Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Меморандум / Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қыркүйектегі N 878 Қаулысы

   Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының Yкiметi менХалықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағыөзара тyсiнiстiк туралы меморандум

      Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум, әлемдегi бәсекеге аса қабiлеттi 50 экономиканың тiзiмiне кiретiн әртараптандырылған экономика құру жөнiндегi жалпы мемлекеттiк iс-шараларды қолдауға, осылайша жұмыспен қамтамасыз етуге үлкен мүмкiндiктер бере отырып және Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн әлеуметтiк қызметтердi жақсарта отырып, Қазақстан Республикасының Үкімeтi мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi (бұдан әрi - ХКДБ) арасындағы серiктестiктi нығайтуға бағытталған.      

Теңгерiмдi және тұрақты дамуға қол жеткiзу жөнiндегi мақсаттарды алға тарта отырып, Қазақстан Республикасының Yкiмeтi мен ХҚДБ мынадай салаларда өздерiнiң ынтымақтастығын тереңдетудi шештi:      Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберiнде ХКДБ Қазақстанға Қазақстан Республикасы азаматтарының, әсiресе халықтың аз қамтылған жiктерi әл-ауқатының жақсаруына мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы, жедел өсiп келе жатқан және әртараптандырылған экономика құру үшiн iс-қимылдардың барынша лайықты бейнесiн iздеуге жәрдемдесу үшiн халықаралық бiлiмдермен және тәжiрибемен алмасуды жалғастырады;      ХҚДБ-ның инвестициялық жобаларды дайындауға, қадағалауға және мониторингтеуге қатысуы бiлiмдер мен дағдылар беруге, сондай-ақ Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберiнде ғана қол жеткiзiлуi мүмкiн емес мемлекеттiк қаражатты ашық және тиiмдi пайдалануға ықпал ететiн мемлекеттiк реттеу мен фидуциарлық бақылау жүйесiн одан әрi нығайтуға ықпал етуi мүмкiндiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi ХҚДБ тарапынан жобалар әзiрлеу схемаларынан пайда және iске асыруда көмек алу мақсатында су ресурстарын басқару мен қоршаған ортаны қорғауға, адами капиталды құруға, денсаулық сақтауды дамытуға, аумақтық дамуға, инновацияға және кедендi жаңартуды қоса алғанда, бәсекелi, тұрақты және теңгерiмдi дамуға қол жеткiзу үшiн стратегиялық аса маңызды салаларда ХКДБ-мен өзара тиiмдi ынтымақтастықты жалғастырады.      Ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасының Үкiметiне жәрдемдесу үшiн ХҚДБ коммерциялық банктермен, ұлттық компаниялармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының даму институттарымен ынтымақтастықты жандандыра түседi.     

 Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ХҚДБ Қазақстанның Қытай мен Қазақстаннан оңтүстiкке қарай орналасқан елдер және Ресей Федерациясы, Кавказ және шығыс пен батыс Еуропа нарықтары арасындағы шешушi транзиттiк бағыт ретiнде Қазақстанның мүмкiндiгiн күшейте түсу iсiнде серiктес болады, бұл өңiрлiк дамуға ықпал етедi.      Бiз, төменде қол қоюшылар, осы арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына және тұтастай алғанда өңiрге пайда әкелетiн Қазақстанды әлемдегi бәсекеге аса қабiлеттi елу экономиканың тiзiмiне енгiзу жөнiндегi ортақ мақсатқа қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ХКДБ арасындағы серiктестiктi дамытуға осы Меморандумның тигiзетiн әсерiне бiрлескен шолуды мерзiмдi жүргiзуге келiсiмiмiздi бiлдiремiз.      Осы Меморандум қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде, әрқайсысының заңдық күшi бiрдей екi данада жасалды.      Осы Меморандум қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының         Халықаралық Қайта Құру және      Yкiметi атынан                    Даму Банкi атынан

      Кәрiм Мәсiмов                     Шигео Катсу      Қазақстан Республикасы Премьер    Вице-Президент      Министрiнiң орынбасары -          Европа және Орталық Азия      Экономика және бюджеттiк          Өңiрi      жоспарлау министрi

      2006 жылғы 19 қыркүйек            2006 жылғы 19 қыркүйек 

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау