Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығы.
Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Индустриялық-инновациялық даму саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазына" орнықты даму қоры акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Қазына" АҚ) құрсын;
2) бір ай мерзімде:
"Қазына" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды ;
акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) "Қазына" АҚ-ның жарғылық капиталына ақы төлеуге берілетін мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізбесін бекітуді қамтамасыз етсін;
3) үш ай мерзімде нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.06.22. N 137 жарлығымен.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы