Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіктеріне банктік қарыз шарты бойынша жеңілдікті шарттар беру туралы өтініш
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігіне
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын
ауданы, 21-үй+7 727 2371 241press@finreg.kz
Қарыз алушыдан: Т.Ш.А.ЖСН: ...
.+7 701 ..Алматы қаласы, А..-2 ш/а, ..., 40-пәтер
ӨТІНІШ
Банк қарызы шарты бойынша жеңілдікті талаптар ұсыну туралы
Мен (бұдан әрі – Қарыз алушы) мен «Alatau City Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) арасында 2024 жылғы 06 қарашадағы №200/4571-24 және 2024 жылғы 10 қаңтардағы №EM24200-00035832 банктік қарыз шарттары жасалған.
Қарызды алған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін Қарыз алушы банктік қарыз шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерін өзінің қаржылық мүмкіндіктеріне қарай орындап келді.
Қарыз алушы көпбалалы отбасының жалғыз асыраушысы болып табылады және қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушысы болып табылады. Қазіргі уақытта жеке тасымалдау қызметімен айналысады және оның жалғыз табыс көзі – Yandex сервисі арқылы жүзеге асырылатын жеке тасымалдау қызметінен түсетін ай сайынғы шамамен 700 000 (жеті жүз мың) теңге табыс.
Көпбалалы отбасын қамтамасыз ету және «Alatau City Bank» АҚ алдындағы міндеттемелерден бөлек, Қарыз алушының басқа да қаржы ұйымдары алдында міндеттемелері бар, атап айтқанда:
«Kaspi Bank» АҚ – 2024 жылғы 22 желтоқсаннан 2044 жылғы 22 желтоқсанға дейінгі қарыз мерзімімен жасалған банктік қарыз шарты бойынша Қарыз алушы реттелген проблемалық қарыз бойынша бүгінгі күні жаңа өтеу кестесіне сәйкес ай сайын 86 000 (сексен алты мың) теңге төлейді;
«Bereke Bank» АҚ – 2024 жылғы 10 қаңтардан 2029 жылғы 10 қаңтарға дейінгі қарыз мерзімімен жасалған банктік қарыз шарты бойынша ай сайынғы төлем мөлшері 11 000 (он бір мың) теңгені құрайды.
Сонымен қатар, ломбард алдында да берешегі бар. Қажет болған жағдайда Бірінші кредиттік бюродан алынған тиісті анықтаманы ұсынуға дайынмын.
Жоғарыда көрсетілген міндеттемелер бойынша Қарыз алушының ай сайынғы шығыстарының жалпы сомасы 600 000 (алты жүз мың) теңгеден асады.
Осы өтінішпен Қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтармайтынын, өз міндеттемелерін өзінің қаржылық мүмкіндігіне қарай орындап келе жатқанын растаймын және Сіздерден түсіністік танытып, қарыз бойынша берешектің бір бөлігін есептен шығару және/немесе пайыздық мөлшерлемені төмендету және/немесе қарыз сомасын ұлғайтпай, кредиттеу мерзімін ұзарту түрінде жеңілдікті талаптар ұсынуға жәрдем көрсетуіңізді сұраймын.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 61-бабына сәйкес, қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың мерзімі өткен жағдайда, банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішпен банкке жазбаша нысанда жүгінуге құқылы. Өтініште міндеттемені орындаудың мерзімі өтуінің туындау себептері, кірістері және қарыз алушының өтінішін негіздейтін басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) көрсетіледі.
Аталған Заңның 61 және 64-баптарына сәйкес, банк осы баптың 1-1-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде жеке тұлға-қарыз алушы ұсынған банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу мәселесін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен қарайды және қабылданған шешім туралы қарыз алушыға жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабарлайды.
Қазіргі уақытта аталған қарыз бойынша нотариус атқарушылық жазба жасап, сондай-ақ жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаған.
Банкке бірнеше рет ауызша түрде жүгінгеніме қарамастан, оң нәтиже болмады. Осыған байланысты амалсыздан Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге мәжбүр болып отырмын.
Қазіргі уақытта менің екі банктік қарыз бойынша 12 ай бойы әрбір шарт бойынша ай сайын 60 000 (алпыс мың) теңгеден төлеуге, ал кейіннен ай сайынғы төлем мөлшерін ұлғайтуға қаржылық мүмкіндігім бар.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 78-бабына сәйкес, салымшылардың, банктің өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, банктің және (немесе) банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және банк қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган банкке, банк холдингіне, олардың басшы қызметкерлеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға қатысты қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Зағын басшылыққа ала отырып,
СІЗДЕН СҰРАЙМЫН:
- «Alatau City Bank» АҚ-мен жасалған 2024 жылғы 06 қарашадағы №200/4571-24 және 2024 жылғы 10 қаңтардағы №EM24200-00035832 банктік қарыз шарттары бойынша жеңілдікті талаптар ұсынуға жәрдем көрсетуді, атап айтқанда, 12 ай ішінде әрбір шарт бойынша ай сайын 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде төлем жасауға мүмкіндік беруді және кейіннен ай сайынғы төлем мөлшерін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды;
- Жеке сот орындаушысының өндірісіндегі атқарушылық құжатты / нотариустың атқарушылық жазбасын кері қайтарып алуға жәрдем көрсетуді;
- Осы өтініш бойынша заңда белгіленген мерзімде жауап беруді.
Құрметпен,Т.Ш.А.
24.09.2026 жыл
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы