Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Малайзия Үкіметінің арасындағы Инвестициялар және индустриялық инновациялық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 472 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Малайзия Үкіметінің арасындағы Инвестициялар және индустриялық инновациялық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Малайзия Үкіметінің арасындағы Инвестициялар және индустриялық инновациялық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі№ 472 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Малайзия Үкіметініңарасындағы Инвестициялар және индустриялық инновациялықжобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық жөніндегіөзара түсіністік туралы меморандум
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Малайзия Үкіметі, индустрия және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға ниет білдіре отырып, экономиканың инновациялық секторындағы ынтымақтастықты қолдай және дамыта отырып, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес теңдік және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарын сақтай отырып, бұл ынтымақтастық өнеркәсіптік даму үшін де, елдер арасындағы байланыстарды қарқындату үшін де үлкен мүмкіндіктер жасайтындығын пайымдай отырып, Тараптардың екі ел экономикасындағы әлеуметтік және экономикалық рөлінің маңызын түсіне отырып, тараптар мемлекеттері арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту үшін ынтымақтастықтағы өзара мүддені ескере отырып, екі ел арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге және жеке секторды бірлескен кәсіпорындар құру мен нығайту және инновацияларды енгізу жолымен дамытуға ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті: Тараптар ынтымақтастықты мынадай мақсаттарда жүзеге асыруға ұмтылады: 1) Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру үшін малайзиялық озық компаниялардың капиталы мен технологиялар трансфертін тарту; 2) өнеркәсіпті дамыту және жаңа технологиялар саласындағы кәсіби адами ресурстар мен кадрлар біліктілігін дамыту; 3) инновациялық кәсіпорындарды дамыту саясатына бағытталған ноу-хаумен өзара алмасу үшін тараптар арасындағы қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту; 4) халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіпорындарда технологияларды жетілдіруге және инновацияларды енгізуге бағытталған мүмкін тәсілдер мен құралдарды айқындау; 5) тең құқық, әріптестік және өзара пайда негізінде өнеркәсіп, энергетика, туризм және инвестициялар салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізу; 6) Тарап мемлекеттерінің жекелеген өңірлерінде және экономика секторларында арнайы жобаларды бірлесіп әзірлеу және іске асыру; 7) Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен өндірістерді ұйымдастыру; 8) Қазақстан Республикасының аумағында машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, фармацевтика, халал индустриясы саласындағы бірлескен кәсіпорындар құру және дамыту; 9) Малайзия тарапының Малайзияда жұмыс істейтін «Сайберджая» ақпараттық технологиялар паркке ұқсас «Алатау» ақпараттық технологиялар паркін дамыту бойынша техникалық көмек көрсетуі; 10) «Алатау» ақпараттық технологиялар паркіне малайзиялық инновациялық компанияларды тарту. Осы Меморандум қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді. 2012 жылғы «___» _________ ___________ қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды.
Қазақстан Республикасының Малайзияның Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау