Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / «Құрылыс және арнайы мақсаттағы құрғақ қоспалар өндірісінің көлемін ұлғайту: жаңа араластыру желісі» кооперациялық жобасы және «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Ресей банкі» акционерлік қоғамына субсидия беру туралы

«Құрылыс және арнайы мақсаттағы құрғақ қоспалар өндірісінің көлемін ұлғайту: жаңа араластыру желісі» кооперациялық жобасы және «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Ресей банкі» акционерлік қоғамына субсидия беру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

«Құрылыс және арнайы мақсаттағы құрғақ қоспалар өндірісінің көлемін ұлғайту: жаңа араластыру желісі» кооперациялық жобасы және «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Ресей банкі» акционерлік қоғамына субсидия беру туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 9 қыркүйектегі № 96 шешімі.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 92-бабы 4-тармағының 5) тармақшасына және 9-тармағының 1) тармақшасына, сондай-ақ Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2023 жылғы 26 қазандағы № 3 Шешімімен бекітілген Өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржылық жәрдем көрсетуі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. «Құрылыс және арнайы мақсаттағы құрғақ қоспалар өндірісінің көлемін ұлғайту: жаңа араластыру желісі» кооперациялық жобасы кооперациялық жобаларды іріктеудің Ереженің II бөлімінде көзделген өлшемшарттарына сәйкес деп танылып, кооперациялық жобаның паспортына сәйкес мақұлдансын.

      2. Ресей Федерациясы Орталық банкінің 14,0 пайыз мөлшеріндегі негізгі мөлшерлемесін ескере отырып, субсидия мөлшері 258 969 869,62 ресей рубліне дейін болып белгіленсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссияға Еуразиялық экономикалық одақтың бюджеті қаражаты есебінен «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Ресей банкі» акционерлік қоғамына субсидия беру туралы келісім жасасу және мынадай шекті көлемдерді ескере отырып, ақша қаражатын бөлуді қамтамасыз ету тапсырылсын:

      2026 жылы – 2 253 717,48 ресей рублі;

      2027 жылы – 75 321 722,48 ресей рублі;

      2028 жылы – 78 577 142,26 ресей рублі;

      2029 жылы – 61 454 700,74 ресей рублі;

      2030 жылы – 33 821 722,76 ресей рублі;

      2031 жылы – 7 540 863,90 ресей рублі.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения РеспубликасынанБеларусь РеспубликасынанҚазақстан РеспубликасынанҚырғыз РеспубликасынанРесей Федерациясынан
М. ГригорянН. ПеткевичС. ЖұманғаринД. АмангелдиевА. Оверчук

Конституция Заң Нормативтік акт Кодекс Нормативтік акт Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар