Қылмыстық іске мүдделі тұлғаны қатыстыру туралы өтінішхат
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына
Судья Баймаханов Ә.С.-ға
Өкілі – адвокат:Саржанов Галымжан Турлыбекович
«Закон и Право» адвокаттар кеңсесіБСН 201240021767Қазақстан
Республикасы, Алматы қ., Абылай Хан даңғылы, 79-үй, 304-кеңсе
info@zakonpravo.kz / www.zakonpravo.kz
+7 727 578 57 58; +7 708 578 57 58
БАБ-тың мүддесінде
ЖСН: ....
Қазақстан, Жетісу облысы,Кербұлақ ауданы, А. ауылы,К. Б. көшесі, 35-үй.
ӨТІНІШХАТ
Қылмыстық іске мүдделі тұлғаны қатыстыру туралы
Сіздің өндірісіңізде ашық сот отырысында №7141-26-00-1/2039 қылмыстық іс қаралуда. Аталған қылмыстық іс бойынша И.Г.Д., Б.А.У., Е.А.М., К.О. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталып, сотқа берілген.
2025 жылғы 8 тамызда Тергеу сотына Астана қаласы ПД СБ бөлімінің бастығы Кошербаев С.Т.-ның ЕРДР №257123031001142 бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары негізінде мүлікке тыйым салуды санкциялау туралы өтінішхаты келіп түскен.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы М.Д.Н.-ның 2025 жылғы 8 тамыздағы қаулысының 20-тармағында төмендегідей мәліметтер көрсетілген:
20. Н.А.М.-ға тиесілі, «LEXUS LX 570» маркалы, VIN: JTJHY00W2B4077221 көлік құралы берілген. Қазіргі уақытта меншік иесі – Б.А.Б., 08.02.1989 жылы туған, ЖСН ., мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі 557/AEV/19.
Тергеушінің өтінішхаты төмендегі мән-жайлармен негізделген.
Қазақстан Республикасының азаматы Н.А.М.-ның, ЖСН ., «Asyl-Nur Qurylys» ЖШС, БСН ., құрылыс компаниясының басшыларын қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы бойынша, аталған тұлғалар МЖК «Mardan» құрылысына үлескерлердің қаражатын тартуға құқығы болмағанына қарамастан, азаматтарды алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы Астана қаласы, Ч.А. және Е-164 көшелерінің қиылысында орналасқан МЖК «Mardan» құрылысына қаражат тартқан, аса ірі мөлшерде ақша қаражатын иемденіп, елеулі материалдық залал келтірген.
Қылмыстық іс шеңберінде 200 азамат жәбірленуші ретінде анықталып, жауап алынған.
«Trade-in» бағдарламасы бойынша шарттар жасасу барысында «Asyl-Nur Qurylys» ЖШС-дегі үлескерлер өздеріне тиесілі мүлікті (автомобильдер мен пәтерлерді) құрылыс салушы көрсеткен тұлғалардың атына қайта рәсімдеген.
Тергеу барысында салымшы/жәбірленуші Н.А.М.-ның 2024 жылғы 12 маусымдағы көлік құралын беру шарты бойынша «Asyl-Nur Qurylys» ЖШС-не «LEXUS LX 570» маркалы, VIN: JTJHY00W2B4077221 көлік құралын бергені анықталған.
Кейіннен серіктестік аталған көлік құралын басқа жеке тұлғаларға сатқан, одан кейін олар да аталған көлік құралын қайта сатқан. Нәтижесінде 2024 жылғы 30 қазанда менің сенім білдірушім Б.А.Б. «Kolesa» мобильдік қосымшасы арқылы «Kaspi Bank» кредиттік қаражатын пайдалана отырып, жоғарыда көрсетілген автокөлікті азамат А.А.Н.-нан, ЖСН ., сатып алған.
Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген автокөліктің меншік иесі – 08.02.1989 жылы туған, ЖСН . азамат Б.А.Б.
2025 жылғы 8 тамызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы М.Д.Н. Астана қаласы ПД СБ бөлімінің бастығы Кошербаев С.Т.-ның ЕРДР №257123031001142 бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары негізінде берген өтінішхатын жеке-дара қарап, менің сенім білдірушіме тиесілі жоғарыда көрсетілген мүлікке тыйым салуды санкциялаған.
Осылайша, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы М.Д.Н.-ның 2025 жылғы 8 тамыздағы қаулысы менің сенім білдірушім Бекбергенов А.Б.-ның құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей әсер етеді.
Тергеу судьясының аталған қаулысына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілген, алайда шағым қанағаттандырылмаған.
Кейіннен біз сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына менің сенім білдірушімнен жауап алуды жүзеге асыру туралы бірнеше рет өтініштер бердік. Алайда жауап ретінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаны және іс прокуратураға, одан әрі сотқа жолданғаны хабарланды.
Менің сенім білдірушім Бекбергенов Архан Бактыбековичтің қылмыстық іс шеңберінде берген түсініктемелері азаматтық талап қоюға қатысты іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтауға ықпал етуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 109-бабына сәйкес, қылмыстық процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде оларды күдікті, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері деп тануды талап етуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 70-бабына сәйкес, қорғаушы іске кіріскен кезден бастап өзінің қорғауындағы адамға қатысты істің мынадай материалдарымен танысуға құқылы: қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаны туралы арызбен, хабармен, оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда; осындай арызды, хабарды бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркеу туралы рапортпен, онда қамтылған дербес деректерді қоспағанда; қорғауындағы адамның қатысуымен жүргізілген тергеу және процестік әрекеттердің хаттамаларымен.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 99-бабына сәйкес, қылмыстық процеске қатысушылар қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтінішхатпен жүгінген адамның немесе ол өкілдік ететін адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін процестік әрекеттерді жүргізу немесе процестік шешімдерді қабылдау туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) өтінішхаттармен жүгінуге құқылы.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 70, 99-баптарын басшылыққа ала отырып,
СІЗДЕН СҰРАЙМЫН:
- №7141-26-00-1/2039 қылмыстық іске мүдделі тұлға А.Б.Б.-ның өкілі/қорғаушысы ретінде адвокат Саржанов Галымжан Турлыбековичті қатыстыруға рұқсат беруді.
- Жәбірленуші Н.А.М.-ға, ЖСН ., қатысты бөлігінде қылмыстық істің барлық материалдарымен танысуға мүмкіндік беруді.
Адвокат
«Закон и Право» адвокаттар кеңсесініңадвокаты Саржанов Г.Т.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы