"Қожа Ахмет Ясауи" ордені туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 1218 Жарлығы.
Отандық ғылым мен мәдениеттің дамуына айрықша үлес қосқан, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық қызметте зор еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мемлекеттік награда - "Қожа Ахмет Ясауи" ордені тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қожа Ахмет Ясауи" орденінің эскизін әзірлесін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы