымақтастық жөніндегі жобалар басым тәртіппен қаржыландырылады.

      Мексика мен АҚШ-та шекара маңындағы аумақтардың экологиялық проблемаларын шешу үшін «Шекара 2025» бірлескен бағдарламасы жұмыс істейді.

      Бағдарламаның негізгі мақсаттары ауаның ластануын қысқарту, судың сапасын жақсарту, материалдар мен қалдықтарды орнықты басқаруға жәрдемдесу, сондай-ақ аумақтарды тазарту, бірлескен дайындықты жақсарту және қауіпті экологиялық жағдайлар мен төтенше жағдайларға ден қою болып табылады.

Ауаның ластануын азайту жөніндегі шаралар ауа сапасын мониторингтеу желілерін құру, шығарындылар туралы деректердің сапасын арттыру және олармен алмасу, көлік құралдарынан шығатын шығарындыларды қысқарту, ластаушы заттардың шығарындыларын азайту стратегиялары мен технологияларын енгізу, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі бірлескен шараларды қамтиды.

Қазақстанда қолдану үшін Судың сапасын жақсарту бағдарламасының шаралары орынды болып табылады. Атап айтқанда, шекарааралық суларды басқару проблемаларын шешу Тихуана өзені бассейнінде тазарту құрылыстарын салу, ауыз сумен жабдықтау және сарқынды суларды тазарту инфрақұрылымын жақсарту, сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

Материалдар мен қалдықтарды орнықты басқаруға жәрдемдесу, сондай-ақ аумақтарды тазарту саласындағы ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, қалдықтарды басқару әдістерін әзірлеуге, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын пайдалану жөніндегі білімді дамытуға, сондай-ақ теңіз ортасының ластануын азайтуға бағытталған.

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар бірлескен жоспарларды жаңартуды, авариялық-құтқару қызметтерінің персоналын даярлауды және басқа да іс-шараларды қамтиды.

ҚХР-да 2000 жылдан бастап шекара маңындағы аудандарды жандандыру және олардың тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту саясаты (RBAERL – шекара маңындағы аудандарды жандандыру және тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту саясаты) іске асырылуда. Бастама халықтың әл-ауқатын арттыруға, шекара маңындағы аумақтарды дамытуға, басқа елдермен тату көршілік қатынастарды нығайтуға бағытталған.

RBAERL саясаты іске асырыла бастағаннан бері елдің шекаралас өңірлерінде орналасқан 136 шекара маңы округін қамтыды. Көзделген шаралар инфрақұрылымға инвестиция салуды, кәсіпкерлікті қолдауды, білім беру және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қамтыды.

Үндістанда халықаралық шекараға жақын орналасқан шалғай және жету қиын аудандарда тұратын адамдардың дамуы мен әл-ауқатына қатысты ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған Шекара маңындағы аумақтарды дамыту бағдарламасы (Border Area Development Programme) іске асырылуда. Бағдарлама сондай-ақ қажетті инфрақұрылымды дамыту есебінен шалғай шекара маңындағы аумақтарды елдің ішкі аудандарымен интеграциялауға бағытталған. Негізгі назар базалық инфрақұрылымды, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және су ресурстары инфрақұрылымын дамыту, қаржылық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету және дағдыларды дамыту жобаларын іске асыруға аударылады.

Бағдарлама 16 штат пен 2 одақтық аумақтағы 111 шекара маңы округінің 396 блогын қамтиды. Бұдан басқа, бағдарлама халықаралық шекарадан 10 км шегінде орналасқан ауылдарды, кенттер мен қалалық аудандарды қамтиды.

РФ-да РФ субъектілерінің Қиыр Шығыс федералдық округінің құрамына кіретін шекара маңындағы аумақтарын дамыту тұжырымдамасы қолданылады.

Құжатта негізгі назар мынадай бағыттарға аударылған:

      шекара маңындағы муниципалдық құрылымдар аумақтарының ерекше мәртебесін айқындау;

      халықты тұрақтандыру және тарту үшін жағдайлар жасау;

      шекара маңындағы елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік саладағы қызметтердің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау;

      шекара маңындағы елді мекендерді төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін дамыту;

      экономиканы дамыту үшін жағдайлар жасау;

      ауыл шаруашылығы өндірісін орнықты дамыту;

      туристік әлеуетті іске асыру;

      шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту;

      шекаралық инфрақұрылымды, сондай-ақ көлік дәліздерін дамыту.

Тұжырымдама шеңберінде Қиыр Шығыстың шекара маңындағы аумақтарының тұрғындары үшін қолжетімді тұрғын үй беру, жас мамандарға біржолғы жәрдемақылар төлеу және көлік шығындарын өтеу, үшінші және одан кейінгі балалар туған (асырап алынған) кезде ана (отбасы) капиталын беру, тұрғын үй салу немесе жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін тегін беру және басқа да қолдау шаралары көзделген.

4. Қазақстан Республикасындағы ауылдық аумақтарды дамыту пайымы

      Ескерту. 4-бөлімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.07.2023 жылғы № 539 қаулысымен өзгерістер енгізілді.

      Демографиялық үрдістерді ескере отырып, 2027 жылға қарай Қазақстанда 5,9 мың ауылдық елді мекен (АЕМ) болады деп болжануда, бұл ретте ауыл халқының саны 7,7 млн адам деңгейінде тұрақтанады.

      Аталған АЕМ ірі (тиісінше, жұмыссыз халықтың үлесі жоғары) және қалған АЕМ болып бөлінеді.

      Ірі АЕМ-де (10 мыңнан астам адам) жұмыс орындары ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет салаларында – өнеркәсіпте, құрылыста, логистикада, қаржы саласында, туризмде және т.б. басым болады. Бұл ретте қоғамдық пікір мен тыңдауларды ескере отырып, аса ірі 17 АЕМ (30 мыңнан астам адам) қалалар санатына ауыстырылып, одан әрі қалалық үлгідегі елді мекендерге сәйкес келетін қала құрылысы нормаларына сай дамитын болады.

      Қалған ауылдардың экономикасы (әдетте, халқының саны 10 мың адамнан аз) олардың мамандануын ескере отырып, негізінен ауыл шаруашылығы қызметінің түрлеріне, ал жекелеген жағдайларда кен орындарын игеруге (вахталық әдіспен) және туризмге негізделетін болады.

      Қоғамдық пікір мен тыңдауларды ескере отырып, әкімшілік-аумақтық заңнамаға сәйкес өз мәртебесіне сай келмейтін 3 қала да осы санатқа ауыстырылады (Степняк – 3,8 мың адам, Темір – 2,1 мың адам, Жем – 1,5 мың адам). Халық саны 10 мың адамнан аз, әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қалған қалаларда қоғамдық пікірді, тыңдауларды және т.б. ескере отырып, олардың әкімшілік мәртебесін өзгерту процесі кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

      Жалпы алғанда, елдегі 6,2 мың АЕМ-нің ішінде даму әлеуеті бар 1,2 мың ауылдық кластер (оның ішінде 1,2 мың тірек ауыл және 2,3 мың серіктес ауыл, барлығы 3,5 мың АЕМ) бар, оларда елдің ауыл халқының 90%-ы тұрады.

      2027 жылға қарай аталған 3,5 мың тірек және серіктес ауыл Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік игіліктердің толық спектрімен қамтамасыз етіледі. Қалған шалғайдағы 2,4 мың ауылдан (ауыл халқының 10%-ы) аудан орталықтары мен ірі қалаларға халықтың көші-қон ағыны жалғасады деп болжануда.

      Қазақстан ауылдарын болашақта дамыту пайымы – болашағы нақты айқындалған, өмір сүруге тартымды аумақтар құру. Бұл белсенді азаматтық қоғам мен жергілікті өзін-өзі басқаруды, өзіндік кіріс базасымен қамтамасыз етілген тұрақты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін экономиканы, қалалық деңгейге жақын дамыған әлеуметтік ортаны, қауіпсіз қоршаған ортаны қамтиды.

      Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестікті қамтамасыз ету негізінде қалалық және ауылдық жерлердегі тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі теңгерімсіздіктерді еңсеру ауыл халқының өмір сүру сапасының артуын қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде көші-қон ағындарын оңтайландырып, аграрлық сектордағы адами капиталдың сапасын арттырады.

      Ауылдық үй шаруашылықтарының санитария, сумен қамтамасыз ету салаларындағы базалық тіршілікті қамтамасыз ету қызметтеріне, сапалы жергілікті жолдарға, интернет желісіне және т.б. қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

      Ауылдық аумақтар ауыл тұрғындары үшін мынадай сипаттамаларға ие, өмір сүруге тартымды ортаға айналады:

      лайықты табыс, тұрақты жұмыс орындары, кредиттік ресурстар мен мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік;

      сапалы инженерлік, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымымен, қалалар деңгейіне сәйкес келетін жағдайлармен, ауыз сумен, жоғары жылдамдықты интернетпен және қауіпсіз экологиялық ортамен қамтамасыз етілген, тұруға қолайлы ауылдар;

      бәсекеге қабілетті білім алуға, уақтылы медициналық және әлеуметтік көмекке мүмкіндік беретін қолжетімді әрі сапалы қызметтер;

      экологиялық тәуекелдерді ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешенді басым дамыту, ауыл шаруашылығы өнімін өткізуді қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану есебінен өнімді ауылдық аумақтар;

      атқарушы билік деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді тиімді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бизнестің және азаматтардың реформаларды іске асыруға барынша тартылуы негізінде ауылдар мемлекеттік басқару жүйесінің тең құқықты қатысушылары болып табылады.

      Осы Тұжырымдаманы іске асыру ауыл халқының табысын арттыру және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері мен әлеуметтік инфрақұрылымды Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес келтіру негізінде ауылдық аумақтардың даму тұрақтылығын арттырады.

      Оны іске асыру шеңберінде халықтың көші-қонын азайтуға, өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасауға, олардың экономикалық дамуына жаңа серпін беруге, оның ішінде тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерді шешуге, соның ішінде тұрғын үйдің баға тұрғысынан қолжетімділігін арттыруға бағытталған шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі шаралар да қабылданатын болады.

Ауылдық аумақтарды дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      Ескерту. Кіші бөлімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.07.2023 жылғы № 539 қаулысымен өзгерістер енгізілді.

      Ауылдық аумақтарды орнықты дамытудың негізіне мынадай қағидаттар алынған:

      адамға бағдарлану қағидаты, бұл ауылдық аумақтарды дамыту саясатын адамдардың мүдделеріне сай қалыптастыруды білдіреді (мемлекет халықтың тұрғылықты жеріне қарамастан, оның базалық мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді). Бұл қағидат сондай-ақ жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, қазіргі заманғы стандарттарды ескере отырып, ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыру, ауылдық жерлерде адамның күтілетін өмір сүру ұзақтығын ұлғайту қажеттілігін қамтиды;

      ауылдық аумақтардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін арттыру қағидаты, оның ішінде ауыл шаруашылығының тиімділігі мен өнімділігін тұрақты арттыру арқылы;

      «адамдар – инфрақұрылымға» қағидаты, яғни даму әлеуеті бар, инфрақұрылымы дамыған ауылдарда олардың табиғи шоғырлануына жәрдемдесу арқылы ауыл халқының қалаларға көші-қон ағынын азайту.

      Жоғарыда көрсетілген Тұжырымдама қағидаттарын іске асыру үшін мынадай тәсілдер көзделген:

      1. Әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту есебінен базалық қызметтер көрсетудегі теңгерімсіздіктерді қысқарту.

      Осы тәсілге сәйкес даму әлеуеті бар ауылдарда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы, инженерлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің басым дамуы мен жұмыс істеуін, қазіргі заманғы байланыс құралдары қызметтерінің (интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік, мобильді, ұялы байланыс, цифрлық теледидар және т.б.) қолжетімділігін көздейтін «адамдар – инфрақұрылымға» моделі іске асырыла береді.

      Бұл ретте тәсіл өңірлік экономикалық өсу орталықтарынан шалғай және оқшауланған елді мекендерден инфрақұрылымы дамыған, мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік игіліктердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кеңірек тірек ауылдарға және өңірлік «өсу нүктелеріне» (қалалар мен облыс орталықтарына) азаматтарды ерікті түрде көшіру арқылы қоса алғанда, еңбек ресурстарының мобильділігін ынталандыруды және мемлекеттік қолдауды көздейді.

      Осы тұрғыда халық саны аз елді мекендерден ауыл халқының бастапқы тартылу орталықтары ретінде аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларды дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

      2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы кооперациясын, сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлікті ынталандыру және қолдау арқылы ауыл халқының табыс деңгейін арттыру.

      Бұл тәсіл ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, оны өткізудің тиімді тізбектерін жолға қою, сондай-ақ ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлерін дамытуды ынталандыру және т.б. жөніндегі шараларды көздейді.

      Ауылдық аумақтардың орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру уәкілетті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының алдағы қызметін айқындайтын құқықтық, қаржылық-экономикалық, ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығын көздейді.

      3. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі шараларды институционалдық қамтамасыз ету.

      Осы тәсіл шеңберінде атқарушы билік деңгейлері арасында өкілеттіктерді тиімді бөлу, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін заңнамалық реттеу, ауылдық аумақтарды қаржыландыру тетігін жетілдіру (фискалдық орталықсыздандыру) көзделеді.

      Жалпы алғанда, ауылдық аумақтарды дамытуда аумақтық ерекшеліктер мен табиғи-климаттық жағдайларды ескеретін сараланған тәсіл қолданылатын болады.

      Барлық типтегі өңірлер үшін мынадай жағдайлар жасалады:

      халықтың негізгі әлеуметтік қызметтерге (дүкендер, ауруханалар, мектептер, мәдениет мекемелері, ұялы байланысқа, радиоға және интернет желісіне қолжетімділік), сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымға (желілік газға, су құбыры мен кәрізге қолжетімділік) қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

      ауыл халқының даму ресурстарына (жер, материалдық, қаржылық, ақпараттық және т.б.) қолжетімділігін кеңейту;

      жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және ауылдық қоғамдастықтардың бастамаларын қолдау;

      жер қойнауын пайдаланушылардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың шағын және орта бизнес белдеуін құруды қоса алғанда, ел ішіндегі құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі міндеттемелерін заңнамалық тұрғыдан бекіту.

      Бірінші типтегі өңірлер үшін ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы саясат негізінен мынадай бағыттар бойынша жүргізілетін болады:

      Астана, Алматы және елдің басқа да ірі қалаларының тұрғындарын отандық өндіріс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы шикізат пен азық-түлік өндіруге бағдарланған жоғары өнімді ауыл шаруашылығын қолдау;

      ауыл шаруашылығы нарықтарын, оның ішінде кооперативтік нарықтарды дамыту үшін жағдайлар жасау;

      табиғи аграрлық ландшафттарды сақтау және қалпына келтіру, тірек стратегиялық инвесторлардың (интеграторлардың) тұрақтылығын арттыратын және ауылдық жерлерде тұратын адамдардың өмірі мен қызметін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қала халқының демалысына мүмкіндік беретін экологиялық бағдарланған ауыл шаруашылығын дамыту;

      жер қатынастарын жетілдіру және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді басқа санаттарға ұтымсыз ауыстыруды тоқтату, ауыл экономикасын әртараптандыруға және ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпал ететін өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық субурбанизацияны қолдау;

      қала маңындағы аумақтарда ауыл экономикасын әртараптандыруға жәрдемдесу, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құру үшін шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы (тұтыну) кооперативтерін дамытуды қолдау;

      ауылдық жерлерге халықтың көші-қонына жәрдемдесу, жеке тұрғын үйлер салуды ынталандыру, ауылдық инфрақұрылымдық жобаларды қолдау (ауылдық жерлерге, оның ішінде рекреациялық сипаттағы көші-қон ағындарының ұлғаюы нәтижесінде қызмет көрсету саласының кеңеюі жаңа жұмыс орындарының құрылуына және шағын кәсіпкерліктің дамуына алып келеді);

      Екінші типтегі өңірлер үшін ауыл экономикасын дамытуға және ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған мынадай шаралар кешені пайдаланылатын болады:

      нарықтық инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету және тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарына қолжетімділігін арттыру;

      ауыл экономикасын әртараптандыру, ауылдық жерлерде жұмыс орындарын құратын бизнестің барлық түрлерін, шағын кәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтудың барлық нысандарын, әсіресе ауыл туризмі мен қолөнерді қолдау;

      ауыл шаруашылығы кооперациясын қолдау.

      Үшінші типтегі өңірлер үшін мынадай шараларды орындау көзделеді:

      жерлерді қалпына келтіру және рекультивациялау;

      ауыл шаруашылығына арнайы қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, оның ішінде шеткері аудандарда ауыл шаруашылығының неғұрлым экстенсивті және аз еңбек шығынын қажет ететін салаларына (жайылымдық мал шаруашылығы, шөп өсіру) көшу, сондай-ақ кредиттерге қолжетімділікті жеңілдету, техниканы жаңартуға және жемшөп сатып алуға көмек көрсету;

      ауылдық аумақтарды әлеуметтік дамыту және жергілікті өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ету;

      көлік байланыстылығын дамыту.

      Төртінші типтегі өңірлер үшін мынадай шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі:

      аумақтардың су және экологиялық проблемаларын шешу;

      көлік қолжетімділігін жақсарту;

      ауыл халқының өмір сүру сапасы мен базалық игіліктер мен қызметтерге қолжетімділігін арттыру;

      халықтың ауылдық жерлерден қалаларға ерікті түрде қоныс аударуын ынталандыру;

      өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі қызмет түрлерін (балық өсіру, түйе шаруашылығы) басымдықпен қолдау;

      жеңілдетілген кредиттеу және салық салу, бизнес-консультация беру, тіркеу мен есептіліктің оңайлатылған рәсімдері, ауыл шаруашылығы кооперациясын құру және дамыту сияқты экономикалық қолдау шараларын енгізуді қоса алғанда, шағын кәсіпкерлікті дамыту.

      Әрбір облыс бойынша ауылдық аумақтарды дамытудың жол карталары оларға сараланған тәсіл негізінде әзірленіп, барлық ауылдық елді мекендердің экономикалық әлеуетін, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мүмкіндіктері айқындалып, іс-шараларды іске асыру мерзімдері, қаржыландыру көздері және жауапты мемлекеттік органдар көрсетілетін болады.

      Шекара маңындағы аумақтарды дамыту саясатын іске асыру да осы қағидаттарға негізделеді.

1-тәсіл. Әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту есебінен базалық қызметтер көрсетудегі теңгерімсіздіктерді қысқарту

      Ескерту. Кіші бөлімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.07.2023 жылғы № 539 қаулысымен өзгерістер енгізілді.

      Осы тәсілді іске асыру шеңберінде тірек ауылдарда адами капитал сапасының тұрақты өсуіне және қоршаған ортаға барынша аз әсер етуге бағытталған, қалалық деңгейге жақын жайлы ауылдық орта құру көзделеді.

      2019 жылы өңірлік стандарттар жүйесі әзірленіп, «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру басталды. Өңірлік даму саласындағы уәкілетті органның әдістемесі мен облыстар әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша елдің ауыл халқының 90%-ы тұратын 1,2 мың ауылдық кластер (оның ішінде 1,2 мың тірек ауыл және 2,3 мың серіктес ауыл, барлығы 3,5 мың АЕМ) іріктелді. Даму әлеуеті бар осы 3,5 мың ауылды қаржыландыру негізінен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте қалған ауылдарды (елдің ауыл халқының 10%-ы) дамыту жергілікті бюджет және басқа да көздер есебінен қаржыландырылады.

      «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде мынадай объектілерді салу және реконструкциялау жобаларын республикалық бюджеттен қаржыландыру жалғастырылады:

      білім беру (мектептерге жапсарлас құрылыстар салу, мектептер мен балабақшаларды реконструкциялау);

      денсаулық сақтау (алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілері);

      мәдениет (клубтар, мәдениет үйлері, музейлер, кітапханалар);

      спорт (дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт кешендері мен спорт объектілері);

      әлеуметтік қамсыздандыру;

      инженерлік инфрақұрылым (жабдықтар, жылумен және электрмен жабдықтау объектілері, су, жылу, газ және электрмен жабдықтау желілері);

      көлік инфрақұрылымы (ауыларалық жолдар, көшелерді жарықтандыру).

      Өңірлер арасында лимиттерді бөлу негізінен халық саны мен тірек ауылдардың санын негізге ала отырып, демографиялық және экономикалық факторлар бойынша айқындалатын болады.

      Бұл ретте «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар АӨК және ауыл кәсіпкерлігі саласындағы жобалар табысты іске асырылып жатқан ауылдық округтерде басым тәртіппен жүзеге асырылатын болады.

      Көрсетілген іс-шараларды іске асыру Өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына қол жеткізуге бағытталатын болады.

      2027 жылдың соңына қарай даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде жобаларды іске асыру есебінен (қаржыландыруды жыл сайын ұлғайту арқылы) Өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес келетін болады.

      Сонымен қатар, күрделі және орташа жөндеу жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстарды жалпы сипаттағы трансферттер (ЖСТ) арқылы жергілікті бюджеттердің шығыстарына беруіне байланысты 2025 жылдан бастап «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде республикалық бюджеттен тірек АЕМ-дердің әлеуметтік, инженерлік және көлік (ауыларалық жолдар) инфрақұрылымы жобалары қаржыландырылатын болады.

      2025 жылдан бастап серіктес АЕМ-дерді (стратегиялық АЕМ-дерді қоса алғанда) дамыту жобалары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болады.

      Осы мақсаттарда фискалдық орталықсыздандыру шеңберінде салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерін республикалық деңгейден жергілікті бюджеттерге беру арқылы өңірлердің кіріс көздері кеңейтіледі.

      Даму әлеуеті бар ауылдардың (тірек және серіктес, оның ішінде стратегиялық АЕМ-дердің) тізбесін өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органмен келісу бойынша және өңірлік даму саласындағы уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттарға (әдістемеге) сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды және бекітеді.

      Бюджеттік қаржыландыруға қосымша ауылды жеке инвестициялар есебінен дамыту бойынша табысты өңірлік тәжірибелерді енгізу мәселесі қаралатын болады (Шығыс Қазақстан облысындағы Ауылдық аумақтарды орнықты дамыту қорының, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыстардағы ірі АӨК субъектілерінің тәжірибесі).

      Бұл шара бизнестің адами капиталды тарту үшін жағдайлар жасауы (көтермеақы беру, тұрғын үйді жөндеу), инфрақұрылымдық жобаларды реконструкциялауға немесе салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы қаржыландыру және бизнес-жобаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы іске асырылатын болады.

      Өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      Халық саны аз ауылдық елді мекендердің (50 адамнан аз) және даму әлеуеті бар АЕМ тізбесіне енгізілмеген ауылдардың ауыл халқының тұрмыс жағдайларын жақсарту мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен басқа елді мекендерге қоныс аудару үшін жағдайлар жасалады. Осыған байланысты жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына тиісті өзгерістер енгізіледі.

      Ауылдық аумақтардың инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік және инженерлік-техникалық инфрақұрылым объектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз етілуінің интегралдық көрсеткішін пайдалану арқылы жыл сайын бағаланатын болады.

      Қамтамасыз етілу туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік объектілер мен қызметтердің сапасы мен аумақтық қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын кешенді дамыту бөлігінде басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдаланатын болады.

      Ауылдағы инфрақұрылымдық объектілерді дамыту басқа салалық бағдарламалық құжаттар шеңберінде көзделген ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы үйлестірілетін болады.

      Ауылдық елді мекендерді орнықты, жоспарлы дамыту және салу үшін жергілікті атқарушы органдар бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлейді және объектілердің орналасатын жерлері мен олардың санитариялық-қорғау аймақтары айқындалатын өзгерістер мен толықтырулардың уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Тұрғын үй

      2023–2029 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде салынып жатқан тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру мақсатында ауылдық жерлерде жеке тұрғын үй құрылысына арналған игерілмеген жаңа жер учаскелеріне су, электр және газбен жабдықтау желілерін салу жұмыстары жалғастырылады.

      Ауыл халқын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және оның құрылысын ынталандыру мақсатында ауылдық елді мекендерде өз қызметкерлеріне тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі белгіленеді.

      Субсидиялауға пайдалануға берілген, ауданы 100 шаршы метрден аспайтын үй құнының 50%-ы мөлшеріндегі жұмыс берушілердің шығындары жатады.

      Сумен жабдықтау

      Сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі жоқ 1 395 АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтаумен (432 АЕМ) және кешенді блок-модульдермен әрі су тарату пункттерімен (халық саны аз 963 АЕМ) қамтылады.

      Электрмен жабдықтау

      Ауылдық елді мекендерді электрлендіру үшін баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің технологияларын қолдану қарастырылатын болады.

      Жергілікті атқарушы органдар өңірлік электрмен жабдықтау желілерінің тозуын азайту жөнінде нақты шаралар қабылдайды.

      Әлеуметтік инфрақұрылым

      «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» және білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобалары шеңберінде АЕМ денсаулық сақтау саласындағы ресурстармен қамтамасыз ету нормативтері мен нормаларына сәйкес медициналық мекемелермен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ апатты мектептер мен үш ауысымды оқыту мектептерін жою, орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын шешу мәселелері қарастырылады.

      Қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасы мен жабдықталу деңгейіндегі алшақтықты қысқарту жөнінде жүйелі шаралар қабылданады.

      Ірі аудан орталықтарындағы ауыл мектептеріне үздік білім беру тәжірибелерін енгізу, жабдықтау және мұғалімдерді оқыту бойынша «Ауыл мектебі powered by NIS» жобасының табысты тәжірибесі кеңінен таратылатын болады.

      Бұл ретте аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда интернаттық оқытуды дамыту жұмыстары жалғастырылады.

      Салауатты өмір салты мен спортты насихаттау тек жас ұрпақ үшін ғана емес, қалған барлық адамдар үшін де маңызды, өйткені дене белсенділігі өмір сүру ұзақтығын арттырып, оны қызықты әрі алуан түрлі ете алады.

      Ол үшін тез салынатын және аз шығынды спорт құрылыстарын салу көзделеді.

      Ауылдық аумақтар мен ауыл мәдениеті ұлттық бірегейліктің негізі болып табылады. Тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту, кәсіби өнер мен халық шығармашылығын дамыту жағдайларын қамтамасыз ету, теңгерімді тіл саясаты мен әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын жүргізу мәдениет объектілерін (кітапханалар, клубтар, музейлер, кинотеатрлар, киноқондырғылар және т.б.) салу және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Әрбір аудан орталығында заманауи үлгідегі кітапханалар салынады немесе жаңғыртылады.

      Ауылдық клубтар сондай-ақ жергілікті халықты тарту орталықтарының функцияларын атқаратын болады, онда мектептен тыс сабақтар – көркемөнерпаздар үйірмелері, студиялар, жас натуралистер үйірмелері және т.б. ұйымдастырылады.

      Бүгінгі таңда заманауи байланыс құралдарының қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі өмір сүру сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.

      Осылайша, елдің барлық ауыл халқы интернет желісімен (интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік пен спутниктік байланыстың техникалық мүмкіндіктерін қолдану арқылы) қамтамасыз етіледі.

      Тірек ауылдар пошта байланысы қызметтері желісімен және халыққа қызмет көрсету орталықтарымен (ХҚКО) қамтамасыз етіледі.

      Мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер «қадамдық қолжетімділік» қағидаттарына сәйкес көрсетілетін болады, бұл ретте аудан орталықтары мен тірек АЕМ аталған және басқа да коммерциялық, цифрлық қызметтерді көрсету орталықтары болады.

      Бұдан басқа, шалғай және шекара маңындағы елді мекендерді қоса алғанда, АЕМ отандық телеарналардың цифрлық эфирлік теле- және радиохабар таратуымен қамтамасыз етіледі.

      Қауіпсіздік

      Ауылдық жерлерде тұру қауіпсіздігін арттыру бөлігінде заманауи учаскелік полиция пункттерін салу, инфрақұрылымның материалдық-техникалық жарақтандырылуын дамыту және нығайту жұмыстары жүргізіледі.

      Атап айтқанда, аудан орталықтарында бейнебақылау жүйесімен «жаппай» қамту енгізіліп, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдері мен мал айдау аймақтары орнатылады. Мұның бәрі ауылдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпті факторларының теріс әсер ету қаупі төнген немесе туындаған кезде халықты уақтылы хабардар ету және ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды өткізу мақсатында ауылдық елді мекендерде хабарлау техникалық құралдарын орналастыру ұсынылады.

      Шомылуға арналған рұқсат етілген және жабдықталған орындардың болмауы ауылдық елді мекендердің тұрғындарын осы мақсаттар үшін жабдықталмаған су айдындарын (құтқару және қоғамдық бекеттері, алғашқы көмек көрсету пункттері жоқ, түбі тексерілмеген және суға қауіпсіз жақындау жолдары жоқ) пайдалануға мәжбүр етеді, бұл түптеп келгенде халықтың қауіпсіз демалуына кері әсерін тигізіп, кейіннен азаматтардың қаза табуына әкеледі.

      Осыған байланысты шомылуға арналған рұқсат етілген және жабдықталған орындарды (құтқару және қоғамдық бекеттер, алғашқы көмек көрсету пункттері, суға қауіпсіз жақындау жолдары және т.б.) құру, қолданыстағы су айдындарын су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес жабдықтау мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ халықтың демалысы мен шомылуына арналған қосымша коммуналдық және жеке орындар құру ұсынылады.

2-тәсіл. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы кооперациясын, сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлікті ынталандыру және қолдау арқылы ауыл халқының табыс деңгейін арттыру.

      Ауыл халқының табысын арттыру және жұмыспен қамтылуын ұлғайту аграрлық секторда және ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлерінде ауылдық елді мекендердің экономикалық әлеуетінің тиімділігін арттыру, ауылдық қоғамдастықтардың бастамаларын, экологиялық жобаларды дамыту жөніндегі шаралар есебінен қамтамасыз етіледі.

      Агроөнеркәсіптік өндірістің, ең алдымен ауыл шаруашылығының жай-күйі ауылдық аумақтарды дамыту перспективаларына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, талдау Қазақстанның аграрлық секторының елеулі осалдығын, сондай-ақ оның пайдаланылмаған әлеуетін көрсетеді.

      Отандық агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамыту 2021–2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады.

      АӨК дамытудың негізгі басымдықтары:

      экспорттық саясаттың шикізаттық бағыттылығынан қайта өңделген өнімге көшу, бұл ауыл шаруашылығының және қосылған құнның бүкіл тізбегі бойынша кірістердің сапалы өсуін қамтамасыз етеді;

      өндірісті жоғары рентабельді дақылдарға (оның ішінде азықтық дақылдарға) көшу арқылы әртараптандыру және тиісінше қарқынды мал шаруашылығын дамытуға көшу (жер заңнамасының талаптарын орындауды бақылауды, жерді қашықтан зондтау технологияларын күшейте отырып);

      азық-түліктің негізгі түрлері бойынша импортты алмастыратын инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы елдің азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

      аграрлық өндірісті индустрияландыру;

      АӨК-тің заманауи инфрақұрылымын, яғни ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жүйелерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және сақтау жүйелерін, АӨК-тің қаржылық және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту;

      АӨК-тің басым бағыттары бойынша экожүйелерді дамыту.

      АӨК тұжырымдамасында көзделген шаралар ауылдық аумақтардағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту процесімен ажырамас байланыста, сондай-ақ АӨК-ті дамыту әлеуетін, даму ресурстарына (жер, материалдық, қаржылық және ақпараттық) қолжетімділікті, өнім өткізу нарықтарының және ауыл халқына экономикалық өсу орталықтарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін байланыстырушы инфрақұрылымның болуын ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

      Агроөнеркәсіптік сектор реформаларының негізіне мыналар алынған:

      1. Ілеспе шығыстар саясатын саланың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге қайта бағдарлау.

      2. Білім мен цифрландыруға өнімділіктің қозғаушы күші ретінде басымдық беру.

      3. Жекелеген өндірістерден құн жасау тізбектеріне назар аударуды ауыстыру.

      Ауыл шаруашылығындағы көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту үшін саланы цифрландыру жөнінде шаралар қабылданады, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесі енгізіледі.

      АӨК-те мамандандырылған факторларды құру мәселелеріне (ирригация, мелиорация, химияландыру, ветеринария, фитосанитария жүйелері, карталау жүйелері, электрондық паспорттар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді басқару жоспарлары және т.б.) ерекше назар аударылады.

      АӨК-ті одан әрі дамытуда фермерлер, қайта өңдеушілер мен тұтынушылар арасындағы тізбектегі байланыстарды нығайту арқылы қосылған құн тізбектерін дамытуға, сондай-ақ инновацияларды тарату, оқыту, сапаны басқару, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) нарықтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі платформалар мен институттарды дамытуға негізгі назар аударылатын болады.

      Әрбір облыстың ауыл шаруашылығы өндірісі салаларына стратегиялық тірек инвесторларды (интеграторларды), әдетте, шикізатты негізгі қайта өңдеушілер ретінде тарту жөнінде кешенді шаралар қабылданады.

      Тірек инвесторларды (интеграторларды) тарту кезінде әрбір облыстың табиғи-климаттық және экономикалық факторлары ескерілетін болады.

      Мысалы:

      Солтүстік Қазақстан облысында дәнді дақылдарды өндіру және терең өңдеу;

      Алматы және Ақтөбе облыстарында қой етін өндіру және қайта өңдеу;

      Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында майлы дақылдарды өндіру және қайта өңдеу;

      Алматы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында сүт өндіру және қайта өңдеу;

      Жамбыл және Түркістан облыстарында жемістер мен көкөністерді өндіру және қайта өңдеу;

      Жетісу облысында, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жемістерді өндіру және қайта өңдеу;

      Жетісу облысы мен Жамбыл облысында қант өндіру.

      Тірек инвесторларды (интеграторларды) құрудың, тартудың және өңірде орнықтырудың негізгі өлшемшарттары АӨК өнімінің көлемі, тартылған отбасылық және фермерлік шаруашылықтардың саны, сондай-ақ жұмыс орындары болып есептеледі.

      Осылайша, АӨК тұжырымдамасын табысты іске асыру ауылдық аумақтарды дамытудың экономикалық негізі болады.

      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ) табысты жұмыс істеуіне, өнім өндіру және өткізу кезінде АШТӨ шығындарын азайтуға, ауыл шаруашылығы мен жалпы АӨК-тің теңгерімді дамуына ауыл шаруашылығы кооперациясы ықпал ететін болады.

      Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы маңызды бағыт ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өткізу, қайта өңдеу, материалдық-техникалық жабдықтау, АШТӨ-ге сервистік және ақпараттық-маркетингтік қызмет көрсету жүйесін дамыту болып табылады.

      Өндірістік кооперативтер жерді бірлесіп өңдеу, бірыңғай ауыспалы егіс жүйесін пайдалану, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өсіру мен жануарларды өсірудің озық технологияларын қолдану, ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп пайдалану және т.б. арқылы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын болады.

      Өткізу кооперативтері кооператив мүшелері өндіретін өнімді өткізумен, сондай-ақ кооператив мүшелерінің шикізатын жинаумен, сақтаумен, сұрыптаумен, кептірумен, жаңа піскен немесе қайта өңделген күйінде көтерме немесе бөлшек сауда арқылы сатумен және тасымалдаумен айналысатын болады.

      Қайта өңдеу кооперативтері отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін бастапқы қайта өңдеуді ұйымдастыру, кейіннен оларды ірі қайта өңдеу кәсіпорындарына және көтерме-бөлшек сауда желілеріне өткізу мақсатында құрылатын болады.

      Материалдық-техникалық жабдықтау кооперативтері АШТӨ-ні өндірістік процесте қажетті отандық ресурстармен және материалдармен: жанар-жағармай материалдарымен, тұқымдармен, отандық тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, жемшөппен, отандық ауыл шаруашылығы техникасымен, қосалқы бөлшектермен, құрылыс және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты басқа да материалдармен қамтамасыз ететін болады.

      Сервистік кооперативтер өз мүшелеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу процесіне байланысты қызметтерді, сондай-ақ басқа салалардағы жалпы қажеттіліктерді қанағаттандыру жөніндегі қызметтерді (агрохимиялық, ветеринариялық, техникалық қызмет көрсету, сумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау, техниканы жөндеу және оған қызмет көрсету, телефонизация, асыл тұқымдық және селекциялық қызмет, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында зерттеулер жүргізу және басқа да қызметтер) ұсынатын болады.

      Ақпараттық-маркетингтік кооперативтер өз мүшелерін жаңа технологиялар, сорттар, тұқымдар және нарықтардағы жағдай туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

      Ауыл шаруашылығы кооперативіне бірігудің артықшылықтарына мыналар жатады:

      жер, өндірістік және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік кооператив құрған кезде өнім өндірудің озық технологияларын, ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықтарды бірлесіп пайдалану мүмкіндігі;

      АШТӨ өндірген өнімді делдалдарсыз, тікелей қайта өңдеуге және сауда желілеріне тұрақты өткізу;

      өнімнің ірі партияларын қалыптастыру есебінен кооператив мүшелерінің шикізатты тасымалдауға, қайта өңдеуге жеткізуге және өткізуге арналған шығындарын қысқарту;

      кооперативтің басқару аппараты құжаттарды орталықтандырылған түрде дайындау арқылы кооператив үшін мемлекеттік субсидиялар, жеңілдетілген кредиттеу және салық салу мүмкіндігін алу;

      кооператив мамандарынан ақпараттық-консультациялық көмекті өтеусіз алу мүмкіндігі;

      суармалы және ауыз сумен қамтамасыз етілу;

      ауылдық елді мекендерді абаттандыру бойынша қызметтер көрсету;

      агрохимиялық, ветеринариялық, техникалық қамтамасыз етуге, техниканы жөндеуге және оған қызмет көрсетуге, селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарға арналған шығындарды азайту;

      тұрақты жұмыспен (тұрақты және маусымдық қосымша жұмыспен) қамтамасыз ету.

      Ауыл шаруашылығы кооперативтері Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің әртүрлі салаларында (сүт, ет, жеміс-көкөніс, мақта өсіру, май және тоң май және т.б.) ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу процесінде құрылатын болады. Кооперативтерді қалыптастыру кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің, шикізаттың, азық-түліктің жекелеген түрлерінің және олардың нарықтарының ерекшеліктері ескерілетін болады.

      Ауыл шаруашылығы кооперациясын ұйымдастыру кезінде өнімді қайта өңдеуге арналған қолда бар өндірістік қуаттар барынша пайдаланылатын болады. Қайта өңдеу кәсіпорындары жоқ аудандарда жаңа қуаттарды салу кезінде қайта өңделетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің ерекшеліктері: масса бірлігіне шаққандағы көлік шығындары, капитал сыйымдылығы, шикізаттың ықтимал көлемі мен түсу маусымдылығы ескерілетін болады.

      Әрбір өңірдің өзіндік ерекшеліктерінің болуын ескере отырып, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың өңірлік жоспарлары әзірленеді. Олар түсіндіру жұмыстарын, құрылған кооперативтерге қаржылық, ұйымдастырушылық, насихаттық, консультациялық және ақпараттық көмек көрсетуді қамтитын болады. Оларды әзірлеу кезінде өзара байланысты міндеттер кешені, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық және өндірістік сипаттағы атаулы іс-шаралар, пайдаланылатын ресурстар, оларды алу көздері, қол жеткізілетін нәтижелер және ауыл шаруашылығы кооперациясын тарату мен дамыту тетіктері ескерілетін болады.

      Өңірлік жоспарлар оң тәжірибені таратуға, кооперативтердің өткізу нарықтарына, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтауға, агросервистік қызметтерге қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталатын болады.

      Өңірлік жоспарларды іске асыру шеңберінде әрбір ауылдық округте кооперативтер құрылатын болады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар аудандық кооперативтер бірлестіктерін (қауымдастықтарын, одақтарын) және аудандық кооперативтердің облыстық бірлестіктерін (қауымдастықтарын, одақтарын) қалыптастыруға жәрдемдесетін болады.

      Ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы кооперативтерін табысты дамытудың шарттарының бірі ұйымдастырушылық-құқықтық және функционалдық қатынастарда мемлекеттік, өңірлік және аудандық деңгейлерде біріктірілген әртүрлі түрдегі және деңгейдегі кооперативтердің жиынтығын білдіретін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің бірыңғай жүйесін құру болып табылады.

      Сондай-ақ мемлекет ауданаралық кооперацияны ынталандыратын болады.

      Ол үшін 2-3 ауданның мысалында осы аудандардың әкімдіктері мен кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықтың пилоттық моделі іске асырылады.

      Бұл модельдің негізінде осы аудандарда орналасқан өзара байланысты технологиялық қайта өңдеу кезеңдеріне (өндірістерге) жеке инвестициялар салу көзделеді (мысалы, бір ауданда құрама жем өндіру және басқа аудандағы бордақылау алаңдарынан құрама жем өндіру үшін қажетті жануарлар компоненттерін немесе конфискаттарды алу). Осы тәсілді тиімді іске асыру үшін аудандар мен инвесторлар өкілдері арасында келісім (меморандум) жасалып, жобалық кеңсе құрылады.

      Осы тәсілдің жалпы тұжырымдамасы өндірістік әлеуетті дамыту, жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыру, жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында бизнеспен бірлесіп аудандарды (тірек АЕМ-дерді көрсете отырып) дамыту жоспарын әзірлеу және іске асыру арқылы ауданаралық кооперацияны мемлекеттік қолдауға бағытталатын болады.

      Жеке қосалқы шаруашылықтардың (кооперативтердің) қажеттіліктері үшін жер учаскелерін ұтымды пайдалану және жемшөп пен жайылымдарға қатысты проблемаларды шешу мақсатында пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жұмыстары жүргізіледі.

      Суды жинақтау мақсатында қолданыстағы су қоймаларын реконструкциялау және жаңа су қоймаларын салу жөніндегі іс-шаралар іске асырылады, бұл елді мекендер үшін су тасқыны құбылыстарының қаупін азайтуға, жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге және т.б. мүмкіндік береді.

      Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне субсидиялар, инвестициялық субсидиялар, жеңілдетілген кредит беру түрінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсуінің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге, ауылдың жер, өндірістік және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (ЖҚШ) және жұмыссыздар санын оларды жеке кәсіпкерлер мен кооператив мүшелері мәртебесіне көшіру есебінен қысқартуға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту табысты құрылған және жұмыс істеп тұрған кооперативтері бар ауылдық округтерде басым тәртіппен жүзеге асырылатын болады. Осылайша, ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын дамыту шаралары ауыл экономикасын дамыту (ауыл шаруашылығын дамыту, жұмыс орындарын құру және ауыл тұрғындарының табысын арттыру) шараларымен өзара ықпалдастығы қамтамасыз етіледі.

      Шағын шаруашылықтарды біріктіру және ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру ауылда кәсіпкерлікті – нарықтық, көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін алғышарттар жасауға ықпал етеді. Бұл экономикалық мәселелерді (шығындарды қысқарту, өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайту, еңбек өнімділігінің өсуі және т.б.), сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды – жұмыспен қамту түрлерін кеңейту, ауыл халқының жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыру, жас кадрлардың кетуін қысқарту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

      Ауыл халқының табысын арттыру құралдарының бірі «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру болады. Әрбір ауылдық округтің мамандануына скрининг жүргізу, ЖҚШ-ны микрокредиттеу, сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру, техникалар мен жабдықтарды лизингке беру және т.б. жөніндегі шаралар іске асырылатын болады (Жамбыл облысының тәжірибесі негізінде).

      Жобаның ерекшелігі – ЖҚШ-ны қолдауға кешенді тәсіл қолдану:

      бірінші: бір ауылдық округ тұрғындарының микрокредиттерге деген қажеттілігін төмендетілген жылдық 2,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша барынша қанағаттандыру (мөлшерлеменің төмендеуі уәкілетті агент арқылы кредиттеу тетігін пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі).

      екінші: осы ауылдық округте қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жемшөп дайындау және сервистік-өткізу кооперативін ұйымдастыру. Кооператив құрудың мақсаты – өз мүшелерін тұқымдармен, көшеттермен, жемшөппен және нарықтық бағадан 40-50%-ға төмен бағамен көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету, өнімді өткізу қызметтерін ұсыну, қажет болған жағдайда шикізатты қайта өңдеу өндірістерін ұйымдастыру. Бұл ретте кооперативті кооператив мүшелері, яғни ауылдық округтің өз тұрғындары басқарады. Кооператив жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша ауыл шаруашылығы техникасымен және жабдықтармен, сондай-ақ ірі және дәнді дақылдардан жемшөп өсіруге арналған егістік және шабындық жерлермен қамтамасыз етіледі.

      Бұл ретте өңірдің мамандануына қарай ӘКК жергілікті атқарушы органмен бірлесіп әрбір ауылдық округ үшін үлгілік бизнес-жоспарлар әзірлейді. ЖҚШ-ға кооперативтер ұйымдастыруда консультациялық көмек көрсету мақсатында олардың құрамына ӘКК кіруі мүмкін. Ол үшін ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізіледі.

      Жаңадан құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтері мен ЖҚШ үшін салық заңнамасын және салық жеңілдіктерін жетілдіру мәселесі қаралатын болады.

      Өз кезегінде облыстардың әкімдіктері кооперативке беру үшін бос жайылымдардың, егістік және шабындық жерлердің, сондай-ақ өндірістер ашуға қажетті өзге де инфрақұрылымның болуына қатысты ауылдық округтерге скрининг жүргізеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тозуы және сапасының нашарлауы жағдайында оларды қалпына келтіру, оның ішінде түбегейлі және үстіртін жақсарту, пайдаланылмайтын жайылым алқаптарын айналымға тарту есебінен шаралар қабылданатын болады.

      Жобаны іске асыру мақсатында тұрақты негізде мынадай жұмыстар жүргізілетін болады:

      білімді тарату жөніндегі жұмыс;

      шағын шаруашылық нысандарын ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірудің артықшылықтарын, кооперативтегі шаруашылықішілік қатынастардың ерекшеліктерін, мемлекеттік қолдау шараларын, салық салу ерекшеліктерін, кооперативтерде есеп пен есептілікті жүргізуді түсіндіру;

      ауыл шаруашылығы кооперациясын танымал ету.

      Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сауаттылығын арттыру, шағын шаруашылықтарды кооперациялаудың әлеуетті мүмкіндіктері туралы білімді тарату, ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру үшін онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың белсенді қатысуы міндетті шарт болуы тиіс.

      Ауыл шаруашылығы қарыздарын беру, кепілдік қамтамасыз ету бойынша кепілдіктер ұсынудың жаңа тетіктерін енгізу есебінен кредиттік ресурстарға қолжетімділік артады.

      Сонымен қатар аудандарда «Мен – кәсіпкер» құралы шеңберінде «Бір ауыл – бір өнім» жобасы іске асырылады. Бұл шаралар АӨК-тің барлық субъектілері үшін шаруашылық жүргізу мөлшері мен нысандарына қарамастан қаржы құралдарына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Ауыл бизнесінің әлеуетін арттыру үшін ауыл инфрақұрылымы объектілерін қамтамасыз етуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін агробизнеске өтеу тетігі әзірленеді.

      Елдің азық-түлік қауіпсіздігі азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлері бойынша импортты алмастыратын инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысының заңнамада белгіленген тәртіппен АӨК-тегі ірі тірек инвестициялық жобаларды уәкілетті агент арқылы қаржыландыру тәжірибесі кеңінен таратылатын болады.

      Аталған жобаларды іске асыру республика бойынша ЖҚШ-ның 50%-на дейін кәсіпкерлікке тартуға және 350 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

      Кәсіпкерлерді аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалалардағы коворкинг-орталықтар базасында оқыту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады.

      Сондай-ақ көптеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін негізгі өткізу нарығы аудан орталықтары мен ірі қалалар (облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар) болып табылатынын атап өту қажет.

      Осыған байланысты ірі қалаларда өңірлік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін тұрақты және жүйелі негізде маусымдық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілетін болады.

      Микрокредиттеу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті, әсіресе ірі ауылдарда қаржыландыру көзделетін болады.

      Ірі ауылдардағы қызмет көрсету, қолөнер, халықтық кәсіпшілік, логистика және басқа да баламалы қызмет түрлері ауылда кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларының неғұрлым тиімді шарттарын қолдану арқылы ынталандырылатын болады.

      Ауылдық аумақтардың бірегей табиғи-климаттық және мәдени-тарихи ерекшеліктері бар, бұл туризмнің барлық түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Ең тартымды бағыттар агротуризм, этнотуризм және экотуризм болады, оларды дамыту үшін тиісті инфрақұрылым жаңғыртылады.

      Кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда шағын индустриялық парктер құру жөнінде шаралар қабылданады. Шағын индустриялық парктер бос тұрған, жұмыс істемейтін өндірістік объектілерді реконструкциялау немесе тірек стратегиялық инвесторлар (интеграторлар) есебінен салу арқылы құрылатын болады. Бұл ретте кәсіпкерлер үшін жалдау ақысын субсидиялау жөнінде шаралар қабылданады.

      Бұдан басқа, ауылдық жерлерде іске асырылатын өнеркәсіптік жобалар да бар (негізінен тау-кен өндіру өнеркәсібі).

      Мысалы:

      Ақтөбе облысында – хром концентратын өндіру жобалары (Хромтау ауданының Ақжар, Никельтау, Дон, Қызылсу, Сарысай ауылдары), мыс-мырыш концентратын өндіру жобалары (Хромтау ауданының Көктас, Көктөрек, Майтөбе, Қарабаза, Тасөткел, Қопа ауылдары, Мұғалжар ауданының Төлеубұлақ, Бұлақты, Борлы ауылдары), газды қайта өңдеу жобалары (Мұғалжар ауданының Шеңгелші, Жағабұлақ, Бірлік, Саға, Жаркемер ауылдары, Байғанин ауданының Қожасай, Кемерші, Бұлықтыкөл ауылдары), мұнай өнімдерін өндіру жобалары (Мұғалжар ауданының Басшилі, Сағашилі ауылдары, Байғанин ауданының Жаңатан ауылы), минералдық плиталар өндіру жобалары (Мұғалжар ауданының Елек ауылы);

      Шығыс Қазақстан облысында – табиғи газ өндіру жобалары (Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылы), тас көмір өндіру жобалары (Зайсан ауданының Сарытерек ауылы), түсті металдар кендерін қайта өңдеу жобалары (Глубокое ауданының Белоусовка, Алтай кенттері), құрамында алтын бар кендерді қайта өңдеу жобалары (Глубокое ауданының Секисовка ауылы), мыс өндіру және өңдеу жобалары (Күршім ауданының Ақбұлақ ауылы), алюминиттерді өндіру және өңдеу жобалары (Самар ауданының Қойтас ауылы);

      Қарағанды облысында – қорғасын-мырыш кендерін өндіру жобалары (Шет ауданының Ақжал кенті), мыс кенді шикізатын, алтын және күміс өндіру жобалары (Бұқар жырау ауданының Баймырза ауылы), полиметалл кендерін өндіру жобалары (Қарқаралы ауданының Бесоба ауылы), көмір өндіру жобалары (Нұра ауданының Шұбаркөл кенті, Бұқар жырау ауданының Тоғызқұдық, Қарақұдық ауылдары);

      Қызылорда облысында – полиметалл кендерін өндіру жобалары (Жаңақорған ауданының Шалқия ауылы), тағамдық және техникалық тұз өндіру жобалары (Арал ауданының Жақсықылыш ауылы) және т.б.

      Сонымен қатар ауылдық жерлерде өңдеу өнеркәсібінің негізгі секторларын толыққанды дамыту үшін көптеген факторлардың болуы қажет және, әдетте, мұндай жобалар қалалардың айналасында орналасқан елді мекендерде іске асырылады.

      Ауылдарға жақын орналасқан кен орындарын игеру кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың өңірлерде қатысу аумағында шағын және орта бизнес белдеуін құруды, әлеуметтік дамуды және ауылдық аумақтардың өндірушілерін ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, ел ішіндегі құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі міндеттемелерін заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселесі пысықталатын болады.

      Жалпы алғанда, жоғарыда баяндалған тірек стратегиялық инвесторларды (интеграторларды), ауыл кәсіпкерлігін, ауылдағы қызметтің баламалы түрлерін дамыту және қолдау жөніндегі стратегиялық шараларды іске асыру, сондай-ақ Халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдық жерлердегі бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын арттыру жөніндегі шаралар кешені ауыл тұрғындарының табысын арттыруға ықпал ететін болады.

Реализация данного подхода будет осуществляться с учетом экономической специализации и конкурентных преимуществ каждого региона.

Тәсіл 3. Ауылдық аумақтарды дамытуды институционалдық қамтамасыз ету

      Ескертпе. Бөлімшеге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 01.07. № 539 қаулысымен өзгерістер енгізілді.

      Институционалдық өзгерістер ауылдық аумақтарды дамытуды реттеу саласындағы заңнаманы және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру негізінде бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады.

      Демографиялық, экономикалық және өзге де даму факторларын ескере отырып, ауылдардың әлеуетін айқындау өлшемшарттары және тиісінше даму әлеуеті бар ауылдардың тізбесі өзектендірілетін болады.

      Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін кеңейту шеңберінде бюджеттердің IV деңгейіне салықтар мен төлемдердің қосымша түрлері (су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы (алкоголь өнімін сақтау және өткізу бойынша) берілетін болады.

      Бұдан басқа, ауылдық округтер әкімдеріне қосымша функциялар мен өкілеттіктер беру мәселесі қаралатын болады.

      Функцияларды оңтайландырумен қатар елді мекендердің әкімшілік-аумақтық мәртебелері «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңда көзделген санаттарға сәйкес келтірілетін болады.

      Ауыл шаруашылығы саласының проблемаларын терең зерделеу және өңірлерді мамандандыруда бірыңғай тәсілдерді айқындау үшін өңірлерге скрининг жүргізілетін болады.

      Сонымен қатар, өңірлік стандарттар жүйесінің әлеуметтік объектілермен (игіліктермен) және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу көрсеткішін ескере отырып, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізілетін болады. Бұл интегралдық көрсеткіш елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін және онда тұратын ауыл халқының өмір сүру деңгейін сипаттайды.

      Сонымен бірге, «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру тетігі қайта қаралатын болады. Атап айтқанда, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін күрделі және орташа жөндеу жөніндегі іс-шаралар жалпы сипаттағы трансферттер мен жергілікті бюджеттер шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

      Мұндай жағдай ауыл тұрғындары үшін жарияланымдарға ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы өңірлік стандарттар жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етудің объективті қажеттілігін туындатады. Бұл халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іске асырылатын іс-шаралардың ілгерілеуін көрсету бөлігінде мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің жариялылығын қамтамасыз етеді.

      Объектілермен (игіліктермен) және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу көрсеткіші жергілікті атқарушы және салалық мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін бағалауға интеграцияланатын болады.

      Оған қол жеткізудің кезеңділігі даму әлеуеті бар ауылдық елді мекенді дамыту жоспарында көрсетілетін болады, онда ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жай-күйіне мониторинг (скрининг) нәтижелерін ескере отырып және оларды дамытуға сараланған тәсіл негізінде нақты іс-шаралар мен жобалар көзделетін болады.

      Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторингті өңірлік саясат саласындағы уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жергілікті атқарушы органдар жыл сайын жүргізетін болады.

      Кадрлармен қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруді, оның ішінде «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша сұранысқа ие мамандықтарды енгізу арқылы мамандықтар тізбесін кеңейтуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілетін болады.

      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2023–2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жас мамандар үшін қосымша ынталандыру әлеуметтік қолдау шаралары қабылданатын болады.

      Мектеп оқушыларын ауылдық жерлерде сұранысқа ие аграрлық кәсіптер мен ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлері мамандықтарын ауылдарда орналасқан білім беру ұйымдарының (ТжКБ, ЖОО) базасында алуға кәсіптік бағдарлау көзделеді.

      Аграрлық кәсіптердің беделін арттыру мақсатында оларды танымал ету шаралары (PR-науқандар, AgroSkills конкурстарын өткізу және т.б.) іске асырылатын болады.

      Экологиялық жүктемені азайту мақсатында экологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайтын болады.

      Мемлекеттік органдардың іс-шараларды орындау кезінде жауапкершілігін арттыру мақсатында іске асырудың кезеңдік мерзімдері мен жауапты тұлғалары көрсетілген Жол карталары әзірленетін болады.

Тәсіл 4. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту

      Ескертпе. Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 01.07. № 539 қаулысына сәйкес бөлімшемен толықтырылды.

      Жалпы алғанда, шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі шаралар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларындағы бәсекелестік артықшылықтарды дамыту, туристік және көлік-логистикалық әлеуетті іске асыру, шағын және орта кәсіпкерлікті, жол, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту және адами капиталды дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.

      Шекара маңындағы аумақтардың ерекшеліктері мен даму әлеуетін ескере отырып, мемлекеттік қолдау шаралары:

      солтүстік шекара маңындағы аумақтар өңірлері бойынша – халықты елдің оңтүстік және оңтүстік-батыс еңбек ресурстары артық өңірлерінен көшіруді ынталандыруға, қолжетімді тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылым салуға, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға, еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарауға және басқаларға;

      шығыс шекара маңындағы аумақтар өңірлері бойынша – әкімшілік-аумақтық құрылысты одан әрі дамытуға, туристік және көлік-логистикалық әлеуетті іске асыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, шағын индустриялық аймақтар құруға, еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарауға және басқаларға;

      оңтүстік және оңтүстік-батыс шекара маңындағы аумақтар өңірлері бойынша – шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы (тұтыну) кооперативтерін дамытуға, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту арқылы адами капиталды дамытуға бағытталатын болады.

      Шекара маңындағы аумақтардың тартымдылығын арттыру үшін экономика саласын дамытуды және жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету аса маңызды.

      Бұл ауыл шаруашылығы өндірісін, жаңа өндірістерді, халықаралық туризмді, трансшекаралық көлік дәліздерін дамыту және шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шараларды ынталандыру мен қолдауды қамтиды.

      Шекара маңындағы аумақтарда тіркелген және өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары әзірленетін болады.

      Атап айтқанда, шекара маңындағы ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобаларға басымдықпен қолдау көрсету мүмкіндігі қаралатын болады. Кәсіпкерлікті дамыту құралдары шеңберінде микрокредиттеу және жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражатын бөлу кезінде тіркелген квоталар көзделетін болады.

      Бұдан басқа, шекара маңындағы аудандар экономикасын кластерлендіруге (туризм, ауыл шаруашылығы және т.б. сабақтас секторлар мен қосалқы секторлардағы өзара байланысты кәсіпорындар желісін құруға) ықпал ететін жобаларды іске асыру үшін бастаушы кәсіпкерлерге гранттық қаржыландыру бөлінетін болады.

      Кәсіпкерлер үшін кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыру мақсатында шекара маңындағы аудандарда даму институттары мен қаржы институттарының қатысуын кеңейту жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленетін болады.

      Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың перспективалы құралы индустриялық және өнеркәсіптік аймақтардың инфрақұрылымын құру мен дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету болып табылады.

      Мұндай жобалар үшін жұмыс күшіне, өткізу нарықтарына, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қолжетімділігі бар шекара маңындағы шағын қалалар қолайлы аумақтар болуы мүмкін. Мұндай аймақтар қызметінің перспективалы бағыттары көлік және логистика, азық-түлік өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру және басқалар болып табылады.

      Қазақстан Республикасының 2021–2030 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде шекара маңындағы аумақтардың агроөнеркәсіптік секторын жаңғыртуға және дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары көзделетін болады.

      Шекара маңындағы ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру жалғастырылатын болады, бұл шекара маңындағы аумақтардағы өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Жоба шеңберінде әлеуметтік сала (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру), инженерлік және жол инфрақұрылымы объектілерін салу мен реконструкциялауды қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар көзделеді.

      Шекара маңындағы ауылдық елді мекендер тұрғындарының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қажеттілігін қамтамасыз ету инфрақұрылымды дамыту және шекара маңындағы ауылдық елді мекендерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру саласындағы салалық бағдарламалық құжаттарда көзделген шығыстарды ұлғайту жағына қарай басымдықтарды ауыстыру есебінен жүзеге асырылатын болады.

      Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Атап айтқанда, су, электр, жылу және газбен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау жұмыстары жалғастырылатын болады, нәтижесінде желілердің тозу көрсеткіштерін жыл сайын 3–5 %-ға төмендету жоспарлануда.

      Сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі жоқ шекара маңындағы 126 ауылдық елді мекен сумен қамтамасыз ету шараларымен қамтылатын болады. Бұдан басқа, 52 шекара маңындағы автомобиль өткізу пунктін дамыту және жайластыру, сондай-ақ республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.

      Бұл ретте табиғи-климаттық жағдайлары күрделі шекара маңындағы елді мекендерде тұратын адамдардың электр энергиясына жұмсалатын шығындарын азайту үшін атаулы көмек белгілеу мәселесі қаралатын болады.

      Көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Шекара маңындағы ауылдық елді мекендердің көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру жалғастырылатын болады.

      Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган шекара маңындағы ауылдық елді мекендердің облыстардың аудандық және облыстық орталықтарымен инфрақұрылымдық байланыстылығын жақсарту жөнінде шаралар кешенін қабылдайтын болады.

      Шекара маңындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында өз қызметкерлеріне тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй салуы және жеке құрылыс салушылардан жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуы тетігі пайдаланылатын болады.

      Шекара маңындағы ауылдық елді мекендерде жеке тұрғын үй құрылысына арналған игерілмеген жаңа жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту жұмыстары жалғастырылатын болады.

      Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесіп, елдің шекара маңындағы аудандарында тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырудың жаңа тетіктерін әзірлейтін және енгізетін болады.

      Халықтың көші-қон ағынын азайту және еңбек ресурстары артық өңірлерден еңбек мигранттарын еңбек ресурстары тапшы облыстардың шекара маңындағы елді мекендеріне тарту мақсатында жер учаскелерін кейіннен меншікке бере отырып, өтеусіз пайдалануға беру мүмкіндігі қаралатын болады.

      Бұл ретте еңбек ресурстары тапшы облыстардың шекара маңындағы аумақтарындағы демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында қандастарды қоныстандыру өңірлерінің тізбесін (Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарын тізбеден алып тастай отырып) және қоныс аударушылардың келу өңірлерінің тізбесін (шекара маңындағы болып табылмайтын облыстарды тізбеден алып тастай отырып) қысқарту жағына қарай қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.

      Еңбек ресурстары тапшы облыстардың шалғай солтүстік және шығыс шекара маңындағы ауылдық округтерінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істегені үшін бюджеттік ұйымдардың лауазымдық айлықақысына 50 %-ға дейін ауылдық үстемеақы енгізу мәселесі пысықталатын болады.

      Экстремалды табиғи-климаттық жағдайлары бар (жылыту маусымы 9 ай) шалғай шекара маңындағы ауылдық округтердің бюджеттік ұйымдарында сұранысқа ие мамандықтар бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын тұрғындары үшін олардың әлеуметтік және еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету мүмкіндігі қаралатын болады.

      Шекара маңындағы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту білім беру объектілерінің, медициналық мекемелердің, спорт объектілері мен мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға бағытталатын болады.

      Шекара маңындағы ауылдық елді мекендерде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында 1,4 мыңнан астам объект салынатын болады.

      Шекара маңындағы ауылдық елді мекендер отандық телеарналардың цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуымен, сондай-ақ Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілетін болады.

      Шекара маңындағы халқы аз ауылдық елді мекендерде қолданыстағы инфрақұрылым мен базалық көрсетілетін қызметтерге қолдау көрсетілетін болады.

      Шекара маңындағы аудандардың әкімшілік-аумақтық маңыздылығын арттыруға жеке назар аударылатын болады. Бұл негізінен ҚХР-мен шектесетін бұрынғы ауылдық аудандардың мәртебесін қалпына келтіру мәселелеріне (Катонқарағай, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Мақаншы және басқалар) қатысты болады.

      Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған туристік саласын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде туризм, логистика инфрақұрылымын құру және дамыту жөніндегі шаралар іске асырылатын болады. Туристік объектілердің көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар республикалық автомобиль жолдары реконструкцияланып, теміржол вагондарының паркі ұлғайтылатын болады.

      Шекара маңындағы өңірлерде туризмді дамыту жөніндегі жол карталары әзірленетін болады.

      Бұдан басқа, қолайлы климатты қамтамасыз етуге, сервис сапасын арттыруға және цифрландыруды дамытуға бағытталған шаралар іске асырылатын болады.

5. 2027 жылға қарай нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелер

      Ескертпе. 5-бөлім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 01.07. № 539 қаулысының редакциясында.

      Нысаналы индикаторлар:

      1. Күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар ауыл халқының үлесі – 5,8 % (2022 жылғы 3-тоқсан – 7,3 %).

      2. Ауылдық жердегі жұмыссыздық деңгейі – 4,2 % (2022 жылғы 4-тоқсан – 4,9 %).

      3. Ауылдық елді мекендердің сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілуі – 100 % (2022 жыл – 94,5 %).

      4. Ауылдық жердегі Интернет желісін пайдаланушылардың үлесі – 97 % (2022 жыл – 91,7 %).

      5. Жергілікті жолдардың (облыстық және аудандық маңызы бар) нормативтік жағдайға жеткізілген үлесі – 95 % (2022 жыл – 86 %).

      6. Шекара маңындағы аудандар халқының саны – 4,0 млн адам (2022 жыл – 3,4 млн адам).

      7. Шекара маңындағы аудандардың негізгі капиталға салынған инвестицияларының өсуі – 80 % (2022 жыл – 27 %).

      8. Шекара маңындағы аудандарда тұрақты жұмыс орындарын құру – 54 мың адам (2022 жыл – 44,5 мың адам).

      Ауылдық аумақтардың орнықты дамуының белгіленген индикаторларына қол жеткізу тұрақты мониторинг жүргізу және жобалық басқару жүйесі шеңберінде жергілікті атқарушы органдар басшыларының дербес жауапкершілігін бекіту арқылы қамтамасыз етілетін болады.

      2027 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелер:

      даму әлеуеті бар 3,5 мың ауылдық елді мекеннің инфрақұрылымын жаңғырту (ел халқының ауылдық жерлерде тұратын 90 %-ы);

      ауылдық аумақтарды қолдауға және дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүйелеу;

      күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 73,5 жас (2021 жыл – 70,8 жас).

      Ауылдық жерлерде 655 денсаулық сақтау объектісі, 183 мектеп және 100 спорт құрылысы пайдалануға беріледі.

      650 мәдениет объектісі салынып, жөнделеді.

      Шекара маңындағы аудандарда халықтың көші-қон ағыны азаяды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санының өсуі қамтамасыз етіледі, шекара маңындағы аумақтардың туристік әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасалады.

      Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының 2023–2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарына сәйкес осы Тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

|   | Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына қосымша || - | --------------------------------------------------------------------- |

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспары

      Ескертпе. Жоспарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 01.07. № 539 қаулысымен өзгерістер енгізілді.

4. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту

№ р/сТапсырмалар/бағыттар бөлінісіндегі реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауыАяқтау нысаныОрындау мерзіміЖауапты орындаушылар
 1. Әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту есебінен базалық көрсетілетін қызметтерді ұсынудағы теңгерімсіздіктерді қысқарту.   
 Нысаналы индикаторлар 2027 жылға қарай ауылдық елді мекендердің сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілуі – 100 % (2023 жыл – 95,1 %, 2024 жыл – 97,5 %, 2025 жыл – 100 %, 2026 жыл – 100 %). 2027 жылға қарай ауылдық жердегі Интернет желісін пайдаланушылардың үлесі – 97 % (2023 жыл – 92,7 %, 2024 жыл – 93,7 %, 2025 жыл – 94,7 %, 2026 жыл – 96,0 %). 2027 жылға қарай жергілікті жолдардың (облыстық және аудандық маңызы бар) нормативтік жағдайдағы үлесін 95 %-ға дейін жеткізу. (2023 жыл – 86 %, 2024 жыл – 87 %, 2025 жыл – 88 %, 2026 жыл – 90 %). Күтілетін нәтижелер Даму әлеуеті бар 3,5 мың ауылдық елді мекеннің инфрақұрылымын жаңғырту (ел халқының ауылдық жерлерде тұратын 90 %-ы). Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 73,5 жас (2021 жыл – 70,8 жас). Ауылдық жерлерде 655 денсаулық сақтау объектісі, 183 мектеп және 100 спорт құрылысы пайдалануға беріледі. 650 мәдениет объектісі салынып, жөнделеді.   
1.Ауылдық елді мекендерді бас жоспарлармен және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз етуҚР ҰЭМ-ге ақпарат2023–2027 жылдардың желтоқсаныИИДМ, облыстардың әкімдіктері
2.Жыл сайын кемінде 9 мың жұмыс орнын құра отырып, «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруПайдалануға беру актілері, ҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері
3.Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын іске асыру шеңберінде сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі жоқ ауылдық елді мекендерді қамтамасыз етуПайдалануға беру актілері2023–2027 жылдардың желтоқсаныИИДМ, облыстардың әкімдіктері
4.Ауылдық елді мекендердегі электрмен жабдықтау желілерінің тозуын төмендетуПайдалануға беру актілері, ҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері
5.Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған отын-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ауылдық елді мекендерді электрлендіру үшін баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің технологияларын (шағын ауқымды ЖЭК) қолдануЭнергиямен жабдықтаушы ұйымдармен шарттар, ҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері
6.Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы шеңберінде жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайын қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыруПайдалануға беру актілері2023–2027 жылдардың желтоқсаныИИДМ, облыстардың әкімдіктері
7.Барлық ауыл тұрғындарын Интернет желісімен қамтамасыз ету үшін Интернетке кең жолақты қолжетімділік пен спутниктік байланыстың техникалық мүмкіндіктерін қолдануҚР ҰЭМ-ге ақпарат2023–2027 жылдардың желтоқсаныЦДИАӨМ, облыстардың әкімдіктері
8.Ауылдық жерлерде 650 мәдениет объектісін және тез салынатын әрі аз шығынды 100 спорт құрылысын салу және жөндеуПайдалануға беру актілері2023–2027 жылдардың желтоқсаныМСМ, облыстардың әкімдіктері
9.Аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда интернаттық оқытуды дамытуПайдалануға беру актілері2023–2027 жылдардың желтоқсаныОАМ, облыстардың әкімдіктері
10.Ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамытудың табысты өңірлік кейстерін енгізу жөніндегі жобаларды іске асыру (Ауылдық аумақтарды орнықты дамыту қорының тәжірибесі)ҚР ҰЭМ-ге ақпарат2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері, ААОДҚ (келісу бойынша)
11.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 01.07. № 539 қаулысымен алып тасталды.   
12.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 01.07. № 539 қаулысымен алып тасталды.   
13.Ауылдық елді мекендерді (оның ішінде шалғайдағы және шекара маңындағы) отандық телеарналардың цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуымен қамтамасыз етуҚР ҰЭМ-ге ақпарат2023–2027 жылдардың сәуіріАҚДМ, облыстардың әкімдіктері
14.Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес тірек ауылдық елді мекендерді пошта байланысы объектілерімен (оның ішінде көрсетілген пошта байланысы бөлімшелерінде мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету) қамтамасыз етуҚР ҰЭМ-ге ақпарат2023–2027 жылдардың желтоқсаныЦДИАӨМ, облыстардың әкімдіктері, «Қазпошта» АҚ (келісу бойынша)
15.Ауылдық елді мекендердегі учаскелік полиция пункттерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын дамыту және нығайту жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу және бекітуІІМ бұйрығы2023 жылғы маусымІІМ, облыстардың әкімдіктері
16.Ауылдық елді мекендерде мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру деполарын салуПайдалануға беру актілері2023–2027 жылдардың желтоқсаныТЖМ, облыстардың әкімдіктері
17.Ауылдық елді мекендерде сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (ССҚ) орнатуПайдалануға беру актілері2023–2027 жылдардың желтоқсаныТЖМ, облыстардың әкімдіктері
18.Өрт сөндіру бекеттерін, рұқсат етілген және жабдықталған шомылу орындарын орнатуПайдалануға беру актілері, ТЖМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері
19.Экологиялық және экономикалық орындылықты ескере отырып, қатты тұрмыстық қалдықтардың қайталама шикізатын қабылдау пункттерін құруПайдалануға беру актілері2023–2027 жылдардың желтоқсаныЭТРМ, облыстардың әкімдіктері
 2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы кооперациясы мен ауылдағы кәсіпкерлікті ынталандыру және қолдау арқылы ауыл халқының табысын арттыру   
 Нысаналы индикаторлар Күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар ауыл халқының үлесі – (2023 жыл – 7,0 %, 2024 жыл – 6,6 %, 2025 жыл – 6,3 %, 2026 жыл – 6,0 %) 2027 жылға қарай – 5,8 %. Ауылдық жердегі жұмыссыздық деңгейі – (2023 жыл – 4,9 %, 2024 жыл – 4,7 %, 2025 жыл – 4,5 %, 2026 жыл – 4,3 %) 2027 жылға қарай – 4,2 %.   
20.Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-тегі ірі тірек инвестициялық жобаларды заңнамада белгіленген тәртіппен сенім білдірілген агент арқылы қаржыландыру жөніндегі тәжірибесін таратуҚР ҰЭМ-ге ақпарат2023–2027 жылдардың желтоқсаныАШМ, Қаржымині, ҰЭМ, ЭТРМ, облыстардың әкімдіктері
21.Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі тәжірибесін кеңейту («Ауыл аманаты» жобасын іске асыру)АШМ бұйрығы2023 жылғы шілдеАШМ, ЕХӘҚМ, Қаржымині, облыстардың әкімдіктері
22.Өндірістік ауыл шаруашылығы кооперациясын ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлеу және имплементациялауҚазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат2023 жылғы желтоқсанАШМ, облыстардың әкімдіктері
23.Кредиттік ресурстарға қолжетімділікті арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кепілмен қамтамасыз ету бойынша кепілдіктер беруҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныАШМ, облыстардың әкімдіктері
24.Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беруҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері, «Даму» КДҚ» АҚ (келісу бойынша)
25.«Мен кәсіпкер» құралы шеңберінде «Бір ауыл – бір өнім» жобасын іске асыруҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері, ҚР ҰКП «Атамекен» (келісу бойынша)
26.Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген және пайдаланылмай жатқан жерлерді алып қоюҚазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат2024–2027 жылдардың наурызыАШМ, облыстардың әкімдіктері
27.Жер қойнауын пайдаланушылардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың, оның ішінде шағын және орта бизнес белдеуін құруды, әлеуметтік дамуды және ауылдық аумақтар өндірушілерін ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуді қамтитын ел ішіндегі құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі міндеттемелерін заңнамалық тұрғыдан бекіту«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу2024 жылғы желтоқсанИИДМ, ЭМ
28.Аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда шағын өнеркәсіптік парктер құруПайдалануға беру актілері, ҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері
29.Аудандар (өңіраралық кооперация бойынша пилот – СҚО және Алматы облысы) мен инвесторлар өкілдері арасында келісім (меморандум) жасасу және жобалық офис құруКелісім (меморандум)2023 жылғы қазанАлматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері
30.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде агро-, этно-, экотуризммен айналысу мүмкіндігін беру жөніндегі шараларды әзірлеу (қонақ үйлер салу)Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат2024 жылғы қаңтарМСМ, АШМ, облыстардың әкімдіктері
31.Ауылдық жерлерде сауданың заманауи форматтарын құруПайдалануға беру актілері2023 жылғы желтоқсанСИМ, облыстардың әкімдіктері
32.Мектеп оқушыларын ауылдық аумақтар үшін сұранысқа ие аграрлық кәсіптер мен ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлері мамандықтарын алуға, оның ішінде ауылдық жерлерде орналасқан білім беру ұйымдарының базасында кәсіптік бағдарлауОАМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері, ҒЖБМ
33.Аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда кәсіпкерлерді оқыту үшін коворкинг-орталықтар құру жөнінде шаралар қабылдауПайдалануға беру актілері, ҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері
34.Арнайы жабдықтармен және оқу-әдістемелік материалдармен жарақтандырылған мобильді оқу орталықтары арқылы шалғайдағы ауылдық елді мекендерде оқытуды ұйымдастыруОАМ бұйрығы2023 жылғы желтоқсанОАМ, облыстардың әкімдіктері
35.Шалғайдағы ауылдық елді мекендерді халықты жұмыспен қамтудың мобильді орталықтарымен қамтамасыз етуҚР ҰЭМ-ге ақпарат2023–2027 жылдардың желтоқсаныЕХӘҚМ, облыстардың әкімдіктері
36.Ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру үшін онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізуҚР ҰЭМ-ге ақпарат2023–2027 жылдардың желтоқсаныЕХӘҚМ, АШМ, облыстардың әкімдіктері
37.Аграрлық кәсіптерді танымал ету (PR-науқандар, AgroSkills конкурстарын өткізу және т.б.)Медиа-жоспар2023–2027 жылдардың шілдесіАҚДМ, МСМ, АШМ, ЕХӘҚМ, облыстардың әкімдіктері
 3. Ауылдық аумақтарды дамытуды институционалдық қамтамасыз ету. Күтілетін нәтиже: ауылдық аумақтарды қолдауға және дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүйелеу   
38.Елді мекендердің санаттарын «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның талаптарына сәйкес келтіруҚР ҰЭМ-ге ақпарат2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері
39.Ауылдық аумақтарды дамыту әлеуетін, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мүмкіндіктерін айқындай отырып, іс-шараларды іске асыру мерзімдерін, қаржыландыру көздерін және жауапты мемлекеттік органдарды көрсете отырып, оларға сараланған тәсіл негізінде әрбір облыс бойынша ауылдық аумақтарды дамыту жол карталарын әзірлеуЖол карталары2023 жылғы қазанҰЭМ, облыстардың әкімдіктері, мүдделі мемлекеттік органдар
40.Даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендердің (тірек, серіктес ауылдық елді мекендер) тізбесін өзектендіруОблыс әкімдерінің шешімдері2023 жылғы тамызҰЭМ, облыстардың әкімдіктері
41.Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг (скрининг) жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуҰЭМ бұйрығы2023 жылғы қыркүйекҰЭМ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (келісу бойынша)
42.Даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг (скрининг) жүргізуМүдделі мемлекеттік органдарға талдамалық ақпарат2023 жылғы желтоқсанҰЭМ, облыстардың әкімдіктері
43.Өңірлік стандарттар жүйесінің қамтамасыз етілуін есептеу әдістемесін бекітуҰЭМ бұйрығы2023 жылғы тамызҰЭМ, облыстардың әкімдіктері, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (келісу бойынша)
44.Өңірлік стандарттар жүйесінің әлеуметтік объектілермен (игіліктермен) және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу көрсеткішін ескере отырып, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін өзектендіруҰЭМ бұйрығы2024 жылғы ақпанҰЭМ, облыстардың әкімдіктері, мүдделі мемлекеттік органдар
45.Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін өзектендіруОАМ бұйрығы2023 жылғы қарашаОАМ, облыстардың әкімдіктері
46.Әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруді, оның ішінде тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік кредит мөлшерін, көтерме жәрдемақыны ұлғайтуды және «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша сұранысқа ие мамандықтарды енгізу арқылы мамандықтар тізбесін кеңейтуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуҰЭМ бұйрығы2023 жылғы қарашаҰЭМ, облыстардың әкімдіктері, мүдделі мемлекеттік органдар
47.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 01.07. № 539 қаулысымен алып тасталды.   
48.Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына республикалық бюджет қаражаты есебінен басқа елді мекендерге ерікті түрде қоныс аударуды қаржыландыру бөлігінде өзгерістер енгізуЕХӘҚМ бұйрығы2023 жылғы желтоқсанЕХӘҚМ, ҰЭМ, Қаржымині
49.Климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды әзірлеуҚазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат2023 жылғы қарашаЭТРМ, АШМ, ТЖМ, облыстардың әкімдіктері
 Нысаналы индикаторлар 2027 жылға қарай шекара маңындағы аудандар халқының саны – 4,0 млн адам (2023 жыл – 3,45 млн адам, 2024 жыл – 3,56 млн адам, 2025 жыл – 3,65 млн адам, 2026 жыл – 3,79 млн адам). 2027 жылға қарай шекара маңындағы аудандардың негізгі капиталға салынған инвестицияларының өсуі – 80 % (2023 жыл – 37 %, 2024 жыл – 48 %, 2025 жыл – 59 %, 2026 жыл – 70 %).   
50.Шекара маңындағы аудандарда әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды салу, реконструкциялау және жөндеу, сондай-ақ тұрғын үймен және жер учаскелерімен қамтамасыз етуПайдалануға беру актілері, ҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері, ИИДМ
51.Республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеуПайдалануға беру актілері, ҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныИИДМ, шекара маңындағы облыстардың әкімдіктері
52.Шекара маңындағы ауылдық елді мекендердің тұрғындарына бизнес-бастамаларды, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы бастамаларды қолдау үшін гранттар беруҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныҰЭМ, ҚР ҰКП «Атамекен» (келісу бойынша), шекара маңындағы облыстардың әкімдіктері
53.Туризмді және трансшекаралық туристік маршруттарды дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі шаралар кешенін қабылдауЖол картасы2023 жылғы тамызМСМ, ҰЭМ, шекара маңындағы облыстардың әкімдіктері
54.Шалғайдағы шекара маңындағы ауылдық округтердің тұрғындарына еңбекақыға үстемеақы енгізу және табиғи-климаттық жағдайлары экстремалды шалғайдағы шекара маңындағы аудандардың тұрғындары үшін еңбек өтілін есептеудің ерекше нормаларын белгілеу мәселесін пысықтауҚазақстан Республикасының Үкіметіне есеп2023 жылғы тамызЕХӘҚМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың әкімдіктері
55.Шекара маңындағы елді мекендерді сапалы Интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз етуПайдалануға беру актілері2023–2027 жылдардың желтоқсаныЦДИАӨМ, облыстардың әкімдіктері
56.Өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруПайдалануға беру актілері, ҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныОблыстардың әкімдіктері
57.Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Өзбекстан және Қазақстан-Түрікменстан шекараларындағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртуды және техникалық жарақтандыруды жүргізуҚР ҰЭМ-ге есеп2024–2027 жылдардың ақпаныҚаржымині, ИИДМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері
58.Бюджет қаражатын бөлу кезінде шекара маңындағы елді мекендер үшін тіркелген квоталарды белгілеу және шекара маңындағы аудандарда даму институттары мен қаржы институттарының қатысуын кеңейту мәселесін пысықтауҚР ҰЭМ-ге есеп2023–2027 жылдардың желтоқсаныҰЭМ, ҚР ҰКП «Атамекен» (келісу бойынша), шекара маңындағы облыстардың әкімдіктері
59.Еңбек ресурстары артық өңірлердің тұрғындарын шекара маңындағы елді мекендерге көшіру мәселесін қандастарды қоныстандыру өңірлерінің тізбесін қайта қарау жөніндегі ұсыныспен бірге пысықтауҚазақстан Республикасының Үкіметіне есеп2023 жылғы тамызЕХӘҚМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың әкімдіктері

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ААОДҚ – Ауылдық аумақтарды орнықты дамыту қоры

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      ҚР ҰКП «Атамекен» – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен»

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      «Даму» КДҚ» АҚ – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

      ЕХӘҚМ – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      «Қазпошта» АҚ – «Қазпошта» акционерлік қоғамы

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      «ЭЗИ» АҚ – «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

      Ескертпе. Ескертпе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 01.07. № 539 қаулысының редакциясында.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заң қызметі Заң консультациясы Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраж Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Баяндама Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар