Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын одан әрі дамыту тұжырымдамасы туралы

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын одан әрі дамыту тұжырымдамасы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын одан әрі дамыту тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 633 қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын – «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын» іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесінің 11-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006–2008 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекітілген бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын одан әрі дамыту тұжырымдамасы мақұлдансын.
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі 2006 жылғы 10 қазанға дейін белгіленген тәртіппен келісілген «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын одан әрі дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бағдарламаны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің2006 жылғы 30 маусымдағы N 633қаулысымен мақұлданған

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын одан әрі дамыту тұжырымдамасы

Кіріспе

Қытай Халық Республикасымен ауқымды және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын дамытудың жалпы стратегиясының басты бағыттарының бірі болып табылады.

Қытай қазіргі уақытта Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады.

Алайда екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымының өсуінің оң серпініне қарамастан, өзара сауда көлемі екі елдің нақты мүмкіндіктерін көрсетпейді және тұтастай алғанда сауда саласындағы екіжақты қатынастар деңгейі мемлекеттердің қолда бар әлеуетіне сәйкес келмейді.

Қазақстанның шекара маңы аудандарын дамыту әлеуеті инвестициялық ахуалдың ерекшеліктерімен, игерілетін нарықтағы өндіріс факторларының құнымен және мемлекеттік шекараны кесіп өтуге, көлік жағдайларына, шекаралық өткелдер мен кеден бекеттерінің инфрақұрылымына байланысты транзакциялық шығындармен айқындалады.

Бұл аспектілер өңірлер мен тұтастай елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының құрамдас бөлігі ретінде шекара маңы аумақтарының экономикасын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасында шекара маңы ынтымақтастығына деген көзқарасты өзгертудің қажеттілігін айқындайды.

Қазіргі уақытта республиканың әлеуеті халықаралық жүк ағындары жүйесінде толық көлемде пайдаланылмай отыр, негізгі халықаралық көлік дәліздерінің мамандануы түпкілікті қалыптаспаған, ел аумағы арқылы транзиттік жүк ағындарының толыққанды қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған халықаралық стандарттарға сәйкес сервистік қызметтер деңгейі мен көлік жолдарының сапасын арттыру қажет.

Көлік дәліздерінің қызметі халықаралық бизнестің, трансұлттық компаниялардың, отандық және шетелдік инвесторлардың ең көп санын, ең алдымен, бизнесті жүргізудің либералдық жағдайларымен, нарықтық шығындарды барынша азайтумен, әсіресе елдің орта және шағын кәсіпкерлігін табысты дамыту үшін қажетті жағдайлармен тартады.

Осыған байланысты «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын одан әрі дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) халықаралық трансконтиненталдық дәліздің бастапқы базалық элементі ретінде «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін қоюды және шешуді де көздейді.

Шекара маңы саудасын дамытудағы әлемдік тәжірибе

Әлемдік тәжірибені талдау көрсеткендей, әлем елдерінің көпшілігінде шекара маңы саудасы негізінен бастапқыда ірі көлік тораптарының – теңіз порттарының, әуежайлардың, теміржол тораптарының аумақтарында, кейіннен оларға іргелес аудандарда құрылатын және «еркін порт» ұғымымен сипатталатын арнайы экономикалық аймақтарды құру арқылы дамиды.

Еркін порт деп, ең алдымен, ішкі нарықты дамыту үшін сатып алушыларды іздеу кезеңінде тауарларды бажсыз сақтауға, кейіннен сыртқы нарыққа шығуға жәрдемдесуге арналған осы порттың аумағы түсінілді.

Мұндай аймақтар біртұтас мемлекеттің аумағының бөлігі болып табылады, онда әкелінген тауарлар импорт құқығы мен тиісті салықтарға қатысты кедендік аумақтан тыс жерде орналасқан тауарлар ретінде қарастырылып, әдеттегі кедендік бақылауға жатпайды.

Кейіннен шекара маңы саудасы аймақтарының аумағында тауарларды өңдеу барған сайын маңызды бола бастады. Мұндай аймақтар Ирландияда («Шеннон» еркін экономикалық аймағы), Ұлыбританияда, Филиппинде, Сингапурда, Тайваньда құрылған.

Қытай Халық Республикасының шекара маңы саудасын ұйымдастыру тәжірибесі ерекше назар аударуға тұрарлық.

Қытайдағы шекара маңы саудасының арнайы режимі салықтық және кедендік жеңілдіктерді пайдаланумен сипатталады.

Қытайда шекара маңы саудасын дамытудың екі негізгі бағыты ерекшеленеді.

Біріншісі – мемлекеттік шекара сызығынан 20 км шегіндегі шекара маңы аудандары арасында мемлекет белгілеген пунктте немесе нарықта және белгіленген сомалар немесе тауарлар саны шегінде өзара сауданы дамыту.

Екіншісі – құрлықтағы шекарада орналасқан және сыртқы әлеммен сауда жасауға ашық бекітілген шекаралық уездер мен қалалық аудандарда шағын көлемдегі шекара маңы саудасын дамыту.

Бұл қызметпен мемлекеттік бақылау-өткізу пункттері аудандарының белгіленген аумақтарында шекара маңы саудасын жүргізу құқығы бар бекітілген кәсіпорындар айналысады.

Қытай Халық Республикасы Үкіметінің негізгі міндеттерінің бірі – таза шекара маңы саудасынан ірі сауда арналарын ұйымдастыруға көшу.

Осыған байланысты Қытай Халық Республикасының Үкіметі бір-біріне кіріктірілген экономикалық даму аймақтары жүйесі есебінен шетелдік компаниялардың қаржылық және технологиялық ресурстарын тарта отырып, сондай-ақ басқа елдердің табиғи ресурстары мен ғылыми әзірлемелерін пайдалана отырып, қолда бар өндірісті жаңғыртады және қытай тауарлары экспорты құрылымын әртараптандыруға жағдай жасайды.

Қытай Үкіметі тікелей қаржылық қолдаумен қатар өңдеу аймақтарын дамыту және осы аймақтарға капитал тарту кезінде банктік кредит беруді ынталандыру үшін әкімшілік шараларды белсенді пайдаланады.

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы қызметінің қазіргі жай-күйін талдау

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы Алматы облысы Панфилов ауданының шекара маңы аумағында орналасқан қазіргі заманғы халықаралық көлік-сауда торабы болып табылады және мынадай объектілерден тұратын болады:

  1. құрамына мыналар кіретін «Қорғас» құрғақ порты:

көтерме-бөлшек сауда орталығы мен демонстрациялық залды, телекоммуникациялық қызметтерді, ақпараттық-логистикалық орталықты, қоғамдық тамақтану орындарын, санитариялық-карантиндік пунктті, жүктерді сақтау мен өңдеуге арналған мамандандырылған автоматтандырылған қойма үй-жайларын, сертификаттау орталықтарын, көлік-экспедициялық және брокерлік фирмаларды, сақтандыру компанияларын, туристік фирмаларды және т.б. қамтитын сауда-жәрмеңке аумағы;

уақытша сақтау қоймаларының қызметтерін қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің кең ауқымы бар және қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған инженерлік-техникалық құрылыстар кешенін білдіретін көлік-логистикалық терминал – «Қорғас» портының жүк және тауар қозғалысы логистикалық жүйесінде орталық орын алады;

Қазақстан-Қытай сауда аумағының ішінде азаматтар мен тауарлардың еркін қозғалысына арналған Қытай Халық Республикасының «Қорғас» порт-қаласының осындай іргелес аумағымен жалғасатын дәліз;

мемлекеттік бақылау қызметтеріне арналған үй-жай;

  1. құрамына мыналар кіретін әкімшілік-іскерлік, мәдени және қонақүй-тұрмыстық орталық:

бизнес-орталық;

банктер мен сақтандыру компанияларының кеңселері;

әкімшілік үй-жайлар мен кеңселер;

сауда және туристік өкілдіктер;

этнографиялық паркті қамтитын мәдени блок және қонақүй блогы.

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын басқару Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қызметін реттеу туралы екіжақты келісім негізінде қазақстандық тараптан да, қытайлық тараптан да жүзеге асырылады.

Қазақстандық тараптан басқаруды негізгі қызмет нысанасы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қазақстандық бөлігінің инфрақұрылымын құру, дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жоғарыда аталған Келісімде көзделген қызмет түрлерін қазақстандық бөліктің аумағында жүзеге асыруға әлеуетті инвесторларды тарту болып табылатын акционерлік қоғам нысанындағы заңды тұлға жүзеге асырады.

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын салу аймағын таңдау мынадай факторларға негізделген:

өзінің географиялық орналасуы бойынша бұл аудан қызмет көрсету жүйесін дамытуда елеулі әлеуетке ие: халықаралық транзиттік сауда, транзиттік жүктерге қызмет көрсету, көлік және телекоммуникациялық сервис;

«Қорғас» мемлекеттік шекарадан өту пункті ежелден қалыптасқан Ұлы Жібек жолының тарихи бағыты бойында орналасқан, бұл Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да мемлекеттерінің Қазақстан арқылы Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне шығуын қамтамасыз етеді әрі халықаралық сауданың одан әрі дамуына ықпал етеді;

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы Қытайдың батысындағы дамыған инфрақұрылымдық тораптарға, оның ішінде Үрімші – Ланьчжоу – Ляньюньган негізгі теміржол магистраліне жақын орналасқан;

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы орналасқан ауданда еркін экономикалық аймақ режимін құру мен дамытуға алғышарттар бар, өйткені шекаралас «Қорғас» порт-қаласы (Қытай) қарқынды дамып келе жатқан еркін сауда және өндіріс аймағы болып табылады, қазіргі уақытта бұл Қытай Халық Республикасы Үкіметінің батыс аумақтарды дамыту жөніндегі ең ірі жобаларының бірі.

2005 жылдың басынан бастап «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы аумағының қазақстандық бөлігінің учаскесін дайындау және салу бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді:

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы, Қорғас порт-қаласының қытайлық басқармасының басшылары, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының жобалау ұйымдары өкілдерінен бірлескен жұмыс тобы құрылды;

ауданы 120 га жер учаскесі бөлінді;

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының бірінші кезектегі аумағын қоршау жұмыстары басталды;

топографиялық түсірілім жүргізілді;

жерасты суларының деңгейін, топырақтың көтергіш қабілетін анықтау мақсатында инженерлік-геологиялық іздестірулер жүргізілді;

учаскені ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында гидрологиялық іздестірулер жүргізілді;

игеруге қатысатын барлық мүдделі қызметтердің техникалық шарттары жиналды;

сумен қамтамасыз ету үшін ұңғымаларды бұрғылау жүргізілуде;

Алмалы – «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы электр желісін трансформаторлық қосалқы станциялармен бірге салу басталды.

Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері

Осы Тұжырымдаманың мақсаттары:

шекара маңы сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту;

экспортқа бағдарланған салаларды дамыту;

аумағында «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы орналасқан Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу.

Тұжырымдама мынадай негізгі міндеттерді шешуді көздейді:

көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қолданыстағы көлік және транзиттік дәліздер арқылы жүк ағындарын ұлғайту;

қазақстандық экспортты одан әрі ілгерілету мақсатында әлемдік брендтер мен трансұлттық корпорацияларды тарту үшін жағдай жасау;

Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін дамыту, жаңа технологияларды орналастыру, инновациялық жобаларды енгізу;

банктік қызмет көрсетуді және сақтандыруды дамыту;

халықаралық стандарттарды енгізу;

шекара маңы саудасы мен шекара маңы ынтымақтастығын реттейтін нормативтік құқықтық базаны әзірлеу және жетілдіру;

ақпараттық желілерді дамыту;

халықаралық туризмді дамыту;

жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау;

басқа халықаралық логистикалық орталықтармен өзара іс-қимыл жасау.

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын одан әрі дамытудың негізгі кезеңдері мен бағыттары

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын құру және дамыту мынадай кезеңдерді қамтиды:

  1. дайындық кезеңі – 2005–2006 жылдар;
  2. инвестициялық кезең – 2006–2008 жылдар:

инфрақұрылым аумағын игеру – 2006–2007 жылдар;

инфрақұрылымды перспективалық дамыту – 2007–2008 жылдар;

  1. негізгі кезең – 2009 жыл.

Дайындық кезеңінде:

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының жұмыс істеу мәселелерін келісу үшін нормативтік құқықтық базаны құру;

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын салуға арналған аумақты дайындауды жүзеге асыру жоспарланады.

Инвестициялық кезеңде жобалық және бағдарламалық шешімдерге сәйкес инвестициялық және ұйымдастырушылық сипаттағы негізгі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланады:

жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

инфрақұрылымның (инженерлік, коммуникациялық және өндірістік) құрылысын бастау.

2009 жылдан бастап «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы құрылысының аяқталуы және оның толық ауқымды жұмыс істеуінің басталуы жоспарланады.

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын дамытудың негізгі бағыттары:

көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде Еуропа – ТМД – Ресей – Қазақстан – Қытай – Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бағытында жүк ағындарын қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мақсатында «Тасқала-Озинки» көлік-логистикалық орталығымен қызметті үйлестіру;

елдің индустриялық және технопарк аймақтарымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде кластерлік бастамаларды дамыту бөлігінде;

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының шекара, кеден, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, фитосанитариялық және басқа да бақылау органдарының қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау тетігін айқындау;

кедендік және шекаралық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде қазақстандық «Қорғас» автомобиль өткізу пунктінің өткізу қабілетін ұлғайту;

импорттық-экспорттық және транзиттік жүк ағындарына қызмет көрсету мен оларды кеңейтуде кешенді тәсілді енгізу;

жүк ағындарын өткізу мен өңдеудің ашықтығын және Қытай Халық Республикасынан импорттық операциялардың тиімділігін қамтамасыз ету;

сыртқы сауданың екі ел арасындағы «айна» статистикасы негізінде кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, бұл қазақстандық тарапқа сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың есепке алынбаған тауар айналымының нақты көлемін анықтауға мүмкіндік беретін деректерді пайдалануға жағдай жасайды;

ақпарат алмасудың бірыңғай форматын әзірлеу, жүктерді тіркеу және кедендік ресімдеу рәсімдерін қытайлық тараппен келісу;

өзара тиімді трансшекаралық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік және жеке бастамаларды тарту.

Бұдан басқа, мыналар жоспарланады:

қаржы нарығын дамыту, оның ішінде сыртқы сауда қызметі жүйесінде бірлескен банктік операциялар мен сақтандыруды дамыту;

арнайы жеңілдікті кедендік, салықтық және инвестициялық режимдерді қолдану мүмкіндігін қарастыру;

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы стандарттау, сертификаттау және инспекциялық бақылау, өнім сапасы саласындағы нормативтік құқықтық базаны халықаралық стандарттар мен нормаларды ескере отырып, үйлестіру, саудадағы техникалық кедергілерді еңсеру саласында екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды үйлестіру жөніндегі іс-шараларды өткізу;

шекара маңы саудасына байланысты болуы мүмкін қатерлерден (экономикалық, экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қауіпсіздік) тараптардың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау:

  1. халықаралық терроризм, діни экстремизм және есірткі трафигі проблемаларын шешу бойынша бірлескен тәсілдерді әзірлеу;
  2. табиғатты қорғау шаралары мен жобаларын әзірлеу;
  3. эпидемиологиялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және карантиндік қадағалау бойынша медициналық-профилактикалық мәселелерді шешу;
  4. жұмыс күшінің қозғалысын бақылау және реттеу, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасында халықаралық еңбек бөлінісі туралы келісім жасасу;

ақпарат алмасу (ғылыми-техникалық, коммерциялық, заңдық), импорттық, экспорттық және транзиттік жүк ағындарының мониторингін жүргізу;

кәсіпкерлерге шекара маңы саудасы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету;

сауда және инвестициялар саласында жәрмеңкелер, көрмелер, форумдар сияқты бірлескен іс-шараларды тұрақты негізде өткізу;

көлік, байланыс және туристік сервис инфрақұрылымын қоса алғанда, Ұлы Жібек жолында халықаралық туризмді дамыту бағдарламаларын әзірлеу.

Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер

Тұжырымдаманы қабылдау трансконтиненталдық дәліздің негізі ретінде «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қазақстандық бөлігін одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ мынадай нәтижелерге қол жеткізу көзделеді:

Қазақстанның шекара маңы аумақтарының индустриялық-инновациялық инфрақұрылымын дамыту;

Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе және Орал қалаларының геоэкономикалық ресурстары негізінде көлік дәлізі бойындағы арнайы технопарк аймақтарын дамыту;

қазақстандық трансконтиненталдық азиялық дәліз учаскесін белсенді жұмыс істейтін халықаралық көлік дәліздерінің қатарына ілгерілету мақсатында әлемдік брендтер мен трансұлттық корпорацияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

дамыған және индустриялық дамушы елдердің өндірушілерімен субконтрактация, өнеркәсіптік аутсорсинг жүйелерін ұйымдастыру арқылы заманауи ғылымды қажетсінетін өндіріс технологияларын тарту жолымен Қазақстан өнеркәсібінің құрылымын жаңғырту;

қазақстандық өнеркәсіптік тауарлар экспортын ұлғайту;

Қазақстан Республикасының басқа елдермен, атап айтқанда Қытай Халық Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азия және Еуропа елдерімен мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтар деңгейінде халықаралық байланыстарын одан әрі дамыту және нығайту;

туризм саласының дамуына ықпал ету, келу туризмінің көлемін арттыру;

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүк ағындарының көлемін ұлғайту есебінен бюджетке түсетін түсімдерді арттыру;

Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кіруі, сыртқы экономикалық қызметті дамыту;

отандық тауар өндірісі процесіне тартылған ел халқы үшін жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру, кәсіби деңгейін арттыру.

Төмендегі бастапқы мәтіндегі ақпараттық және жарнамалық сілтемелер өзгеріссіз сақталды:

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заң қызметі Заң консультациясы Азаматтық [Қылмыстық] (https://youtube.com/@MuffinPro578?si=PV8fwFJMfhcs8yg9) Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық істер Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар